ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
10.1K subscribers
18.3K photos
1.54K videos
28 files
4.2K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
СОЦИАЛЬНЫЕ ГАРАНТИИ В КАЗАХСТАНЕ: ГОСУДАРСТВО ФИНАНСИРУЕТ ДВЕ ТРЕТИ ОБЪЕМА МЕДПОМОЩИ

⚜️ Сегодня на совещании в Правительстве по реализации поручений Главы государства Касым-Жомарта Токаева, данных в выступлении в рамках республиканской экологической акции «Таза Қазақстан», министр здравоохранения Акмарал Альназарова доложила о мерах по совершенствованию системы государственных социальных гарантий в здравоохранении.

В Казахстане действует широкий объем гарантированной государством медицинской помощи. За счет государства обеспечиваются первичная и скорая медицинская помощь, вакцинация, экстренная стационарная и паллиативная помощь, лечение социально значимых и тяжелых хронических заболеваний, а также лекарственное обеспечение.

При этом около 67% общего объема закупаемой медицинской помощи обеспечивается за счет государства – через финансирование ГОБМП и уплату страховых взносов за льготные категории граждан.

За последние годы существенно расширен охват пациентов амбулаторным лекарственным обеспечением – с 1,9 млн человек в 2018 году до 3,4 млн человек в 2026 году.
Одновременно пересматривается перечень лекарственных препаратов с учетом клинической эффективности, безопасности и результативности терапии.

В 2026 году на финансирование гарантированного объема бесплатной медицинской помощи (ГОБМП) предусмотрено 1,6 трлн теңге, на систему обязательного социального медицинского страхования (ОСМС) – 1,7 трлн теңге.

Глава государства в своем выступлении отдельно обратил внимание на бесплатное обеспечение слабослышащих детей слуховыми аппаратами и поручил в кратчайшие сроки организовать их производство в Казахстане.
Сегодня на диспансерном учете состоят 6 008 детей с нарушением слуха.

«С учетом данного контингента будет сформирована фактическая потребность в слухопротезировании с учетом возраста, степени нарушения слуха, наличия действующего аппарата, срока его эксплуатации и необходимости индивидуальной настройки», – отметила министр.


Законодательством предусмотрено обеспечение слуховыми аппаратами лиц с нарушением слуха независимо от наличия инвалидности.

По итогам совещания Премьер-министр поручил Министерству здравоохранения совместно с заинтересованными государственными органами разработать Дорожную карту по организации производства современных отечественных слуховых аппаратов для детей, включая вопросы локализации и сервисного сопровождения.
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДА ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САЛАСЫНДАҒЫ КӨМЕКТІҢ САПАСЫН АРТТЫРУДА

🔹 Денсаулық сақтау министрлігі Маңғыстау облысында психикалық денсаулық саласындағы көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бойынша жұмысты күшейтуде. Министрлік мамандары өңірдегі бейінді қызметтердің жұмысын бағалап, оларды одан әрі жетілдіру жөніндегі шараларды айқындады.

2026 жылғы 16–18 қыркүйек аралығында Маңғыстау облыстық психикалық денсаулық орталығында мониторинг жүргізілді. Оған ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Гүлнара Сәрсенбаева және Алматы қаласы Психикалық денсаулық орталығы директорының орынбасары Нәби Есімов қатысты.

Мамандар медициналық көмекті ұйымдастыруды, диагностика мен емдеу сапасын, сондай-ақ пациенттермен жұмыс барысында белгіленген талаптардың сақталуын бағалады.

Сонымен қатар, олар Ақтау және Жаңаөзен қалаларындағы алғашқы психикалық денсаулық орталықтарына, Мұнайлы ауданындағы психикалық денсаулық кабинетіне, сондай-ақ биылғы жылдың ақпан айынан бастап осы ауданда жұмыс істеп келе жатқан Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына барды.

Мониторинг қорытындысы бойынша өңірлік қызметке медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін одан әрі арттыру бойынша ұсынымдар берілді.

Бүгінде Маңғыстау облысында бейінді қызметтің динамикалық бақылауында 9 966 адам бар, оның ішінде 2 549-ы – балалар мен жасөспірімдер.


Басты басымдықтар қатарында психикалық денсаулық бұзылыстарын ерте анықтау, уақтылы көмек көрсету және тұрғылықты жері бойынша психикалық денсаулық сақтау қызметтерінің қолжетімділігін дамыту бағыттары сақталуда.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=kk

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
👍1
МИНЗДРАВ УСИЛИВАЕТ КАЧЕСТВО ПОМОЩИ В СФЕРЕ ПСИХИЧЕСКОГО ЗДОРОВЬЯ В МАНГИСТАУ

🔹 Министерство здравоохранения усиливает работу по повышению качества и доступности помощи в сфере психического здоровья в Мангистауской области. Специалисты Минздрава оценили работу профильных служб региона и определили меры по их дальнейшему совершенствованию.

С 16 по 18 сентября 2026 года мониторинг прошел в Мангистауском областном центре психического здоровья с участием директора Департамента организации медицинской помощи Минздрава РК Гульнары Сарсенбаевой и заместителя директора Центра психического здоровья Алматы Наби Есимова.

Специалисты оценили организацию медицинской помощи, качество диагностики и лечения, а также соблюдение установленных требований при работе с пациентами.

Кроме того, они посетили первичные центры психического здоровья в Актау и Жанаозене, кабинет психического здоровья Мунайлинского района и Центр временной адаптации и детоксикации, работающий в районе с февраля этого года.

По итогам мониторинга региональной службе даны рекомендации по дальнейшему повышению качества и доступности медицинской помощи.

Сегодня в Мангистауской области на динамическом наблюдении профильной службы находятся 9 966 человек, в том числе 2 549 детей и подростков.


Необходимо отметить, что приоритетными направлениями остаются раннее выявление, своевременная помощь и развитие доступных служб психического здоровья по месту жительства.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=ru

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov
ҚАЗАҚСТАНДА 2026 ЖЫЛЫ 8 МЛН-НАН АСТАМ ЭЛЕКТРОНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ АНЫҚТАМА МЕН ЕҢБЕККЕ УАҚЫТША ЖАРАМСЫЗДЫҚ ПАРАҒЫ ҚАЛЫПТАСТЫРЫЛДЫ

2026 жылы Қазақстанда медициналық құжаттар мен көрсетілетін қызметтерді цифрландыру жұмыстары белсенді түрде жалғасуда. Жыл басынан бері электрондық форматта 8 095 396 медициналық анықтама мен еңбекке уақытша жарамсыздық парағы, сондай-ақ психиатрия, наркология және фтизиатрия бағыттарын қоса алғанда, диспансерлік есеп бойынша 5 698 396 анықтама қалыптастырылды.

Электрондық медициналық құжаттар медициналық тексеруден өту, дәрігерлік комиссиялардың қорытындыларын алу, еңбекке уақытша жарамсыздықты ресімдеу, мүгедектікті белгілеу рәсімдерінен өту, санаторийлік-курорттық ем алу, балаларға арналған медициналық құжаттарды ресімдеу, жұмысқа орналасу кезінде, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен басқа да ақпараттық жүйелерге мәліметтер ұсыну барысында пайдаланылады.

№073/е нысанындағы электрондық анықтамалар санының айтарлықтай өскені де атап өтіледі. 2026 жылғы маусымда 36 994 анықтама ресімделсе, шілдеде олардың саны 84 720-ға жетіп, бір ай бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 129%-ға артты. Тамыз айында ресімделген анықтамалардың саны 147 522-ні құрап, шілде айымен салыстырғанда тағы 74%-ға өсті.

№073/е нысанындағы электрондық анықтамалар санының өсуіне, соның ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің тарапынан 65 жастағы және одан асқан адамдарға, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарға қатысты бақылаудың күшеюі себеп болды. Бұл санаттағы азаматтар медициналық тексеруден екі жылда бір рет өтуі тиіс.

Медициналық құжаттарды цифрландыру медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға, медицина қызметкерлеріне түсетін әкімшілік жүктемені азайтуға және қағаз құжат айналымын қысқартуға ықпал етеді.

Сонымен қатар, электрондық формат азаматтардың, медициналық ұйымдардың және мемлекеттік ақпараттық жүйелердің арасындағы өзара іс-қимылды барынша жедел әрі ашық жүргізуге мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=kk

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
БОЛЕЕ 8 МЛН ЭЛЕКТРОННЫХ МЕДИЦИНСКИХ СПРАВОК И БОЛЬНИЧНЫХ ЛИСТОВ СФОРМИРОВАНО В КАЗАХСТАНЕ В 2026 ГОДУ

В 2026 году в Казахстане продолжается активная цифровизация медицинских документов и услуг. С начала года в электронном формате сформировано 8 095 396 медицинских справок и листов временной нетрудоспособности, а также 5 698 396 справок по диспансерному учету, в том числе по направлениям психиатрии, наркологии и фтизиатрии.

Электронные медицинские документы используются при прохождении медицинских осмотров, получении заключений врачебных комиссий, оформлении временной нетрудоспособности, прохождении процедур по установлению инвалидности, получении санаторно-курортного лечения, оформлении медицинских документов для детей, при трудоустройстве, а также при предоставлении сведений государственным органам и другим информационным системам.

Отдельно отмечается значительный рост количества электронных справок формы №073/у. В июне 2026 года было оформлено 36 994 справки, в июле – 84 720, что на 129% больше, чем месяцем ранее. В августе количество оформленных справок достигло 147 522, увеличившись еще на 74% по сравнению с июлем.

Рост количества электронных справок формы №073/у связан, в том числе, с усилением контроля со стороны Министерства внутренних дел Республики Казахстан в отношении лиц в возрасте 65 лет и старше, а также лиц с инвалидностью, которые должны проходить медицинский осмотр каждые два года.

Цифровизация медицинских документов способствует повышению доступности медицинских услуг, снижению административной нагрузки на медицинских работников и сокращению бумажного документооборота.

Кроме того, электронный формат обеспечивает более оперативное и прозрачное взаимодействие между гражданами, медицинскими организациями и государственными информационными системами.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=ru

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov
ЮНИСЕФ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИММУНДАУ ЖӘНЕ БАЛАЛАР ДЕНСАУЛЫҒЫН САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ ОҢ ТӘЖІРИБЕСІН АТАП ӨТТІ

🇰🇿🇺🇳 Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ЮНИСЕФ-тің денсаулық сақтау саласындағы бағдарламалар жөніндегі директордың орынбасары Эфрем Текле Лемангомен кездесу өткізді, оның барысында тараптар балалардың денсаулығын сақтау және иммунопрофилактика саласындағы бірлескен жұмыстың нәтижелері мен одан әрі ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылады.

Министр халықаралық ұйыммен өзара әріптестік шеңберінде соңғы екі жылдың ішінде қол жеткізілген негізгі нәтижелерге ерекше тоқталды.

«Әмбебап-прогрессивті патронаж моделін енгізу балалардың үй жағдайындағы өлімін 22%-ға төмендетуге, ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейтуге мүмкіндік берді. Жалпы, соңғы 20 жылдың ішінде Қазақстанда вакцинациялау жүргізілетін инфекциялар тізбесі кезең-кезеңімен кеңейтілді. Ұлттық егу күнтізбесіне қызамыққа, b типті гемофильдік инфекцияға және пневмококк инфекциясына қарсы вакцинациялау енгізілді. Ал 2024 жылдан бастап қыз балаларға адам папилломасы вирусына қарсы вакцинациялау жүргізіледі», – деді ведомство басшысы кездесу барысында.


Бүгінде Қазақстанда мемлекеттік әлеуметтік кепілдіктер шеңберінде 21 инфекцияға қарсы вакцинациялау жүргізіледі. Жыл сайын шамамен 5 млн адам, оның ішінде 1,3 млн-ға жуық бала вакцинацияланады.

Ұлттық иммундау бағдарламасын іске асыру нәтижесінде эпидемиялық паротит пен В вирустық гепатитімен сырқаттанушылық 90 еседен астам, ал А вирустық гепатитімен сырқаттанушылық 80 еседен астам төмендеді. Министрдің айтуынша, сіреспе мен қызамық елде жекелеген жағдайлар түрінде ғана тіркеледі.

Халықаралық ұйым сондай-ақ Қазақстанға вакциналарды жоспарлау және сатып алу жүйесін жетілдіру, коммуникацияларды дамыту және медицина қызметкерлерін даярлау бағыттарында техникалық қолдау көрсетеді.

«Біз ЮНИСЕФ-пен ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделіміз. Бүгінде 10 вакцинаның 7-еуі сіздердің ұйымдарыңыз арқылы сатып алынады. Біз үшін вакциналардың қолжетімділігін қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар иммундау жүйесінің өзін жоспарлау мен сатып алудан бастап, сақтау, цифрлық есепке алу, мамандарды даярлау және халықпен жұмыс істеуге дейінгі барлық кезеңдер бойынша орнықты ету маңызды. Түптеп келгенде, әңгіме әр баланың денсаулығын уақтылы сақтау туралы болып отыр», – деп атап өтті министр.


Өз кезегінде доктор Эфрем Текле Леманго Қазақстанның оң тәжірибесін бүкіл өңір үшін үлгі ретінде атап өтті. Атап айтқанда, нәресте өлімін төмендету, туберкулезбен күресу, медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарында тиімді патронажды енгізу, ерте араласу орталықтарын ашу және вакцинациялау саласын цифрландыру бағыттары атап өтілді.

🔹 Тараптар иммундау, балалардың денсаулығын сақтау, медициналық-санитариялық алғашқы көмекті нығайту және халықтың денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімін арттыру мәселелері бойынша одан әрі өзара іс-қимыл жасауға дайын екендерін растады.

🤝 Қазақстан мен ЮНИСЕФ арасындағы ынтымақтастық денсаулық сақтау, қауіпсіздік, білім беру және балалардың әл-ауқаты мәселелерін қамтитын 2026–2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» ұлттық бағдарламасын іске асыру шеңберінде де дамып келеді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=kk

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz