dapterone
2.36K subscribers
157 photos
2 videos
18 files
50 links
NUR-MUBARAK & FARABI UNIVERSITY түлегінің жазбалары
Download Telegram
Игорь Манн іскерлік еңбектің пайдалы болып-болмағанын есептейтін формула ұсынды. Оны өзі «КПЧ» деп қысқа атайды. КПЧ — коэффициент полезности чтения. Оны есептеу үшін кітапта кездескен пайдалы ақпараттар санын кітаптың жалпы бет санына бөлу керек.
Мысалы 200 беттік кітаптың 40 жерін ерекшелеп түртіп қойсаңыз, онда кітаптағы пайдалы ақпарат коэффициенті — 20%. Автордың айтуы бойынша, КПЧ 15%-дан асқан кітаптар сіздің жеке кітапханаңызда қалуға лайық.
❤28👍2🔥1🕊1
Бес уақыт намаздан соң ешбір дұға етпей, асығып телефонына телміретін жігітке досы: «Мені дұғаңа қосып жүрші», – деп өтінді. Өзге емес, өзі үшін дұға етуге ерінетін ол саспастан: «Әрдайым дұғамдасың, досым!» – деп жауап берді...
💔45❤15👍6😢6😭5😁2🕊1
Меніңше, өзекті тақырыптардың бірі

Мектепте үлкендердің буллингі бойына жайылған бала өскен соң кегін кішілерден алатын. Сол кезде «неге сен кезінде өзіңе ұнамаған нәрсені қазір басқаларға қолданып жүрсің?» - деп түсінбейтінмін. Кейін сол жігіттер университет оқи бастайды. Сабақ барысында ұстаздардың ғылыми мұрасын емес, көбінесе өзіне қарата айтылған тұрпайы лақаптарын, тиісіп сөйлейтін сөздерін жаттап алады да, соны кейін өз шәкірттеріне қолданатын болады.

Менің ойымша, кез келген тұлғаның жаман емес, жақсы жақтарын алу керек. Сондай-ақ өзіңе ұнамайтын нәрсені өзгелерге қолдануға болмайды.
👍18❤15
Алланың қалауымен диссертациялық жұмыстарымды бітіріп, сәтті қорғадым. Енді өзімнің сүйікті ісімді жалғастырып, «Береке» кітабын жазып жатырмын. «Алла берекесін берсін!» деп тілеп қойыңыздар)
❤44👍9🔥5👏2
👍9
Рилс пен туысқандар

Негізі әлеуметтік желіге пост жариялаудың жақсы бір пайдасы бар. Ол – жақындарыңа, туысқандарыңа насихат айта алу мүмкіндігі.

Яғни біз дастархан басында отырғанда ислами тақырыптарды қозғай алмауымыз мүмкін, бірақ видеолар арқылы сол кісілерге де өзіміздің принциптерімізді көрсетіп кетеміз.

Одан бөлек ол кісілер көпшілік алдына шығып жатқан туысқаны үшін қуанып, оның видеоларын көріп, қолдайтын болады (тіпті ол тақырыптан алыс болса да). Міне, осы тұста ол видеоның пайдалы я пайдасыз болуын сіз бен біз таңдаймыз. Тек жақсы контентті ұсынайық ✊
❤25👍8💯3
Forwarded from Barqytbell
Бір қызығы тырнақшаның ішіндегі ғылым сүйер қауым осы айналдырған 1000 адамнан ұшақ жасауды, зымыран ұшыруды, аспанға айды шығарып, күнді батыруды талап етеді. Қалғаны ше сонда?! Олар осылардың істегенін күтіп немесе тамашалап отыру керек пе?! Талап та орынды болу керек шығар. Травматолог дәрігерге барып менің детская травмамды емдеп беріңіз дегендей болмай ма деп қоямыз жаңағы.
❤23👍9🕊1
Таңғы намазға тұра алмай қалған жігітке сағат тоғызда үйдегілері: «Қайырлы таң!» – деді. Бірақ ол жігіт әлгі таңның ешқандай да «қайырлы» емес екенін түсінді.

📚 «Береке» кітабы [жуырда]
❤42😭14👍7🕊1
Жансұлтан дейтін құрдасым бар. Нұр-Мүбаракты бір жылда бітіргенбіз. Ғылымға деген қызығушылығы жоғары екенін сол кезде байқағанмын. Қазір Оралда қызмет етіп, кітап та жазып жүр, видео контент те түсіріп жүр. Жақында Нуруддин Итр атты үлкен ғалымның кітабын қазақ тіліне аударыпты.

Кітаптың аты: «Пайғамбарға еру – иманнан». Бұл электронды емес, кәдімгі баспадан шығатын кітап. Алдын ала тапсырыс беріп, алсаңыздар болады. Бағасы да арзан – 3500 тг.

WhatsApp сілтеме: осы
❤27👍6
Депутат деген – бар мәселені шешуші адам еді ғой, жоқ мәселені қалыптастырушы емес…
👍23❤8
«Егер қиындық кезде бәрі сені тастап кетсе, онда аса құдіретті Алла Тағала сенің ісіңді шешуді Өз қолына алғысы келгені».

– Имам Шафиғи
❤52👍4🔥1
Мектептерде қаншама ғылыми әлеуеті бар, мықты педагог әпкелер орамал таққаны үшін ғана жұмыстарынан шығарылуда. Кейбірі декретке шығып кеткенде, жұмыс берушілері қайта қабылдамай қояды екен. Өйткені олар жоғары жақтан келетін тексерістен қорқады. Бірақ болашақта одан да жоғары жақтан тексеріс болатынын біле ме екен?!
❤36😢10👍8💔4👏1
«Береке» - араб тіліндегі «барака» етістігінен туындаған сөз. Ол көбінесе түйеге қатысты қолданылады. Яғни түйенің жерге шөгіп, нық орналасып алған үдерісі «барака» деп аталады. Соған сәйкес белгілі бір нәрсеге Құдай тарапынан жақсылықтардың «шөгіп», мықтап орналасуы да «береке» деген атауға ие.

📚 «Береке» кітабы | жуырда
❤29🔥5👍3🍓1
Кәсіпкерлер үшін маңызды хадис:

«Кім мүміннің дүниелік мұңын шешсе, Алла Тағала оның қиямет күніндегі мұңын шешеді. Кім мұқтаж кісіге жеңілдік жасаса, Алла Тағала оған дүние мен ақыретте жеңілдік жасайды».

Сіз егер өз бизнесіңізге жай ғана табыс табу құралы емес, өзгелердің мұңын шешетін, адамдардың өмірін жеңілдететін құрал ретінде қарасаңыз, онда ниетіңізге сай жоғарыдағы хадистің аясына кіресіз.
❤27👍5🕊1
Жоғарыдағы хадистің бір нұсқасында «нәффәсә» етістігі келген. Оны біз «шешу» деп аудардық. Бірақ оның тілдік негізіне сүйенсек, ол «тыныс алдыру» деген мағынаны меңзейді. Яғни адам мұңға терең батқаны соншалықты, тіпті тұншығып қалса, онда оның жабылып қалған тыныс жолдарын ашу керек. Бұл - Имам Тыйбидің түсіндірмесі.

«Мүмін» сөзі пасық мұсылманды да қамтиды.

Сондай-ақ хадисте «муғсир» сөзі кездеседі. Біз оны «мұқтаж кісі» деп жалпы аудардық. Ал хадис түсіндірмелеріндегі мағынасы – (мұсылман я кәпір болсын) пақыр адам. Егер ол қандай да бір қарыз алып, оны қайтара алмай жатса, оның қайтару уақытын шегеру арқылы я бір бөлігін немесе толықтай қайтармай-ақ қоюына рұқсат беру арқылы жеңілдік жасау меңзелген.

📚 Мулла Али әл-Қари. Мирқат әл-Мәфәтих.
❤12👍7☃1🕊1
Мұсылман өзге адамның дүниелік мұңын келесі құралдар арқылы шеше алады:
1) Мал-дүниесімен;
2) Көмек көрсетуімен;
3) Ой айтуымен;
4) Ишарат беруімен.

📚 Ибн әл-Мәләк. Шарх әл-Масабих.
❤20👌9👍1🕊1
«100 жыл ілім алып, 1000 кітап жинасаң да, оған амал етпей, Алланың мейіріміне даяр болмайсың».

📚 Имам Ғазали. Әйюһә әл-уәләд.
❤39🕊4🔥2
Ертең бұйырса жаңа телеграм канал ашамын. Жабық арна болады. Ішіне береке тақырыбына қатысты пост, аудиожазба (соның ішінде сауатты достарыммен подкаст) салып тұрамын ин шә Алла.

Өміріңіздің әрбір саласында: уақытта, ілімде, кәсіпте, командада, отбасыда қалай берекеге кенелуге болатыны жайлы ғалымдардың сөздерін, тәжірибеден өткен кейстер мен өмірлік лайфхактарды жариялап тұрамын.

Қазір онға жуық адам арнаға қосылуға өтініш білдірді. Егер сізге де бұл тақырып қызық болса, мына сілтемеге өтіңіз.
👍13❤4🕊2👏1
Жақсы кітаптар оқу — өткен замандардың ең жақсы адамдарымен әңгімелесу деген сөз, онда да әлгі адамдар бізге өзінің тек қана ең жақсы ойларын айтып беретін әңгімелесу.

— Р. Декарт
🔥25❤16🕊3👍2
«Шай қайнады ма?», «Келіңдер, бауырсақтан алып отырыңдар», «Жұмыс қалай жүріп жатыр?», «Өткендегі көлікті алдың ба?» — міне бұл — сені жерлегеннен 15 минут өткен соң айтылатын сөздер.

Ешкім сенімен бірге қабірге кірмейді. Жаныңда тек сауапты амалдарың ғана қалады. Енді не нәрсеге көбірек мән беру керектігін түсінген боларсың?

📚 «Береке» кітабы [жуырда]
💔46❤9👍8👏4