ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
9.99K subscribers
18.6K photos
1.58K videos
28 files
4.29K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
В АЛМАТЫ ПРОХОДИТ КОНФЕРЕНЦИЯ АНЕСТЕЗИОЛОГОВ И РЕАНИМАТОЛОГОВ

📌В Алматы проходит республиканская научно-практическая конференция «Актуальные проблемы анестезиологии и интенсивной терапии в акушерстве и неонатологии».

✔️Организаторами выступили РОО «Федерация анестезиологов и реаниматологов», Научный центр педиатрии и детской хирургии, Научный центр акушерства, гинекологии и перинатологии при поддержке Министерства здравоохранения.

В торжественном открытии мероприятия приняли участие казахстанские и зарубежные специалисты. С приветствиями к участникам обратились представители профильных научных центров страны и ведущие эксперты из Турции и России.

🔷Зарубежные делегаты отметили высокий уровень организации конференции, работу анестезиологической службы Казахстана и выразили признательность за приглашение.

🚩Президент Федерации анестезиологов и реаниматологов профессор Ергали Миербеков подчеркнул, что охрана здоровья беременных, рожениц и новорожденных является приоритетным направлением здравоохранения Казахстана, а сама конференция стала значимым событием для профессионального сообщества и укрепления международных связей.

Программа конференции включает мастер-классы российских и турецких специалистов, а также пленарные заседания и дискуссии по вопросам анестезии при осложненной беременности, современным методам обезболивания при родах, снижению материнской и младенческой смертности, кадровому обеспечению роддомов и перинатальных центров, внедрению инноваций в акушерстве и неонатологии.

🚀 https://t.me/DenMinPR
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
АЛМАТЫДА ЖАСӨСПІРІМГЕ КҮРДЕЛІ ОТА ЖАСАЛДЫ: ДӘРІГЕРЛЕР ІСІКТІ АЛЫП ТАСТАП, ТӨМЕНГІ ЖАҚ СҮЙЕГІН ЭНДОПРОТЕЗБЕН АЛМАСТЫРДЫ

📌Алматыда самай-төменгі жақ буынын (СТЖБ) ауыстыру отасын тек Қалалық балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының дәрігерлері жасайды.

🔷Бұл – өте күрделі процедура, өйткені СТЖБ – бет қаңқасының негізгі түйін нүктесі. Ол төменгі жақтың қозғалысын үйлестіріп, шайнау, сөйлеу мен мимика үшін жауап береді, тістер мен бұлшықеттер арасындағы жүктемені бөледі әрі амортизатордың қызметін атқарады. Буынды ауыстыру үшін дәрігерлерге жақ сүйегін 3D-модельдеу жұмыстарын жасап, анатомиялық тұрғыдан дәл келетін материал дайындауға тура келді.

17 жастағы жасөспірім 11 жыл бойы төменгі жақ сүйегінің деформациясынан зардап шегіп келген. Ұзақ уақыт ішінде оның тістемі (прикус) дұрыс емес дамыған. Ал тұрақты сыздаған ауырсыну аузын толық ашуға және тағамды қалыпты шайнауға мүмкіндік бермеген. Оң жақ бөлігі дұрыс дамып жатқанымен, сол жағында айқын ақау байқалған. Иек солға қарай ығысқандықтан, бет пішіні асимметриялы көрініп, жасөспірімнің құрдастарымен қарым-қатынасында психологиялық жайсыздық тудырған.

Мұның барлығына құлақ маңы шайнау аймағындағы ісік, яғни тамырлық түзіліс себеп болды. 6 жасында балаға ісікті алып тастау үшін ота жасалған, алайда уақыт өте келе ол қайта пайда болған. Соңғы екі жыл бойы қайталанған ісік склероздаушы терапия әдісімен емделді. Бұл – проблемалы тамырды немесе қуыс бөлікті арнайы препарат енгізу арқылы жою тәсілі. Препарат бақылалу түрде тамыр қабырғаларын қалпына келтіріп, тамырдың жабылуын қамтамасыз етуі тиіс.

▪️Биыл қыркүйек айында ата-анасы ұлын Алматыдағы Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының жақ-бет хирургінен кеңес алуға алып келген. Тәжірибелі дәрігерлер – Серік Балташұлы Нұрмағанов пен Аида Эрнстқызы Уразаева самай-төменгі жақ буынын эндопротездеу отасын жасауды ұйғарды.

«Науқаста туғаннан бері тамырлық патология – құлақ маңы шайнау аймағының гемангиомасы болған, ол кезең-кезеңімен склероздаушы терапия арқылы ем қабылдады. Гемангиома (жаңа номенклатура бойынша – мальформация) сәтті емделді. Алайда оның салдары ретінде төменгі жақ сүйегінің сол жақ бөлігі дұрыс дамымаған – буын басы, тармағы, бұрышы мен сүйек денесінің бір бөлігі гипоплазияға ұшырап, жартылай атрофия байқалды. Бұл аузын толық ашуға шектеу қойып, бет қаңқасының деформациясына әкелді. Біз барлық зерттеулерді, компьютерлік модельдеуді жүргіздік және осы деректердің негізінде арнайы тапсырыспен төменгі жақтың сол жақ буын, тармақ, бұрыш және сүйек денесі аймағына жеке протез дайындалды. «Төменгі жақ сүйегін резекциялау және бір мезетте самай-төменгі жақ буынын, тармағын, бұрышын, денесін эндопротездеу» отасы жасалды. Өзгеріске ұшыраған тіндер мен деформацияланған буын алынып тасталды, буын ойығы мүлдем болмаған. Осы жеке эндопротездің көмегімен біз төменгі жақты толық қалпына келтірдік. Шайнау, сөйлеу, ауыз ашу функциялары толық орнына келді. Ең бастысы – бет пішіні өзгеріп, симметрияға қол жеткізілді. Енді ол өз құрдастарымен еркін араласа алады, әрі қарай деформация қаупі жоқ, өйткені бет қаңқасы қалыптасып үлгерді»,

– деді Алматы қаласындағы Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының жақ-бет хирургі, медицина ғылымдарының докторы Серік Нұрмағанов.

Бұл – Алматыдағы Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығы базасында жасалған самай-төменгі жақ буынын эндопротездеу бойынша екінші ота.

Аталған орталық жақ-бет аймағында түрлі патологиясы бар балалар мен жасөспірімдерді қабылдауға дайын. Хирургтар сүйек және жұмсақ тіндердегі ақауларды жеке дайындалған протездер арқылы қалпына келтіруге қабілетті.

🚀 https://t.me/DenMinPR
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ПОДРОСТКУ В АЛМАТЫ УДАЛИЛИ ОПУХОЛЬ И ВЫПОЛНИЛИ ЭНДОПРОТЕЗИРОВАНИЕ НИЖНЕЙ ЧЕЛЮСТИ

📌В Алматы замену височно-нижнечелюстного сустава (ВНЧС) делают только врачи Центра детской неотложной медицинской помощи.

🔷Это сложная процедура, ведь ВНЧС – узловая точка инфраструктуры лицевого каркаса, она координирует движение нижней челюсти – отвечает за жевание, речь и мимику, распределяет нагрузку между зубами и мышцами, работает как амортизатор. Чтобы заменить сустав врачам потребовалось выполнить 3D моделирование челюсти и изготовить анатомически правильный материал.

17 летний подросток на протяжении 11 лет страдает от деформации нижней челюсти, за долгие годы у парня сформировался неправильный прикус, а постоянные ноющие боли не давали полностью открывать рот и нормально жевать пищу. В то время, как правая сторона развивалась нормально, слева был заметный дефект челюсти. Подбородок был смещен влево: эстетически лицо выглядело ассиметрично и добавляло дискомфорт в общении со сверстниками.
Виной всему была опухоль – сосудистое образование околоушно-жевательной области. В 6 летнем возрасте ребенок перенес операцию по удалению опухоли, но спустя время она появилась вновь. Два года вновь появившуюся опухоль лечили склерозирующей терапией – это способ, когда «отключают» проблемный сосуд или полость, вводя специальный препарат. Он должен вызвать контролируемое «склеивание» стенок и закрытие сосуда.

В сентябре текущего года родители привели сына на консультацию к челюстно-лицевым хирургам Центра детской неотложной медицинской помощи Алматы. Опытные врачи Нурмаганов Серик Балташевич и Уразаева Аида Эрнстовна приняли решение выпонить эндопротезирование височно-нижнечелюстного сустава.

«У пациента с рождения имеется сосудистая патология – гемангиома околоушно-жевательной области, получал поэтапное курсовое лечение склерозирующей терапии. Гемангиома (по новой номенклатуре «мальформация») была благополучно излечена. Но в качестве последствий у него произошло недоразвитие левой половины нижней челюсти – гипоплазия с частичной атрофией суставной головки, ветви, угла, тела нижней челюсти. Это привело к ограничению открывания рта, деформации лицевого скелета. Мы выполнили все исследования, компьютерное моделирование и на основе этих данных, по заказу, был изготовлен индивидуальный протез в области сустава, ветви, угла, тела нижней челюсти слева. Проведена операция «резекция нижней челюсти с одномоментным эндопротезированием ВНЧС, ветви, угла, тела нижней челюсти слева». Иссечены измененные ткани, деформированный сустав, суставная впадина отсутствовала. Этим индивидуальным эндопротезом мы полностью восстановили нижнюю челюсть. Восстановилась функция жевания, речь, открывания рта в полном объеме, и что немаловажно – изменилась конфигурация лица. Лицо стало симметричным. Теперь он может свободно общаться со своими сверстниками, дальнейшая деформация ему не грозит, потому что лицевой скелет сформировался»,

- рассказал врач челюстно-лицевой хирург ЦДНМП Алматы, доктор медицинских наук Серик Нурмаганов.

▪️Это вторая операция по эндопротезированию височно-нижнечелюстного сустава,проводимая на базе Центра детской неотложной медицинской помощи Алматы.
Центр детской неотложной медицинской помощи готов принимать детей и подростков с любой патологией челюстно-лицевой области. Хирурги способны восстанавливать дефекты костных тканей и мягких тканей индивидуально изготовленными протезами.

🚀 https://t.me/DenMinPR
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
АҚТАУДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

📌Ақтауда Халықаралық туристік форум өтті, оның шеңберінде медициналық туризмді дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

🚩Іс-шараға ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ардақ Амангелдиев, сондай-ақ медицина саласындағы отандық және шетелдік сарапшылар қатысты.

🔷Қатысушылар жағалаудағы туристік және сауықтыру аймақтарына, соның ішінде «Аққұм», «Нұр» және «Сая» санаторийлік орталықтарына барды. Олар инфрақұрылымды жоғары бағалады және өңірдің медициналық-сауықтыру қызметтері саласындағы елеулі әлеуетін атап өтті.

Форумның шеңберінде панелдік сессия өтті, онда жетекші дәрігерлер мен сарапшылар тәжірибе алмасып, саланы одан әрі ілгерілету жолдарын ұсынды.

✔️Іс-шара соңында Маңғыстау облысында Денсаулық сақтау вице-министрі мен медициналық ұйымдар басшыларының қатысуымен медициналық туризмді дамыту және санаторийлік-курорттық емдеу мәселелері бойынша кеңес өтті.

🚀 https://t.me/DenMinPR
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
В АКТАУ ОБСУДИЛИ РАЗВИТИЕ МЕДИЦИНСКОГО ТУРИЗМА

📌В Актау прошел Международный туристический форум, в рамках которого особое внимание было уделено вопросам развития медицинского туризма.

🚩В мероприятии приняли участие вице-министр здравоохранения РК Ардақ Амангелдиев, а также отечественные и зарубежные эксперты в сфере медицины.

🔷Участники посетили прибрежные туристические и оздоровительные зоны, в том числе санаторные центры «Аққұм», «Нұр» и «Сая». Они высоко оценили инфраструктуру и отметили значительный потенциал региона в сфере медицинско-оздоровительных услуг.

В рамках форума состоялась панельная сессия, на которой ведущие врачи и эксперты обменялись опытом и предложили пути дальнейшего продвижения отрасли.

✔️В завершение мероприятия состоялось совещание с участием вице-министра здравоохранения и руководителей медицинских организаций по вопросам развития медицинского туризма и санаторно-курортного лечения в Мангистауской области.

🚀 https://t.me/DenMinPR
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
АЛМАТЫДА ӘЙЕЛДЕР МЕН ЕРЛЕР ДЕНСАУЛЫҒЫН САҚТАУДЫҢ ЖАҢА СТРАТЕГИЯЛАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

📌Алматыда Қазақстан мен басқа елдердің жетекші дәрігерлері мен ғалымдарын біріктірген менопауза және андропаузаның екінші Еуразиялық конгресі өтті.

🚩ДСҰ сарапшыларының деректеріне сәйкес, бүгінде әлемде 60 жастағы және одан асқан әйелдердің саны 1 миллиардтан асады. Ал менопаузаның басталу жасы, соның ішінде Қазақстанда да, салыстырмалы түрде тұрақты қалыпта қалып, орта есеппен 49–50 жасты құрайды. Осылайша, әйелдің өмірінің шамамен үштен бірі репродуктивті кезеңнен кейін өтеді.

Сонымен бірге, менопауза бүгінде қоғамдық денсаулық сақтау саласының өзекті мәселесіне айналды және таяу болашақта экономикалық сын-қатерге айналуы мүмкін.

«Бүгінде менопауза кезеңіндегі әйелдерге оңтайлы күтім көрсетуді қамтамасыз ету мәселесі барған сайын өзекті бола түсуде және қосымша ресурстарды талап етеді, себебі «әдемі жастағы» әйелдердің саны күннен-күнге артып келеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қазірдің өзінде менопаузалық кезеңді әйел өмірінің аса маңызды кезеңі деп танып, оның әлеуметтік, психологиялық және физикалық әл-ауқатын қоғамдық денсаулық сақтау жүйесінің ажырамас бөлігі ретінде қарастырады»,

— деп атап өтті Қазақстандық менопауза және андропауза қауымдастығының атқарушы директоры, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Галина Гребенникова.

🔷Ерлерге келсек, әлемдік зерттеулер 40 жастан асқан ерлердің 10–35%-ында климактериялық синдром белгілері байқалатынын көрсетеді. Олардың 51%-ында андрогендік бұзылыстардың (тестостерон тапшылығы) клиникалық белгілері анықталған, ал 3%-ында бұл бұзылыстардың айқын түрлері тіркелген.

Конгресс Қазақстан мен басқа да елдердің жетекші мамандарын тәжірибе алмасу, диагностика, емдеу және өтпелі кезеңдегі әйелдер мен ерлердің денсаулығын қолдаудың жаңа тәсілдерін талқылау, сондай-ақ қоғамдық денсаулық сақтау саласында пәнаралық стратегияларды әзірлеу үшін біріктірді.

Конгресс жұмысына халықаралық менопауза қоғамының (IMS) президенті, профессор Rosella Nappi қатысып, Қазақстанда бейімделетін менопаузаны басқару жөніндегі халықаралық ұсынымдарды таныстырды.

Шараның ұйымдастырушылары — Қазақстандық менопауза және андропауза қауымдастығы және Қазақстандық жыныстық және репродуктивті денсаулық қауымдастығы (КМПА).

✔️Айта кетейік, Қазақстандық менопауза және андропауза қауымдастығы 2025 жылдың шілдесінде Asia-Pacific Menopause Federation (APMF) мүшесі атанды. Алда халықаралық жобаларды іске асыру, ұлттық клиникалық хаттамаларды жаңарту, ғылыми зерттеулер жүргізу жоспарланып отыр.

🚀 https://t.me/DenMinPR
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
НОВЫЕ СТРАТЕГИИ СОХРАНЕНИЯ ЖЕНСКОГО И МУЖСКОГО ЗДОРОВЬЯ ОБСУДИЛИ ЭКСПЕРТЫ В АЛМАТЫ

📌В Алматы состоялся Второй Евразийский конгресс по менопаузе.

🚩По данным ВОЗ, сегодня в мире более 1 миллиарда женщин в возрасте 60 лет и старше. При этом возраст наступления менопаузы, в том числе в Казахстане, остаётся относительно стабильным — в среднем 49–50 лет.

Таким образом, почти треть жизни среднестатистической женщины приходится на период пострепродуктивной функции.

Между тем, менопауза уже стала проблемой общественного здравоохранения и, возможно, в ближайшем будущем станет экономическим вызовом.

«ВОЗ уже рассматривает менопаузальный переход как критически важный этап в жизни женщины и считает, что её социальное, психологическое и физическое благополучие является неотъемлемой частью системы общественного здравоохранения»,

— отмечает Галина Гребенникова, исполнительный директор КМПА, член Национальной комиссии по делам женщин и семейно-демографической политики при Президенте РК.

🔷Что касается мужчин, мировые исследования показывают, что проявления климактерического синдрома наблюдаются у 10–35% мужчин старше 40 лет.

У 51% выявлены клинические признаки андрогенных нарушений (дефицита тестостерона), а у 3% — выраженные формы этих нарушений.

Конгресс объединил ведущих специалистов из Казахстана и других стран для обмена опытом, обсуждения новейших подходов к диагностике, лечению и поддержке здоровья женщин и мужчин в переходном возрасте.

В работе конгресса приняла участие Президент международного общества по менопаузе (IMS), профессор Rosellа Nappi, которая представила международные рекомендации по менеджменту менопаузы, которые будут адаптированы в Казахстане.

✔️Организаторы мероприятия — Казахстанская ассоциация по менопаузе и андропаузе и Казахстанская ассоциация по половому и репродуктивному здоровью (КМПА).

🚀 https://t.me/DenMinPR
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM