ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
10.1K subscribers
18.3K photos
1.54K videos
28 files
4.2K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
АЛМАТЫДА ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ЖАСТАР ДЕНСАУЛЫҒЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША САРАПШЫЛАРДЫ БІРІКТІРДІ

⭐️ 2026 жылғы 8–9 сәуір күндері Алматы қаласында «Жасөспірімдер мен жастардың репродуктивтік денсаулығы» атты V мерейтойлық халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шара «Қазақстанның жыныстық және репродуктивтік денсаулық қауымдастығы (ҚМПА)» қоғамдық бірлестігі тарапынан ұйымның 30 жылдығы шеңберінде ұйымдастырылды.

📌 Конференцияны ашқан Нұртөре Жүсіп жастардың репродуктивтік денсаулығы мәселелері елдің демографиялық болашағы мен адами капитал сапасымен тікелей байланысты екенін атап өтті.

🙌 Қатысушылар жасөспірімдер денсаулығын сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын талқылады. Оның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бастамалары, сондай-ақ ерте жүктіліктің, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың профилактикасы және салауатты мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру мәселелері қарастырылды.

📍 ЮНФПА деректері бойынша 15–19 жас аралығындағы қыздардың шамамен 3%-ы жоспарланбаған жүктілікке тап болады, ал жасөспірімдердің 60%-дан астамының өз денсаулығын сақтау туралы жеткілікті білімі жоқ.

🌱 Сарапшылар, оның ішінде Тамара Джусубалиева мен Галина Гребенникова кешенді тәсілдің, ағартушылық жұмысты дамытудың және ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейтудің маңыздылығын атап өтті.

⚜️ Конференцияға мемлекеттік органдардың, медицина және білім беру саласының өкілдері, сондай-ақ жастар қатысты, жастар үшін арнайы оқыту сессиялары ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
МЕЖДУНАРОДНАЯ КОНФЕРЕНЦИЯ В АЛМАТЫ ОБЪЕДИНИЛА ЭКСПЕРТОВ ПО ВОПРОСАМ ЗДОРОВЬЯ МОЛОДЕЖИ

⭐️ 8–9 апреля 2026 года в Алматы прошла V юбилейная международная научно-практическая конференция «Репродуктивное здоровье подростков и молодежи», организованная ОО «Казахстанская ассоциация по половому и репродуктивному здоровью (КМПА)» в рамках 30-летия организации.

📌 Открывая мероприятие, Нурторе Жусип подчеркнул, что вопросы репродуктивного здоровья молодежи напрямую связаны с демографическим будущим страны и качеством человеческого капитала.

🙌 Участники обсудили приоритеты государственной политики в сфере охраны здоровья подростков, включая инициативы Национальная комиссия по делам женщин и семейно-демографической политике при Президенте РК и Министерство здравоохранения Республики Казахстан, а также профилактику ранней беременности, ИППП и формирование здоровых поведенческих навыков.

📍 По данным ЮНФПА, около 3% девушек 15–19 лет сталкиваются с незапланированной беременностью, при этом более 60% подростков не обладают достаточными знаниями о защите своего здоровья.

🌱 Эксперты, включая Тамара Джусубалиева и Галина Гребенникова, отметили необходимость комплексного подхода, развития просвещения и межведомственного взаимодействия.

⚜️ В конференции приняли участие представители госорганов, медицинского и образовательного сообществ, а также молодежь, для которой были организованы специальные обучающие сессии.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
ҚАЗАҚСТАН БАКУ ҚАЛАСЫНДА ӨТІП ЖАТҚАН ТҮРКІ ТІЛДЕС ЕЛДЕР НЕФРОЛОГТАРЫНЫҢ I КОНГРЕСІНЕ ҚАТЫСУДА

⚡️ Осы күндері Баку қаласында Түркі тілдес елдер федерациясының нефрологтарының I Конгресі өтуде. Аталған іс-шараға Қазақстаннан ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас штаттан тыс нефрологы, профессор Салтанат Туғанбекованың жетекшілігімен нефролог дәрігерлер мен экстракорпоралдық гемокоррекция мамандарынан құралған делегация қатысуда.

📝 Форумның жұмысына Қазақстан, Әзербайжан, Түрікменстан, Түркия, Қырғызстан және басқа да елдердің өкілдері қатысуда.

✔️ Созылмалы бүйрек ауруы — денсаулық сақтау саласындағы жаһандық сын-қатер
Созылмалы бүйрек ауруы (СБА) денсаулық сақтау саласындағы ең өзекті проблемалардың бірі болып қала беруде. Сараптамалық бағалауларға сәйкес әлемде әрбір оныншы адам осы дертке шалдыққан.

СБА жүрек-қантамырлық асқынулар қаупін айтарлықтай арттырады, өмір сапасын төмендетеді және терминалдық бүйрек жеткіліксіздігіне әкелуі мүмкін. Мұндай жағдайда диализ немесе бүйрек трансплантациясы өмір үшін аса қажет.

Қазақстандағы жағдай: мыңдаған пациент емдеуді қажет етеді
Қазіргі уақытта Қазақстанда СБА-ның әртүрлі сатысымен шамамен 26 900 пациент анықталған. Ересек халықтың арасында аурудың таралуы 13%-дан асады (2,5 миллионнан астам адам).

14 000-нан астам пациент гемодиализ алады (158 амбулаториялық диализ орталығы жұмыс істейді), ал 2 500-ден астам адам бүйректі трансплантаттауынан кейін өмір сүруде.


Қоршаған ортаның қазіргі өзгерістері сырқаттанушылықтың артуына қосымша әсер етуде. Ауа ластануы, жылу стресі, сусыздану және экстремалды ауа райы жағдайлары СБА-ның дамуы мен үдеуіне ықпал етеді.

🌱 Конгрестің негізгі міндеттерінің бірі — мамандардың арасында тәжірибе алмасу, профилактикалық шараларды дамыту, диагностика мен емдеу әдістерін жетілдіру, сондай-ақ жаңа технологиялар мен медициналық шешімдерді енгізу.

Іс-шара шеңберінде Түркі тілдес елдер нефрологтарының Жоғары сараптамалық кеңесі құрылып, оның құрамына профессор С.К. Туғанбекова сайланды.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас штаттан тыс нефрологы құттықтау сөз сөйлеп, елдердің арасындағы кәсіби өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтті.


🙌 Конгресс қорытындысы бойынша созылмалы бүйрек ауруы бар пациенттерді диагностикалау және емдеу тәсілдерін жаңарту, сондай-ақ Қазақстандағы нефрологиялық қызметті одан әрі дамыту жоспарлануда.

🔹 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі бүйрек аурулары бар пациенттерге медициналық көмектің сапасын арттыру және заманауи халықаралық практикаларды енгізу жұмыстарын жалғастырады.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱1
КАЗАХСТАН ПРИНИМАЕТ УЧАСТИЕ В I КОНГРЕССЕ НЕФРОЛОГОВ ТЮРКОЯЗЫЧНЫХ СТРАН В БАКУ

⚡️ В эти дни в Баку проходит I Конгресс нефрологов Федерации тюркоязычных стран, где участвует казахстанская делегация группой специалистов — врачей-нефрологов и врачей экстракорпоральной гемокоррекции под руководством главного внештатного нефролога Министерства здравоохранения РК, профессора Салтанат Туганбековой.

📝 В работе форума принимают участие представители Казахстана, Азербайджана, Туркменистана, Турции, Кыргызстана и других стран.

✔️ Хроническая болезнь почек — глобальный вызов здравоохранению
Хроническая болезнь почек (ХБП) остаётся одной из наиболее актуальных проблем здравоохранения. По оценкам, данным заболеванием страдает каждый десятый человек в мире.

ХБП значительно повышает риск сердечно-сосудистых осложнений, снижает качество жизни и может приводить к терминальной почечной недостаточности, при которой жизненно необходимы диализ или трансплантация почки.

Ситуация в Казахстане: тысячи пациентов нуждаются в лечении
В Казахстане на сегодняшний день выявлено около 26 900 пациентов с различными стадиями ХБП, при предполагаемой распространённости более 13% среди взрослого населения (свыше 2,5 млн человек).

Более 14 000 пациентов получают гемодиализ (функционируют 158 амбулаторных диализных центров), свыше 2 500 человек живут с трансплантированной почкой.


Современные экологические изменения оказывают дополнительное влияние на рост заболеваемости. Загрязнение воздуха, тепловой стресс, обезвоживание и экстремальные погодные условия способствуют развитию и прогрессированию ХБП.

🌱 Одной из ключевых задач Конгресса является обмен опытом между специалистами, развитие профилактики, совершенствование методов диагностики и лечения, а также внедрение новых технологий и медицинских решений.

В рамках мероприятия создан Высший экспертный совет нефрологов тюркоязычных стран, в состав которого избрана профессор С.К. Туганбекова.

Главный внештатный нефролог МЗ РК выступила с приветственным словом, подчеркнув важность укрепления профессионального взаимодействия и сотрудничества между странами.


🙌 По итогам Конгресса планируется актуализация подходов к диагностике и лечению пациентов с хронической болезнью почек, а также дальнейшее развитие нефрологической службы в Казахстане.

🔹 Министерство здравоохранения Республики Казахстан продолжит работу по внедрению современных международных практик и повышению качества медицинской помощи пациентам с заболеваниями почек.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҒЫЛЫМ КҮНІ: ЗЕРТТЕУДЕН – ӨМІРДІ САҚТАУҒА ДЕЙІН

🔡Бүгін, 12 сәуірде, Қазақстанда ғылыми идеяларды нақты медициналық шешімдерге айналдыратын жандардың кәсіби мерекесі — Ғылым күні атап өтілуде.

🎓Академик Н. Ж. Батпенов атындағы Ұлттық травматология және ортопедия ғылыми орталығы үшін бұл күннің маңызы ерекше. Мұнда ғылыми қызмет даму негізі болып табылады, медициналық көмектің сапасын айқындап, пациенттерді емдеудің жаңа мүмкіндіктерін ашады.

Академик Нұрлан Батпенов негізін қалаған ғылыми мектептің дәстүрін жалғастыра отырып, Орталық тұрақты нәтижелер мен отандық медицинаның жоғары әлеуетін көрсетіп келеді. 2025 жыл Қазақстан ғылымының әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті шешімдер жасай алатынын дәлелдейтін маңызды жетістіктермен ерекшеленді.

👩‍⚕️Негізгі әзірлемелердің қатарында:
— буын шеміршек тінін қалпына келтіруге арналған инъекциялық гидрогельдерді әзірлеу жұмыстарының аяқталуы, бұл аз жарақатпен емдеу тәсілдерін дамытуға жол ашады;
— жетекші техникалық жоғары оқу орындарымен бірлесіп имплантаттарға арналған бактерияға қарсы жабындарды енгізу, бұл операциядан кейінгі асқынулар қаупін едәуір төмендетуге мүмкіндік береді;
— жеке 3D-имплантаттарды кеңінен қолдану және регенеративті медицина бағыттарын, соның ішінде жасушалық технологияларды дамыту.

🔻Бүгінде Орталықтың ғылыми қызметі кең ауқымды бағыттарды — заманауи материалдар мен нанотехнологиялардан бастап тірек-қимыл аппараты жарақаттары мен ауруларын емдеудегі кешенді пәнаралық тәсілдерге дейін қамтиды.

🔥Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі ғалымдарды, дәрігерлерді және зерттеушілерді Ғылым күнімен құттықтайды!

Сіздердің еңбектеріңіз, біліктіліктеріңіз және даму жолындағы талпыныстарыңыз отандық медицинаның болашағын қалыптастырып, басты мақсатқа — халық денсаулығын сақтауға және өмір сапасын арттыруға қызмет етеді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҒЫЛЫМ КҮНІ: ЗЕРТТЕУДЕН – ӨМІРДІ САҚТАУҒА ДЕЙІН 🔡Бүгін, 12 сәуірде, Қазақстанда ғылыми идеяларды нақты медициналық шешімдерге айналдыратын жандардың кәсіби мерекесі — Ғылым күні атап өтілуде. 🎓Академик Н. Ж. Батпенов атындағы Ұлттық травматология…
ДЕНЬ НАУКИ В КАЗАХСТАНЕ: ОТ ИССЛЕДОВАНИЙ К СПАСЕНИЮ ЖИЗНИ

🔡Сегодня, 12 апреля в Казахстане отмечается профессиональный праздник людей, которые превращают научные идеи в реальные медицинские решения — День науки.

🎓Для Национального научного центра травматологии и ортопедии имени академика Н. Д. Батпенова этот день имеет особое значение. Научная деятельность здесь является основой развития, определяя качество медицинской помощи и открывая новые возможности для лечения пациентов.

Следуя научной школе, заложенной академиком Нурланом Батпеновым, Центр демонстрирует устойчивые результаты и высокий потенциал отечественной медицины. 2025 год ознаменован значимыми достижениями, подтверждающими, что казахстанская наука способна создавать конкурентоспособные решения мирового уровня.

👩‍⚕️В числе ключевых разработок:
— завершение создания инъекционных гидрогелей для восстановления хрящевой ткани, открывающих перспективы малотравматичного лечения суставов;
— внедрение антибактериальных покрытий для имплантатов в сотрудничестве с ведущими техническими вузами, что позволяет существенно снизить риск послеоперационных осложнений;
— активное применение индивидуальных 3D-имплантатов и развитие направлений регенеративной медицины, включая клеточные технологии.

🔻Сегодня научная деятельность Центра охватывает широкий спектр направлений — от современных материалов и нанотехнологий до комплексных междисциплинарных подходов в лечении травм и заболеваний опорно-двигательной системы.

🔥Министерство здравоохранения Республики Казахстан поздравляет ученых, врачей и исследователей с Днем науки!

Ваш труд, профессионализм и стремление к развитию формируют будущее отечественной медицины и служат главной цели — сохранению здоровья и повышению качества жизни граждан.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2🔥2
2026 ЖЫЛДЫҢ БАСЫНАН БЕРІ ҚАЗАҚСТАНДА ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАЛАРДА 22 БЕЙІНДІ БӨЛІМШЕ АШЫЛДЫ

⚡️ Жіті тапшылық байқалатын терапиялық бағыттар бойынша медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда облыстық ауруханаларды ауқымды жаңғырту басталды. Бірінші тоқсан қорытындысы бойынша 11 өңірде 22 бейінді бөлімше ашылып, онда шамамен 400 пациент ем қабылдады.

✔️ Министрлік пен өңірлік денсаулық сақтау басқармалары бірлесіп бастаған жаңғыртудың негізгі мақсаты – төсек қорын сұранысқа ие бейіндерге қайта бейімдеу арқылы өңірлерде медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру.

Бүгінде республика бойынша 36 көпбейінді облыстық аурухана (ересектер мен балаларға арналған) жұмыс істейді, олардың базасында бейінді терапиялық бөлімшелер ашу көзделген.


⭐️ 2026–2027 жылдары еліміздің барлық өңірлерінде кезең-кезеңімен 49 бөлімше ашылып, 2700 төсек-орын орналастырылады, оның ішінде 302-сі балаларға арналған. Бұл кардиология, гастроэнтерология, пульмонология, эндокринология, ревматология, нефрология, гематология, оториноларингология, офтальмология, аллергология және басқа да сұранысқа ие бағыттарды қамтиды.

2026 жылы 800-ден астам төсек ашу жоспарланған. Бірінші тоқсанның өзінде 11 өңірде 361 төсек-орынға арналған 22 бейінді бөлімше іске қосылды.


📍 Сонымен қатар, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап бірқатар негізгі бағыттар бойынша тарифтер арттырылды (гастроэнтерология, нефрология, абдоминалдық хирургия, жұқпалы аурулар, кардиология, неврология, пульмонология, эндокринология).

🔹 Күрделі терапиялық жағдайларда медициналық көмек көрсету үшін 27 құзырет орталығы ашылды. 17 симуляциялық орталық іске қосылуда, онда орта буын медицина қызметкерлері мен дәрігерлерді тұрақты негізде оқыту және біліктілігін арттыру жүргізіледі.

Жаңа форматтағы 19 телемедицина орталығының жұмысы облыстық ауруханаларға ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарына практикалық және консультативтік көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, кадрлық әлеуетті дамыту бойынша шаралар қабылданды. Атап айтқанда, резидентура бағдарламалары, сертификаттау курстары, ПІБ модульдік бағдарламалары арқылы біліктілікті арттыру және жас дәрігерлерді тарту жүзеге асырылуда.

Жыл басынан бері Президент Іс басқармасы ауруханасының базасында (денсаулық сақтау менеджменті, госпитальдық фармация, ауруханаішілік инфекциялар және т.б.) модульдік бағдарламалар бойынша 80-нен астам маман оқытылды.

📌 Жобаны іске асыру медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға, оның ішінде ауыл халқы үшін, мүгедектік пен өлім деңгейін төмендетуге, сондай-ақ қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығын ұлғайтуға ықпал етеді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
НАЧАЛА 2026 ГОДА В КАЗАХСТАНЕ ОТКРЫТО 22 ПРОФИЛЬНЫХ ОТДЕЛЕНИЯ В ОБЛАСТНЫХ БОЛЬНИЦАХ

⚡️ Для обеспечения доступности медицинской помощи по остродефицитным терапевтическим профилям с 1 января текущего года в Казахстане началась масштабная реновация областных больниц. По итогам первого квартала в 11 регионах открыты 22 профильных отделения, где пролечено порядка 400 пациентов.

✔️ Основная цель реновации, начатой Министерством совместно с управлениями здравоохранения, – обеспечение доступности и качества медицинской помощи в регионах путем перепрофелирования коек на востребованные профили.

На сегодня по стране функционируют 36 многопрофильных областных больниц (взрослых и детских), в которых предусмотрено открытие профильных терапевтических отделений.


⭐️ В период с 2026 по 2027 годы во всех регионах страны поэтапно будут открыты 49 отделений и развернуты 2700 коек, из них детских – 302 по основным востребованным профилям (кардиология, гастроэнтерология, пульмонология, эндокринология, ревматология, нефрология, гематология, оториноларинология, офтальмология, аллергология и другие).

В 2026 году будут развернуты свыше 800 коек, по итогам первого квартала в 11 регионах уже открыты 22 профильных отделения на 361 койку.


📍 Вместе с тем, с 1 января 2026 года повышены тарифы по ряду ключевых профилей (гастроэнтерология, нефрология, абдоминальная хирургия, инфекционные болезни, кардиология, неврология, пульмонология, эндокринология).

🔹 Для оказания медицинской помощи по сложным терапевтическим случаям открыто 27 центров компетенций.
Запускаются 17 симуляционных центров, где на постоянной основе будет проводиться обучение и повышение квалификации средних медицинских работников и врачей.

Функционирование 19 центров телемедицины в новом формате позволит оказывать областным больницам практическую и консультативную помощь медицинским организациям сельского здравоохранения.

Кроме того, приняты меры по кадровому развитию, в том числе подготовке специалистов в рамках программы резидентуры, сертификационных курсов, повышения квалификации по модульным программам УДП, привлечения молодых врачей.

С начала года обучено более 80 специалистов по модульным программам на базе Больницы Управления делами Президента (мененджмент здравоохранени, госпитальная фармация ВБИ другие).

📌 Реализация проекта повысит доступность и качество медицинской помощи, в том числе сельскому населению, будет способствовать снижению уровня инвалидности и смертности, увеличению средней продолжительности жизни казахстанцев.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАР ҚАЗАҚСТАННЫҢ НЕОНАТАЛДЫҚ КӨМЕК САЛАСЫНДАҒЫ ІЛГЕРІЛЕУІН АТАП ӨТТІ

⚡️ 2026 жылғы наурызда жарияланған Дүниежүзілік банк тобының ДДҰ, ЮНИСЕФ, БҰҰ, IGME ұйымдарымен бірлесіп дайындаған есебіне сәйкес Қазақстанда неонаталдық өлім-жітім деңгейі (өмірінің алғашқы 28 күні) 1000 тірі туғанға шаққанда 3,9-ды құрады.

✔️ Бұл 2025 жылдың қорытындысы бойынша Орталық Азиядағы ең төменгі көрсеткіш. Дамыған елдермен салыстырғанда Қазақстан бұл көрсеткіш бойынша АҚШ-пен іс жүзінде теңесті, онда бұл деңгей 3,7-ні құрайды.

📍 Қазақстан неонаталдық көмекті дамытуда және жаңа туған нәрестелерді, соның ішінде дене салмағы өте төмен балаларды күтіп-баптауда елеулі нәтижелерге қол жеткізді. Бүгінде елде салмағы 500 грамнан бастап нәрестелер республикалық орталықтарда да, өңірлік перинаталдық орталықтарда да сәтті күтімге алынады.

Заманауи перинаталдық технологияларды енгізу мен мамандардың жоғары біліктілігінің арқасында мұндай балалардың өмір сүру көрсеткіші төрт есеге артты — бұл Орталық Азиядағы үздік нәтижелердің бірі.

📌 Жыл сайын Қазақстанда шамамен 20–22 мың шала туған нәресте дүниеге келеді — бұл жалпы босанулар санының шамамен 5%-ын құрайды. Сонымен қатар, акушерлік және неонатологиялық қызметтердің жүйелі дамуы өлім-жітімнің тұрақты төмендеуіне мүмкіндік берді:

• нәрестелер өлім-жітімі 10 жылдың ішінде 1,5 есеге азайды
• неонаталдық өлім-жітім — 2 есеге төмендеді
• бүгінгі күні көрсеткіш тарихи минимумға жетті — 1000 тірі туғанға шаққанда 3,1.

Шала туған нәрестелерді күтіп-баптау — тәулік бойы жүргізілетін күрделі жұмыс. Ағзалардың жетілмеуіне байланысты мұндай жаңа туған нәрестелер тұрақты бақылауды қажет етеді, ал медицина қызметкерлері күн сайын 20-дан астам өмірлік маңызды емшараларды орындайды. Бұл нәтижелер — жоғары білікті әрі арнайы дайындықтан өткен неонатологтар мен мейіргерлердің үйлесімді еңбегінің жемісі.

🔹 Балалардың денсаулығын өмірінің алғашқы күндерінен бастап бақылауға ерекше көңіл бөлінеді. Елде скринингтің төрт түрі енгізілген:
• неонаталдық
• аудиологиялық
• офтальмологиялық
• даму скринингі

Балаларды стационардан шыққаннан кейін де бақылауға алып, ықтимал бұзылыстарды дер кезінде анықтауға мүмкіндік беретін катамнез бағдарламалары дамытылуда.

🙌 Қазақстанда халықаралық ұйымдар ұсынған қауіпсіз ана болу қағидаттары мен озық перинаталдық технологиялар жүйелі түрде енгізілуде. Жаңа туған нәрестелерді реанимациялау және қарқынды терапия қызметтері күшейтіліп, мамандар елімізде де, шетелде де тұрақты түрде оқытылуда.

Алдағы даму шеңберінде неонаталдық көмекті ұйымдастыру стандарты бекітіліп, оның басты басымдығы — әрбір баланың өмірін сақтау болып айқындалды.

Сонымен қатар, мерзімінен бұрын босанулар санын азайту, репродуктивтік денсаулықты нығайту және инфекциялардың профилактикасы негізгі міндеттер болып қала береді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM