ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
9.99K subscribers
18.5K photos
1.57K videos
28 files
4.28K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДА ҚАЙТАРЫЛҒАН АКТИВТЕР ҚАРАЖАТЫ ЕСЕБІНЕН ДӘРІГЕРЛІК АМБУЛАТОРИЯ САЛЫНДЫ

📍Ақтөбе облысының Маржанбұлақ ауылында жаңа дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталды. Әлеуметтік нысан мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елге қайтарылған заңсыз иемденілген активтер есебінен ауылдық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында салынды.

🏥Жаңа амбулатория ауысымына 45 келушіге есептелген және барлық қажетті заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Ғимаратта пациенттерді қабылдауға арналған кабинеттер, емдеу және қарау бөлмелері қарастырылған, бұл тұрғындарға сапалы алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

🔸 Нысанның құрылысына Арнаулы мемлекеттік қордан шамамен 190 млн теңге бөлінді. Жұмыс Президент бастамашылық еткен «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын жүзеге асыру шеңберінде жүргізілді.

🏗 Ақтөбе облысында қайтарылған активтер қаражаты есебінен және Арнаулы мемлекеттік қор қаржысынан ауылдық денсаулық сақтау саласында барлығы 11 жоба жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда төрт нысан пайдалануға берілді, жетеуінің құрылысы жалғасуда.

🚀 https://t.me/DenMinPR
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДА ҚАЙТАРЫЛҒАН АКТИВТЕР ҚАРАЖАТЫ ЕСЕБІНЕН ДӘРІГЕРЛІК АМБУЛАТОРИЯ САЛЫНДЫ 📍Ақтөбе облысының Маржанбұлақ ауылында жаңа дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталды. Әлеуметтік нысан мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елге қайтарылған заңсыз…
В АКТЮБИНСКОЙ ОБЛАСТИ ПОСТРОЕНА ВРАЧЕБНАЯ АМБУЛАТОРИЯ ЗА СЧЕТ ВОЗВРАЩЕННЫХ АКТИВОВ

📍В селе Маржанбулак Актюбинской области завершено строительство новой врачебной амбулатории. Социальный объект возведен в рамках исполнения поручения Главы государства Касым-Жомарта Токаева по развитию сельской инфраструктуры.

🏥 Новая амбулатория рассчитана на 45 посещений в смену и оснащена всем необходимым современным оборудованием. В здании предусмотрены кабинеты для приема пациентов, процедурные и смотровые комнаты, что позволит оказывать жителям качественную первичную медико-санитарную помощь.

🔸 На строительство объекта из Специального государственного фонда было выделено порядка 190 млн тенге. Работа велась в рамках инициированного Президентом национального проекта «Модернизация сельского здравоохранения».

🏗 Всего в Актюбинской области за счет средств Специального государственного фонда, сформированного из возвращенных активов, реализуется 11 проектов в сфере сельского здравоохранения. На сегодняшний день 4 объекта введены в эксплуатацию, строительство семи продолжается.

🚀 https://t.me/DenMinPR
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
📌 Денсаулық сақтау министрлігі биыл алғаш рет «Аналар саулығы» мақсатты бағдарламасы аясында жүктілікке дайындық жүргізу үшін 5,1 млрд теңге бөлді. Бұл қаражат болашақ аналарға арналған 12 түрлі медициналық тексеруден өтуге мүмкіндік береді.

⏩Ана мен баланың денсаулығын қорғау, болашақ аналарды жан-жақты қолдау мақсатында емханаларда «Әйелдер консультациясы» бөлімшелері қайта ашылды. Мұнда профилактикалық шаралар күшейтіліп, кешенді көмек көрсетіледі.

🏥 Сонымен қатар, қауіп тобына жататын және шалғай өңірлерден келген жүкті әйелдерді алдын ала бақылауға алу үшін «Салауатты Ана» пансионаттары жұмысын бастады. Бұл бастама олардың жүктілігін қауіпсіз әрі сапалы өткізуге жағдай жасайды.

Жүктілікті жауапкершілікпен жоспарлау – ананың да, болашақ сәбидің де өмірі мен денсаулығын сақтаудың басты кепілі. Бұл - асқынулардың алдын алып, қауіп-қатер деңгейін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді.

-------------------------------

📌 Министерством здравоохранения впервые в текущем году для подготовки к беременности выделено 5,1 млрд тенге на проведение 12 видов обследований в рамках целевой программы «Аналар саулығы».

⏩ В целях усиления профилактических мер и комплексной помощи беременным в поликлиниках восстановлены отделения «Женская консультация».

🏥 Для заблаговременной госпитализации будущих мамочек из группы высокого риска из отдалённых районов начали функционировать пансионаты «Салауатты Ана».

Ответственное планирование беременности позволяет значительно снизить риски для жизни и здоровья матери и ее ребёнка.

🚀 https://t.me/DenMinPR
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПАЛЛИАТИВТІК КӨМЕК: ПРЕПАРАТТАР ТІЗІМІ МЕН СТАЦИОНАРЛАР ҚУАТЫ КЕҢЕЙТІЛДІ

📌 2025 жылы стационарлық деңгейде паллиативтік көмек көрсету тарифі артты, сондай-ақ кепілдендірілген тегін медициналық көмек (КТТМК) шеңберінде мобильді бригадаларды қаржыландыру көлемі ұлғайтылды.

«Бұл шаралар науқастардың паллиативтік көмекке қолжетімділігін арттыруға, инфрақұрылымды нығайтуға және қызметтің барлық деңгейлерінде дамуын ынталандыруға мүмкіндік береді»,

— деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Алматы қаласында өткен паллиативтік көмек көрсету мәселелеріне арналған жыл сайынғы конференция қатысушыларына арнаған құттықтау сөзінде.

🔻 Қазақстанда паллиативтік көмекті дамыту – денсаулық сақтау жүйесінің басым бағыттарының бірі.

«Жазылмайтын дертке шалдыққан адамдарға сапалы паллиативтік көмек ұйымдастыру – бұл жай ғана медициналық міндет емес. Бұл – адамгершілік, мейірім және әділеттілік мәселесі. Қазіргі уақытта паллиативтік көмек көрсетуді ұйымдастырудың жаңа ұлттық стандарттары әзірленуде. Олар тәсілдерді біріздендіруге, қызмет сапасын арттыруға және мультидисциплинарлық командалардың тиімді жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл жұмыстар стационар жағдайында да, үй жағдайында да жүргізіледі. Әсіресе, балалар паллиативін дамыту – алда бізге үлкен жауапкершілік жүктейтін маңызды бағыт»,

– деді министр.

🔆 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, Қазақстанда паллиативтік төсек-орын саны нормативке жеткізілді — әр 100 мың адамға 10 төсек. Ел бойынша барлығы 2 087 төсек орны ұйымдастырылған, оның ішінде 81-і балаларға арналған.

🔆 Республиканың 20 өңірінде 220 мобильді бригада жұмыс істейді.

🔆 Қазіргі уақытта Қазақстанда 9 дербес мекеме паллиативтік көмек көрсетеді (Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Абай облыстарында, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалаларында).

Паллиативтік көмекке мұқтаж науқастардың ауру құрылымы кеңейді:

• онкологиялық аурулар — 41%,
• жүрек-қантамыр жүйесі аурулары — 27%,
• тыныс алу жүйесі аурулары — 12%,
• жарақаттар — 11%,
• туберкулез — 2%.

🔆 Паллиативтік көмек көрсету кезінде қолданылатын анестетиктер мен дәрілік заттар тізімі 18 атауға дейін кеңейтілді.

2025 жылға Бірыңғай дистрибьютор 318,1 млн теңге сомасына 9 атаудағы дәрілік заттарды (2 млн-нан астам бірлік) сатып алды.

Сонымен қатар,қазіргі заман талабына сай келтіру мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі паллиативтік көмек көрсету стандартына өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр.

🔷 Конференция қорытындылары жазылмайтын дертке шалдыққан адамдардың өмір сапасын қамтамасыз ететін интеграцияланған паллиативтік көмек жүйесін қалыптастыру жолындағы жаңа қадам болмақ.

🚀 https://t.me/DenMinPR
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПАЛЛИАТИВТІК КӨМЕК: ПРЕПАРАТТАР ТІЗІМІ МЕН СТАЦИОНАРЛАР ҚУАТЫ КЕҢЕЙТІЛДІ 📌 2025 жылы стационарлық деңгейде паллиативтік көмек көрсету тарифі артты, сондай-ақ кепілдендірілген тегін медициналық көмек (КТТМК) шеңберінде мобильді бригадаларды қаржыландыру…
ПАЛЛИАТИВНАЯ ПОМОЩЬ В КАЗАХСТАНЕ : РАСШИРЕНЫ ПЕРЕЧЕНЬ ПРЕПАРАТОВ И МОЩНОСТИ СТАЦИОНАРОВ ДЛЯ ПАЦИЕНТОВ

📌 В 2025 году увеличен тариф на оказание паллиативной помощи на стационарном уровне, также увеличен объем финансирования выездных мобильных бригад в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи (ГОБМП).

Это позволит расширить доступ пациентов к получению паллиативной медицинской помощи, усилить инфраструктуру и стимулировать развитие данной службы на всех уровнях, отметила министр здравоохранения Акмарал Альназарова в своем приветственном слове к участникам ежегодной конференции, посвящённой вопросам оказания паллиативной помощи в Алматы.

🔻 В Казахстане особое внимание уделяется развитию паллиативной помощи как одному из приоритетных направлений здравоохранения.

«Организация качественной паллиативной помощи неизлечимо больным людям — это не просто медицинская задача. Это вопрос человечности, милосердия и справедливости. В настоящее время разрабатываются новые национальные стандарты по организации оказания паллиативной помощи, направленные на унификацию подходов, улучшение качества услуг и повышение эффективности работы мультидисциплинарных команд, как в условиях стационара, так и на дому. Особое значение имеет развитие детского паллиатива — сферы, где нам предстоит сделать важные шаги вперёд»,

– сказала глава Минздрава.

🔆 По состоянию на 1 января 2025 года, в РК количество паллиативных коек доведено до стандарта — 10 коек на 100 тысяч населения. В стране развернуто 2 087 коек, из них 81 — для детей. Во всех 20 регионах РК работают 220 мобильных бригад.

🔆 В Казахстане функционируют 9 самостоятельных учреждений, оказывающих паллиативную помощь (в Алматинской, Жамбылской, Карагандинской, Павлодарской, Северо-Казахстанской, Восточно-Казахстанской, Абайской областях, а также в городах Алматы и Шымкент).

Структура заболеваний пациентов, нуждающихся в паллиативной помощи, расширена:

• онкологические заболевания — 41%,
• сердечно-сосудистые — 27%,
• болезни органов дыхания — 12%,
• травмы — 11%,
• туберкулёз — 2%.

🔆 Перечень анестетиков и лекарственных средств, применяемых при оказании паллиативной помощи, расширен до 18 наименований.

На 2025 год Единым дистрибьютором закуплены 9 наименований лекарственных средств на сумму 318,1 млн тенге, и это более 2 млн единиц препаратов.

Кроме того, Министерством здравоохранения РК планируется внесение изменений в стандарт оказания паллиативной помощи с целью его совершенствования и адаптации к современным требованиям.

🔷 Итоги конференции станут новым шагом к формированию интегрированной системы паллиативной помощи, обеспечивающей достойное качество жизни неизлечимо больным людям.

🚀 https://t.me/DenMinPR
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚТЫҢ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КҮНІ: ІШКІ ТЕҢДІККЕ ҚАМҚОРЛЫҚ

📌 10 қазан – бүкіл әлемде Психикалық денсаулықтың дүниежүзілік күні атап өтіледі. Бұл күн – қоғамның психикалық саулықтың маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыруға, стигманы азайтуға және мамандар, ұйымдар мен азаматтардың күш-жігерін біріктіруге бағытталған жыл сайынғы іс-шара.

🔷 Психикалық денсаулық – бұл тек аурудың жоқтығы ғана емес, адамның ішкі тепе-теңдік күйі, ол кезде адам күйзеліске төтеп бере алады, өзінің әлеуетін жүзеге асырады, жемісті еңбек етеді және отбасы мен қоғам өміріне үлес қосады.

Соңғы жылдары Қазақстанда психикалық денсаулық мәселелеріне ерекше назар аударылуда.

Денсаулық сақтау министрлігі өңірлермен бірлесе отырып, психологиялық және психиатриялық көмекті күшейту, реабилитациялық және профилактикалық бағдарламалар желісін дамыту, мамандар даярлығын кеңейту бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.

🔷 Алдын алуға ерекше назар
Бастапқы профилактикаға ерекше мән беріледі:

➤ күйзеліс пен эмоциялық бұзылыстарды ерте анықтау;
➤ өзін-өзі реттеу және күйзеліске төзімділік дағдыларын үйрету;
➤ жасөспірімдер мен жастар арасында психологиялық ағарту жұмыстарын жүргізу;
➤ отбасы мен ата-аналарды қолдау бағдарламаларын дамыту.

🔹 Стигманы еңсеру – ортақ міндет

Көптеген адамдар қорқыныш, стигма немесе қайда жүгінерін білмеу себепті көмекке жүгінбейді.

Ашық есік күндерін, ағартушылық акцияларын өткізу, мектеп және жоғары оқу орындары психологтарының жұмысы – психиатриялық және психологиялық көмек жүйесіне деген сенімді арттыру мен кедергілерді азайтудың маңызды қадамдары.

🔹 Психикалық саулықты сақтау бойынша мамандар кеңесі:

1. Эмоциялық ресурсты сақтау – еңбек пен демалысты алмастыру, хоббиге және табиғат аясындағы демалысқа уақыт бөлу.

2. Дененің белгілерін елемеу – ашуланшақтық, ұйқысыздық, тұрақты шаршау мен мазасыздық эмоционалды күйіп кетудің белгілері болуы мүмкін.

3. Сезімдер туралы ашық айту – уайыммен бөлісу, жақындармен сөйлесу немесе мамандардан көмек сұрау.

4. Көмек сұраудан ұялмау – психикалық денсаулыққа қамқорлық жасау әлсіздік емес, жауапкершіліктің белгісі.

Психикалық денсаулықтың дүниежүзілік күні Дүниежүзілік психикалық денсаулық федерациясының (WFMH) бастамасымен бекітіліп, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) қолдауымен өткізіледі.
2025 жылдың ұраны — «Психикалық денсаулық – әр адамның әмбебап құқығы».

🚀 https://t.me/DenMinPR
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚТЫҢ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КҮНІ: ІШКІ ТЕҢДІККЕ ҚАМҚОРЛЫҚ 📌 10 қазан – бүкіл әлемде Психикалық денсаулықтың дүниежүзілік күні атап өтіледі. Бұл күн – қоғамның психикалық саулықтың маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыруға, стигманы азайтуға және…
ВСЕМИРНЫЙ ДЕНЬ ПСИХИЧЕСКОГО ЗДОРОВЬЯ: ЗАБОТА О ВНУТРЕННЕМ РАВНОВЕСИИ

📌 10 октября во всём мире отмечается Всемирный день психического здоровья — ежегодное событие, направленное на повышение осведомлённости общества о важности психического благополучия, снижение стигмы и объединение усилий специалистов, организаций и граждан для укрепления психического здоровья населения.

🔷 Психическое здоровье — это не просто отсутствие заболеваний, а состояние внутреннего равновесия, при котором человек способен справляться со стрессом, реализовывать свой потенциал, продуктивно трудиться и вносить вклад в жизнь семьи и общества.

В последние годы вопросам психического здоровья в Казахстане уделяется всё больше внимания.

Министерством здравоохранения совместно с регионами проводится укрепление системы психологической и психиатрической помощи, развивается сеть реабилитационных и профилактических программ, расширяется подготовка специалистов.

🔷 Особое внимание уделяется первичной профилактике:

➤ раннему выявлению стрессовых и эмоциональных нарушений,
➤ обучению навыкам саморегуляции и стрессоустойчивости,
➤ психологическому просвещению подростков и молодёжи,
➤ развитию программ поддержки семей и родителей.

🔹 Преодоление стигмы — общее дело

Многие люди не обращаются за помощью из-за страха, стигмы или незнания, куда можно обратиться.

Проведение дней открытых дверей, просветительских акций, работа школьных и вузовских психологов — важные шаги к снижению барьеров и формированию доверия к системе психиатрической и психологической помощи.

🔹 Рекомендации специалистов для сохранения ментального здоровья:

1. Беречь эмоциональные ресурсы — чередовать работу и отдых, уделять время хобби и отдыху на природе.
2. Не игнорировать сигналы организма — раздражительность, бессонница, постоянная усталость и тревога могут быть признаками эмоционального выгорания.
3. Говорить о чувствах — делиться переживаниями с близкими или обращаться за поддержкой к специалистам.
4. Не стесняться просить помощи — забота о психическом здоровье — это проявление ответственности, а не слабости.

Всемирный день психического здоровья учреждён Всемирной федерацией психического здоровья (WFMH) и поддерживается Всемирной организацией здравоохранения (ВОЗ). Девиз Дня в 2025 году — «Ментальное здоровье — универсальное право каждого».

🚀 https://t.me/DenMinPR
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ӨЗБЕКСТАНДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ МЕДИЦИНА КҮНДЕРІ ӨТЕДІ

🇰🇿 🇺🇿13–17 қазан аралығында Өзбекстан Республикасында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен Өзбекстан Республикасының салалық ведомствосының қолдауымен Қазақстанның медицина күндері өтеді.

➤ Іс-шараның мақсаты – халықаралық ынтымақтастықты нығайту, озық тәжірибе алмасу және қазақстандық денсаулық сақтау жүйесінің жетістіктерін көрсету болып табылады.

🔷 Елдің жетекші ғылыми-медициналық орталықтарының дәрігерлер бригадалары – Ұлттық нейрохирургия орталығы, Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы, Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу орталығы, Ұлттық онкология орталығы, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ, Травматология және ортопедия Ұлттық ғылыми орталығы, сондай-ақ UMC корпоративтік қорының клиникалары – Бұхара, Нүкіс, Самарқанд, Ферғана және Ташкент қалаларына барып, кеңес беру, күрделі интервенциялық ем-шаралар жүргізу, заманауи диагностикалық және емдеу әдістемелерін тәжірибеде қолдану бойынша тәжірибе алмасу жұмыстарын жүргізеді.

➤ Медицина күндерінің бағдарламасына заманауи нейрохирургиялық операциялар өткізу бойынша бірегей технологиялар мен шеберлік сыныптары, жүктілікті жүргізудің инновациялық тәсілдері, жаңа туған сәбилердің жағдайын бағалау әдістері, балалар онкологиясы мен генетикасы бойынша кеңестер, туа біткен ақаулары бар балаларға жасалатын имплантация операциялары, сондай-ақ трансплантология, онкология, акушерлік және гинекология, кардиохирургия салаларындағы интервенциялар кіреді.

⚡️ Делегация құрамына кардиологтар, онкологтар, хирургтар, радиологтар, анестезиолог-реаниматологтар және интервенциялық ем-шаралар бойынша мамандар енді.

«Қазақстанның медицина күндерін өткізу — бұл жай ғана тәжірибе алмасу емес. Бұл біздің дәрігерлердің кәсібилігі мен технологиялық мүмкіндіктерін көрсететін нақты мысал. Мұндай бастамалар ғылыми және клиникалық әлеуетті біріктіруге, өңірлік ынтымақтастықты дамытуға және Орталық Азияда ортақ медициналық кеңістік қалыптастыруға мүмкіндік береді»,

— деп Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова атап өтті.

📌 Іс-шара барысында денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру, қашықтан оқыту, телемедицина және бірлескен ғылыми зерттеулерді дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылады.

⏩ Медициналық іс-шаралардың қорытындысы бойынша екі елдің медициналық ұйымдары мен ғылыми институттары арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қою, сондай-ақ ғылым, білім және клиникалық тәжірибе салаларындағы бірлескен жобалардың жол картасын әзірлеу жоспарлануда.

🚀 https://t.me/DenMinPR
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
ӨЗБЕКСТАНДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ МЕДИЦИНА КҮНДЕРІ ӨТЕДІ 🇰🇿 🇺🇿13–17 қазан аралығында Өзбекстан Республикасында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен Өзбекстан Республикасының салалық ведомствосының қолдауымен Қазақстанның медицина күндері…
В УЗБЕКИСТАНЕ В ОКТЯБРЕ ПРОЙДУТ ДНИ КАЗАХСТАНСКОЙ МЕДИЦИНЫ

🇰🇿🇺🇿 В Узбекистане с 13 октября по 17 октября намечаются Дни казахстанской медицины, организованные Министерством здравоохранения Республики Казахстан при поддержке профильного ведомства Республики Узбекистан.

➤ Мероприятие направлено на укрепление международного сотрудничества, обмен передовым опытом и демонстрацию достижений казахстанского здравоохранения.

🔷 Бригады врачей, представляющих ведущие научные медицинские центры страны, в числе которых Национальный центр нейрохирургии, Научный центр акушерства, гинекологии и перинатологии, Национальный научный кардиохирургический центр, Казахский научно-исследовательский центр онкологии и радиологии, Национальный научный онкологический центр, НИИ кардиологии и внутренних болезней, ННЦ травматологии и ортопедии, клиники Корпоративного фонда UMC выехали в города Бухара, Нукус, Самарканд, Фергана, Ташкент для проведения консультаций, сложных интервенционных вмешательств, обмена опытом в применении передовых диагностических и лечебных методик на современном оборудовании.

➤ Программа Дней медицины включает уникальные технологии лечения и мастер-классы по проведению современных нейрохирургических операций, инновационные подходы к ведению беременности и оценке состояния новорожденных, консультации по детской онкологии, генетике, операции по имплантации детям с врожденными пороками развития, а также интервенции в области трансплантологии, онкологии, акушерства и гинекологии, кардиохирургии.

⚡️ В состав делегации вошли высококвалифицированные врачи различных профилей — кардиологи, онкологи, хирурги, радиологи, анестезиологи-реаниматологи и специалисты по интервенционным вмешательствам.

«Проведение Дней казахстанской медицины — это не просто обмен опытом. Это живая демонстрация технологических возможностей и профессионализма наших врачей. Такие инициативы позволяют объединять научный и клинический потенциал, развивать региональное сотрудничество и формировать общее медицинское пространство Центральной Азии»,

— отметила министр здравоохранения Республики Казахстан Акмарал Альназарова.

📌 Особое внимание будет уделено вопросам цифровизации здравоохранения, дистанционного обучения, развитию телемедицины и совместным научным исследованиям.

⏩ По итогам мероприятий планируется подписание меморандумов между медицинскими учреждениями, научными институтами двух стран и выработка дорожной карты совместных проектов в области науки, образования и клинической практики.

🚀 https://t.me/DenMinPR
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1