ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
10.1K subscribers
18.3K photos
1.54K videos
28 files
4.2K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
ҚАЗАҚСТАНДА ЕМХАНАЛАРДЫҢ БАЗАСЫНДА ДАМУ ЖӘНЕ ЕРТЕ АРАЛАСУ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ ЖЕЛІСІ КЕҢЕЙТІЛУДЕ

⚜️ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі педиатриялық қызметті жүйелі түрде нығайтуды және балаларға ерте көмек көрсету инфрақұрылымын дамытуды жалғастыруда. Соңғы бір жылдың ішінде еліміздің емханаларында 370-тен астам Даму және ерте араласу орталығы (ДЕАО) ашылды.

🔹 Баланың даму ерекшеліктері анықталған жағдайда, ол Даму және ерте араласу орталығына жіберіледі. Бұл орталықтарда балаға педиатр, патронаж мейіргері, реабилитолог, логопед, психолог және басқа да мамандардан құралған мультидисциплинарлық топ тарапынан кешенді қолдау көрсетіледі.

Бір жылдың ішінде Даму және ерте араласу орталықтарында 72 мыңнан астам бала консультация алды. Аталған модельді енгізу нәтижесінде ерте кезеңдерде даму бұзылыстарын анықтау көрсеткіші 21,5%-ға артты.

🙌 ДЕАО-ның желісін кеңейту балалар денсаулығын сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттың маңызды бағыты болып табылады және уақытылы көмек көрсетуді қамтамасыз етуге, мүгедектік қаупін төмендетуге, сондай-ақ әрбір баланың толыққанды дамуына жағдай жасауға бағытталған.

***

В КАЗАХСТАНЕ РАСШИРЯЕТСЯ СЕТЬ ЦЕНТРОВ РАЗВИТИЯ И РАННЕГО ВМЕШАТЕЛЬСТВА НА БАЗЕ ПОЛИКЛИНИК

⚜️ Министерство здравоохранения продолжает системное укрепление педиатрической службы и развитие инфраструктуры ранней помощи детям. За последний год в поликлиниках страны открыто свыше 370 Центров развития и раннего вмешательства (ЦРРВ).

🔹 При выявлении особенностей развития ребёнок направляется в Центр развития и раннего вмешательства, где получает комплексное сопровождение мультидисциплинарной команды, включающей педиатра, патронажную медсестру, реабилитолога, логопеда, психолога и других специалистов.

За год в Центрах развития и раннего вмешательства получили консультации более 72 тысяч детей. В результате внедрения данной модели на 21,5% увеличилась выявляемость нарушений развития на ранних этапах.

🙌 Развитие сети ЦРРВ является ключевым элементом государственной политики в сфере охраны здоровья детей и направлено на обеспечение своевременной помощи, снижение рисков инвалидизации и создание условий для полноценного развития каждого ребёнка.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Бұл - қайта мен, Алан 💙

Маған 1 жас 6 ай - мен қазірдің өзінде үлкенмін!

Маған сіздердің мені дәрігерге апарғандарыңыз өте маңызды -
сол жерде менің қалай өсіп, дамып жатқанымды тексереді.

Бұл маған дені сау болып өсуге және жоспарлы екпелерді уақытында алуға көмектеседі.

Менімен көбірек сөйлесіңіздер,
және маған суреті бар қысқа кітаптар оқып беріңіздер - маған бұл өте ұнайды ✨

Келесі шығарылымды күтіңіздер 💙
👍2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Это снова я - Алан 💙

Мне 1 год и 6 месяцев - и я уже совсем большой!

Мне важно, чтобы вы водили меня к врачу -
там проверяют, как я расту и развиваюсь.

Это помогает мне быть здоровым и вовремя получать плановые прививки.

Разговаривайте со мной как можно больше,
и читайте мне короткие книжки с картинками - мне это очень нравится ✨

Ждите следующий выпуск 💙
👍3
Forwarded from UKIMET
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс

📌 Бүгін Үкіметте ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру жөніндегі республикалық штабтың отырысы өтті.

Жиынға ҚР оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, ҚР денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха, сондай-ақ облыс әкімдерінің орынбасарлары қатысты.

Премьер-министрдің орынбасары жазғы науқанға дайындық барысы, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы, медициналық көмек және каникул кезеңінде оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мәселелері бойынша қатысушылардың ақпаратын тыңдады.

Аида Балаева балалардың жазғы демалысын сапалы ұйымдастыру басым міндеттердің бірі екенін атап өтіп, бұл бағыт барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен өңір әкімдіктерінің үйлесімді жұмысын талап ететінін айтты.

Оқу-ағарту министрлігінің ақпаратына сәйкес, биыл демалыс іс-шараларымен 3,2 млн баланы қамту жоспарланып отыр. Бұл – елдегі оқушылардың жалпы санының 86,2%-ы. Жазғы кезеңде балалардың демалысы жыл бойы жұмыс істейтін 20 орталықта, 179 маусымдық орталықта, сондай-ақ мектептер мен мектептен тыс ұйымдар жанындағы 10 894 орталықта ұйымдастырылады.

➖

Мы должны обеспечить безопасный, качественный и оздоровительный детский отдых – А.Балаева

📌 Под председательством заместителя Премьер-министра – министра культуры и информации Аиды Балаевой в Правительстве состоялось заседание республиканского штаба по организации летнего отдыха детей.

В работе совещания приняли участие министры просвещения Жулдыз Сулейменова, здравоохранения Акмарал Альназарова, заместитель министра внутренних дел Игорь Лепеха, а также заместители акимов областей.

Вице-премьер ознакомилась с информацией участников о ходе подготовки к летней кампании, обеспечении безопасности детей, соблюдении санитарно-эпидемиологических требований, медицинском сопровождении и организации занятости школьников в каникулярный период.

Аида Балаева подчеркнула, что качественная организация летнего отдыха детей является одной из приоритетных задач и требует скоординированной работы всех заинтересованных государственных органов и акиматов регионов.

По информации Министерства просвещения, в текущем году мероприятиями отдыха планируется охватить 3,2 млн детей, что составляет 86,2% от общего числа школьников. В летний период отдых будет организован в 20 круглогодичных центрах, 179 сезонных центрах, а также в 10 894 центрах при школах и внешкольных организациях.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ: 2025 ЖЫЛЫ ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТІ 8 МЛН-НАН АСТАМ ШАҚЫРТУҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТТІ

📌 Жыл сайын 28 сәуірде Жедел медициналық жәрдем қызметі қызметкерлерінің күні атап өтіледі – бұл күн кәсіби мереке ретінде адам өмірін сақтап қалу жолында тәулік бойы жедел әрекет ететін мамандардың еңбегін айшықтайды.

Тек 2025 жылдың өзінде Қазақстанның жедел медициналық жәрдем қызметі 8 млн-нан астам шақыртуға қызмет көрсетсе, биылғы жылдың үш айында бұл көрсеткіш шамамен 1,8 млн-ды құрады.


📍 Жедел медициналық жәрдем қызметі денсаулық сақтау жүйесінің негізгі әрі аса жауапты буындарының бірі болып табылады. Дәл осы қызметтің бригадалары шақыртуға бірінші болып жетіп, пациенттердің өміріне қауіп төнген сыни жағдайларда жедел әрі білікті медициналық көмек көрсетеді. Мұндай сәттерде әр минуттың маңызы зор.

🙌 Қазақстанда жедел медициналық жәрдем қызметі 20 дербес станциядан, 93 қалалық кіші станциядан және 189 аудандық бөлімшеден тұрады. Олар халыққа тәулік бойы үздіксіз және уақтылы шұғыл көмек көрсетуді қамтамасыз етеді. Қызметтің жұмысын Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы үйлестіреді.

🔹 Облыстық және қалалық станцияларда бір ауысымда 1 652 көшпелі бригада, оның ішінде 16%-ы дәрігерлік, 84%-ы фельдшерлік бригадалар жұмыс істейді.

2025 жылдың қорытындысы бойынша жедел жәрдем бригадаларының қатысуымен ауруханаға дейінгі өлім көрсеткіші 2024 жылмен салыстырғанда 0,2%-ға төмендеді. Сонымен қатар сәтті реанимация көрсеткіші 7,9%-ға артты.

Қазақстанда жедел медициналық жәрдем қызметі халыққа шұғыл медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ететін денсаулық сақтау жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі болып қала береді.

🌟 Соңғы жылдары бұл қызметті жаңғыртуға, автопаркті жаңартуға, цифрлық шешімдерді енгізуге және медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға ерекше көңіл бөлінуде.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
МИНЗДРАВ: БОЛЕЕ 8 МЛН ВЫЗОВОВ ОБСЛУЖИЛА СЛУЖБА СКОРОЙ ПОМОЩИ В 2025 ГОДУ

📌 28 апреля ежегодно отмечается День работников скорой медицинской помощи – профессиональный праздник специалистов, чья деятельность ежедневно связана с оперативным реагированием и спасением человеческих жизней.

Только в 2025 году служба скорой медицинской помощи Казахстана обслужила более 8 млн вызовов, а за три месяца этого года – порядка 1,8 млн.


📍 Служба скорой медицинской помощи является одним из ключевых и наиболее ответственных звеньев системы здравоохранения. Именно бригады скорой помощи первыми прибывают на вызов и оказывают экстренную и квалифицированную медицинскую помощь пациентам в критических состояниях, когда счёт зачастую идёт на минуты.

🙌 В Казахстане служба скорой медицинской помощи представлена 20 самостоятельными станциями, 93 городскими подстанциями и 189 районными отделениями, обеспечивающими круглосуточную и своевременную экстренную помощь населению. Координацию службы осуществляет Национальный координационный центр экстренной медицины.

🔹 В областных/городских станциях функционируют 1 652 выездных бригады в одну смену, из них 16% врачебных и 84% фельдшерских.

Показатель догоспитальной смертности в присутствии бригад скорой медицинской помощи по итогам 2025 года уменьшился на 0,2% по сравнению с 2024 годом. Показатель успешной реанимации увеличился на 7,9%.

В Казахстане служба скорой медицинской помощи является важнейшим элементом системы здравоохранения, обеспечивая доступность экстренной медицинской помощи населению по всей стране.

🌟 В последние годы особое внимание уделяется её модернизации, обновлению автопарка, внедрению цифровых решений и повышению квалификации медицинских работников.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАДЫ: БІРҚАТАР МӘСЕЛЕЛЕР ЖЕДЕЛ ШЕШІЛДІ

🔹 Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова азаматтарды жеке қабылдап, тұрғындардың өтініштерін жедел қарап, халықты толғандырған сұрақтарға жауап берді.

Қабылдау барысында туа біткен есту қабілеті бұзылған балалардың ата-аналарының өтініштеріне ерекше назар аударылды. Астана қаласының тұрғыны қызын шетелде емдетуді ұйымдастыруға көмек сұрап жүгінді – салалық мамандарға мүмкін болатын барлық көмек нұсқаларын қысқа мерзімде пысықтау тапсырылды.

Осыған ұқсас өтініш Павлодар облысынан да түсті: баланың медициналық құжаттары жан-жақты зерделеу үшін жіберілді, отбасына оңтайлы шешім ұсынылатын болады.

Өтініштердің бірі жедел шешімін тапты – өтініш иесі Ұлттық нейрохирургия орталығына оңалтуға жіберілді.

Барлық өтініштер министрдің жеке бақылауына алынды. Ведомствоның мәліметінше, жеке қабылдау форматы нақты мәселелерді жедел шешуге ғана емес, сонымен қатар медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған жүйелі шараларды әзірлеуге мүмкіндік береді.

Атап айтқанда, жергілікті бюджет қаражатының есебінен «СҚ-Фармация» арқылы есту аппараттарын орталықтандырылған сатып алу тетігін қарастыру тапсырылды. Бұл шара бүкіл ел бойынша отбасылар үшін қажетті көмектің қолжетімділігін арттырады деп күтілуде.

Ведомство басшылығының азаматтарды қабылдау кестесімен келесі сілтеме арқылы танысуға болады:

📌 https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/activities/appointment-schedule?lang=ru

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
МИНИСТР ЗДРАВООХРАНЕНИЯ ПРОВЕЛА ЛИЧНЫЙ ПРИЁМ ГРАЖДАН: РЯД ВОПРОСОВ РЕШЁН ОПЕРАТИВНО

🔹Министр здравоохранения Акмарал Альназарова провела личный прием граждан, где были оперативно рассмотрены обращения жителей, получены ответы на волнующие население вопросы.

Особое внимание было уделено обращениям родителей детей с врождёнными нарушениями слуха.
Жительница столицы обратилась с просьбой помочь в организации лечения дочери за рубежом - профильным специалистам поручено в кратчайшие сроки проработать все возможные варианты помощи.

Аналогичное обращение поступило из Павлодарской области: медицинские документы ребёнка уже направлены на детальное изучение, семье будет предложено оптимальное решение.

Один из вопросов был решён оперативно: заявителя направили на реабилитацию в Национальный центр нейрохирургии.

Все обращения взяты на личный контроль. В ведомстве отмечают, что формат личных приёмов позволяет не только оперативно решать конкретные вопросы, но и вырабатывать системные меры для повышения качества медицинской помощи.

В частности, дано поручение рассмотреть механизм централизованной закупки слуховых аппаратов через СК-Фармация за счёт средств местных бюджетов. Ожидается, что это повысит доступность необходимой помощи для семей по всей стране.

С графиком личных приёмов руководства ведомства можно ознакомиться по следующей ссылке:

📌 https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/activities/appointment-schedule?lang=ru

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎1👏1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚜️ Қостанай облыстық жедел жәрдем станциясының санитариялық авиация қызметінің – қашықтық маңызды емес күнделікті жұмысы.

Бүгін санитарлық авиация бортымен Амангелді кентінен (Қостанайдан шамамен 450 км) облыс орталығына 2011 жылы туған қыз бала аман-есен жеткізілді. Оны алда кешенді тексеру, диагностика және бейінді мамандардың бақылауымен әрі қарай емдеу күтіп тұр.

Бұл қысқа хабарламаның артында тұтас бір команданың – медицина қызметкерлерінің, ұшқыштардың, диспетчерлердің үлкен еңбегі жатыр. Барлығы жедел, нақты және қателікке жол бермей жүзеге асырылады.

Жыл басынан бері қызмет тарапынан:
— 26 әуе ұшуы,
— 144 жерүсті бригадаларының шығуы орындалды.
150 пациентке көмек көрсетілді.
Олардың үштен бірі – балалар.
51 бала облыс орталығындағы медициналық ұйымдарға жеткізілді.


Әрбір цифр – жай ғана статистика емес. Бұл – сақталған өмірлер, дер кезінде көрсетілген көмек және сауығуға берілген мүмкіндік.

Жедел медициналық жәрдем қызметкерлері күні қарсаңында «алыс», «кейін», «сосын» немесе «мүмкін емес» деген ұғымдар болмайтын, кейде аспан мен жердің ортасында, қорықпайтын әрі күмәнданбайтын жандарды еске саламыз. Шұғыл медицинаның шынайы бейнесі – дәл осындай.

***

⚜️ Будни санитарной авиации Костанайской областной станции скорой помощи - это когда расстояния не имеют значения.

Сегодня бортом санитарной авиации из посёлка Амангельды ( около 450 км от Костаная) в областной центр благополучно доставлена девочка 2011 года рождения. Ей предстоят серьезное обследование, диагностика и дальнейшее лечение под наблюдением профильных специалистов.

За этим коротким сообщением - большая работа целой команды: медиков, пилотов, диспетчеров. Всё происходит быстро, чётко и без права на ошибку.

С начала года службой выполнено:
— 26 вылетов,
— 144 выезда наземных бригад.
Помощь оказана 150 пациентам.
Среди них треть - дети.
51 ребёнок доставлен в медицинские организации областного центра.


Каждая цифра — это не просто статистика. Это спасённые жизни, вовремя оказанная помощь и шанс на выздоровление.

В День работников скорой медицинской помощи хочется напомнить о тех, для кого не существует "далеко", "позже", "потом" или "невозможно".

Иногда между небом и землёй. Без страха и сомнений.
Именно так выглядит экстренная медицина.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
👏1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
📽🎞СҰХБАТ

ЕЛІМІЗДІҢ ОН ҮШ ӨҢІРІНДЕ РЕВМАТОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТАР АШЫЛДЫ.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас штаттан тыс ревматологы, Медицина ғылымдарының докторы,
“Кардиология және ішкі аурулар
ғылыми-зерттеу институты" АҚ
Басқарма төрағасының орынбасары Тоғызбаев Ғалымжан Асылбекұлы «24KZ» телеарнасына берген сұхбатында айтты. Игі іс әрі қарайда жалғасын таппақ. 6-мамыр күні Астана қаласында қалалық ревматологиялық орталық ашылады деп күтілуде.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
ТОЛЫҚ ТЫНЫШТЫҚТАН КЕЙІНГІ АЛҒАШҚЫ ДЫБЫС

Қарағанды қаласының Көпбейінді облыстық балалар ауруханасы базасында кохлеарлық имплантация бойынша жоғары технологиялық оталар сәтті өтті.

Күрделі хирургиялық іс-шараларды Астана қаласының бас штаттан тыс отоларингологы А.А. Әбілевпен бірлескен практикалық мастер-класс аясында ауруханамыздың дәрігерлері жасап шықты.

Облысымыздың өңірлерінен келген, есту қабілеті нашар (ауыр дәрежедегі кереңдік) екі балаға көмек көрсетілді. Алдағы уақытта осындай тағы 5 ота жасау жоспарланған.

Кохлеарлық имплантация — бұл зергерлік дәлдікті және мамандар тобының үйлесімді жұмысын талап ететін жоғары технологиялық хирургиялық араласу. Есту аппараттары көмектеспейтін балалар үшін мұндай ота дыбыстарды естуге, сөзді түсінуге және толыққанды дамуға мүмкіндік беретін жалғыз мүмкіндік болып табылады.

Клиникамыздың базасында мұндай оталардың жасалуы Қарағандылық дәрігерлердің ең күрделі медициналық манипуляцияларды орындауға дайын екендігін дәлелдейді.

Облыста бұл бағыттың дамуы ата-аналарға өңірден шықпай-ақ сарапшылық деңгейдегі ем алуға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
ПЕРВЫЙ ЗВУК ПОСЛЕ ПОЛНОЙ ТИШИНЫ

На базе Многопрофильной областной детской больницы города Караганды успешно проведены высокотехнологичные операции по кохлеарной имплантации.

Сложные хирургические вмешательства выполнены врачами больницы в рамках практического мастер-класса совместно с главным внештатным отоларингологом г.Астаны А.А. Абилевым.

Помощь получили двое детей с тяжелой степенью тугоухости из регионов области. Планируется проведение еще 5 аналогичных операций.

Кохлеарная имплантация — это высокоточное хирургическое вмешательство, требующее ювелирной работы и слаженного взаимодействия команды специалистов. Для детей, не реагирующих на слуховые аппараты, такая операция становится единственным шансом начать слышать звуки, понимать речь и полноценно развиваться.

Проведение подобных операций на базе клиники подтверждает готовность карагандинских врачей к выполнению сложнейших медицинских манипуляций.
Развитие этого направления в области позволяет родителям получать лечение экспертного уровня, не выезжая за пределы региона.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
👏2
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ НЕЛІКТЕН ЕМХАНАЛАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ТӘРТІБІН ӨЗГЕРТТІ: ҚАРАПАЙЫМ ТІЛМЕН

🔹 Бұрын емханалар — адам бір рет те қаралмаса да «бекітілген» адамдар санына қарай қаржы алатын. Нәтижесінде 4 миллионнан астам адам (22%) нақты медициналық көмек алмағанымен, олар үшін қаржы бөлініп отырған.

Бұл айқын мәселе туындатты: адамдар дәрігерге жағдайы нашарлаған кезде ғана жүгінеді. Соның салдарынан қазір емдеуге жатқызудың шамамен 10 жағдайының 7-еуі шұғыл түрде жүзеге асады, ал олардың бір бөлігін емхана деңгейінде алдын алуға болатын еді.

🙌 Енді қағидат өзгереді: егер адам бір жылдан астам уақыт емханаға жүгінбесе, оған бөлінетін тариф аздап төмендетіледі.

Әңгіме жазалау туралы емес — емханалар қаржының негізгі бөлігін сақтайды. Өзгерістің мақсаты — медициналық ұйымдарды пациенттермен белсендірек жұмыс істеуге ынталандыру: тексерулерге шақыру, скринингтерді еске салу, созылмалы ауруларды бақылау және жалпы пациентті назардан тыс қалдырмау.

Пациенттер үшін бұл — емханалардың назар аударуы күшейеді деген сөз. Адамдарды профилактикалық тексерулерге жиі шақырады, аурулар ерте анықталады, тиісінше емдеу жеңіл әрі тиімді болады.

Бұл өзгерістер ауыр жағдайлар мен шұғыл емдеуге жатқызуды азайтуға, стационарларға түсетін жүктемені төмендетуге және кезектерді қысқартуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар медицина қызметкерлерінің ынталандыруы күшейтілді: енді олар нақты нәтижелер үшін қосымша төлем алады — онкологиялық ауруларды, туберкулезді ерте анықтау, созылмалы ауруларды бақылау. Яғни жүйе біртіндеп формалды қызмет үшін емес, нақты нәтиже үшін төлеу моделіне көшуде.

Кейбір жекеменшік емханалар бұл өзгерістермен келіспей, табыстың азаюынан қауіптеніп, сотқа жүгінген.

Алайда реформаның негізгі мәні басқа: қаржы нақты медициналық көмек көрсетілген жерге бағытталуы тиіс, тек тіркелген адамдардың есебін жүргізіп, сол үшін мемлекеттен қаржы алу тәжірибесінен бас тарту.


⚡️ Медициналық-санитариялық алғашқы көмекті реформалау кезең-кезеңімен жүргізілуде. 2024 жылдан бастап жоспарлы емдеуге жатқызу үшін қажетті тексерулер саны қысқартылып, бюджет қаражаты мен пациент уақыты үнемделді.

Дәрігерлер өзіне тән емес функциялардан босатылып, пациент қабылдауға бөлінетін уақыт артты. Мейіргерлердің өкілеттіктері кеңейтіліп, олар бірқатар күнделікті міндеттерді өз мойнына ала бастады.

Медицина қызметкерлерінің уәждемесін арттыру мақсатында 2025 жылдың сәуірінен бастап еңбекақы төлеу моделі қайта қаралды: ана мен нәресте өлімін азайту, жүрек-қантамыр ауруларының алдын алу, онкологиялық аурулар мен туберкулезді ерте анықтау сияқты нақты нәтижелерге байланысты төлемдер енгізілді.

Бекітілген халықпен белсенді жұмыс жүргізілген жағдайда, бір учаскеге төленетін орташа қаржы көлемі тоқсанына 344 мың теңгеден 700 мың теңгеге дейін өсті. Бұл профилактикалық жұмысты күшейтуге және пациенттерді жүйелі бақылауға нақты ынталандыру болды.

✔️ Министрлік бұл өзгерістердің барлығы ауруларды ерте анықтау, асқынуларды азайту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру негізгі міндеттерге айналатын нәтижеге бағдарланған денсаулық сақтаудың жаңа моделіне көшудің бір бөлігі болып табылатынын атап көрсетеді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ПОЧЕМУ МИНЗДРАВ ИЗМЕНИЛ ФИНАНСИРОВАНИЕ ПОЛИКЛИНИК: ПРОСТЫМИ СЛОВАМИ

🔹 Раньше поликлиники получали деньги просто за «прикрепленных» людей — даже если человек ни разу не обращался. В итоге более 4 миллионов человек (22%) фактически не получали помощь, хотя финансирование на них выделялось.

Это привело к очевидной проблеме: люди обращаются уже тогда, когда стало плохо. Поэтому сейчас почти 7 из 10 госпитализаций — экстренные, хотя часть из них можно было предотвратить на уровне поликлиники.

🙌 Теперь принцип меняется: если человек не обращается в поликлинику больше года, тариф за него немного снижается.

При этом речь не идет о наказании — поликлиники сохраняют основную часть средств. Это сделано для того, чтобы медицинские организации начали активнее работать с пациентами: приглашать на осмотры, напоминать о скринингах, отслеживать хронические заболевания и в целом не терять человека из поля зрения.

Для пациентов это означает более внимательное отношение со стороны поликлиник. Людей будут чаще приглашать на профилактические обследования, заболевания смогут выявляться раньше, а значит — лечиться проще и эффективнее.

Это также должно снизить количество тяжелых случаев и экстренных госпитализаций, разгрузить стационары и сократить очереди.

Одновременно усилена мотивация медицинских работников: теперь они получают дополнительные выплаты за конкретные результаты — раннее выявление онкологических заболеваний, туберкулеза, контроль хронических болезней. То есть система постепенно переходит к оплате не за формальное обслуживание, а за реальный результат.

Некоторые частные поликлиники уже выразили несогласие с новшествами и обратились в суд, опасаясь снижения доходов.

Однако суть изменений заключается в другом: деньги должны направляться туда, где действительно оказывают помощь, а не просто ведут учет прикрепленных пациентов и получают за них деньги от государства.


⚡️ Реформы по первичному звену осуществлялись поэтапно, начиная с 2024 года уменьшено количество обследовании для плановой госпитализации, экономятся средства бюджета и время пациента.

Врач высвобожден от несвойственных функций, увеличилось время приема пациентов, расширены полномочия медицинских сестер, чтобы они могли взять выполнение рутинных задач.

Для повышения мотивации медработников, с апреля 2025 года пересмотрена модель оплаты – за конкретные результаты работы –предотвращение материнской и младенческой смертности, БСК, раннее выявление онкопатологий и туберкулеза.

При активной работе с прикрепленным населением средний объем выплат на участок вырос с 344 тыс. до 700 тыс. тенге за квартал и это стало реальным стимулом к улучшению профилактической работы и наблюдению за пациентами.

✔️ В Министерстве подчеркивают, что все эти изменения являются частью перехода к новой модели здравоохранения — ориентированной на результат, где ключевыми задачами становятся раннее выявление заболеваний, снижение осложнений и повышение качества жизни населения.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3🔥1👏1🤯1
БРҮО АРҚЫЛЫ ПЭТ/КТ-ЗЕРТТЕУЛЕРГЕ ШАМАМЕН 14 МЫҢ ЖОЛДАМА РӘСІМДЕЛДІ

⚡️ 2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша ПЭТ/КТ зерттеулеріне пациенттерді жазу жөніндегі Бірыңғай республикалық үйлестіру орталығы (БРҮО) азаматтардан 18 мыңнан астам қоңырау қабылдады.

Нәтижесінде 13,9 мыңнан астам зерттеуге жолдама берілгені расталды, деп хабарлайды Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы.

БРҮО жоғары технологиялық диагностикалық қызметтерге тең, уақтылы және қолайлы қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Орталық іске қосылған сәттен бастап зерттеулерді күту уақыты 3–12 айдан 14 күнге дейін қысқарды. Бұл қызметтің жоғары сұранысқа ие екенін және орталықтандырылған үйлестірудің тиімділігін көрсетеді.


📌 Орталықтың жұмысы «бір терезе» қағидаты бойынша ұйымдастырылған: мамандар электрондық кезекті басқарады, жабдықтардың жүктемесін қадағалайды және Қазақстан аумағындағы медициналық ұйымдардың өзара іс-қимылын үйлестіреді. Мұндай тәсіл процестердің ашықтығын арттырып, пациенттің тұратын өңіріне қарамастан қызметтерге тең қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

Жүйеге медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдары, онкологиялық орталықтар, сондай-ақ ПЭТ/КТ-зерттеулер жүргізетін 12 медициналық ұйым қосылған.

Бір операторға орташа жүктеме күніне 150 қоңырауға дейін жетеді, бұл орталық жұмысының ауқымы мен қарқындылығын көрсетеді.

👌 Маңыздысы, ПЭТ/КТ міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберіндегі тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кіреді. Жолдама болған жағдайда зерттеу пациенттерге тегін жүргізіледі.

☘️ ПЭТ/КТ — бұл ауру үдерістерін молекулалық деңгейде анықтауға, аурудың таралуын айқындауға және ем тиімділігін бағалауға мүмкіндік беретін заманауи диагностикалық әдіс. Бұл технология әсіресе онкологиялық аурулары бар пациенттер үшін маңызды, себебі уақтылы диагностика терапия нәтижесіне тікелей әсер етеді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1