ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
9.99K subscribers
18.6K photos
1.58K videos
28 files
4.29K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
В АЛМАТЫ ВОЗВЕДУТ НОВЫЙ ЦЕНТР РОДОВСПОМОЖЕНИЯ НА МЕСТЕ СТАРЕЙШЕГО РОДДОМА


Алматы готовится к масштабной реконструкции одного из самых знаковых медицинских организаций города — Городского родильного дома №1.

Здание, возведённое ещё в 1938 году, давно стало частью истории мегаполиса. За десятилетия здесь появились на свет сотни тысяч алматинцев, а для многих семей этот роддом связан с самыми трогательными воспоминаниями. Но спустя 87 лет эксплуатации здание перестало соответствовать современным требованиям безопасности и медицины.

🔹В Алматы министр здравоохранения РК Акмарал Альназарова с руководителем управления здравоохранения Маратом Пашимовым в ходе рабочей поездки осмотрела медицинскую организацию, где был представлен проект строительства нового здания

Старый корпус по улице Богенбай батыра будет снесён, на его месте появится современный медицинский комплекс площадью более 10 тыс. кв. м.

⚡️Это трёхэтажное здание с цокольным и техническим этажами, спроектированное по международным стандартам для родовспомогательных организаций.

🔹Новый родильный дом будет рассчитан на 155 коек. Просторные и современные палаты обеспечат комфорт для мам и новорождённых, а энергоэффективные решения снизят расходы на содержание.

В приёмном отделении появится экстренная операционная — решение, которое позволит спасать жизни без потери драгоценного времени. Количество операционных увеличится с двух до четырёх, что значительно повысит доступность помощи.

🔹Прогнозируется, что после ввода нового корпуса количество оказаний медпомощи увеличится с 9 до 11 тысяч в год, а число родов вырастет с 5 до 7 тысяч.

На время строительства роддом продолжит работу: все подразделения будут временно переведены в блок «А» на проспекте Сейфуллина.
👍3
ҚАРАҒАНДЫ МЕН ҚАЗАН МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТТЕРІНІҢ БАЗАСЫНДА ДӘРІГЕРЛЕРДІ ДАЯРЛАУДЫҢ БІРЛЕСКЕН БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

🇰🇿🇷🇺Қарағанды медицина университеті мен Қазан мемлекеттік медицина университеті «Медицина» бірлескен білім беру бағдарламасын ашты.

Оқыту екі ЖОО базасында – Қарағанды мен Қазанда күндізгі форматта өтеді. Бағдарламаны игеру мерзімі - алты жыл.

👩🏻‍🎓Түлектер екі диплом алады, бұл қосымша аккредиттеуден өтпей Қазақстан мен Ресейде дәрігер болып жұмыс істеуге құқық береді.

Сондай-ақ таңдалған мамандық бойынша Қазақстанда резидентурада немесе Ресей Федерациясында клиникалық ординатурада оқуды жалғастыруға мүмкіндік беріледі.

🔹Бағдарлама түлектері практикалық денсаулық сақтау дәрігерлері болып жұмыс істей алады, ғылыми және педагогикалық қызметпен айналыса алады, сондай-ақ халықаралық медициналық ортада дами алады.

Қабылдау Қазақстандағы ұлттық бірыңғай тестілеу және Ресей Федерациясындағы кешенді тестілеу (БМЕ аналогы) нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.

🔹«Медицина» бірлескен бағдарламасы екі жетекші медицина университетінің тәжірибесін біріктіреді және болашақ дәрігерлерге жаңа мүмкіндіктер ашады.
👍1
КАРАГАНДА И КАЗАНЬ ЗАПУСТИЛИ СОВМЕСТНУЮ ПРОГРАММУ ПОДГОТОВКИ ВРАЧЕЙ НА БАЗЕ МЕДУНИВЕРСИТЕТОВ

🇰🇿🇷🇺Карагандинский медицинский университет и Казанский государственный медицинский университет открыли совместную образовательную программу «Медицина».

Обучение проходит в очном формате на базе двух вузов – в Караганде и Казани. Срок освоения программы составляет шесть лет.

👩🏻‍🎓Выпускники получат два диплома, что дает право работать врачом в Казахстане и России без прохождения дополнительной аккредитации.

Также предоставляется возможность продолжить обучение в резидентуре в Казахстане или в клинической ординатуре в Российской Федерации по выбранной специальности.

🔹Выпускники программы смогут работать врачами практического здравоохранения, заниматься научной и педагогической деятельностью, а также развиваться в международной медицинской среде.

Поступление осуществляется по результатам Единого национального тестирования в Казахстане и комплексного тестирования (аналог ЕГЭ) в Российской Федерации.

🔹Совместная программа «Медицина» объединяет опыт двух ведущих медицинских университетов и открывает новые возможности для будущих врачей.
👍4
Жамбыл облысында шалғай аудандардан келген жүкті әйелдерге арналған орталық ашылды

⚜️Жамбыл облыстық перинаталдық орталығының базасында «Дені сау ана» атты жүкті әйелдерге арналған орталық ашылды. Мұндай мекемелерді құру бастамасын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі көтерген.

Ондағы негізгі мақсат — ана мен баланың денсаулығын сақтау және перинаталдық көрсеткіштерді жақсарту.

🏥Бұл Жамбыл облысының шалғай ауылдарында тұратын, жүктілігі асқыну қаупімен өтетін әйелдерді жоспарлы түрде ауруханаға жатқызып, алдын ала медициналық бақылауға алуға арналған.

🔹Болашақ аналар мұнда босану сәтіне дейін медицина қызметкерлерінің тұрақты бақылауында болады. Акушерлер жүкті әйелдердің жағдайын тәулік бойы бақылап отырады. Босану басталған жағдайда немесе қандай да бір шағымдар туындаса, пациентке дереу білікті медициналық көмек көрсетіледі.

Жаңа бөлімшенің жұмысымен Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Айжан Есмағамбетова және облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбек танысты.

🔹Олар орталықтың ашылуы, әсіресе ауылдық жерлерден келген жүкті әйелдер үшін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру жолындағы маңызды қадам екенін атап өтті.

🔹Мұнда жүкті әйелдерге бастапқы кезеңнен бастап білікті медициналық көмекті қолжетімді етуге, асқынуларды дер кезінде анықтап, шұғыл шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді, сондай-ақ күрделі жағдайлардың алдын алуға септігін тигізеді.

«Дені сау ана» орталығы — Жамбыл облысында ана мен баланы қорғаудың қауіпсіз, тиімді әрі пациентке бағдарланған жүйесін құру жолындағы жаңа кезең болмақ.
В Жамбылской области открыт пансионат для беременных из отдалённых районов

⚜️На базе Жамбылского областного перинатального центра открылся пансионат для беременных «Здоровая мама».

Инициатором создания подобных учреждений выступило Министерство здравоохранения Республики Казахстан.

🔹Основная цель пансионата – охрана здоровья матери и ребенка, а также улучшение перинатальных исходов.

Пансионат предназначен для плановой госпитализации беременных женщин с высоким риском осложнений, проживающих в отдаленных сельских районах области и нуждающихся в заблаговременном медицинском наблюдении.

🔹Будущие мамы будут находиться здесь под постоянным контролем медицинских работников до момента родов.

🔹Круглосуточно акушеры будут мониторировать состояние беременных и плода. При начале родовой деятельности либо при возникновении жалоб пациентки специалисты незамедлительно окажут квалифицированную медицинскую помощь.

📍С работой нового отделения ознакомились заместитель акима Жамбылской области Айжан Есмагамбетова и руководитель областного управления здравоохранения Сержан Назарбек.

Они отметили значимость открытия пансионата для повышения качества и доступности медицинской помощи беременным женщинам, особенно из сельской местности.

🔹Открытие пансионата позволит повысить доступность квалифицированной медицинской помощи на ранних этапах, своевременно выявлять осложнения и оперативно принимать необходимые решения, предотвращая развитие критических ситуаций.

Пансионат «Здоровая мама» станет новым этапом в создании безопасной, эффективной и пациенториентированной системы охраны материнства и детства в Жамбылской области.
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ ҮШІН «ОНЛАЙН МЕДИЦИНА» ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ



Ауылдық және шалғай өңірлердің тұрғындарын қоса алғанда, халықтың сапалы медициналық көмекке тең қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Онлайн медицина» пилоттық жобасын іске қосты.

Оның басты міндеті — үздік мамандарды тарту үшін телемедициналық технологияларды 📡 енгізу, диагноздарды нақтылау және уақтылы тиімді ем тағайындау .

Жоба еліміздің сегіз өңірін — Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарын және Астана қаласын 🏙️ қамтиды.

Оған әртүрлі деңгейдегі 100 медициналық ұйым қатысады 🏨. Салидат Қайырбекова атындағы ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы үйлестіруші болып табылады.

Күтілетін нәтижелер 📈:
• ауылдық өңірлерде медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру;
• консультациялар мен емдеуді күту мерзімін қысқарту ⏱️;
• халықтың денсаулық көрсеткіштерін жақсарту ❤️;
• тұрғылықты жеріне қарамастан медициналық қызметтерге тең қолжетімділік 🤝.

«Онлайн медицинаны» енгізу денсаулық сақтау жүйесін 💻 цифрлық трансформациялаудың маңызды кезеңі болады.

Бұл ауыл тұрғындарына 🏡 дәрігерлердің кеңестеріне және зерттеп-қарауларға өз ауданынан шықпай-ақ қол жеткізуге мүмкіндік береді.
МИНЗДРАВ ЗАПУСТИЛ ПИЛОТНЫЙ ПРОЕКТ «ОНЛАЙН МЕДИЦИНА» ДЛЯ ЖИТЕЛЕЙ СЕЛА


Министерство здравоохранения РК запустило пилотный проект «Онлайн медицина» 🖥️, направленный на обеспечение сельских и отдалённых регионов качественной медицинской помощью.

Главная цель проекта — внедрение телемедицинских технологий 📡, которые позволят жителям села получать дистанционные консультации квалифицированных профильных специалистов, проходить онлайн-диагностику, получать своевременное лечение и обеспечивать пациентам удалённое медицинское наблюдение при необходимости.

Проект охватывает 8 регионов страны: Акмолинскую, Актюбинскую, Алматинскую, Атыраускую, Жамбылскую, Западно-Казахстанскую, Карагандинскую области и город Астану.

В пилоте участвуют 100 медицинских организаций 🏨.

Координатором выступает Национальный научный центр развития здравоохранения им. Салидат Каирбековой 🎓.

Ожидаемые результаты 📈:
• повышение качества и доступности медпомощи в сёлах 🚑;
• сокращение сроков ожидания консультаций и лечения ⏱️;
• улучшение показателей здоровья населения;
• равный доступ к медицинским услугам вне зависимости от места проживания.

«Онлайн медицина» станет важным этапом цифровой трансформации системы здравоохранения и позволит жителям сёл 🏡 получать помощь врачей рядом с домом, без выездов за пределы районов проживания.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ҚАЗАҚСТАНДА АЛҒАШ РЕТ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ҚЫЗМЕТКЕРІНІҢ КҮНІ АТАП ӨТІЛЕДІ



Биыл алғаш рет, 15 қыркүйекте санитариялық-эпидемиологиялық қызмет қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтуде. Енді күнтізбедегі бұл күн СЭС қызметкерінің күні ретінде белгіленеді.

🔺Бүгінде республика бойынша 12 мыңнан астам маман ауыз судың, тамақ өнімдерінің сапасын, қоршаған ортаның жай-күйін бақылай отырып, инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың таралуын болдырмай, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етеді.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова өзінің құттықтау сөзінде СЭС мамандарының халықтың денсаулығын қорғаудағы және биологиялық қауіпсіздікті нығайтудағы басты рөлін атап өтті.

«Болашақ сақтық медицинасына жатады - екі ғасыр бұрын айтылған бұл сөз тіркесі бүгінгі күнге дейін өзекті болып қала береді. Сіздерің жұмыстарыңыздың арқасында елде қауіпті инфекциялар жойылды, эпидемияларға, соның ішінде COVID-19 пандемиясы кезінде сенімді тосқауыл қойылды. Сіздер тәулік бойы елдің санитариялық-эпидемиологиялық әл-ауқатын қамтамасыз етесіздер. Таңдалған іске батылдықпен қызмет еткендеріңіз үшін баршаңызға алғысымды білдіремін», — деді министр.


🔷Салтанатты іс-шарада қызметтің 400-ге жуық үздік қызметкерлері мен ардагерлері санитариялық-эпидемиологиялық қызметті дамытуға қосқан зор үлесі және көп жылғы адал еңбегі үшін мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталды.

Осылайша, қызмет қызметкерлеріне Премьер-министрдің атынан 80 Алғыс хат және Денсаулық сақтау министрінің 3 Құрмет грамотасы табыс етілді.

⚫️Санитариялық дәрігерлер мен эпидемиологтардың қажырлы еңбегі «Еңбек ардагері» медальдарымен, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгілерімен және «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгілерімен, бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің атынан алғыс хаттармен және Құрмет грамоталарымен марапатталды.

✅Көп жылдық жұмысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылаудың заманауи жүйесін дамытудың берік негізін қалаған қызмет ардагерлеріне ерекше назар аударылды.

«Сіздердің еңбектеріңіз мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызметке денсаулық сақтау жүйесінің негізгі құрамдас бөлігі болуға мүмкіндік берді, ал тәжірибе дәстүрлерді сақтауға көмектеседі және жас мамандарға үлгі болады», — деп атап өтті А.Әлназарова.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3