Мұсылманның ғұмыры неткен ғажап деп ойланып, толғана тебіреніп отырмын. Өйткені ол абсолют еркіндікке ұмтылмай, белгілі бір шектеулермен жүреді — өмір сонысымен де қызық қой. Мысалы, кез келген кафеге бара бермейсің, тек халал асхана табуға тырысасың. Адамдардың «жоғары мәдениет» деп қабылдайтын өнер түрлеріне қызықсаң да, шариғатқа қайшы тұстарына жоламайсың. Әрбір жылтыр дүниеге қызықпайсың, тек керегін аласың. Тіпті спорттың өзіне таңдап қатысасың. Яғни бірнеше нұсқаның ішінен дұрысын сұрыптап алуға уақытың мен энергияңды жұмсайсың, фокус қоясың.
Бірақ бұл арқылы «өзімнің адамгершілік құқығымды шектеп жүрмін» деп ойлама, өйткені сен жүйемен жүрсің! Алланың өзі бекіткен жүйемен! Бақыт қой, бақыт…
Бірақ бұл арқылы «өзімнің адамгершілік құқығымды шектеп жүрмін» деп ойлама, өйткені сен жүйемен жүрсің! Алланың өзі бекіткен жүйемен! Бақыт қой, бақыт…
❤27👍18🔥5
Forwarded from Khankeldi Sardar
Әбу Бәкір ибн Әли ибн әс-Саррадж шәкірттеріне айтатын:
«Сөзімді түсінбей жатсаңдар да жаттап алыңдар. Жаттап алған соң міндетті түрде түсінесіңдер».
Мағынасы:
Кейде ұстаздың айтқан ілімі бастапқыда ауыр немесе түсініксіз болуы мүмкін. Бірақ соны жаттап алған адам уақыт өте келе тәжірибе және қайталаумен оның мәнін аша бастайды. Бұл – ғұламалардың дәстүрлі оқыту әдісі: әуелі жаттау, кейінірек түсіну келеді.
Ұстазымыз Шейх Фаузи Кунати айтатын:
«Сені “жаттама, түсінсең болды” дейтін ұстаздан арыстаннан қашқандай қаш!
Өйткені сен жаттамайсың, “түсінсем болды” дейсің, ал сосын түсінбейсің де, жаттамайсың да».

❤39👍2
Кеше мәулітке бардым. Қойылымның орта тұсында жер сілкінісі туралы хабар келді. Көрермендердің аз бөлігі сыртқа шығып кетті. Жан-жағыма қарасам, бас мүфти, елімізге танымал ғалымдар, имамдар жүр екен. Содан: «осы жерден аттансам да жаман емес-ау», — деп отыра бердім:)
😁55❤28👍8👀2🤔1
«Ерлі-зайыптылар кемшіліксіз бола алмайды. Кімде-кім өзіне барлық айыптан ада жұбай іздесе, жұпсыз қалмақ. Кез келген адамның, әсіресе мүміннің әйтеуір бір мақтаулы қасиетінің болмауы мүмкін емес. Адамның сол сипаттарға назар аударып, олармен өзге кемшіліктерді жауып қоюы міндет саналады».
©️Мулла Али әл-Қари
©️Мулла Али әл-Қари
❤52👍10🔥2
Күрделі кітапты түсіну – құлыптаулы қақпаны ашу секілді. Оны бір мәрте қағып қою жеткіліксіз. Ең болмағанда, бірнеше рет қайталап сілкіп көру керек. Алайда оны ашудың ең оңай жолы – «ұстаз» деген кілтті қолдану.
❤43👍10🔥2
Имам Әбу Ханифаның (Алла рақым етсін) шәкірті ұстазынан өз өлкесіне қайтар уақытында кеңес сұрайды. Сол кезде ғалымның айтқан бірінші кеңесі: «Киіміңді жаңарт, хош иіссу қолдануыңды көбейт».
❤46👍5🔥4
«Бездельник считает, что наслаждается жизнью, но рано или поздно ему придется столкнуться с разочарованием».
©️Фаусто Черчиньяни
©️Фаусто Черчиньяни
❤42👍9⚡3🔥2🕊2
Forwarded from джучидский летописец
Критический анализ старых источников приводит к новым фактам.
❤28👍5🔥2