ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
10.1K subscribers
18.3K photos
1.54K videos
28 files
4.2K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Тағы да менмін, Алан. Мен бір жасқа толдым ☺️

Мен қазірдің өзінде көп нәрсені үйрендім: өзім сенімді отырамын, ойыншықтармен ойнаймын және бәрін өзім жасауға тырысамын. Мен алғашқы қадамдарымды жасап жүрмін - кейде құлап қаламын, бірақ қайта тұрып, әрі қарай жүремін. Ұсақ заттарды саусақтарыммен ұстауды үйреніп жатырмын, оларды бір қолымнан екінші қолыма ауыстырамын және айналамда болып жатқанның бәрін мұқият бақылаймын.

Мен алғашқы сөздерімді айта бастадым. Барлық екпелерімді алдым, тексерулерден өттім және өзімді өте жақсы сезінемін. Енді мен осы үлкен әлемді батыл түрде танып-біле аламын.

Күн сайын мен күштірек әрі батылырақ болып келемін - жақында тағы кездесеміз 🤗
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Это снова я, Алан. Мне уже целый год ☺️

Я уже многому научился: сижу уверенно, играю с игрушками и стараюсь всё делать сам без поддержки. Я пробую делать первые шаги - иногда падаю, но снова встаю и иду дальше. Я учусь брать маленькие предметы пальчиками, перекладываю их из руки в руку и внимательно слежу за всем, что происходит вокруг меня. Я уже начинаю говорить свои первые слова. Я получил все прививки, прошел осмотры и чувствую себя отлично. Теперь я смело могу познавать этот большой окружающий мир. Каждый день я становлюсь сильнее и смелее - скоро увидимся 🤗
👍6
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ: ЖАҢА ТУҒАН НӘРЕСТЕЛЕРДІ СКРИНИНГПЕН ҚАМТУ 93%-ҒА ЖЕТТІ, МҮГЕДЕКТІК 7%-ҒА АЗАЙДЫ

⚜️ Соңғы екі жылдың ішінде Қазақстанда жаңа туған нәрестелерді скринингтік тексерумен қамту 25%-ға артып, 93%-ға жетті. Педагогикалық түзетуге жолдамалардың саны 2 есеге көбейді, ал түрлі бұзылыстары бар шамамен 85 мың бала мамандардың бақылауына алынды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді.

📌 Аудиологиялық скрининг нәтижесінде 523 баладан толық есту қабілетінің жоғалуы анықталды. Барлық балаларға құны шамамен 6,5 млн теңге болатын есту импланттары орнатылды.

Бұрын мұндай операциялардың 80%-ға жуығы шамамен 3 жасқа таяғанда жасалса, бүгінде көмек әлдеқайда ерте көрсетіледі. Бұл баланың өмір сапасы мен дамуына тікелей әсер етеді.


⚡️ Офтальмологиялық скрининг 721 шала туған нәрестеде көру патологияларын анықтауға мүмкіндік берді, нәтижесінде дер кезінде ем жүргізіліп, олардың көру қабілеті сақталды.

Сонымен қатар, жүкті әйелдерді скринингпен қамту 9%-ға артты, анықталу деңгейі 12%-ға өсті. Туа біткен даму кемістігінің салдарынан мүгедек болып туған балалардың саны 7%-ға азайды.

✨ Қазіргі таңда денсаулық сақтау жүйесінде скринингтің 6 түрі жүргізіледі. Оның үшеуі перзентханалар деңгейінде жүзеге асырылады: пренаталдық, неонаталдық және аудиологиялық скрининг.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
МИНЗДРАВ: ОХВАТ СКРИНИНГАМИ НОВОРОЖДЕННЫХ УВЕЛИЧИЛСЯ ДО 93%, ИНВАЛИДИЗАЦИЯ СНИЖЕНА НА 7%

⚜️ За последние два года в Казахстане охват скринингами новорожденных увеличился на 25% и достиг 93%, число направлений на педагогическую коррекцию выросло в 2 раза, под наблюдение специалистов взяты порядка 85 тысяч детей с нарушениями, сообщила сегодня министр здравоохранения Акмарал Альназарова на заседании Правительства.

📌 По итогам аудиологического скрининга выявлено 523 ребенка с полной потерей слуха. Всем детям установлены слуховые импланты стоимостью порядка 6,5 млн тенге.

При этом если ранее до 80% таких операций проводилось в возрасте около 3 лет, то сегодня помощь оказывается значительно раньше, что напрямую влияет на качество жизни и развитие ребенка.


⚡️ Офтальмологический скрининг позволил выявить патологии зрения у 721 недоношенного новорожденного, что обеспечило своевременное лечение и сохранение зрения.

Кроме того, охват скринингами беременных увеличился на 9%, выявляемость – на 12%, количество детей, рожденных с инвалидностью вследствие врождённых пороков развития снизилось на 7%.

✨ Сегодня в системе здравоохранения проводятся 6 видов скрининга, три из которых — на уровне родильных домов: пренатальный, неонатальный и аудиологический.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстанда толық есту қабілетінен айырылған 523 бала мемлекеттің есебінен есту импланттарын алды

✔️ Қазақстанда балалар денсаулығын сақтау жүйесі ерте көмек көрсетуге, оңалтуға және заманауи медициналық технологияларды енгізуге басымдық бере отырып дамып келеді. Әсіресе есту қабілетінің жоғалуы мен даму патологияларын қоса алғанда, ауыр денсаулық бұзылыстары бар балаларға ерекше назар аударылуда.

🍀 Негізгі нәтижелердің бірі – естуді қалпына келтіру бағдарламасы болды: толық есту қабілетінен айырылған 523 бала мемлекеттің есебінен тегін есту импланттарын алды. Бір импланттың құны шамамен 6,5 млн теңгені құрайды. Ерте араласу жүйесінің дамуының арқасында мұндай операциялар бүгінде екі жасқа дейін жасалуда, ал бұрын көбіне кешірек кезеңде жүргізілетін. Бұл балалардың сөйлеу қабілетінің дамуына және қоғамға толыққанды бейімделуіне айтарлықтай мүмкіндік береді.

Оңалту жүйесі де қарқынды түрде кеңеюде. Соңғы екі жылда елде 81 оңалту орталығы ашылды, оның ішінде өңірлердегі мекемелер де бар. Биыл тағы 11 орталықты іске қосу жоспарлануда. Нәтижесінде оңалту көмегімен қамту деңгейі 35%-ға өсіп, 243 мың бала қолдау алды.


Патронаж жүйесі де маңызды рөл атқарады: үш жасқа дейінгі балалардың 95%-ы медицина қызметкерлерінің тұрақты бақылауында. Бұл үй жағдайындағы өлімді 22%-ға төмендетуге мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, елде балаларды ерте шақтан қолдау көрсететін 700-ден астам ерте даму орталығы жұмыс істейді.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Үкімет отырысында сөйлеген сөзінде:
«Біз салдардың алдын алудан ерте анықтау және профилактика жүйесіне кезең-кезеңімен көшіп келеміз. Біздің міндетіміз – әрбір бала тұрғылықты жеріне қарамастан дер кезінде көмек алып, толыққанды дамуға мүмкіндік алуы», – деп атап өтті.


🙌 Оңалту мен жоғары технологиялық медициналық көмекті дамыту – балалардың өмір сапасын арттыруға және мүгедектік қаупін төмендетуге бағытталған денсаулық сақтау жүйесінің басым бағыттарының бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
В Казахстане 523 ребёнка с полной потерей слуха получили слуховые импланты бесплатно за счёт государства

✔️ В Казахстане продолжается развитие системы детского здравоохранения с акцентом на раннюю помощь, реабилитацию и внедрение современных медицинских технологий. Особое внимание уделяется детям с тяжёлыми нарушениями здоровья, включая потерю слуха и патологии развития.

🍀 Одним из ключевых результатов стала программа слухопротезирования: 523 ребёнка с полной потерей слуха получили слуховые импланты бесплатно за счёт государства. Стоимость одного импланта составляет около 6,5 млн тенге. Благодаря развитию системы раннего вмешательства такие операции сегодня проводятся до двухлетнего возраста, тогда как ранее большинство вмешательств выполнялось значительно позже. Это существенно повышает шансы детей на развитие речи и полноценную социализацию.

Активно расширяется система реабилитации. За последние два года в стране открыто 81 реабилитационный центр, включая учреждения в регионах. В этом году планируется запуск ещё 11 центров. В результате охват реабилитационной помощью вырос на 35%, а поддержку получили 243 тысячи детей.


Существенную роль играет система патронажа: 95% детей до трёх лет находятся под регулярным наблюдением медицинских работников, что позволило снизить смертность на дому на 22%.

Также в стране функционирует более 700 центров раннего развития и поддержки детей, где оказывается помощь с первых лет жизни.

Министр здравоохранения Акмарал Альназарова, выступая на заседании правительства, отметила:
«Мы последовательно переходим от реагирования на последствия к системе раннего выявления и профилактики. Наша задача — чтобы каждый ребёнок, независимо от места проживания, получал своевременную помощь и шанс на полноценное развитие».


🙌 Развитие реабилитации и высокотехнологичной помощи становится одним из ключевых приоритетов системы здравоохранения, направленным на повышение качества жизни детей и снижение риска инвалидизации.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥1
ҚАЗАҚСТАНДА 240 МЫҢНАН АСТАМ БАЛА ОҢАЛТУ КӨМЕГІМЕН ҚАМТЫЛҒАН

✨ Бүгінде Қазақстанда балаларға оңалту көмегін көрсету үшін 81 орталық жұмыс істейді. Онда дамуында түрлі бұзылыстары бар 243 мың балаға әртүрлі қызмет түрлері ұсынылуда.

Соңғы екі жылдың ішінде елде балаларды медициналық оңалтуға арналған 20 орталық, оның ішінде 6-уы – аудандық деңгейде ашылды. Биыл тағы 11 аудандық орталық ашу жоспарланып отыр.

Медициналық көмектің тең қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында педиатриялық қызметті дамыту жалғасуда.

🌟 2025 жылы 372 даму және ерте араласу орталығы, сондай-ақ 366 педиатриялық бөлімше ашылды. Бұл қазіргі таңда ел бойынша жалпы қажеттіліктің шамамен 80%-ын қамтуға мүмкіндік беріп отыр.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
СВЫШЕ 240 ТЫСЯЧ ДЕТЕЙ В РК ОХВАЧЕНО РЕАБИЛИТАЦИОННОЙ ПОМОЩЬЮ

✨ Сегодня в Казахстане для оказания реабилитационной помощи детям функционирует 81 центр, где различные виды помощи получают 243 тысяч детей с нарушениями развития.

За последние два года в Казахстане открыто 20 центров медицинской реабилитации детей, 6 из которых ¬– районного уровня. В этом году планируется открытие ещё 11 районных центров.

Для обеспечения равного доступа к медицинской помощи продолжается развитие педиатрической службы.

🌟 В 2025 году открыто 372 центра развития и раннего вмешательства и 366 педиатрических отделений, что уже покрывает около 80% от общей потребности по стране.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ҚАЗАҚСТАН ШЫҰ ЕЛДЕРІНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ КҮШЕЙТУДІ ҰСЫНДЫ

📌 Қазақстан Қырғызстанның Бішкек қаласында өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің денсаулық сақтау министрлерінің тоғызыншы кеңесінде денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты дамыту бойынша бірқатар бастамалар ұсынды. Ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов таныстырды.

Өз сөзінде өңір елдерінің денсаулық сақтау жүйелері бірқатар ортақ сын-қатерлерге тап болып отырғаны атап өтілді. Олардың қатарында инфекциялық емес аурулардың өсуі, жаңа инфекциялық қауіптер, кадр тапшылығы және климаттың өзгеруінің салдары бар. Осындай жағдайда халықаралық деңгейде күш-жігерді үйлестірудің маңызы арта түсуде.

Вице-министр Қазақстан ШЫҰ алаңын бірлескен шешімдер әзірлеудің маңызды тетігі ретінде қарастыратынын атап өтті.

«Бүгінде ШЫҰ тек өңірлік ынтымақтастық алаңы ғана емес, сонымен қатар денсаулық сақтау саласындағы жаһандық сын-қатерлерге ұжымдық жауап қалыптастыратын нақты құралға айналуда», – деді Ербол Оспанов.


Сондай-ақ баяндама барысында Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінің дамуындағы оң динамика туралы деректер ұсынылды. Соңғы жылдардың қорытындысы бойынша өмір сүру ұзақтығының артуы, жалпы және нәресте өлім-жітімінің төмендеуі, сондай-ақ елдің Адами даму индексіндегі позициясының жақсаруы байқалады.

«Халық денсаулығының негізгі көрсеткіштері тұрақты түрде жақсарып келеді. Бұл профилактиканы дамыту, медициналық-санитариялық алғашқы көмекті нығайту және медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру бағытындағы жүйелі жұмыстың нәтижесі», – деп атап өтті вице-министр.


Қазақстан ШЫҰ шеңберінде өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға бағытталған бірқатар бастамалар ұсынды.

Атап айтқанда, үздік практикалармен алмасуға және елдердің дағдарыстық жағдайларға дайындығын арттыруға ықпал ететін денсаулық сақтау жүйелерінің тұрақтылығы бойынша ШЫҰ платформасын құру ұсынылды.

«Біз тәжірибе алмасуды жүйелеуге және денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайларға дайындықты күшейтуге мүмкіндік беретін тұрақты сараптамалық-үйлестіру платформасын қалыптастыруды ұсынамыз», – деді Ербол Оспанов.


Сонымен қатар эпидемиологиялық қауіпсіздіктің өңірлік жүйесін дамыту, оның ішінде қауіптерді ерте анықтау және зертханалық қызметтердің өзара іс-қимылын күшейту ұсынылды.

Сондай-ақ инфекциялық емес аурулардың профилактикасына және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған «Салауатты болашақ – ШЫҰ» бағдарламасын іске қосу бастамасы көтерілді.

«Профилактика – бұл болашаққа салынған инвестиция. Біз қауіп факторларын азайту және халық денсаулығын нығайту үшін ШЫҰ елдерінің күш-жігерін біріктіруді ұсынамыз», – деді ол.


Бұдан бөлек, Қазақстан медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамытуға және өңір елдерінің табысты тәжірибелерін кеңінен енгізуге ерекше назар аударды.

«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек тиімді денсаулық сақтау жүйесінің негізі болып қала беруі тиіс. Қазақстан осы бағытта тәжірибе алмасуға және ынтымақтастықты кеңейтуге дайын», – деп атап өтті вице-министр.


Сөз соңында ұсынылған бастамаларды іске асыру ШЫҰ елдерінің өзара іс-қимылын нығайтып, ұлттық денсаулық сақтау жүйелерінің тұрақтылығын арттыруға, сондай-ақ өңір халқының денсаулық деңгейін жақсартуға мүмкіндік беретіні атап өтілді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
КАЗАХСТАН ПРЕДЛОЖИЛ СТРАНАМ ШОС УСИЛИТЬ СОТРУДНИЧЕСТВО В СФЕРЕ ЗДРАВООХРАНЕНИИ

📌 Казахстан выступил с рядом инициатив по развитию сотрудничества в сфере здравоохранения на Девятом совещании министров здравоохранения государств-членов Шанхайская организация сотрудничества в городе Бишкек(Кыргызстан). Предложения представил вице-министр здравоохранения Республики Казахстан Ербол Оспанов.

В ходе выступления было отмечено, что системы здравоохранения стран региона сталкиваются с рядом общих вызовов, включая рост неинфекционных заболеваний, новые инфекционные угрозы, кадровый дефицит и последствия климатических изменений. В этих условиях особое значение приобретает координация усилий на международном уровне.

Вице-министр подчеркнул, что Казахстан рассматривает площадку ШОС как важный механизм для выработки совместных решений.

«ШОС сегодня становится не просто региональной площадкой сотрудничества, а реальным инструментом формирования коллективных ответов на глобальные вызовы в сфере здравоохранения», - отметил Ербол Оспанов.


Также в ходе выступления были представлены данные о положительной динамике развития системы здравоохранения Казахстана. По итогам последних лет отмечается рост ожидаемой продолжительности жизни, снижение общей и младенческой смертности, а также улучшение позиций страны в Индексе человеческого развития.

«Мы фиксируем устойчивое улучшение ключевых показателей здоровья населения. Это результат системной работы по развитию профилактики, укреплению первичной медико-санитарной помощи и повышению доступности медицинских услуг», - подчеркнул вице-министр.


Казахстан предложил ряд инициатив для дальнейшего развития взаимодействия в рамках ШОС.

В частности, речь идет о создании Платформы ШОС по устойчивости систем здравоохранения, которая будет способствовать обмену лучшими практиками и повышению готовности стран к кризисным ситуациям.

«Мы предлагаем сформировать постоянную экспертно-координационную платформу ШОС, которая позволит системно обмениваться опытом и усиливать готовность к чрезвычайным ситуациям в здравоохранении», - заявил Ербол Оспанов.


Отдельно предложено развитие региональной системы эпидемиологической безопасности, включая раннее выявление угроз и усиление взаимодействия лабораторных служб.

Также инициирован запуск программы «Здоровое будущее ШОС», направленной на профилактику неинфекционных заболеваний и продвижение здорового образа жизни.

«Профилактика — это инвестиция в будущее. Мы предлагаем объединить усилия стран ШОС для снижения факторов риска и укрепления здоровья населения», - отметил он.


Кроме того, Казахстан акцентировал внимание на развитии первичной медико-санитарной помощи и масштабировании успешных практик стран региона.

«Первичная медико-санитарная помощь должна оставаться основой эффективной системы здравоохранения. Казахстан готов делиться опытом и расширять сотрудничество в этом направлении», - подчеркнул вице-министр.


По итогам выступления отмечено, что реализация предложенных инициатив позволит укрепить взаимодействие стран ШОС и повысить устойчивость национальных систем здравоохранения, обеспечив более высокий уровень здоровья населения региона.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ҚАЗАҚСТАН ДДҰ ЖӘНЕ ЮНИСЕФ ҚОЛДАУЫМЕН БАЛАЛАР ДЕНСАУЛЫҒЫН САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ КӨШБАСШЫЛЫҒЫН КҮШЕЙТУДЕ

⚜️ Бүгін Астанада «Әрбір баланың денсаулығы мен әл-ауқаты: балалар денсаулығын сақтаудың заманауи стратегиялары» атты жоғары деңгейдегі халықаралық конференция өтті.

⚡️ Аталған конференцияға Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры Тедрос Аданом Гебреисус, ДДҰ-ның Еуропа өңірлік директоры Ханс Клюге, ЮНИСЕФ-тің Еуропа және Орталық Азия бойынша өңірлік директорының міндетін атқарушы Октавиан Бивол қатысты.

🙌 Форумның жұмысына сондай-ақ Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова және Орталық Азия елдерінің бейінді ведомстволарының басшылары қатысты.

Форумның алаңында 2026–2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасының маңыздылығы атап өтілді. Бұл құжат балалардың денсаулығы, қауіпсіздігі, білім алуы және әл-ауқаты мәселелерінде мемлекеттік күш-жігерді біріктіруге бағытталған.

Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан ана мен бала денсаулығын сақтау саласында елеулі нәтижелерге қол жеткізді. Ана өлімі 6 есеге, нәресте өлімі 7,5 есеге төмендеді.

Күтілетін өмір сүру ұзақтығы 75,97 жасқа жетті. Қазақстан тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу бойынша оң серпін көрсетуде: жалпы индекс 71,5-ті құрайды, ал ана мен бала денсаулығы көрсеткіштері бойынша ел өңір көшбасшыларының қатарына кіреді.

Балалар денсаулығы мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып табылады және Мемлекет басшысының ерекше бақылауында. Соңғы жылдары елімізде медициналық-санитариялық алғашқы көмек жүйесі жаңғыртылды: 366 педиатриялық бөлімше және 370-тен астам даму және ерте араласу орталықтары ашылып, онда 72 мыңнан астам балаға көмек көрсетілді.

ЮНИСЕФ-тің Еуропа және Орталық Азия бойынша өңірлік директорының міндетін атқарушы Октавиан Бивол барлық секторлардың бірлескен жұмысының маңыздылығын атап өтті:
«Әрбір баланың дені сау болып өсіп, қолдауды сезінуін қалаймыз. Бұл денсаулық сақтау жүйелері, отбасылар мен серіктестер бірлесіп әрекет еткенде және заманауи сын-қатерлерді еңсеруге көмектескенде ғана мүмкін», — деді ол.

Қабылданған шаралар нақты нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді: даму бұзылыстарын анықтау 21,5%-ға өсті, үй жағдайындағы балалар өлімі 22%-ға төмендеді, кеш емдеуге жатқызу 5%-ға қысқарды, пренаталдық скринингпен қамту 8%-ға артты, ұрық кемістіктерін анықтау 13%-ға көбейді, туа біткен кемістіктерден болатын нәресте өлімі 15%-ға азайды, бастапқы мүгедектік 7,5%-ға төмендеді.

Балалар денсаулығын сақтау жүйесінде стационарлық көмекті жаңғырту белсенді жүргізілуде: балалар стационарларындағы төсек қоры 38%-ға ұлғайтылды (неонаталдық хирургияда — 20%). Туа біткен кемістіктері бар балалардың өмір сүру көрсеткіші 86%-ға жетті.

Жыл сайын шамамен 2000 ашық жүрекке операция жасалады. 19 инновациялық технологияны енгізу балаларды шетелде емдеуге жіберу санын 2 есеге қысқартуға мүмкіндік берді.

Форумға қатысушылар денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау және басқа да салалардың күшін біріктіру арқылы балалар мен жасөспірімдердің денсаулығы мен әл-ауқатын қамтамасыз етудің кешенді тәсілінің маңыздылығына ерекше назар аударды.

Конференцияның негізгі оқиғасы 2026–2030 жылдарға арналған ДДҰ мен ЮНИСЕФ-тің «Салауатты бастау — салауатты өмірдің негізі» стратегиясын іске асыруға Қазақстан мен субөңір елдерінің саяси бейілділігін бекітетін Астана үндеуін қабылдау болды.

Құжат медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамыту, теңсіздіктерді азайту, ата-аналарды қолдау, балаларды зиянды факторлардан қорғау және балалардың шешім қабылдауға қатысуын кеңейту сияқты келісілген шаралар кешенін қамтиды.

📌 Конференцияның шеңберінде жетекші халықаралық сарапшылар ерте балалық шақты дамыту, медициналық-санитариялық алғашқы көмекті жетілдіру, теңсіздіктерді азайту, сондай-ақ психикалық денсаулық, мектеп ортасы, цифрлық қауіпсіздік және балалардың қатысуы мәселелерін қоса алғанда, қауіпсіз әрі қолдаушы орта қалыптастыру бағыттары бойынша баяндама жасады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
КАЗАХСТАН УСИЛИВАЕТ ЛИДЕРСТВО В СФЕРЕ ДЕТСКОГО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ ПРИ ПОДДЕРЖКЕ ВОЗ И ЮНИСЕФ

⚜️ Сегодня в Астане состоялась международная конференция высокого уровня «Здоровье и благополучие каждого ребенка: современные стратегии охраны детского здоровья»

⚡️ В Астане прошла международная конференция высокого уровня «Здоровье и благополучие каждого ребенка: современные стратегии охраны детского здоровья» с участием Генерального директора Всемирной организации здравоохранения Тедроса Адханома Гебрейесуса, Регионального директора ВОЗ по Европе Ханса Клюге, исполняющего обязанности Регионального директора ЮНИСЕФ по Европе и Центральной Азии Октавиана Бивола.

🙌 В работе форума также приняли участие министр здравоохранения Республики Казахстан Акмарал Альназарова, а также руководители профильных ведомств стран Центральной Азии.

На площадке форума было подчеркнуто значение единой Концепции «Дети Казахстана» на 2026–2030 годы, направленной на консолидацию усилий государства в вопросах здоровья, безопасности, образования и благополучия детей.

За годы независимости Казахстан добился существенного прогресса в охране здоровья матери и ребенка. Материнская смертность снижена в 6 раз, младенческая — в 7,5 раза.
Ожидаемая продолжительность жизни достигла 75,97 года. Казахстан демонстрирует устойчивую положительную динамику по достижению целей устойчивого развития: общий индекс составляет 71,5, а по показателям здоровья матерей и детей страна входит в число лидеров региона.

Здоровье детей является приоритетом государственной политики и находится на особом контроле Главы государства. За последние годы в Казахстане модернизирована система первичной медико-санитарной помощи: открыто 366 педиатрических отделений и свыше 370 центров развития и раннего вмешательства, где помощь уже получили более 72 тысяч детей.

Исполняющий обязанности Регионального директора ЮНИСЕФ по Европе и Центральной Азии Октавиан Бивол подчеркнул важность совместной работы всех секторов:
«Мы хотим, чтобы каждый ребёнок рос здоровым и чувствовал поддержку. Это возможно, когда системы здравоохранения, семьи и партнёры действуют вместе и помогают друг другу справляться с современными вызовами», — отметил он.

Принятые меры обеспечили конкретные результаты: выявляемость нарушений развития выросла на 21,5%, смертность детей на дому снизилась на 22%, поздняя госпитализация сократилась на 5%, охват пренатальным скринингом увеличился на 8%, выявляемость пороков плода — на 13%, младенческая смертность от врождённых пороков снижена на 15%, первичная инвалидность — на 7,5%.

В системе детского здравоохранения проводится масштабное обновление стационарной помощи: коечный фонд детских стационаров увеличен на 38% (в неонатальной хирургии — на 20%). Выживаемость детей с врождёнными пороками достигла 86%.
Ежегодно проводится около 2000 операций на открытом сердце. Внедрение 19 инновационных технологий позволило в 2 раза сократить направление детей на лечение за рубеж.

Особое внимание участники форума уделили необходимости интегрированного подхода — объединению усилий системы здравоохранения, образования, социальной защиты и других секторов для обеспечения здоровья и благополучия детей и подростков.
Ключевым событием конференции стало принятие Астанинского призыва к действиям, закрепляющего политическую приверженность Казахстана и стран субрегиона реализации стратегии ВОЗ и ЮНИСЕФ «Здоровое начало — залог здоровой жизни» на 2026–2030 годы.

Документ предусматривает комплекс согласованных мер, включая развитие первичной медико-санитарной помощи, сокращение неравенств, поддержку родителей, защиту детей от вредных факторов и расширение участия детей в принятии решений.

📌 В рамках конференции ведущие международные эксперты представили доклады по ключевым направлениям: развитие систем раннего детства и первичной медико-санитарной помощи, снижение неравенств, а также формирование безопасной и поддерживающей среды, включая вопросы психического здоровья, школьной среды, цифровой безопасности и участия детей.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1