Ақтөбе облыстық көпсалалы ауруханасында медициналық инфрақұрылымды жаңғырту аясында Аритмология бойынша құзырет орталығы және жүрекшелер фибрилляциясы кабинеті ашылды.
Ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының бас штаттан тыс аритмологы Абдрахманов А.С., Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сұлтангереев Е.Б., сондай-ақ Ақтөбе облыстық «Qamqor» денсаулық сақтау кәсіподағының төрағасы Сабыр Қ.К. қатысты.
Орталықтың ашылуы жүрек ырғағының бұзылыстары бар пациенттерге мамандандырылған көмекті дамытуға бағытталған. Аритмиялар кардиологқа жүгінудің ең жиі себептерінің бірі болып табылады және инсультке, жүрек жеткіліксіздігіне, кенеттен жүрек өліміне әкелуі мүмкін.
Орталықта жүрекшелер фибрилляциясы бар пациенттерге ерекше назар аударылады. Бұл дерт инсульт қаупін бірнеше есе арттырады. Қызметтің негізгі бағыты – ауруды ерте анықтау, қауіп факторларын бағалау, тиімді антиаритмиялық және антикоагулянттық емді жеке іріктеу, сондай-ақ пациенттерді тұрақты бақылау.
Орталық заманауи диагностикалық мүмкіндіктермен жабдықталған, оның ішінде электрокардиография және холтерлік мониторинг жүргізіледі. Қажет болған жағдайда пациенттер әрі қарай мамандандырылған ем алуға бағытталады.
Аритмология бойынша құзырет орталығының ашылуы өңірде кардиологиялық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға, жүрек-қан тамырлары асқынуларының алдын алуға және аурушаңдық пен өлім-жітім көрсеткіштерін төмендетуге ықпал етеді.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі
gov.kz/memleket/entities/dsm
facebook.com/healthcare.gov.kz
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
В Актюбинской многопрофильной областной больнице в рамках реновации медицинского учреждения открыт Центр компетенции по аритмологии и специализированный кабинет фибрилляции предсердий.
Создание центра направлено на развитие специализированной помощи пациентам с нарушениями сердечного ритма. Аритмии остаются одной из наиболее распространённых причин обращения к кардиологу и могут приводить к серьёзным осложнениям, включая инсульт, сердечную недостаточность и внезапную сердечную смерть.
Особое внимание уделяется пациентам с фибрилляцией предсердий - состоянием, значительно повышающим риск инсульта. Работа центра ориентирована на раннее выявление нарушений ритма, оценку факторов риска и профилактику тромбоэмболических осложнений.
В Центре организована современная система диагностики, включая электрокардиографию и холтеровское мониторирование. Пациентам обеспечивается индивидуальный подбор антиаритмической и антикоагулянтной терапии, проводится динамическое наблюдение и, при необходимости, маршрутизация для дальнейшего специализированного лечения.
Открытие Центра компетенции по аритмологии позволит повысить доступность и качество кардиологической помощи в регионе, снизить число госпитализаций и улучшить показатели здоровья населения Актюбинской области.
Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан
gov.kz/memleket/entities/dsm
facebook.com/healthcare.gov.kz
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Бүгін Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ ұжымы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі бастамашы болған «Донор бол және үміт сыйла» республикалық акциясы аясында эстафетаны қабылдады. Ұжым ерікті, өтеусіз донорлық мәдениетін дамытуға, қоғамдағы өзара көмек пен ізгілік құндылықтарын нығайтуға бағытталған жалпыұлттық әлеуметтік бастаманы қолдады.
Акцияға 75 адам қатысып, оның 56-сы қан тапсырды. Олардың қатарында әкімшілік қызметкерлері, дәрігерлер, орта буын және техникалық персонал бар.
Басқарма төрағасы Рустем Тулеутаев: «Біздің институтта жүрек қақпақшалары ақаулары, кеуде қолқасының аневризмасы, жүректің ишемиялық ауруы және оның асқынған түрлері, инфекциялық эндокардит, жүрек ырғағының бұзылыстары, жүрек қызметінің жеткіліксіздігі және сирек кездесетін басқа да дерттер кезінде IV–VII санаттағы кардиохирургиялық операциялардың барлық түрлері орындалады. Сонымен қатар жүрек трансплантациясы, LVAD имплантациясы жасалады. Бізге еліміздің барлық өңірлерінен ауыр науқастар жеткізіледі.
Күрделі операциялар мен трансплантация кезінде донорлық қан пациенттер үшін өмірлік маңызға ие. Қан қорының жеткілікті болуы да аса маңызды.
Сондықтан клиника операциялар мен ауыр аурулар кезінде адам өмірін сақтап қалу үшін донорлық қан мен оның компоненттерін негізгі тұтынушылардың бірі.
Қолдау білдіріп, ұйымшылдық танытқан әріптестерге алғыс білдіреміз!
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі
gov.kz/memleket/entities/dsm
facebook.com/healthcare.gov.kz
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Cотрудники НИИ кардиологии и внутренних болезней МЗРК стали участниками республиканской акции «Стань донором и подари надежду», инициированной Минздравом РК.
Коллектив поддержал общенациональную социальную инициативу по развитию культуры добровольного, безвозмездного донорства, укреплению взаимопомощи и гуманизма в обществе.
В акции приняли участие 75 человек, 56 сдали кровь. Это и администрация, и врачи, и средний и технический персонал.
Председатель Правления Рустем Тулеутаев отметил: “В нашем институте выполняются все виды кардиохирургических операций IV–VII категорий при пороках клапанов сердца, аневризме грудной аорты, ИБС и ее осложненном течении, инфекционном эндокардите, нарушении ритма сердца, сердечной недостаточности, и других менее распространенных состояниях. Это и трансплантация сердца, имплантация LVAD. К нам поступают тяжёлые пациенты со всех регионов страны. Донорская кровь жизненно необходима пациентам при сложных операциях, трансплантации.
Критически важен и запас крови. Поэтому клиника является одним из основных потребителей донорской крови и её компонентов для спасения жизней при операциях и тяжелых заболеваниях».
Спасибо коллегам за поддержку и сплоченность!
Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан
gov.kz/memleket/entities/dsm
facebook.com/healthcare.gov.kz
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥2
Алматы қаласындағы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты базасында «Қалқанша безінің түйінді ісіктерін емдеудегі ең төменгі инвазиялық технологиялар» тақырыбында мастер-класс өтті. Іс-шараға Сеул қаласынан (Оңтүстік Корея) профессор Хван Ён Джин қатысып, қалқанша безіне радиожиілікті абляция жасау арқылы 6 пациентке ем жүргізді.
Ең жас пациент – 26 жаста. Алматы қаласының жас тұрғынына қалқанша безінің оң жақ бөлігінде көлемі 4,4 см болатын уытты емес жалғыз түйінді зоб диагнозы қойылған. Мұндай ірі ісік мойын ағзаларын қысу қаупіне байланысты көп жағдайда хирургиялық емдеуді талап етеді.
Алматы облысынан келген ең егде жастағы пациент – 56 жаста. Оған қалқанша безінің екі бөлігінде де көлемі 4,3 см болатын уытты емес көптүйінді зоб диагнозы қойылған. Пациенттерде тыныс алудың және жұтынудың қиындауы, тамақ ішу мен сусын қабылдау кезінде жайсыздық, ауырсыну, бөгде зат тұрғандай сезім, тамақтың жыбырлауы және жөтел байқалған.
Радиожиілікті абляция – қалқанша безі түйіндерін хирургиялық араласусыз емдеудің заманауи әдісі. Емшара барысында ісік тініне арнайы радиожиілікті ток әсер етіп, патологиялық жасушалар жойылады. Бұл ретте қалқанша безінің сау тіндері зақымданбайды.
Клиниканың интервенциялық хирургі Арман Ибраевтың айтуынша, қалқанша безіне абляция жасау жергілікті анестезиямен жүргізіледі және жалпы наркозды қажет етпейді. Пациент емшара кезінде айқын жайсыздық сезінбейді.
Қалқанша безінің қатерсіз түйінді ісіктерін емдеудің бірегей әдісін – радиожиілікті абляцияны енгізу институт пациенттеріне хирургиялық араласусыз түйіндерден арылуға мүмкіндік береді, соның нәтижесінде олардың өмір сапасы жақсарады.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі
gov.kz/memleket/entities/dsm
facebook.com/healthcare.gov.kz
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
В НИИ кардиологии и внутренних болезней в Алматы прошел мастер-класс «Минимально инвазивные технологии в лечении узловых образований щитовидной железы» с участием профессора из Сеула (Южная Корея) Хван Ён Джин с проведением радиочастотной аблации щитовидной железы 6-ти пациентам.
Молодой алматинке диагностировали не токсический одноузловой зоб в правой доле щитовидной железы размером 4,4 см, который считается крупным образованием, требующим зачастую хирургического лечения из-за риска сдавления органов шеи.
Пациенту с Алматинской области – 56 лет, у него выявили не токсический многоузловой зоб обеих долей щитовидной железы размером 4,3 см. Пациенты испытывали затрудненное дыхание и глотание, дискомфорт при еде и питье, боль, ощущение инородного тела, першение в горле и кашель.
Радиочастотная аблация - это современный метод лечения узлов щитовидной железы без хирургической операции. Во время процедуры на опухолевую ткань воздействуют специальным радиочастотным током, из-за чего патологические клетки разрушаются. При этом здоровая ткань щитовидной железы не страдает.
По словам интервенционного хирурга клиники Армана Ибраева, процедура аблации щитовидной железы проходит под местной анестезией, она не требует наркоза. Пациент не испытывает дискомфорта.
Внедрение уникальной методики лечения доброкачественных узловых образований щитовидной железы - радиочастотной абляции позволит пациентам НИИ без хирургического вмешательства избавиться от узловых образований щитовидной железы, соответственно, улучшить качество их жизни.
Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан
gov.kz/memleket/entities/dsm
facebook.com/healthcare.gov.kz
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Реформаның негізгі элементі – елдегі барлық клиникалардың деректерін біріктіретін Бірыңғай медициналық деректер қоймасын (БМДҚ) іске қосу болмақ. Аталған жүйе «Электрондық денсаулық паспорты» форматында жұмыс істейді.
Трансформацияның қорытынды кезеңі ретінде Big Data негізінде саланы басқарудың «өзегіне» айналатын Бірыңғай мемлекеттік медициналық ақпараттық жүйені (БММАЖ) енгізу жоспарлануда. Жаңа архитектура пациенттің алғашқы жүгінуінен бастап қаржыландыру кезеңіне дейінгі қызмет сапасын толыққанды бақылауды қамтамасыз етуге және дәрігерлерге түсетін әкімшілік жүктемені едәуір азайтуға бағытталған.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі
gov.kz/memleket/entities/dsm
facebook.com/healthcare.gov.kz
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Ключевым элементом реформы станет запуск Единого хранилища медицинских данных (ЕХМД), которое объединит информацию всех клиник страны в единый «Электронный паспорт здоровья».
Финальным аккордом трансформации станет внедрение Единой государственной медицинской информационной системы (ЕГМИС), которая станет «ядром» управления отраслью на основе Big Data. Новая архитектура призвана обеспечить сквозной контроль качества услуг — от обращения пациента до финансирования — и существенно снизить административную нагрузку на врачей.
Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан
gov.kz/memleket/entities/dsm
facebook.com/healthcare.gov.kz
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎1
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігісатып алу жүйесін реформалаудың нәтижесіндеүнемделген 70,5 млрд теңгені азаматтарды қосымшадәрілік қамтамасыз етуге бағыттады. Босатылған қаражат онкологиялық, жүрек-қантамыр және аутоиммундықауруларды емдеуге арналған 7 инновациялық препараттытегін дәрілер тізібесіне енгізуге мүмкіндік берді.
2025 жылдың қорытындысы бойынша ауқымдыүнемдеуге өндіруші зауыттармен тікелейкелісімшарттарға көшу және БҰҰ-ның халықаралықұйымдары арқылы сатып алуды кеңейтудің есебінен қолжеткізілді.
Сонымен қатар Министрлік тегін дәрілікзаттардың тізбесін оңтайландырып, өмір сүру ұзақтығынаәсер етпейтін 90 тиімсіз позиция мен нозологияны алыптастады. Босатылған лимиттер диспансерлік есептетұрған пациенттердің дербестендірілген қажеттіліктерінебағытталды.
Оң динамика 2026 жылы да сақталуда: сауда рәсімдерінцифрландырудың есебінен 47 млрд теңге үнемделді. Дәрілік қауіпсіздікті нығайту мақсатында 2026–2027 жылдары «СҚ-Фармация» бірыңғай дистрибьюторыныңжеке қоймалар желісін салу жоспарлануда. Жеке операторлардың қызметінен бас тарту бюджетте жыл сайын шамамен 1,7 млрд теңгені қосымша үнемдеугемүмкіндік береді.
Ведомство сапалы импорттық препараттардың нарығынақолжетімділікті де жеңілдетуде. 2026 жылы жеделдетілгентіркеу рәсімі қолданылатын елдер тізіміне (АҚШ, ЕО, Жапония, Ұлыбритания) Түркия мен Оңтүстік Корея қосылады. Бұл ретте сапа бақылауы күшейтілген режимдесақталады: өткен жылы сараптама барысында 112 препараттың стандарттарға сәйкес келмейтіні анықталып, жанама әсерлеріне байланысты 30 тіркеу куәлігініңқолданысы тоқтатылды.
Реформаның маңызды кезеңдерінің бірі — дәрілікзаттарды цифрлық таңбалауды енгізу болды. Бұл дәрі-дәрмек айналымын «көлеңкелі» сектордан шығаруғамүмкіндік берді.
Нәтижесінде бөлшек саудадан түсетінсалық түсімдері 24%-ға (қосымша 24 млрд теңге) арттыжәне дәріханаларда тегін берілетін 15 мың қаптаманыңқайта сатылуының жолы кесілді.
Биыл биологиялықбелсенді қоспаларды (ББҚ) міндетті таңбалауды енгізу, ал 2027 жылдан бастап медициналық бұйымдарды таңбалаужоспарлануда.
Дәрі-дәрмек беру процесі «Әлеуметтік әмиян» сервисініңарқасында барынша ашық бола түсті.
Электрондықрецепттер тағайындаулардың шамамен 90%-ын қамтып, пациенттерге қызмет көрсету уақытын екі есегеқысқартты.
Кері байланыс үшін тәулік бойы жұмысістейтін «1439» байланыс орталығы іске қосылды, ондаөтініштерді жедел өңдеу үшін жасанды интеллект элементтерін енгізу жоспарланып отыр.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі
gov.kz/memleket/entities/dsm
facebook.com/healthcare.gov.kz
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM