ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
9.99K subscribers
18.5K photos
1.57K videos
28 files
4.28K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕКІНШІ РЕТ БАУЫР ТРАНСПЛАНТАЦИЯСЫ СӘТТІ ӨТТІ

📌 Бауыр трансплантациясы – хирургия саласындағы ең күрделі және жоғары дәлдікті талап ететін операциялардың бірі. Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының базасында профессор, академик Б.Б. Баймахановтың жетекшілігімен және А.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының жоғары білікті мамандарының қатысуымен аймақтағы екінші бауыр трансплантациясы сәтті жүзеге асты.

🔷 Науқас –С., 54 жаста. Диагнозы: MELD – 26 балл, бауыр циррозы (СТР бойынша С класы, 12 балл), біріншілік билиарлық холангит (АМА-негативті түрі), бауыр-жасушалық жеткіліксіздік, паренхиматозды сарғаю, өңеш веналарының варикозды кеңеюі (1–2 дәрежелі), бауыр энцефалопатиясы (2–3 саты).

Науқас бірнеше жылдан бері гастроэнтерологтың «Д» есебінде тұрған. Ауруы асцитпен, портальды гипертензиямен және спленомегалиямен асқынған. Ұзақ емдеу шараларына қарамастан, жағдайының үдей түсуіне байланысты бауыр трансплантациясы өмірін сақтап қалудың жалғыз жолы болды.

➤ Донор ретінде науқастың 24 жастағы ұлы – С., өз еркімен донор болуға келісім беріп, толық медициналық тексеруден өтті. Абсолюттік қарсы көрсетілімдер анықталған жоқ.

📍 Операция А.Сызғанов атындағы ҰҒХО және Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының бірлескен командасымен өткізілді.

Хирургтар: Б.Б. Баймаханов, М.О. Досханов, Ж.Р. Оспан
Анестезиологтар: Т.К. Куандыков, В.В. Мутагиров


Қазіргі уақытта науқас дәрігерлердің динамикалық бақылауында. Отадан кейінгі кезең асқынусыз өтуде, трансплантацияланған бауырдың қызметі біртіндеп тұрақталып келеді.

📍 Бұл – Түркістан облысында жасалған екінші бауыр трансплантациясы. Бұл маңызды оқиға өңірде трансплантология саласының дамуына жаңа серпін беріп, жоғары технологиялық медициналық көмектің қолжетімділігін арттырды.

🚀 https://t.me/DenMinPR
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕКІНШІ РЕТ БАУЫР ТРАНСПЛАНТАЦИЯСЫ СӘТТІ ӨТТІ 📌 Бауыр трансплантациясы – хирургия саласындағы ең күрделі және жоғары дәлдікті талап ететін операциялардың бірі. Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының базасында профессор, академик Б.Б.…
В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ УСПЕШНО ПРОВЕДЕНА ВТОРАЯ ТРАНСПЛАНТАЦИЯ ПЕЧЕНИ

📌 Трансплантация печени — одна из самых сложных и высокотехнологичных операций в хирургии. На базе Туркестанской областной клинической больницы под руководством профессора, академика Болатбека Баймаханова, с участием высококвалифицированных специалистов Национального научного центра хирургии им. А. Сызганова успешно проведена вторая трансплантация печени в регионе.

🔷 54-летний пациент длительное время находился на диспансерном учете у гастроэнтеролога с тяжелым диагнозом. Ему ставили цирроз печени (класс С по Чайлд–Пью, 12 баллов), первичный билиарный холангит (АМА-негативный тип), печеночно-клеточная недостаточность, паренхиматозная желтуха, варикозное расширение вен пищевода (1–2 степени), печеночная энцефалопатия (2–3 стадии).

Болезнь осложнилась асцитом, портальной гипертензией и спленомегалией. Несмотря на продолжительное лечение, состояние пациента ухудшалось и трансплантация печени стала единственным шансом спасти жизнь.

➤ Донором выступил 24-летний сын пациента, который добровольно согласился стать донором и прошел полное медицинское обследование. Абсолютных противопоказаний не было выявлено.

📍 Операция была проведена командой хирургов Национального научного центра хирургии имени А. Сызганова и Туркестанской областной клинической больницы в составе - Б.Б. Баймаханов, М.О. Досханов, Ж.Р. Оспан, анестезиологи - Т.К. Куандыков, В.В. Мутагиров.

В настоящее время пациент находится под динамическим наблюдением врачей. Послеоперационный период протекает без осложнений, функция трансплантированной печени постепенно стабилизируется.

📍 Это вторая трансплантация печени, проведенная в Туркестанской области стало значимым событием в развитии трансплантологии региона и повысило доступность высокотехнологичной медицинской помощи для населения.

🚀 https://t.me/DenMinPR
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДА ҚАЙТАРЫЛҒАН АКТИВТЕР ҚАРАЖАТЫ ЕСЕБІНЕН ДӘРІГЕРЛІК АМБУЛАТОРИЯ САЛЫНДЫ

📍Ақтөбе облысының Маржанбұлақ ауылында жаңа дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталды. Әлеуметтік нысан мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елге қайтарылған заңсыз иемденілген активтер есебінен ауылдық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында салынды.

🏥Жаңа амбулатория ауысымына 45 келушіге есептелген және барлық қажетті заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Ғимаратта пациенттерді қабылдауға арналған кабинеттер, емдеу және қарау бөлмелері қарастырылған, бұл тұрғындарға сапалы алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

🔸 Нысанның құрылысына Арнаулы мемлекеттік қордан шамамен 190 млн теңге бөлінді. Жұмыс Президент бастамашылық еткен «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын жүзеге асыру шеңберінде жүргізілді.

🏗 Ақтөбе облысында қайтарылған активтер қаражаты есебінен және Арнаулы мемлекеттік қор қаржысынан ауылдық денсаулық сақтау саласында барлығы 11 жоба жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда төрт нысан пайдалануға берілді, жетеуінің құрылысы жалғасуда.

🚀 https://t.me/DenMinPR
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДА ҚАЙТАРЫЛҒАН АКТИВТЕР ҚАРАЖАТЫ ЕСЕБІНЕН ДӘРІГЕРЛІК АМБУЛАТОРИЯ САЛЫНДЫ 📍Ақтөбе облысының Маржанбұлақ ауылында жаңа дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталды. Әлеуметтік нысан мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елге қайтарылған заңсыз…
В АКТЮБИНСКОЙ ОБЛАСТИ ПОСТРОЕНА ВРАЧЕБНАЯ АМБУЛАТОРИЯ ЗА СЧЕТ ВОЗВРАЩЕННЫХ АКТИВОВ

📍В селе Маржанбулак Актюбинской области завершено строительство новой врачебной амбулатории. Социальный объект возведен в рамках исполнения поручения Главы государства Касым-Жомарта Токаева по развитию сельской инфраструктуры.

🏥 Новая амбулатория рассчитана на 45 посещений в смену и оснащена всем необходимым современным оборудованием. В здании предусмотрены кабинеты для приема пациентов, процедурные и смотровые комнаты, что позволит оказывать жителям качественную первичную медико-санитарную помощь.

🔸 На строительство объекта из Специального государственного фонда было выделено порядка 190 млн тенге. Работа велась в рамках инициированного Президентом национального проекта «Модернизация сельского здравоохранения».

🏗 Всего в Актюбинской области за счет средств Специального государственного фонда, сформированного из возвращенных активов, реализуется 11 проектов в сфере сельского здравоохранения. На сегодняшний день 4 объекта введены в эксплуатацию, строительство семи продолжается.

🚀 https://t.me/DenMinPR
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
📌 Денсаулық сақтау министрлігі биыл алғаш рет «Аналар саулығы» мақсатты бағдарламасы аясында жүктілікке дайындық жүргізу үшін 5,1 млрд теңге бөлді. Бұл қаражат болашақ аналарға арналған 12 түрлі медициналық тексеруден өтуге мүмкіндік береді.

⏩Ана мен баланың денсаулығын қорғау, болашақ аналарды жан-жақты қолдау мақсатында емханаларда «Әйелдер консультациясы» бөлімшелері қайта ашылды. Мұнда профилактикалық шаралар күшейтіліп, кешенді көмек көрсетіледі.

🏥 Сонымен қатар, қауіп тобына жататын және шалғай өңірлерден келген жүкті әйелдерді алдын ала бақылауға алу үшін «Салауатты Ана» пансионаттары жұмысын бастады. Бұл бастама олардың жүктілігін қауіпсіз әрі сапалы өткізуге жағдай жасайды.

Жүктілікті жауапкершілікпен жоспарлау – ананың да, болашақ сәбидің де өмірі мен денсаулығын сақтаудың басты кепілі. Бұл - асқынулардың алдын алып, қауіп-қатер деңгейін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді.

-------------------------------

📌 Министерством здравоохранения впервые в текущем году для подготовки к беременности выделено 5,1 млрд тенге на проведение 12 видов обследований в рамках целевой программы «Аналар саулығы».

⏩ В целях усиления профилактических мер и комплексной помощи беременным в поликлиниках восстановлены отделения «Женская консультация».

🏥 Для заблаговременной госпитализации будущих мамочек из группы высокого риска из отдалённых районов начали функционировать пансионаты «Салауатты Ана».

Ответственное планирование беременности позволяет значительно снизить риски для жизни и здоровья матери и ее ребёнка.

🚀 https://t.me/DenMinPR
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПАЛЛИАТИВТІК КӨМЕК: ПРЕПАРАТТАР ТІЗІМІ МЕН СТАЦИОНАРЛАР ҚУАТЫ КЕҢЕЙТІЛДІ

📌 2025 жылы стационарлық деңгейде паллиативтік көмек көрсету тарифі артты, сондай-ақ кепілдендірілген тегін медициналық көмек (КТТМК) шеңберінде мобильді бригадаларды қаржыландыру көлемі ұлғайтылды.

«Бұл шаралар науқастардың паллиативтік көмекке қолжетімділігін арттыруға, инфрақұрылымды нығайтуға және қызметтің барлық деңгейлерінде дамуын ынталандыруға мүмкіндік береді»,

— деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Алматы қаласында өткен паллиативтік көмек көрсету мәселелеріне арналған жыл сайынғы конференция қатысушыларына арнаған құттықтау сөзінде.

🔻 Қазақстанда паллиативтік көмекті дамыту – денсаулық сақтау жүйесінің басым бағыттарының бірі.

«Жазылмайтын дертке шалдыққан адамдарға сапалы паллиативтік көмек ұйымдастыру – бұл жай ғана медициналық міндет емес. Бұл – адамгершілік, мейірім және әділеттілік мәселесі. Қазіргі уақытта паллиативтік көмек көрсетуді ұйымдастырудың жаңа ұлттық стандарттары әзірленуде. Олар тәсілдерді біріздендіруге, қызмет сапасын арттыруға және мультидисциплинарлық командалардың тиімді жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл жұмыстар стационар жағдайында да, үй жағдайында да жүргізіледі. Әсіресе, балалар паллиативін дамыту – алда бізге үлкен жауапкершілік жүктейтін маңызды бағыт»,

– деді министр.

🔆 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, Қазақстанда паллиативтік төсек-орын саны нормативке жеткізілді — әр 100 мың адамға 10 төсек. Ел бойынша барлығы 2 087 төсек орны ұйымдастырылған, оның ішінде 81-і балаларға арналған.

🔆 Республиканың 20 өңірінде 220 мобильді бригада жұмыс істейді.

🔆 Қазіргі уақытта Қазақстанда 9 дербес мекеме паллиативтік көмек көрсетеді (Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Абай облыстарында, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалаларында).

Паллиативтік көмекке мұқтаж науқастардың ауру құрылымы кеңейді:

• онкологиялық аурулар — 41%,
• жүрек-қантамыр жүйесі аурулары — 27%,
• тыныс алу жүйесі аурулары — 12%,
• жарақаттар — 11%,
• туберкулез — 2%.

🔆 Паллиативтік көмек көрсету кезінде қолданылатын анестетиктер мен дәрілік заттар тізімі 18 атауға дейін кеңейтілді.

2025 жылға Бірыңғай дистрибьютор 318,1 млн теңге сомасына 9 атаудағы дәрілік заттарды (2 млн-нан астам бірлік) сатып алды.

Сонымен қатар,қазіргі заман талабына сай келтіру мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі паллиативтік көмек көрсету стандартына өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр.

🔷 Конференция қорытындылары жазылмайтын дертке шалдыққан адамдардың өмір сапасын қамтамасыз ететін интеграцияланған паллиативтік көмек жүйесін қалыптастыру жолындағы жаңа қадам болмақ.

🚀 https://t.me/DenMinPR
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM