АСТАНАДА КОЛОРЕКТАЛДЫ ХИРУРГТАРДЫҢ I ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КОНГРЕСІ ӨТТІ
📌 Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығында колоректальды хирургтардың алғашқы Қазақстандық конгресі — елдегі колоректальды хирургияның қазіргі заманғы жетістіктеріне, сын-тегеуріндері мен даму перспективаларына арналған ауқымды оқиға өтті.
Іс-шараға жетекші отандық және шетелдік мамандар, ғалымдар, хирургтар және бейінді медициналық ұйымдардың өкілдері қатысты.
👀 Зерттеулерге сәйкес, декомпенсацияланған долихосигмасы бар пациенттердің 78%-ы әйелдер, олардың 62%-ы еңбекке қабілетті жаста, бұл ауруды әлеуметтік мәнді және медициналық проблемаға айналдырады.
Долихосигма жағдайларының ең көп саны Қарағанды облысында, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларында тіркелген.
👀 2024 жылғы статистикалық деректерге сәйкес 5 462 пациент емделді, оның 27 жағдайы өліммен аяқталды. 2025 жылдың алғашқы 6 айында 5 990 пациент емделді, өлім 15 жағдайға дейін төмендеді. Емделген пациенттер санының өсуіне қарамастан, өлім көрсеткішінің төмендеуі байқалады, бұл колопроктологиялық көмек сапасының жоғарылауын растайды.
Конгресс отандық және шетелдік жетекші мамандармен тәжірибе алмасуға, заманауи ғылыми жетістіктер мен хирургиялық тәсілдерді талқылауға, сондай-ақ колопроктологиялық көмекті ұйымдастыру және сапасын арттыру бойынша жаңа бастамаларды енгізуге жәрдемдесуге мүмкіндік береді.
🔷 Профессор, академик Жақсылық Досқалиев, М. М. Мамакеев атындағы Ұлттық хирургия орталығы (Қырғызстан) директорының орынбасары Жәнібек Әшімов, Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының Басқарма төрағасы Ержан Әділбеков және қазақстандық колоректалды хирургтар қауымдастығының президенті Батыр Айтмолдин құттықтау сөз сөйледі.
Іс-шара барысында тоқ ішектің және тік ішектің аурулары, оның ішінде онкологиялық патологиялар, сондай-ақ оларды диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістері қарастырылды.
Жітк парапроктитті екі сатылы емдеуде дренажды лигатураның тиімділігі, кіші проктологиядағы лазерлік технологиялар және колоректальды хирургия саласында инфекциялардың профилактикасы үшін стандартталған чек-парақты енгізу мәселелері бөлек көтерілді.
💠 Қазақстан Республикасының колоректальды хирургтар қауымдастығы кәсіби қоғамдастықты белсенді дамытады, инновациялық әдістемелерді енгізуге, дәлелді медицина стандарттарын ілгерілетуге және хирургиялық көмектің сапасын арттыруға ықпал етеді.
🚀 https://t.me/DenMinPR
📌 Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығында колоректальды хирургтардың алғашқы Қазақстандық конгресі — елдегі колоректальды хирургияның қазіргі заманғы жетістіктеріне, сын-тегеуріндері мен даму перспективаларына арналған ауқымды оқиға өтті.
Іс-шараға жетекші отандық және шетелдік мамандар, ғалымдар, хирургтар және бейінді медициналық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Долихосигма жағдайларының ең көп саны Қарағанды облысында, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларында тіркелген.
Конгресс отандық және шетелдік жетекші мамандармен тәжірибе алмасуға, заманауи ғылыми жетістіктер мен хирургиялық тәсілдерді талқылауға, сондай-ақ колопроктологиялық көмекті ұйымдастыру және сапасын арттыру бойынша жаңа бастамаларды енгізуге жәрдемдесуге мүмкіндік береді.
Іс-шара барысында тоқ ішектің және тік ішектің аурулары, оның ішінде онкологиялық патологиялар, сондай-ақ оларды диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістері қарастырылды.
Жітк парапроктитті екі сатылы емдеуде дренажды лигатураның тиімділігі, кіші проктологиядағы лазерлік технологиялар және колоректальды хирургия саласында инфекциялардың профилактикасы үшін стандартталған чек-парақты енгізу мәселелері бөлек көтерілді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
АСТАНАДА КОЛОРЕКТАЛДЫ ХИРУРГТАРДЫҢ I ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КОНГРЕСІ ӨТТІ 📌 Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығында колоректальды хирургтардың алғашқы Қазақстандық конгресі — елдегі колоректальды хирургияның қазіргі заманғы жетістіктеріне, сын-тегеуріндері мен…
В АСТАНЕ СОСТОЯЛСЯ I КАЗАХСТАНСКИЙ КОНГРЕСС КОЛОРЕКТАЛЬНЫХ ХИРУРГОВ
📌 В Национальном координационном центре экстренной медицины состоялся первый Казахстанский конгресс колоректальных хирургов — масштабное событие, посвящённое современным достижениям, вызовам и перспективам развития колоректальной хирургии в стране.
Мероприятие собрало ведущих отечественных и зарубежных специалистов, ученых, хирургов и представителей профильных медицинских организаций.
👀 По данным исследований, до 78% пациентов с декомпенсированной долихосигмой — женщины, при этом 62% из них находятся в трудоспособном возрасте, что делает заболевание значимой социальной и медицинской проблемой.
Наибольшее число случаев долихосигмы зарегистрировано в Карагандинской области, а также в городах Астана и Алматы.
👀 По статистическим данным за 2024 год, пролечено 5 462 пациента, из которых 27 случаев закончились летально. В первые 6 месяцев 2025 года пролечено 5 990 пациентов, при этом летальность снизилась до 15 случаев. Несмотря на рост числа пролеченных больных, отмечается снижение показателя летальности, что подтверждает повышение качества колопроктологической помощи.
Конгресс предоставляет возможность обменяться опытом с ведущими отечественными и зарубежными специалистами, обсудить современные научные достижения и хирургические подходы, а также содействовать внедрению новых инициатив по организации и повышению качества колопроктологической помощи.
🔷 С приветственными словами выступили профессор, академик Жаксылык Доскалиев, заместитель Директора Национального центра хирургии им. М.М. Мамакеева (Кыргызстан) Жанибек Ашимов, Председатель Правления Национального координационного центра экстренной медицины Ержан Адильбеков и Президент Казахстанской ассоциации колоректальных хирургов Батыр Айтмолдин.
В ходе мероприятия рассмотрены заболевания толстой и прямой кишки, включая онкологические патологии, а также современные методы их диагностики и лечения.
Отдельно был поднят вопросы эффективности дренирующей лигатуры при двухэтапном лечении острого парапроктита, лазерные технологии в малой проктологии и внедрение стандартизированного чек-листа для профилактики инфекций в области колоректальной хирургии.
💠 Ассоциация колоректальных хирургов Республики Казахстан активно развивает профессиональное сообщество, способствует внедрению инновационных методик, продвижению стандартов доказательной медицины и повышению качества хирургической помощи.
🚀 https://t.me/DenMinPR
📌 В Национальном координационном центре экстренной медицины состоялся первый Казахстанский конгресс колоректальных хирургов — масштабное событие, посвящённое современным достижениям, вызовам и перспективам развития колоректальной хирургии в стране.
Мероприятие собрало ведущих отечественных и зарубежных специалистов, ученых, хирургов и представителей профильных медицинских организаций.
Наибольшее число случаев долихосигмы зарегистрировано в Карагандинской области, а также в городах Астана и Алматы.
Конгресс предоставляет возможность обменяться опытом с ведущими отечественными и зарубежными специалистами, обсудить современные научные достижения и хирургические подходы, а также содействовать внедрению новых инициатив по организации и повышению качества колопроктологической помощи.
В ходе мероприятия рассмотрены заболевания толстой и прямой кишки, включая онкологические патологии, а также современные методы их диагностики и лечения.
Отдельно был поднят вопросы эффективности дренирующей лигатуры при двухэтапном лечении острого парапроктита, лазерные технологии в малой проктологии и внедрение стандартизированного чек-листа для профилактики инфекций в области колоректальной хирургии.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
АСТАНАДА КОЛОРЕКТАЛДЫ ХИРУРГТАРДЫҢ I ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КОНГРЕСІ ӨТТІ 📌 Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығында колоректальды хирургтардың алғашқы Қазақстандық конгресі — елдегі колоректальды хирургияның қазіргі заманғы жетістіктеріне, сын-тегеуріндері мен…
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2👏2
Forwarded from UKIMET
Олжас Бектенов Президенттің медицинадағы озық технологияларды дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексерді
📍 Премьер-министр Олжас Бектенов Ұлттық ғылыми онкология орталығы (ҰҒОО) мен Nazarbayev University Биомедициналық зерттеу орталығының қызметімен танысты. Президенттің медицинада озық технологияларды қолдану және денсаулық сақтау жүйесін дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысына назар аударылды.
🏥 Олжас Бектенов Президент тапсырмасымен салынған Ұлттық ғылыми онкология орталығының жаңа корпусының жарақтандырылу жағдайын тексерді, онда науқастарға жоғары технологиялық ем түрлері ұсынылады.
🧬 ҰҒОО – Қазақстандағы радиациялық онкология бойынша көшбасшы орталық. Мұнда жыл сайын 12 мыңға жуық диагностикалық зерттеу мен жедел ота жасау, 4 мың сәулелік және протондық терапия курсы, сондай-ақ 330-ға дейін ағзалар мен сүйек кемігін трансплантациялау сынды ем-шаралар жүзеге асырылады.
📊 Пациенттерге барлық онкологиялық көмек тегін медициналық кепілдендірілген көмек көлемі (ТМККК) және Міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру (МӘМС) шеңберінде ақысыз көрсетіледі. Аталған мақсаттарға мемлекеттік бюджеттен жыл сайын 170 млрд теңгеден астам қаражат бөлінеді. Онкологиялық көмекке арналған бюджет көлемі соңғы 3 жылда 6 есеге ұлғайды, оның ішінде инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру, заманауи жабдықтармен жарақтандыру шығындары да бар.
🎗 Премьер-министрге Ұлттық ғылыми онкология орталығына «АЭХА-ның зәкірлік орталығы» (Anchor Center) мәртебесін алып беру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтылды, оны алған жағдайда орталық бүкіл Орталық Азия аймағы үшін радиациялық онкология және ядролық медицина саласындағы озық тәжірибені дамыту және таратуға арналған тірек алаңына айналмақ.
💊 Радиациялық технологиялар орталығында обыр ауруын диагностикалауға (cоның ішінде ерте сатысында) және емдеуге арналған радиофармпрепараттар өндірісінің толық циклін игеру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бүгінгі таңда «18-фтордезоксиглюкоза (18F-FDG)» радиофармпрепаратының өндірісі жолға қойылған. Ол ПЭТ/КТ және елімізде алғаш рет қолданылғалы отырған ПЭТ/МРТ диагностикасы үшін қажет. Таяу уақытта тағы 13 препарат шығару жоспарлануда, олардың бір бөлігі алғаш рет синтезделмек. Өндірісі өзімізде болғанының арқасында жылына 12 мыңға дейін зерттеу жұмысын жүргізу мүмкін болып отыр.
🧪 Радионуклидтік терапия бөлімшесінде қалқанша безінің қатерлі ісігін емдеу үшін йод-131 негізіндегі препарат қолданылады. Пациенттер аталған радиофармпрепаратты қабылдағаннан кейін 5-7 күн оқшау жатқызылады. Бөлмелер АЭХА-ның талаптары мен стандарттарына сай жарақтандырылған. Биылғы 5 айда мұнда 80 адам емделді. Жалпы, бөлімше жылына 300-ден астам науқасты қабылдай алады.
⚕️ Денсаулық сақтау министрлігі азаматтардың радиофармпрепараттарды пайдалана отырып емделу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін 6 өңірлік орталықты біріктіріп желі құру жұмыстарын жүргізуде. «Сәулемен емдеуге арналған» осындай қосымша палаталар Астана, Алматы, Шымкент, Семей, Қарағанды және Ақтөбе қалаларында ашылады.

👍2
Forwarded from UKIMET
💡 Медициналық инфрақұрылымды аралау кезінде жасанды интеллект технологияларының енгізілуіне де назар аударылды. Сәулелік және протондық терапияда жасанды интеллектіні қолдану сау тіндерге өте аз әсер ете отырып, жоғары дәлдікпен емдеуге мүмкіндік береді. Ұлттық ғылыми онкология орталығында ЖИ технологияларына негізделген EDGE және ETHOS жүйелерін қоса алғанда, Varian желілік үдеткіштері бар 7 радиациялық онкология бункері жұмыс істейді.
🖥 Протонды терапия орталығы – Varian компаниясы жасап шығарған ProBeam 360 жүйесімен жарақтандырылған Орталық Азиядағы жалғыз орталық. Мұндай қондырғылар бүгінде әлемнің тек 24 елінде ғана жұмыс істеп тұр. Бұл терапия балаларды ми мен жұлын бойында, көру құрылымдарында және басқа да жерлерде жаңадан ісік пайда болған кезде емдеуге өте оңтайлы. Мұндағы жоғары дәлдікті екі КТ-симуляторы қамтамасыз етеді. Одан бөлек Қазақтанда алғаш рет МРТ-симулятор іске қосылды. Орталық жылына 1 мың адамға дейін емдеуге есептелген, оның ішінде шетелдік пациенттер де бар, бұл еліміздің медициналық туризм саласындағы әлеуетін нығайта түседі.
👩🏻⚕️👨🏻⚕️ Гибридті операциялық залдарда дәрігерлер миға, жүрекке және тағы да басқа ағзаларға 350-ден астам жоғары технологиялық операциялар жасайды. Сонымен қатар кадрлардың біліктілігін үнемі арттырып отыру да – маңызды бағыт. ҰҒОО-ның 250-ден астам маманы әлемнің жетекші онкологиялық орталықтарында заманауи жабдықтармен жұмыс істеп, тәжірибе жинақтаған.
✅ Олжас Бектенов Денсаулық сақтау министрлігіне еліміздің барлық өңірлерінен келген онкопациенттерге озық емдеу әдістерінің барынша қолжетімді болуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ Қазақстанда ядролық медицинаны одан әрі дамыту үшін қажетті жағдай жасауды тапсырды.

🏥 Премьер-министр қазақстандық ғалымдар, оқытушылар мен студенттер үшін ресурстық және оқу алаңына айналған Nazarbayev University-дің жаңа Биомедициналық зерттеу орталығының жарақтандырылу жағдайымен танысты. 5 600 шаршы метрден астам аумақта биомедициналық және клиникаға дейінгі зерттеулер жүргізу үшін барлық жағдай жасалған. Атап айтқанда, геномика, молекулярлық биология, тіндік инженерия, регенеративті және трансляциялық медицина саласындағы зерттеулер үшін платформа бар.
🔬 Мұндағы басты ерекшелік – биология және фармакология саласында ғылыми зерттеулер жүргізілетін виварий. Технологиялық жарақтандыру деңгейі және халықаралық биоқауіпсіздік стандарттарын сақтау бойынша бұл нысанның аймақта баламасы жоқ.
💬 NU президенті, профессор Вакар Ахмад қазіргі уақытта зертханалық жануарлармен жұмыс сапасын бағалаудың танымал жаһандық жүйелерінің бірі – AAALAC International аккредитациясын алу бойынша жұмыстар жүріп жатқанын хабарлады. Виварийдің ашылуы қазақстандық ғалымдарға отандық дәрі-дәрмектер өндірісінің желісін ұлғайту үшін зерттеулердің сапалы жаңа деңгейіне өтуге мүмкіндік береді.
⚙️ Мұнда Премьер-министрдің назарына NU экожүйесінде дамып жатқан бірқатар ғылыми және технологиялық жоба ұсынылды. University Medical Center корпоративтік қорының басқарма төрағасы, доктор Юрий Пя донорлық органдарды адам ағзасына барынша ұқсас жағдайда консервациялауға және ұзақ мерзім тасымалдауға арналған инновациялық ALEM құрылғысын таныстырды. Аталған технологияны енгізу еліміздегі трансплантологияның тиімділігін едәуір арттырмақ.
💬 National Laboratory Astana бас директоры, профессор Дос Сарбасов клиникаға дейінгі сынақтар мен жаңа дәрілік препараттарды әзірлеуге маманданатын Өңірлік фармацевтикалық орталық құру жоспары туралы айтты. Жобада Қазақстанда локализация деңгейі жоғары фармацевтикалық өндірісті дамыту үшін R&D-инфрақұрылымын қалыптастыру көзделген.
✔️ Премьер-министр сонымен қатар NU Медицина мектебінің қызметімен, ғалымдарының онкология, шеміршек регенерациясы, сынықтарды роботтандырылған емдеу, фармацевтикалық компоненттерді алу үшін қалдықтарды биологиялық жолмен өңдеу туралы және тағы да басқа зерттеулерімен танысты. Бұдан басқа, оның назарына NU технопаркі резиденттерінің медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыратын медициналық технологияларды әзірлеуге бағытталған жобалары ұсынылды.
📌 Олжас Бектенов ғылыми-зерттеу жұмыстарының қазақстандық медицинаны және фармацевтиканы дамытудағы маңыздылығын атап өтіп, салалық министрліктерге озық отандық әзірлемелерді іс жүзіне асыру үшін барлық жағдайды жасауды тапсырды.
📱 @KZgovernment