ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
9.99K subscribers
18.5K photos
1.57K videos
28 files
4.28K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕКІНШІ РЕТ БАУЫР ТРАНСПЛАНТАЦИЯСЫ СӘТТІ ӨТТІ

📌 Бауыр трансплантациясы – хирургия саласындағы ең күрделі және жоғары дәлдікті талап ететін операциялардың бірі. Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының базасында профессор, академик Б.Б. Баймахановтың жетекшілігімен және А.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының жоғары білікті мамандарының қатысуымен аймақтағы екінші бауыр трансплантациясы сәтті жүзеге асты.

🔷 Науқас –С., 54 жаста. Диагнозы: MELD – 26 балл, бауыр циррозы (СТР бойынша С класы, 12 балл), біріншілік билиарлық холангит (АМА-негативті түрі), бауыр-жасушалық жеткіліксіздік, паренхиматозды сарғаю, өңеш веналарының варикозды кеңеюі (1–2 дәрежелі), бауыр энцефалопатиясы (2–3 саты).

Науқас бірнеше жылдан бері гастроэнтерологтың «Д» есебінде тұрған. Ауруы асцитпен, портальды гипертензиямен және спленомегалиямен асқынған. Ұзақ емдеу шараларына қарамастан, жағдайының үдей түсуіне байланысты бауыр трансплантациясы өмірін сақтап қалудың жалғыз жолы болды.

➤ Донор ретінде науқастың 24 жастағы ұлы – С., өз еркімен донор болуға келісім беріп, толық медициналық тексеруден өтті. Абсолюттік қарсы көрсетілімдер анықталған жоқ.

📍 Операция А.Сызғанов атындағы ҰҒХО және Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының бірлескен командасымен өткізілді.

Хирургтар: Б.Б. Баймаханов, М.О. Досханов, Ж.Р. Оспан
Анестезиологтар: Т.К. Куандыков, В.В. Мутагиров


Қазіргі уақытта науқас дәрігерлердің динамикалық бақылауында. Отадан кейінгі кезең асқынусыз өтуде, трансплантацияланған бауырдың қызметі біртіндеп тұрақталып келеді.

📍 Бұл – Түркістан облысында жасалған екінші бауыр трансплантациясы. Бұл маңызды оқиға өңірде трансплантология саласының дамуына жаңа серпін беріп, жоғары технологиялық медициналық көмектің қолжетімділігін арттырды.

🚀 https://t.me/DenMinPR
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕКІНШІ РЕТ БАУЫР ТРАНСПЛАНТАЦИЯСЫ СӘТТІ ӨТТІ 📌 Бауыр трансплантациясы – хирургия саласындағы ең күрделі және жоғары дәлдікті талап ететін операциялардың бірі. Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының базасында профессор, академик Б.Б.…
В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ УСПЕШНО ПРОВЕДЕНА ВТОРАЯ ТРАНСПЛАНТАЦИЯ ПЕЧЕНИ

📌 Трансплантация печени — одна из самых сложных и высокотехнологичных операций в хирургии. На базе Туркестанской областной клинической больницы под руководством профессора, академика Болатбека Баймаханова, с участием высококвалифицированных специалистов Национального научного центра хирургии им. А. Сызганова успешно проведена вторая трансплантация печени в регионе.

🔷 54-летний пациент длительное время находился на диспансерном учете у гастроэнтеролога с тяжелым диагнозом. Ему ставили цирроз печени (класс С по Чайлд–Пью, 12 баллов), первичный билиарный холангит (АМА-негативный тип), печеночно-клеточная недостаточность, паренхиматозная желтуха, варикозное расширение вен пищевода (1–2 степени), печеночная энцефалопатия (2–3 стадии).

Болезнь осложнилась асцитом, портальной гипертензией и спленомегалией. Несмотря на продолжительное лечение, состояние пациента ухудшалось и трансплантация печени стала единственным шансом спасти жизнь.

➤ Донором выступил 24-летний сын пациента, который добровольно согласился стать донором и прошел полное медицинское обследование. Абсолютных противопоказаний не было выявлено.

📍 Операция была проведена командой хирургов Национального научного центра хирургии имени А. Сызганова и Туркестанской областной клинической больницы в составе - Б.Б. Баймаханов, М.О. Досханов, Ж.Р. Оспан, анестезиологи - Т.К. Куандыков, В.В. Мутагиров.

В настоящее время пациент находится под динамическим наблюдением врачей. Послеоперационный период протекает без осложнений, функция трансплантированной печени постепенно стабилизируется.

📍 Это вторая трансплантация печени, проведенная в Туркестанской области стало значимым событием в развитии трансплантологии региона и повысило доступность высокотехнологичной медицинской помощи для населения.

🚀 https://t.me/DenMinPR
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДА ҚАЙТАРЫЛҒАН АКТИВТЕР ҚАРАЖАТЫ ЕСЕБІНЕН ДӘРІГЕРЛІК АМБУЛАТОРИЯ САЛЫНДЫ

📍Ақтөбе облысының Маржанбұлақ ауылында жаңа дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталды. Әлеуметтік нысан мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елге қайтарылған заңсыз иемденілген активтер есебінен ауылдық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында салынды.

🏥Жаңа амбулатория ауысымына 45 келушіге есептелген және барлық қажетті заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Ғимаратта пациенттерді қабылдауға арналған кабинеттер, емдеу және қарау бөлмелері қарастырылған, бұл тұрғындарға сапалы алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

🔸 Нысанның құрылысына Арнаулы мемлекеттік қордан шамамен 190 млн теңге бөлінді. Жұмыс Президент бастамашылық еткен «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын жүзеге асыру шеңберінде жүргізілді.

🏗 Ақтөбе облысында қайтарылған активтер қаражаты есебінен және Арнаулы мемлекеттік қор қаржысынан ауылдық денсаулық сақтау саласында барлығы 11 жоба жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда төрт нысан пайдалануға берілді, жетеуінің құрылысы жалғасуда.

🚀 https://t.me/DenMinPR
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM