ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
10.1K subscribers
18.3K photos
1.54K videos
28 files
4.2K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ГИНЕКОЛОГИЯ ЖӘНЕ АКУШЕРЛІК САЛАСЫНДА МАСТЕР-КЛАСС ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырмасына сәйкес Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен 21–23 қыркүйек аралығында облыстық перинаталдық орталық пен облыстық онкологиялық орталықтың базасында гинекология және акушерлік саласы мамандарының кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған мастер-класс өткізілді.

Шараға «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ бөлім меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты Ерлан Кукубасов арнайы шақырылып, «Гинекологиялық және акушерлік практикада ауқымды операциялар жүргізу» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді.

Мастер-класстың ашылу рәсіміне Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары Мая Мирзанова қатысып, медицина мамандарына сәттілік тілеп, біліктілікті арттыру іс-шарасына сәттілікпен бастау берді.

Үш күнге созылған практикалық оқыту барысында мамандарға гинекология және акушерлік саласындағы күрделі хирургиялық араласуларды жүргізудің заманауи тәсілдері таныстырылып, тәжірибелік дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік жасалды.

Шара аясында лапароскопиялық және гистероскопиялық әдістермен гистерэктомия оталары, гистологиялық зерттеуге материал алу, сондай-ақ ашық хирургиялық әдіспен бірқатар операциялар орындалды. Сонымен қатар, облыстық онкологиялық орталықтың базасында хирургиялық операциялар жүргізіліп, жергілікті мамандар заманауи хирургиялық тәсілдерді тәжірибе жүзінде меңгерді.

Операциялардың бір бөлігі телемедицина желісі арқылы тікелей эфирде көрсетіліп, өңірдегі медицина қызметкерлеріне ота барысын қашықтан бақылауға және қолданылған хирургиялық әдістерді тәжірибелі маманмен бірге талқылауға мүмкіндік берді.

Мастер-класс барысында лектор Ерлан Кукубасов өңірлерде осындай практикалық оқыту жұмыстарын ұйымдастырудың маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, жетекші мамандардың өңірлерге арнайы барып, күрделі операцияларды тікелей тәжірибе жүзінде көрсетуі – жергілікті дәрігерлердің кәсіби шеберлігін арттырудың тиімді тәсілдерінің бірі. Ол Қызылорда облысы өзінің өңірлерге шығып, осындай форматта мастер-класс өткізу тәжірибесінде алғашқы өңірлердің бірі екенін атап өтті. Мұндай тәжірибе алмасу жергілікті мамандарға заманауи хирургиялық әдістерді тәжірибеде меңгеруге, кәсіби дағдыларын жетілдіруге және озық медициналық тәжірибені өңір деңгейінде енгізуге мүмкіндік береді.

Мастер-класстың ана мен бала денсаулығын сақтаудағы маңызы ерекше. Заманауи диагностикалық және хирургиялық әдістерді өңір тәжірибесіне енгізу әйелдерге, оның ішінде жүктілік пен босану кезінде асқыну қаупі жоғары пациенттерге медициналық көмекті дер кезінде және сапалы көрсетуге мүмкіндік береді. Медицина мамандарының практикалық дағдыларын жетілдіру акушерлік және гинекологиялық асқынулардың алдын алуға, хирургиялық көмектің тиімділігін арттыруға, ана денсаулығын және репродуктивтік әлеуетті сақтауға ықпал етеді.

Аталған мастер-класс өңір медицинасының тәжірибелік әлеуетін арттыруға, заманауи хирургиялық технологияларды енгізуге, мамандар арасында тәжірибе алмасуды күшейтуге және акушерлік-гинекологиялық медициналық көмектің сапасын одан әрі жетілдіруге бағытталған маңызды бастама болды.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
В КЫЗЫЛОРДИНСКОЙ ОБЛАСТИ ПРОШЕЛ МАСТЕР-КЛАСС ПО АКУШЕРСТВУ И ГИНЕКОЛОГИИ

В Кызылординской области с 21 по 23 сентября на базе областного перинатального центра и областного онкологического центра прошел практический мастер-класс для специалистов в области акушерства и гинекологии.

Мероприятие организовано управлением здравоохранения Кызылординской области в соответствии с поручением Министерства здравоохранения Республики Казахстан. Основная цель – повышение профессиональных компетенций региональных специалистов и внедрение современных хирургических подходов в практику.

В качестве приглашенного эксперта выступил заведующий отделением АО «Казахский научно-исследовательский институт онкологии и радиологии», кандидат медицинских наук Ерлан Кукубасов. Он провел обучение по теме «Выполнение расширенных операций в гинекологической и акушерской практике».

В течение трех дней специалисты отработали современные подходы к проведению сложных хирургических вмешательств. В рамках мастер-класса выполнены операции с применением лапароскопических, гистероскопических и открытых хирургических методов, включая гистерэктомии и забор материала для гистологического исследования.

Часть операций транслировалась в режиме реального времени по сети телемедицины. Это позволило медицинским работникам региона дистанционно наблюдать за ходом вмешательств и обсуждать применяемые хирургические методики с приглашенным специалистом.

Практическое обучение также прошло на базе областного онкологического центра, где местные специалисты получили возможность непосредственно ознакомиться с современными хирургическими технологиями и отработать их применение.

По словам Ерлана Кукубасова, проведение подобных мастер-классов непосредственно в регионах является эффективным инструментом повышения квалификации врачей.

Возможность совместно выполнять сложные операции с опытными специалистами позволяет региональным врачам совершенствовать практические навыки и внедрять современные методы лечения на местах.
Особое значение такие мероприятия имеют для повышения качества акушерско-гинекологической помощи и сохранения здоровья женщин.

Освоение современных диагностических и хирургических методов позволяет своевременно оказывать помощь пациенткам со сложными состояниями и снижать риск осложнений.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
💉 Вакцина туралы келесі миф — олардың сапасына қатысты.

🤷‍♀️ Кейбір ата-аналар «Қазақстанға ең арзан әрі сапасы төмен вакциналар келеді» деп алаңдайды. Медицина ғылымдарының докторы, инфекционист дәрігер Динагүл Баешева аталмыш пікірдің шындыққа жанаспайтынын жеткізді.

Айта кетейік, елімізде профилактикалық екпелер үшін ДДСҰ сертификаттаған вакциналар ғана қолданылады.
👍3
ҚАЗАҚСТАНДА ЖҮРЕК ПАТОЛОГИЯЛАРЫН ЕМДЕУДІҢ БІРЕГЕЙ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ ЕНГІЗІЛУДЕ

Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында Қытай ғылым академиясының академигі, Чжэцзян университеті медицина мектебінің Екінші аффилиирленген ауруханасының президенті, медицина докторы, профессор Wang Jian’an және УДЗ, DragonFly жүйесі мен қақпақшалық интервенциялар бойынша жетекші мамандар – үш проктордың қатысуымен митральдық қақпақшаны транскатетерлік реконструкциялау бойынша мастер-класс өтті.

Профессор интервенциялық кардиологияны дамытуға, әсіресе «шетін шетіне» (TEER) әдісімен митральдық қақпақшаны транскатетерлік реконструкциялау технологияларын клиникалық тәжірибеге енгізу мен дамытуға, сондай-ақ митральдық қақпақшаны транскатетерлік реконструкциялаудың жаңа жүйесін әзірлеу және алғашқы клиникалық қолдануға елеулі үлес қосты.

Мастер-класс шеңберінде институттың интервенциялық кардиологтарымен, кардиохирургтарымен және басқа да мамандарымен академиялық әрі озық клиникалық тәжірибе алмасу өтті.

Қатысушылар профессордың «Клиникалық бағытталған инновациялық практика» тақырыбындағы дәрісін тыңдады. Дәріс барысында ол митральдық қақпақшаны транскатетерлік реконструкциялаудың жаңа жүйесін (TEER) әзірлеу және клиникалық тәжірибеге енгізу тәжірибесімен бөлісті.

Мамандар жүйені қолданудың техникалық және клиникалық аспектілерін талқылап, операция жасау үшін пациенттерді іріктеді.
Қазіргі уақытта жүректің құрылымдық аурулары ашық жүрекке операция жасамай-ақ ақауларды қалпына келтіруге және жоюға мүмкіндік беретін озық аз инвазивті және эндоваскулярлық әдістермен емделеді.

КІА ҒЗИ рентгенэндоваскулярлық операциялық блогының меңгерушісі Алексей Евгеньевичтің айтуынша, «шетін шетіне» (TEER) әдісімен митральдық қақпақшаны транскатетерлік реконструкциялау – кеуде қуысын кеспей және жасанды қанайналым аппаратын қолданбай жасалатын аз инвазивті жүрекке жасалатын емшара. Бұл әдіс митральдық регургитацияның (қақпақша жеткіліксіздігінің) ауыр түрін емдеу үшін қолданылады.

Жіңішке катетер аяқтағы сан венасы арқылы енгізіліп, жүрекке жеткізіледі. Арнайы клип (мысалы, MitraClip немесе DragonFly жүйесі) қақпақшаға жеткізіліп, митральдық қақпақшаның алдыңғы және артқы жармаларын ортасынан («шетін шетіне» қағидаты бойынша) біріктіреді. Жармалар бекітіліп, қанның кері ағымы (регургитация) азаяды және жүректің дұрыс жұмысы қалпына келеді. Пациенттер тез қалпына келіп, араласудан кейін келесі күні-ақ тұра алады.

«Операцияның ерекшелігі – оның контраст енгізбей, жүректің ультрадыбыстық зерттеуі бақылауымен жүргізілуінде. Өңеш арқылы жүргізілетін УДЗ көмегімен жүрек құрылымын барынша егжей-тегжейлі көреміз. Сондай-ақ митральдық қақпақшаның 3D-бейнесі қолданылады және оның бақылауымен клип қажетті жерге орнатылады», – дейді КІА ҒЗИ функционалдық және ультрадыбыстық диагностика бөлімінің меңгерушісі Ақжан Қонысбекова.

TEER операциялары ашық жүрекке классикалық операция жасауға қарсы көрсетілімі бар, хирургиялық қаупі жоғары төрт пациентке жүргізілді.

Мұндай іс-шаралар кәсіби ынтымақтастықты дамытуға, білім мен тәжірибе алмасуға, жүректің құрылымдық ауруларын емдеудің заманауи технологияларын енгізуге ықпал етеді. Сонымен қатар медициналық ұйымдардың арасында одан әрі ғылыми және клиникалық ынтымақтастықты дамытуға негіз қалыптастырады.