ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
9.99K subscribers
18.5K photos
1.57K videos
28 files
4.28K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
3 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ «САЛАМАТТЫ ҚАЗАҚСТАН» ПОЙЫЗЫ ДӘРІГЕРЛЕРІНЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК АЛДЫ

📌 «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы шалғай аудандардағы тұрғындарға сапалы медициналық көмектің қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында өз бағытын жалғастыруда.

🚉 Мамандандырылған дәрігерлер тобы Жайпақ, Достық және Бескөл станцияларында қабылдау жүргізіп, тұрғындарға медициналық көмек көрсетті.

🩺 Сапар барысында тұрғындарға профилактикалық тексерулер, бейінді мамандардың кеңестері, бастапқы диагностика және алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

✅ Пойыз жұмысы барысында жалпы 2 855 адам, оның ішінде 1 241 бала тексеруден өтті.

Халыққа терапевт, педиатр, офтальмолог, кардиолог, маммолог және басқа да мамандар қызмет көрсетті. Қажет болған жағдайда пациенттерге қосымша тексерулер мен емделуге жолдамалар берілді.
Жоспар бойынша биыл пойыз барлығы 123 станцияға барып, 90 мыңға жуық қазақстандыққа көмек көрсетеді. Пойыздың маршруты толыққанды медициналық инфрақұрылымы жоқ елдің өңірлерін қамтиды.

🔷 Жобаны Samruk-Kazyna Trust корпоративтік қоры Денсаулық сақтау министрлігінің, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының атынан іске асыруда.

📌 Медпойыздың өзекті қозғалыс кестесі: www.medpoezd.kz сайтында жарияланып отырады.

🚀 https://t.me/DenMinPR
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
3 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ «САЛАМАТТЫ ҚАЗАҚСТАН» ПОЙЫЗЫ ДӘРІГЕРЛЕРІНЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК АЛДЫ 📌 «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы шалғай аудандардағы тұрғындарға сапалы медициналық көмектің қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында өз…
ОКОЛО 3 ТЫСЯЧ ЖИТЕЛЕЙ ОБЛАСТИ ЖЕТЫСУ ПОЛУЧИЛИ ПОМОЩЬ НА МЕДИЦИНСКОМ ПОЕЗДЕ «САЛАМАТТЫ ҚАЗАҚСТАН»

📌 По машруту медицинского поезда «Саламатты Қазақстан» около 3 тысяч жителей отдаленных станций Жайпақ, Достык и Бесколь области Жетысу получили консультации врачей, прошли профилактические осмотры, диагностику выявленных заболеваний, взяли направление на дальнейшее лечение.

✅ За время работы поезда было осмотрено 2 855 пациентов, в том числе 1 241 ребёнок. Пациентов принимали терапевты, педиатры, офтальмологи, кардиологи, маммологи и другие специалисты.

По плану в нынешнем году поезд всего посетит 123 станции и окажет помощь около 90 тысячам казахстанцев. Маршрут охватывает самые труднодоступные регионы страны, где отсутствует полноценная медицинская инфраструктура.

🩺 В рамках данного социального проекта Министерство здравоохранения обеспечивает техническое оснащение, медицинскую и лекарственную помощь.

🔷 Проект реализуется корпоративным фондом Samruk-Kazyna Trust от имени группы компаний «Самрук-Қазына» при поддержке Министерства здравоохранения, Национальной комиссии по делам женщин и семейно-демографической политике при Президенте РК.

📌 Актуальное расписание движения медпоезда опубликовано на сайте: www.medpoezd.kz

🚀 https://t.me/DenMinPR
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
АСТАНАДА ӨТКЕН ФОРУМ: ҚАЗАҚСТАН – МЕДИЦИНАЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ЖАҢА ОРТАЛЫҒЫ

📌 Қазақстан астанасында алғаш рет медициналық туризм, фармацевтикалық индустрия және денсаулық сақтау саласына инновациялық технологияларды енгізу мәселелеріне арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

🔷 Іс-шараға 30 дипломатиялық өкілдік пен халықаралық ұйымдардың өкілдері, жетекші медициналық сарапшылар, агенттер мен 13 елден келген байерлер қатысып, жалпы саны 500-ден астам делегат жиналды.

Қатысушыларды қарсы алған Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында медициналық туризмді дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі ретінде айқындалғанын атап өтті.

«Бұған дейін біз медициналық туризмнің әлеуеті туралы айтсақ, бүгінде бұл әлеует нақты нәтижеге айналды. Соңғы бес жылда туристер ағыны бес еседен астам өсті, соның ішінде медициналық туризм де айтарлықтай қарқын алды. Қазақстан әлемдік медициналық туризм картасында жаңа орталыққа айналуда»,

— деді министр.

🔆 Соңғы жылдары Қытайдан келушілер саны 24 есеге, Үндістаннан – 40 есеге, ал Түркиядан үш есеге артқан. Қазақстан қолжетімді бағамен жоғары сапалы медициналық қызмет көрсететін ел ретінде өз беделін нығайтып келеді.

🔆 Бүгінде елімізде халыққа жоғары технологиялық медициналық көмектің 80 түрі қолжетімді. Қазақстан заманауи емдеу технологияларын енгізу бойынша өңірлік көшбасшы болып саналады. Елде протондық және гамма-терапия, роботтандырылған операциялар, нейромодуляция және трансплантацияның инновациялық әдістері сәтті қолданылуда.

🔆 Кардиохирургиялық қызмет сапасы бойынша Қазақстан әлемнің үздік 30 елі қатарына кіреді. Еліміздің клиникаларында бүгінге дейін 86 жүрек, 17 өкпе трансплантациясы, 460 жасанды сол жақ қарыншаны имплантациялау және үш толық жасанды жүрек орнату отасы жасалып, кейіннен трансплантация жүргізілді. Соңғы он жылда интервенциялық ем-шаралар саны үш есеге артты. Қазіргі таңда 42 коронарлық араласу орталығы мен 89 ангиографиялық қондырғы жұмыс істейді. 2012 жылдан бері ашық жүрекке жасалатын операциялар саны екі есеге көбейіп, қан айналым жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім үш есеге азайды.

🔆 Қазақстанда буын эндопротездеуге арналған роботтандырылған жүйе енгізілді. Технология операцияны жеке жоспарлауға, жарақаттану деңгейін азайтуға және оңалту мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді. 2024 жылы осындай 18 мыңға жуық операция жасалды.

🫀 Трансплантология саласы да белсенді дамып келеді: жыл сайын елімізде 250–260 бүйрек, бауыр және жүрек трансплантациясы жасалады.

Қазіргі таңда тоғыз қазақстандық клиника халықаралық JCI аккредитациясынан өтті, ал ұлттық аккредитация жүйесі халықаралық стандарттарға толық сәйкес келеді.

🔆 Министр ана мен бала денсаулығын қорғау саласындағы айтарлықтай ілгерілеуді атап өтті. Соңғы төрт жыл ішінде мемлекеттік бағдарлама аясында 20 мың ЭКО процедурасы жүргізілді. Қазақстан аймақта алғашқылардың бірі болып феталдық хирургияны енгізді. Жыл сайын жаңа туған нәрестелерге туа біткен ақауларды түзетуге арналған екі мыңға жуық операция жасалады.

Онкология саласында жасанды интеллект негізіндегі интеллектуалды диагностикалық жүйелер мен бейімделген терапия әдістері енгізілуде.

🔻 Ақмарал Әлназарова өз сөзінде елдің табиғи сауықтыру ресурстарын дамытудың маңыздылығына да назар аударды.

«Бұл – қайталанбас стратегиялық артықшылық: бірегей термалды бұлақтар, Мерке радонды сулары, Бурабайдың тау-көл курорттары – мұның барлығы Қазақстанды медициналық және сауықтыру туризмінің орталығына айналдырады»,

— деді министр.

🚀 https://t.me/DenMinPR
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
АСТАНАДА ӨТКЕН ФОРУМ: ҚАЗАҚСТАН – МЕДИЦИНАЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ЖАҢА ОРТАЛЫҒЫ 📌 Қазақстан астанасында алғаш рет медициналық туризм, фармацевтикалық индустрия және денсаулық сақтау саласына инновациялық технологияларды енгізу мәселелеріне арналған халықаралық ғылыми…
📌 Бүгінде медициналық және курорттық ұйымдарды біріктіретін табиғи-медициналық кластерлер құру бастамасы қолға алынуда. Бұл емдеу мен оңалтудың жыл бойғы үздіксіз циклін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

🤝 Конференция аясында B2B және B2G форматындағы кездесулер, сондай-ақ медицина, фармацевтика және туризм салаларындағы жетістіктер көрмесі өтті. Іс-шара қорытындысы бойынша медициналық туризм саласында халықаралық ынтымақтастық туралы бірқатар меморандумдарға қол қою жоспарланған.

«Бүгін біз тарихи кезеңде тұрмыз: Қазақстан медицинасының әлеуеті – енді болашақ емес, нақты шындық. Біз еліміздің мақтанышына айналатын және халықаралық әріптестіктің үлгісін көрсететін жүйе қалыптастырып жатырмыз»,

— деп түйіндеді Ақмарал Әлназарова.

🔷 Форумның ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық денсаулық сақтауды дамыту ғылыми орталығы, іс-шара InnPharma қауымдастығының қолдауымен өтті.

🚀 https://t.me/DenMinPR
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
КАЗАХСТАН СТАНОВИТСЯ НОВЫМ ЦЕНТРОМ МЕДИЦИНСКОГО ТУРИЗМА НА КАРТЕ МИРА

📌 В столице Казахстана впервые проходит международная научно-практическая конференция, посвященная вопросам медицинского туризма, фармацевтической индустрии и внедрению инновационных технологий в здравоохранение.

🔷 Мероприятие собрало более 500 участников — представителей 30 дипломатических миссий, международных организаций, ведущих медицинских экспертов, агентов и байеров из 13 стран мира — от Индии и ОАЭ до Германии и Великобритании.

Выступая с приветственным словом, министр здравоохранения РК Акмарал Альназарова подчеркнула, что развитие медицинского туризма определено Президентом Республики Казахстан в Послании от 8 сентября 2025 года как ключевой приоритет государственной политики.

«Всего несколько лет назад мы говорили о потенциале медицинского туризма в Казахстане. Сегодня можно с уверенностью сказать: потенциал стал реальностью.
За пять лет поток туристов вырос более чем в 5 раз, а с ним и поток медицинских туристов. Казахстан становится новым центром медицинского туризма на карте мира»,

— отметила министр.

🔆 Особенно стремительно растёт интерес со стороны Китая (рост в 24 раза), Индии (в 40 раз) и Турции (в 3 раза). Казахстан уверенно укрепляет свой имидж как страны высокого качества медицинских услуг по доступной цене.

Лидерство в технологиях и трансплантологии

🔆 Сегодня в нашей стране обеспечена доступность населения по 80 видам высокотехнологичной медицинской помощи.

Казахстан стал региональным лидером по внедрению передовых технологий лечения:

• протонная и гамма-терапия,
• робот-ассистированные операции,
• нейромодуляция,
• инновационные методы трансплантации.

🔆 Кардиохирургическая служба Казахстана входит в список 30 лучших стран мира.

За годы работы в клинике проведено:

• 86 трансплантаций сердца,
• 460 имплантаций устройств искусственного левого желудочка,
• 17 трансплантаций лёгких,
• 3 операции по установке полностью искусственного сердца с последующей трансплантацией.

🔆 За последние 10 лет количество интервенционных вмешательств в Казахстане увеличилось в 3 раза.

🔆 Сегодня в стране функционируют 42 центра чрезкожных коронарных вмешательств и 89 ангиографических установок.

📈 С 2012 года число операций на открытом сердце выросло в 2 раза, а смертность от заболеваний системы кровообращения снизилась в 3 раза.
В Казахстане внедрена роботизированная система для эндопротезирования. Технология позволяет создавать 3D-модель сустава для индивидуального планирования операции, снижать травматичность и ускорять восстановление пациента. В 2024 году произведено порядка 18 тысяч эндопротезирований.

🫀 Трансплантология также активно развивается: ежегодно в Казахстане проводится около 250–260 операций по пересадке почек, печени и сердца.

Девять казахстанских клиник уже имеют международную аккредитацию JCI, а национальная система аккредитации полностью соответствует международным стандартам.

Фокус на материнстве, детстве и онкологии

🔆 Министр отметила значительный прогресс в области поддержки материнства и детства — за четыре года в Казахстане проведено 20 тысяч процедур ЭКО в рамках госпрограммы.

Страна стала первой в регионе, освоившей фетальную хирургию, ежегодно проводится 2 тысячи хирургических коррекций врожденных аномалий у новорожденных.

В онкологии внедряются интеллектуальные системы диагностики и адаптивной терапии на базе искусственного интеллекта.

🚀 https://t.me/DenMinPR
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
📌 Бүгінде медициналық және курорттық ұйымдарды біріктіретін табиғи-медициналық кластерлер құру бастамасы қолға алынуда. Бұл емдеу мен оңалтудың жыл бойғы үздіксіз циклін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 🤝 Конференция аясында B2B және B2G форматындағы кездесулер…
Санаторно-курортный потенциал — уникальное конкурентное преимущество

🔻 Отдельный акцент в выступлении сделан на природных лечебных ресурсах страны.

«Это наше стратегическое преимущество, которое нельзя скопировать: уникальные термальные источники, радоновые воды Мерке, горно-озёрные курорты Бурабая — всё это делает Казахстан центром медицинского и оздоровительного туризма»,

— подчеркнула министр.

Создаются природно-медицинские кластеры, которые объединят медицинские и курортные организации, обеспечив круглогодичный цикл лечения и реабилитации.

Казахстан — новая медицинская юрисдикция

🤝 В рамках конференции проходят B2B и B2G встречи, а также выставка достижений медицины, фармацевтики и туризма.

🔻 По итогам мероприятия запланировано подписание меморандумов о международном сотрудничестве в области медицинского туризма.

«Сегодня мы стоим на историческом рубеже: потенциал медицины Казахстана — это уже не перспектива, а реальность.
Мы создаём систему, которая станет гордостью страны и примером международного партнёрства»,

— заключила Акмарал Альназарова.

🔷 Организаторами форума стали Национальный научный центр развития здравоохранения им. Салидат Каирбековой МЗ РК
при поддержке Ассоциации InnPharma.

🚀 https://t.me/DenMinPR
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
МЕДИЦИНАЛЫҚ ТУРИЗМ ФОРУМЫ: ҚАЗАҚСТАН – КАРДИОХИРУРГИЯ МЕН ТРАНСПЛАНТОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ӘЛЕМДІК КӨШБАСШЫЛАРДЫҢ ҚАТАРЫНДА

📌 Бүгінде қазақстандықтарға жүрекке жасалатын оталар, ағза ауыстыру және заманауи оңалту тәсілдері секілді жоғары технологиялы медициналық көмектің 80 түрі қолжетімді. Бұл туралы бүгін Астанада өткен «Қазақстан Республикасындағы медициналық туризмді дамыту: болашағы мен мүмкіндіктері» атты алғашқы халықаралық конференция барысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова атап өтті.

🔆 Қазақстанның кардиохирургия қызметі әлемнің үздік 30 елінің қатарына кіреді.

Соңғы 15 жылда жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлім-жітім үш есеге азайды.

🔷 Орталық Азия аймағындағы жетекші қазақстандық кардиохирургиялық клиника төмендегі халықаралық бағдарламалар бойынша сертификатқа ие:

• «Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі»
• «Жасанды сол жақ қарыншаны имплантациялау»

Бұл орталықтың есігін шетелдік науқастар үшін ашуға мүмкіндік берді.

🔷 Клиника мамандарының жетістіктері:

● 86 жүрек трансплантациясы
● 460 жасанды сол жақ қарыншаны имплантациялау
● 17 өкпе ауыстыру операциясы
● Толық жасанды жүректі имплантациялау және кейін жүрек трансплантациясы – 3 жағдай

🔆 Соңғы 10 жылда елімізде интервенциялық операциялардың саны 3 есеге артты.

🔆 Қазіргі таңда Қазақстанда 42 коронарлық араласу орталығы және 89 ангиографиялық қондырғы жұмыс істейді.

🔆 2012 жылдан бері ашық жүрекке жасалатын операциялардың саны 2 есеге өсіп, қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітімнің айтарлықтай төмендеуіне ықпал етті.

🔆 Қазақстанда трансплантологияны дамыту үшін барлық жағдай жасалған. Елде жыл сайын 250–260 бүйрек, бауыр және жүрек ауыстыру операциясы жасалады.

➡️ Денсаулық сақтау министрлігі заңнамалық базаны жетілдіру, донорлықты дамыту және трансплантациялық көмектің қолжетімділігін арттыру бағытында жұмыстарды жалғастыруда.

🚀 https://t.me/DenMinPR
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
МЕДИЦИНАЛЫҚ ТУРИЗМ ФОРУМЫ: ҚАЗАҚСТАН – КАРДИОХИРУРГИЯ МЕН ТРАНСПЛАНТОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ӘЛЕМДІК КӨШБАСШЫЛАРДЫҢ ҚАТАРЫНДА 📌 Бүгінде қазақстандықтарға жүрекке жасалатын оталар, ағза ауыстыру және заманауи оңалту тәсілдері секілді жоғары технологиялы медициналық…
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
ФОРУМ ПО МЕДТУРИЗМУ: КАЗАХСТАН В ЧИСЛЕ МИРОВЫХ ЛИДЕРОВ КАРДИОХИРУРГИИ И ТРАНСПЛАНТАЦИИ

📌 Сегодня казахстанцам доступны 80 видов высокотехнологичной медицинской помощи, включая операции на сердце, трансплантацию органов и современные методы реабилитации, отметила министр здравоохранения Акмарал Альназарова сегодня в своем выступлении на первой международной конференции «Развитие медицинского туризма в Республике Казахстан: перспективы и возможности» в Астане.

🔆 Кардиохирургическая служба Казахстана входит в топ-30 стран мира.

За последние 15 лет смертность от сердечно-сосудистых заболеваний снизилась втрое.

🔷 Ведущая казахстанская кардиохирургическая клиника в Центрально-Азиатском регионе имеет международную сертификацию по программам:

• «Хроническая сердечная недостаточность»
• «Имплантация искусственного левого желудочка»

Это позволило открыть двери центра для иностранных пациентов.

🔷 Результаты работы специалистов клиники:

● 86 трансплантаций сердца
● 460 имплантаций искусственного левого желудочка
● 17 пересадок легких
● 3 имплантации полностью искусственного сердца с последующей трансплантацией

🔆 За последние 10 лет число интервенционных вмешательств в стране выросло в 3 раза.

🔆 Сегодня в Казахстане действуют 42 центра чрескожных коронарных вмешательств и 89 ангиографических установок.

🔆 С 2012 года количество операций на открытом сердце увеличилось в 2 раза, что обеспечило значительное снижение смертности от болезней системы кровообращения.

🔆 В Казахстане созданы все условия для развития трансплантологии. Ежегодно в стране проводится 250–260 операций по пересадке почек, печени и сердца.

➡️ Министерство здравоохранения продолжает работу по совершенствованию законодательной базы, развитию донорства и повышению доступности трансплантационной помощи для всех нуждающихся пациентов.

🚀 https://t.me/DenMinPR
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОНКОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕКТІ ДАМЫТУ: ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ӘЛЕУЕТІ

📌 Астанада өткен халықаралық медициналық туризм форумы аясында Қазақстанның онкология саласындағы жетістіктеріне ерекше назар аударылды. Бұл — қазіргі заманғы медицинаның стратегиялық маңызы бар, халық денсаулығын сақтауға және елдің экспорттық әлеуетін арттыруға бағытталған басты бағыттарының бірі.

🔷 Онкология — жаһандық сын-қатер және ұлттық басымдық
Қатерлі ісіктер әлемдік денсаулық сақтау жүйесінің негізгі мәселелерінің бірі болып отыр. Қазақстанда онкологиялық ауруларды ерте анықтау мен тиімді емдеуді қамтамасыз ететін кешенді стратегия жүзеге асырылуда.

Ұлттық деңгейде ісіктің алдын алу және ісік ауруларын ерте анықтауға бағытталған жаппай скринингтік тексерулер енгізілген. Бұл тәсіл емнің тиімділігін арттырып, өлім-жітім көрсеткішін төмендетуге мүмкіндік береді.

🔷 Қазақстан — онкологиядағы заманауи технологиялар орталығы
Елдің жетекші онкологиялық орталығында әлемнің алдыңғы қатарлы клиникаларында қолданылатын диагностика мен емдеудің жаңа технологиялары шоғырланған:

● протондық, лазерлік, сәулелік және жасушалық-иммундық терапия,
● ядролық медицина технологиялары,
● қатерлі ісіктерді анықтауда және емдеуде қолданылатын молекулалық-генетикалық зерттеулер мен жасанды интеллект.

Интервенциялық радиологиямен біріктірілген Эксперттік эндоскопия орталығында күрделі онкологиялық патологияларды аз инвазивті әдістермен диагностикалау және емдеу жүргізіледі.

🔷 Ядролық медицина саласындағы Орталық Азия көшбасшысы
Қазақстан
— ПЭТ-диагностикаға (позитронды-эмиссиялық томография) және радиофармацевтикалық препараттардың отандық өндірісіне кеңінен қолжетімділікті қамтамасыз етіп отырған Орталық Азиядағы жалғыз мемлекет.

📍 Бүгінгі таңда:

● ел клиникаларында 14 ПЭТ-сканер орнатылған;
● 11 ядролық медицина орталығында гибридті ПЭТ-КТ құрылғылары жұмыс істейді;
● онкологиялық ауруларды, Паркинсон және гиперинсулинизм дерттерін анықтауға арналған 10 түрлі радиофармпрепарат өндіріледі.

Соматикалық ауруларды диагностикалауда отандық реакторда өндірілетін технеций (Tc) изотопы пайдаланылады. Ал тераностиканың екі орталығында онкологиялық ауруларды нысаналы емдеу үшін қазақстандық изотоптар қолданылады.

🔷 Алдағы жылдары жаңа молекулалар мен дәрілік препараттарды әзірлеуге арналған доклиникалық зерттеулер зертханасы ашылатын болады.

🚀 https://t.me/DenMinPR
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОНКОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕКТІ ДАМЫТУ: ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ӘЛЕУЕТІ 📌 Астанада өткен халықаралық медициналық туризм форумы аясында Қазақстанның онкология саласындағы жетістіктеріне ерекше назар аударылды. Бұл — қазіргі заманғы…
РАЗВИТИЕ ОНКОЛОГИЧЕСКОЙ ПОМОЩИ В КАЗАХСТАНЕ: НОВЫЕ ТЕХНОЛОГИИ И ПОТЕНЦИАЛ МЕДИЦИНСКОГО ТУРИЗМА

📌 В рамках Международного форума по медицинскому туризму в Астане особое внимание уделено достижениям Казахстана в области онкологии — одной из ключевых отраслей современной медицины, имеющей стратегическое значение для здоровья населения и развития экспортного потенциала страны.

🔷 Онкология — глобальный вызов и национальный приоритет
Злокачественные новообразования остаются одной из ведущих проблем мирового здравоохранения. В Казахстане реализуется комплексная стратегия раннего выявления и эффективного лечения онкопатологий.
На национальном уровне внедрены программы массового скринингового осмотра населения для раннего выявления предопухолевых и опухолевых заболеваний, что значительно повышает шансы на успешное лечение и снижает смертность.

🔷 Казахстан — центр передовых технологий в онкологии
Ведущий онкологический центр страны сконцентрировал новейшие технологии диагностики и терапии, применяемые в мировых клиниках:

• протонная, лазерная, лучевая и клеточно-иммунная терапия,
• технологии ядерной медицины,
• молекулярно-генетические исследования и искусственный интеллект в диагностике и лечении рака.

Работает Центр экспертной эндоскопии с интервенционной радиологией, где применяются малотравматичные методы диагностики и лечения сложных онкопатологий.

🔷 Лидер Центральной Азии в области ядерной медицины
Казахстан
— единственная страна в Центральной Азии, обеспечивающая широкую доступность к ПЭТ-диагностике (позитронно-эмиссионной томографии) и собственному производству радиофармацевтических препаратов.

📍 На сегодняшний день:

● установлены 14 ПЭТ-сканеров в клиниках страны;
● функционируют 11 центров ядерной медицины с гибридными ПЭТ-КТ аппаратами;
● производится 10 разновидностей радиофармпрепаратов, применяемых для диагностики онкопатологий, болезни Паркинсона и гиперинсулизма.

Для диагностики соматических заболеваний используется отечественный реакторный препарат — изотоп технеция (Tc), а в 2 центрах тераностики применяются казахстанские изотопы для точечного лечения онкозаболеваний.

🔷 В ближайшие годы будет создана лаборатория доклинических исследований для разработки новых молекул и лекарственных препаратов.

🚀 https://t.me/DenMinPR
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM