ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
9.98K subscribers
18.5K photos
1.57K videos
28 files
4.28K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
КІАҒЗИ МАМАНДАРЫ ӨЗБЕК ӘРІПТЕСТЕРІМЕН ЭНДОКРИНДІК АУРУЛАРДЫ ЕМДЕУДІҢ ЖАҢА ӘДІСТЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

🇰🇿🇺🇿 Халықаралық ынтымақтастықты нығайту бағдарламасы және Өзбекстандағы Қазақстан медицинасы күндері аясындп Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты мен Қарақалпақстанның Нүкіс қаласындағы Эндокринология орталығы қызметкерлерінің кездесуі өтті.

✍️ Кездесу барысында Ташкент қаласындағы академик Ё.Х.Туракулов ат. Республикалық мамандандырылған ғылыми-тәжірибелік эндокринология медициналық орталығы мен оның Нукус қаласындағы филиалы арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.

Құжатқа қол қою рәсімі Қарақалпақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен Медициналық институт өкілдерінің қатысуымен өтті. Келісім қант диабеті мен эндокриндік ауруларды диагностикалау, емдеу және алдын алу саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге, сондай-ақ мекемелер арасындағы ғылыми және білім беру интеграциясын күшейтуге бағытталған.

🔷 Қазақстандық мамандар Эндокринология орталығының жұмысымен танысып, диабетология мен эндокринология салаларындағы өзекті мәселелер бойынша семинарлар өткізді. Қазақстанда қант диабетімен ауыратын науқастарға көмек көрсету, инновациялық емдеу әдістерін енгізу, соның ішінде инсулиндік помпаларды пайдалану мен глюкоза деңгейін заманауи технологиялар арқылы бақылау тәжірибесі мен жетістіктерімен бөлісті.

⚡️ Хирург Тимур Екібаев профессор, хирург Тельман Камаловпен бірлесіп операция жүргізді, олар қант диабетінің асқынуы – диабеттік аяқ синдромын емдеудің жаңа әдістері мен ампутацияның алдын алу жолдарын талқылады.

🔷 Қалқанша без ауруларын ерте диагностикалау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Интервенциялық хирург-радиолог Арман Ибраев Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-де қалқанша бездің қатерсіз түзілістеріне радиожиілікті абляция әдісін енгізу нәтижелері туралы айтып берді.

🚀 https://t.me/DenMinPR
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
КІАҒЗИ МАМАНДАРЫ ӨЗБЕК ӘРІПТЕСТЕРІМЕН ЭНДОКРИНДІК АУРУЛАРДЫ ЕМДЕУДІҢ ЖАҢА ӘДІСТЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ 🇰🇿🇺🇿 Халықаралық ынтымақтастықты нығайту бағдарламасы және Өзбекстандағы Қазақстан медицинасы күндері аясындп Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты…
СПЕЦИАЛИСТЫ НИИКВБ ОБСУДИЛИ С УЗБЕКСКИМИ КОЛЛЕГАМИ НОВЫЕ МЕТОДЫ ЛЕЧЕНИЯ ЭНДОКРИННЫХ ЗАБОЛЕВАНИЙ

🇰🇿🇺🇿 Специалисты НИИ кардиологии и внутренних болезней г.Алматы поделились с узбекскими коллегами своим опытом по оказанию помощи пациентам с сахарным диабетом и эндокринными заболеваними.

В рамках программы по укреплению международного сотрудничества и Дней казахстанской медицины в Узбекистане состоялась встреча сотрудников НИИКВБ и Эндокринологического центра г.Нукус, Каракалпакстан.

✍️ В ходе встречи были подписаны Меморандумы о сотрудничестве между Республиканским специализированным научно-практическим медицинским центром эндокринологии им. акад. Ё.Х.Туракулова, г.Ташкент и его филиалом, расположенным в городе Нукус.

Церемония подписания документа прошла в присутствии представителей Медицинского института и Министерства здравоохранения Республики Каракалпакстан.

Соглашение направлено на расширение сотрудничества в области диагностики, лечения и профилактики диабета и эндокринных заболеваний, а также на усиление научной и образовательной интеграции между учреждениями.

🔷 Казахстанские специалисты ознакомились с деятельностью Центра, провели семинары по актуальным проблемам диабетологии и эндокринологии, поделились опытом и достижениями Казахстана в вопросах организации помощи пациентам с сахарным диабетом, внедрения инновационных методов лечения, в том числе применение инсулиновых помп и современных технологий мониторинга глюкозы.

⚡️ Хирург Тимур Екибаев провел операцию совместно с профессором, хирургом Тельманом Камаловым из Ташкента, они обсудили новые методы лечения синдрома диабетической стопы и профилактики ампутаций.

Особое внимание было уделено вопросам ранней диагностики заболеваний щитовидной железы. Интервенционный хирург-радиолог Арман Ибраев рассказал о результатах внедрения в НИИ кардиологии и внутренних болезней метода радиочастотной абляции при доброкачественных образованиях щитовидной железы.

🔷 Стороны также обсудили актуальные вопросы подготовки кадров, повышения квалификации специалистов и внедрения международных стандартов лечения.

🚀 https://t.me/DenMinPR
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ЕМХАНАЛАРДА НЕ ӨЗГЕРДІ: СКРИНИНГТЕР КЕҢЕЙТІЛДІ ЖӘНЕ КЕЗЕКТІЛІК ҚЫСҚАРТЫЛДЫ

📌 Соңғы бір жарым жылдың ішінде Денсаулық сақтау министрлігі медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) саласындағы нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру бойынша ауқымды әрі жүйелі жұмыс жүргізді.

Біздің мақсатымыз қарапайым және айқын — емхананы әр адамға барынша жақын әрі қолжетімді ету.

🔹 Скринингтік бағдарламалар кеңейтілді:

• қатысушылардың жасы 76 жасқа дейін ұлғайтылды — қосымша шамамен 1 млн адам қамтылды;

• жоғары сезімталдықтағы тестілер енгізілді — созылмалы ауруларды ерте анықтау көрсеткіші 1,5–2 есеге артты;

• ми қан айналымының бұзылуын ерте анықтау үшін 50–76 жас аралығындағы ер адамдарға арналған жаңа скрининг енгізілді;

• онкоскринингтер ТМККК пакетіне енгізілді — енді олар 300 мың сақтандырылмаған азаматқа да қолжетімді.

🔹 Біз пациенттің жолы жеңілдетудеміз.
Учаскелік дәрігерлердің жұмыс күні 8 сағатқа дейін ұзартылды, оның 6 сағаты пациенттерді қабылдауға бөлінген. Бұл азаматтардың дәрігерге қолжетімділігін арттырып, мамандарға кезекті қысқартуға мүмкіндік берді.

✅ Цифрлық шешімдердің арқасында жалпы практика дәрігерлеріне қолжетімділік 3,5 есеге, бейінді мамандарға — 15 есеге артты.

✅ Тиімді өндіріс қағидаты енгізілді — қағазбастылық азайды, пациентке бөлінетін уақыт артты.
Дәрігердің кейбір функциялары мейіргерлерге берілді, соның нәтижесінде халықты алғашқы көмекпен қамту деңгейі 60%-дан 80%-ға дейін өсті.

🔹 МСАК мамандарын ынталандыру шаралары күшейтілді:

• онкологиялық аурулар мен туберкулезді ерте анықтағаны үшін 5 айлық есептік көрсеткішке дейінгі бонустар;

• ынталандырушы компонент көлемі 2 есеге артты;

• сапалық көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін тоқсанына 2 млн теңгеге дейін төлем қарастырылған.

✅ МСАК-ты трансформациялау шеңберінде
ел бойынша 687 медициналық ұйымның басшылары мен мыңдаған мамандар:
787 жалпы практика дәрігері, 978 мейіргер, 279 колледж оқытушысы және 697 жоғары оқу орнының оқытушысы оқытудан өтті.

Ерекше назар — ана мен бала денсаулығын сақтауға аударылған.

Соңғы бір жылдың ішінде:

• нәресте өлімі 15%-ға;
• бастапқы мүгедектік 7,5%-ға төмендеді;
• үй жағдайындағы нәресте өлімі 22%-ға азайды.

«Салауатты Ана» пансионаттары, жүкті әйелдерді бақылауға арналған 20 жағдайлық орталық және 100 ерте араласу орталығы ашылуда.

Емханаларда жаңа педиатриялық бөлімшелер іске қосылуда.
Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін пациентке, профилактикаға және барлығына тең қолжетімділікке айналдыруға бағытталған заманауи ету мақсатын қойған.

🚀 https://t.me/DenMinPR
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM