dapterone
2.37K subscribers
157 photos
2 videos
11 files
50 links
NUR-MUBARAK & FARABI UNIVERSITY түлегінің жазбалары
Download Telegram
«Алла бір құлына жақсылық қаласа, оның жүрегіне өз-өзін жақсылыққа шақырып, жамандықтан қайтаратын «насихатшы» орнатады».

© Мұхаммад ибн Сирин
(Алла рақымына бөлесін)
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤94🔥11👍3
XXI ғасырдағы ең құнды қабілет — ойыңды жан-жаққа шашыратпай, бір іске зейін қою, назарыңды бір жерге шоғырландыру.
👍56❤33💯13
— Маған болашаққа тілек айтшы!
— Топырағың торқа болсын 🤲🏻

📚 «Кітап сияқты кітап»
😁36❤24😢14👍3
«Appear weak when you are strong, and strong when you are weak».

© Sun Tzu (The Art of War)
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤30🕊5👍4💯2
ОРФОГРАФИЯ МЕН ОРФОЭПИЯ

«Біздің ұлттық, тілдік-дыбыстау жүйе­мізге орыс тілі мен кирилше әліпби көп зиянын тигізгенін ғалымдар да жоққа шығармайды. Ол жөнінде талай жазды. Мы­салға қазақ жіңішке, ұяң дыбыстарды көп қолданып сөйлеген. Көздерінің тірісінде классик атанған Ғабит Мүсірепов пен Ғабиден Мұстафин «әдәбиәт, мәдәниәт» деп сөйлегендерін студент кезімізде ет құлағымызбен естідік. Сол замандағы қазақы ауылдағы қарттар да солай сөй­лейтін. Ал қазір біз орфографияның көрсеткені бойынша әдебиет, мәдениет деп жазамыз, сөйлейміз. Демек, тіл үшін орфографиямен қатар, орфоэпия да өте-мөте маңызды».

© Дағжан Белдеубай
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤30🔥5👍2🕊2
Бұған мысал ретінде Абайдың «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» деген өлеңін келтірсек болады. Қазіргі кітаптарда «Және хақ жол осы деп әділетті» деген үзінді кітаптың 1909 жылы Санкт-Петербургта басылып шыққан ерте нұсқасында «әдәләтті» сөзімен жазылған. Міне, сонда ғана бұл шумақтың дыбыстық үйлесімі іске асады: «адамзатты» – «жаннат тәтті» – «әдәләтті». Ал «әділетті» деп қазіргі қолданыста оқу өлеңнің дәмін кетіріп жіберетіндей. Сіз қалай ойлайсыз?
❤31👍7🕊6
Жазу оңай емес. Сырттай оңай көрінуі мүмкін, бірақ пост жазудың өзі талай уақыт алады. Кейде бір цитатаның өзін бірнеше күн аударып жүресің. Ал кейде мәтін теруге ерініп, жазбаңды соңына дейін жетк
😁95❤21🔥6👍4⚡3😢1👀1🫡1
Үндемей жүріп, бәрін бітіретін таныстарың бар шығар? Сен де сондай бол.
👍63❤29🔥6💯3
Міне, осы жүйені ұстану керек:
1) ғылыми айналымға енгізетін академиялық еңбек жазу;
2) қарапайым халыққа арналған қызықты шығарма ұсыну.
❤27👍5
«Істің басы — ретін танымақтық».

© Абай
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤49✍9👍5
Pew Research Center ұсынған әртүрлі буын өкілдерінің схемасы
❤21👍2
Кей жақындарыңның саған қатысты сыны аяқтан шалу үшін емес, керісінше, аяққа нық тұруың үшін айтылады.
👍32❤24
Жаңа мешіттердің ашылғанын көргенде: «Одан да аурухана салмайсыңдар ма?» дей беретін кісілерге шынымен де жеке бір аурухана салып беру керек секілді...

📚 «Кітап сияқты кітап»
❤57😁13👍11👎1
ҚАБЫЛ МЕН ӘБІЛ

Қабыл бауыры — Әбілді өзінің бір құрсақтан шыққан қарындасын қызғанғаны үшін ғана өлтірген жоқ. Оның бұл әрекетінің себебі тереңде жатыр. Ғалымдардың айтуынша, ондағы мотивтердің бірі — Қабылдың өз туған жерін жоғары санап, сонымен тәкаппарлық қылуы еді. Өйткені бір көзқарас бойынша, Қабыл мен оның егіз қарындасы жәннатта дүниеге келген. Ал Әбіл мен оның сыңары жерге түскен соң туған. Сондықтан Қабыл жұмақ пен жер тумасының жұп болуын ар санады.
👀24❤13👍7🔥7🤔1
«Расында, мен жанымды көңіл көтерумен демалдырамын. Сол арқылы ақиқат жолына күш жинаймын».

© Әбу Дарда (Алла разы болсын)
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤45👍15
Жылдар бойы көлденең кезген кір көшең дәл сен басқа қалаға қоныс аударған соң гүлденіп шыға келетіні қызық иә? Пәлен жыл білім берген ескі мектебің дәл сен универге кеткен жылы жөндеу жұмыстарын жүргізуші еді ғой. Енді осының бәріне қарап, мынандай бір идея пайда болды: Бәлкім, біз баршамыз сәл ғана уақыт шет елге кетіп қалсақ ше? Біз жоқта бәрі реттеліп, қайта келіп алатын:)
😁50❤15🤔4⚡2✍1👍1
Higgsfield AI – Қазақстанда 1 млрд долларға бағаланған алғашқы стартап. Оның бұл жетістігінің бірнеше сыры бар, солардың бірі: жаһандық мақсат қою және соған жету жолындағы қызметкерлердің күн-түн демей жұмыс істеуі. Негізі мақсат айқын болса, ұйқы да азаяды екен.
👍29❤21
Oxford University Press жыл сөзі деп «rage bait» тіркесін бекітті. Аталмыш термин әдейі ашу тудырушы, арандатушы, кей кезде қорлаушы онлайн-контент түрін білдіреді. Ондағы негізгі мақсат — аудитория жинау, трафик арттыру. Соңғы жылда рейджбейттің қолданылуы үш есе өсіпті.
❤30🤔1
Жәннат тұрғындарының әрқайсысында мың қызметші болатыны туралы хадистер бар. Негізінен, жұмақта қызметке деген қажеттілік жоқ. Өйткені жәннатилер не қаласа, сол нәрсе бірден орын алады. Дегенмен ондағы қызметшілердің болуы — олардың көл-көсір нығметке бөленетінінің белгісі.

📚 Қуртуби тәпсірі
❤65✍2👍1🔥1
М – Мотивация
❤56🔥9👍6🕊3⚡1