dapterone
2.36K subscribers
157 photos
2 videos
18 files
50 links
NUR-MUBARAK & FARABI UNIVERSITY түлегінің жазбалары
Download Telegram
Бұған мысал ретінде Абайдың «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» деген өлеңін келтірсек болады. Қазіргі кітаптарда «Және хақ жол осы деп әділетті» деген үзінді кітаптың 1909 жылы Санкт-Петербургта басылып шыққан ерте нұсқасында «әдәләтті» сөзімен жазылған. Міне, сонда ғана бұл шумақтың дыбыстық үйлесімі іске асады: «адамзатты» – «жаннат тәтті» – «әдәләтті». Ал «әділетті» деп қазіргі қолданыста оқу өлеңнің дәмін кетіріп жіберетіндей. Сіз қалай ойлайсыз?
❤31👍7🕊6
Жазу оңай емес. Сырттай оңай көрінуі мүмкін, бірақ пост жазудың өзі талай уақыт алады. Кейде бір цитатаның өзін бірнеше күн аударып жүресің. Ал кейде мәтін теруге ерініп, жазбаңды соңына дейін жетк
😁95❤21🔥6👍5⚡3😢1👀1🫡1
Үндемей жүріп, бәрін бітіретін таныстарың бар шығар? Сен де сондай бол.
👍64❤29🔥6💯3
Міне, осы жүйені ұстану керек:
1) ғылыми айналымға енгізетін академиялық еңбек жазу;
2) қарапайым халыққа арналған қызықты шығарма ұсыну.
❤27👍6
«Істің басы — ретін танымақтық».

© Абай
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤49✍9👍6
Pew Research Center ұсынған әртүрлі буын өкілдерінің схемасы
❤21👍2
Кей жақындарыңның саған қатысты сыны аяқтан шалу үшін емес, керісінше, аяққа нық тұруың үшін айтылады.
👍33❤24
Жаңа мешіттердің ашылғанын көргенде: «Одан да аурухана салмайсыңдар ма?» дей беретін кісілерге шынымен де жеке бір аурухана салып беру керек секілді...

📚 «Кітап сияқты кітап»
❤57😁14👍11👎1
ҚАБЫЛ МЕН ӘБІЛ

Қабыл бауыры — Әбілді өзінің бір құрсақтан шыққан қарындасын қызғанғаны үшін ғана өлтірген жоқ. Оның бұл әрекетінің себебі тереңде жатыр. Ғалымдардың айтуынша, ондағы мотивтердің бірі — Қабылдың өз туған жерін жоғары санап, сонымен тәкаппарлық қылуы еді. Өйткені бір көзқарас бойынша, Қабыл мен оның егіз қарындасы жәннатта дүниеге келген. Ал Әбіл мен оның сыңары жерге түскен соң туған. Сондықтан Қабыл жұмақ пен жер тумасының жұп болуын ар санады.
👀24❤13👍7🔥7🤔2
«Расында, мен жанымды көңіл көтерумен демалдырамын. Сол арқылы ақиқат жолына күш жинаймын».

© Әбу Дарда (Алла разы болсын)
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤46👍15
Жылдар бойы көлденең кезген кір көшең дәл сен басқа қалаға қоныс аударған соң гүлденіп шыға келетіні қызық иә? Пәлен жыл білім берген ескі мектебің дәл сен универге кеткен жылы жөндеу жұмыстарын жүргізуші еді ғой. Енді осының бәріне қарап, мынандай бір идея пайда болды: Бәлкім, біз баршамыз сәл ғана уақыт шет елге кетіп қалсақ ше? Біз жоқта бәрі реттеліп, қайта келіп алатын:)
😁51❤15🤔4⚡2✍1👍1
Higgsfield AI – Қазақстанда 1 млрд долларға бағаланған алғашқы стартап. Оның бұл жетістігінің бірнеше сыры бар, солардың бірі: жаһандық мақсат қою және соған жету жолындағы қызметкерлердің күн-түн демей жұмыс істеуі. Негізі мақсат айқын болса, ұйқы да азаяды екен.
👍29❤21
Oxford University Press жыл сөзі деп «rage bait» тіркесін бекітті. Аталмыш термин әдейі ашу тудырушы, арандатушы, кей кезде қорлаушы онлайн-контент түрін білдіреді. Ондағы негізгі мақсат — аудитория жинау, трафик арттыру. Соңғы жылда рейджбейттің қолданылуы үш есе өсіпті.
❤30🤔1
Жәннат тұрғындарының әрқайсысында мың қызметші болатыны туралы хадистер бар. Негізінен, жұмақта қызметке деген қажеттілік жоқ. Өйткені жәннатилер не қаласа, сол нәрсе бірден орын алады. Дегенмен ондағы қызметшілердің болуы — олардың көл-көсір нығметке бөленетінінің белгісі.

📚 Қуртуби тәпсірі
❤65✍2👍1🔥1
М – Мотивация
❤56🔥9👍6🕊3⚡1
«Люди сосредоточиваются на образцах для подражания; гораздо эффективнее найти антимоделей – людей, на которых вы не хотите походить, когда вырастете».

© Нассим Талеб
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤42💯12🔥7💔5👍1🤝1
Өз ісінің маманы болуға ұмтылып, болашағын жарқын қылуға талпынатын; нәпсісіне құлақ аспай, биік мақсат қойып, руханиятына көңіл бөлетін; салиқалы достарымен тұлғалық даму тақырыбын талқылайтын кітапқұмар, көзі ашық жас жеткіншектер! Мен сендердің фанаттарыңмын!
❤110👍20👀5😁1💯1
❤44👍13
Есімдікпен сыйласқаннан не пайда, егер етістігіңде сый-құрметің көрінбесе?

📚 «Кітап сияқты кітап»
❤48🔥10👍6
Егер «Абай жолы» мұқабасын біз жасасақ, шамамен осылай болар еді. Қалай екен?
👍49🔥18❤9👎6🤔5