ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
10K subscribers
18.4K photos
1.55K videos
28 files
4.22K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ МЕКТЕПТЕРДЕ МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТТІ: БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫ ЖОЮ ТУРАЛЫ 8,4 МЫҢ НҰСҚАМА БЕРІЛДІ

Жаңа оқу жылына дайындық шеңберінде Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарының сақталуына қатысты мектеп білім беру нысандарының 99%-ын мониторингпен қамтыды. Оның ішінде асханалардың 95%-ы және медициналық пункттердің 96%-ы қамтылды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ведомство басшысы Ақмарал Әлназарова мәлімдеді.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мониторингінің қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 8,4 мың нұсқама беріліп, жедел ден қоюдың 287 шарасы қабылданды. 13 тамыздағы жағдай бойынша нұсқамалардың 82,8%-ы, яғни 6 961 нысан бойынша талаптар орындалды.

Мектептердегі тамақтану мәселесіне ерекше назар аударылды: мониторингпен мектеп асханаларының 95%-ы немесе 6 338 объект қамтылды.

«Жаңа оқу жылы басталғанға дейін анықталған бұзушылықтарды толық жоюды қамтамасыз ету қажет. Мектептердегі тамақтану стандартының талаптары мүлтіксіз орындалуы тиіс», – деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі.


2026 жылғы 1 ақпаннан бастап мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын балаларға арналған нысандар үшін мемлекеттік бақылаудың ерекше тәртібі қолданылады.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=kk

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
МИНЗДРАВ УСИЛИЛ ГОСКОНТРОЛЬ В ШКОЛАХ: ВЫДАНО 8,4 ТЫС. ПРЕДПИСАНИЙ ОБ УСТРАНЕНИИ НАРУШЕНИЙ

В рамках подготовки к новому учебному году Министерством здравоохранения охвачено мониторингом 99 % школьных объектов образования на соблюдение требований санитарно-эпидемиологической безопасности, включая 95% столовых и 96% медицинских пунктов, сообщила сегодня на заседании Правительства глава ведомства Акмарал Альназарова.

По итогам мониторинга санэпидконтроля выдано 8,4 тыс. предписаний об устранении нарушений и принято 287 мер оперативного реагирования. По состоянию на 13 августа исполнено 82,8% предписаний, или 6 961 объект.

Отдельное внимание уделено школьному питанию: мониторингом охвачено 95% школьных столовых или 6 338 объектов.

«До начала нового учебного года необходимо обеспечить полное устранение выявленных нарушений. Требования Стандарта питания в школах должны выполняться неукоснительно», – подчеркнула министр здравоохранения.


С 1 февраля 2026 года для объектов, предназначенных для детей и финансируемых из государственного бюджета, действует особый порядок государственного контроля.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=ru

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ: ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ТЕКСЕРУ НӘТИЖЕСІНДЕ 2,3 МЛН БАЛАНЫҢ 11%-ЫНАН АУРУЛАР АНЫҚТАЛДЫ

2026 жылдың бірінші жартыжылдығында 2,3 млн бала профилактикалық медициналық тексеруден өтті. Тексеру нәтижесінде 242 мың балада (11%) түрлі аурулар анықталды. Олардың ішінде ең көп таралғандары – тісжегісі, анемия және миопия. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді.

86,7 мың бала одан әрі ем алу үшін тұрғылықты жері бойынша емханаларда динамикалық бақылауға алынды.

Соңғы үш жылдың ішінде мектептердегі медициналық пункттердің медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілу және кадрлармен жасақталу деңгейі 95%-ға дейін өсті.

Стоматологиялық аурулардың профилактикасына ерекше көңіл бөлінуде. «Болашаққа сау тіспен» жол картасы шеңберінде 2025 жылдан бастап білім беру ұйымдарындағы стоматологиялық кабинеттердің саны 145-тен 288-ге дейін ұлғайтылды.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=kk

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
МИНЗДРАВ: ПО ИТОГАМ ПРОФОСМОТРОВ 2,3 МЛН ДЕТЕЙ ВЫЯВЛЕНЫ ЗАБОЛЕВАНИЯ У 11%

В первом полугодии 2026 года профилактические медицинские осмотры прошли 2,3 млн детей. У 242 тыс. (11%) по результатам обследований выявлены различные заболевания. Наиболее распространённые среди них - кариес, анемия и миопия, сообщила сегодня на заседании Правительства министр здравоохранения Акмарал Альназарова.

86,7 тыс. детей взяты на динамическое наблюдение в поликлиниках по месту жительства для дальнейшего лечения.

За последние три года уровень оснащенности и укомплектованности медицинских пунктов в школах вырос до 95%.

Особое внимание уделяется профилактике стоматологических заболеваний. В рамках дорожной карты «Болашаққа сау тіспен» с 2025 года количество стоматологических кабинетов в организациях образования увеличено со 145 до 288.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=ru

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
ҚАЗАҚСТАНДА МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ТЕКСЕРУЛЕРІ ЦИФРЛЫҚ ФОРМАТҚА КӨШІРІЛУДЕ

Денсаулық сақтау министрлігі мектеп медицинасын цифрландыруды күшейтуде. 2026 жылы балаларды профилактикалық тексеруді ұйымдастыру және өткізу тәртібі қайта қаралып, ауруларды ерте анықтауға басымдық берілді.

Алғаш рет барлық балаларды тексеру барысында ЭКГ аппараттары, фонендоскоптар, пульсоксиметрлер, отоскоптар, ауыз қуысыішілік камералар және жасанды интеллект технологияларын қолданатын басқа да цифрлық диагностикалық құрылғыларды кеңінен пайдалану жоспарлануда.

2025 жылы құрылған Балалардың цифрлық тіркелімі 54 көрсеткіш бойынша мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді. Олардың қатарында профилактикалық тексеру, қауіп факторларын анықтау, медициналық маршрутты қалыптастыру, бейінді маманға жолдау және динамикалық бақылау бар.

Сондай-ақ денсаулық сақтау ақпараттық жүйелерін Ұлттық білім беру деректер базасымен интеграциялау аяқталды. Бұл оқушылардың оқу орны мен тіркелген жері, профилактикалық тексерулер, вакцинациялау және денсаулық топтары туралы өзекті ақпаратты алуға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=kk

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
ПРОФИЛАКТИЧЕСКИЕ ОСМОТРЫ ШКОЛЬНИКОВ В КАЗАХСТАНЕ ПЕРЕВОДЯТ В ЦИФРОВОЙ ФОРМАТ

Министерство здравоохранения усиливает цифровизацию школьной медицины. В 2026 году пересмотрен порядок организации и проведения профилактических осмотров детей с акцентом на раннее выявление заболеваний.

Впервые при обследовании всех детей планируется широкое применение цифровых диагностических устройств – ЭКГ, фонендоскопов, пульсоксиметров, отоскопов, интраоральных камер и других технологий с использованием искусственного интеллекта.

Созданный в 2025 году Цифровой реестр детей обеспечивает мониторинг по 54 показателям – от профилактического осмотра и выявления факторов риска до формирования медицинского маршрута, направления к специалисту и динамического наблюдения.

Также завершена интеграция информационных систем здравоохранения с Национальной образовательной базой данных, что позволяет получать актуальные сведения о месте обучения и прикрепления школьников, профилактических осмотрах, вакцинации и группах здоровья.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=ru

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
АЛМАТЫДА ҚҰНЫ 5 МЛН ТЕҢГЕГЕ ЖУЫҚ ОМЫРТҚАҒА ЖАСАЛАТЫН ОПЕРАЦИЯЛАР ТЕГІН ЖҮРГІЗІЛЕДІ

🩺 Құны 5 млн теңгеге дейін жетуі мүмкін омыртқаға жасалатын заманауи жоғары технологиялық операциялар Алматы қалалық орталық клиникалық ауруханасында медициналық көрсетілімдер болған жағдайда МӘМС және ТМККК шеңберінде тегін жүргізіледі.

⚡️ Ауруханада робот-ассистивті технологиялар мен нейронавигация жүйесін қолдана отырып, күрделі нейрохирургиялық операциялар жасалады. Атап айтқанда, омыртқа өзегін декомпрессиялау және транспедикулярлық бұрандаларды орнату операциялары жүргізіледі. Заманауи жабдықтар операция барысын жоғары дәлдікпен жоспарлауға және имплантаттарды дәл орналастыруға мүмкіндік беріп, хирургиялық араласудың қауіпсіздігін арттырады.

🏥 Осындай операцияларды орындайтын мамандардың бірі – Алматы қалалық орталық клиникалық ауруханасының нейрохирургі Марат Серікұлы Алматов. Ол 20 жылдан астам уақыт бойы нерв жүйесінің ауыр аурулары бар пациенттерді емдеумен айналысып келеді. Осы уақыт аралығында дәрігер мыңнан астам пациентке операция жасаған.

🙌 Заманауи технологиялардың артында, ең алдымен, нейрохирургтің кәсіби еңбегі тұр. Нейрохирургияда әрбір қимылдың асқан дәлдігі, дәрігердің көп жылғы тәжірибесі мен жоғары зейіні аса маңызды.

Марат Алматов омыртқа аурулары, эпилепсия, сколиоз, инсульт пен бас-ми жарақаттарының салдары кезінде күрделі операциялар жасайды. Сондай-ақ ми қан тамырлары аурулары, созылмалы ауырсыну синдромдары және қозғалыс бұзылыстары бар пациенттерге медициналық көмек көрсетеді.

✅ Осылайша, заманауи робот-ассистивті технологиялар күрделі операцияларды жоғары дәлдікпен жүргізуге мүмкіндік береді. Ал медициналық көрсетілімдері бар пациенттер мұндай медициналық көмекті МӘМС және ТМККК шеңберінде қосымша ақы төлемей ала алады.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=kk

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
ОПЕРАЦИИ НА ПОЗВОНОЧНИКЕ СТОИМОСТЬЮ ОКОЛО 5 МЛН ТЕНГЕ В АЛМАТЫ ПРОВОДЯТ БЕСПЛАТНО

🩺 Современные высокотехнологичные операции на позвоночнике, стоимость которых может достигать 5 млн тенге, в Центральной городской клинической больнице Алматы проводят бесплатно в рамках ОСМС и ГОБМП – при наличии медицинских показаний.

⚡️ В больнице выполняют сложные нейрохирургические вмешательства с применением робот-ассистированных технологий и системы нейронавигации. В частности, проводится декомпрессия позвоночного канала с установкой транспедикулярных винтов. Современное оборудование помогает с высокой точностью планировать ход операции и устанавливать импланты, повышая безопасность вмешательства.

🏥 Одним из специалистов, выполняющих такие операции, является Марат Серикович Алматов, нейрохирург Центральной городской клинической больницы Алматы. Более 20 лет он занимается лечением пациентов с тяжелыми заболеваниями нервной системы. За это время врачом прооперированы более тысячи пациентов.

🙌 За современными технологиями стоит прежде всего работа нейрохирурга. Ювелирная точность каждого движения, многолетний опыт и концентрация врача имеют огромное значение в нейрохирургии.

Марат Алматов выполняет сложные вмешательства при заболеваниях позвоночника, эпилепсии, сколиозе, последствиях инсультов и черепно-мозговых травм, а также оказывает помощь пациентам с сосудистыми заболеваниями головного мозга, хроническими болевыми синдромами и двигательными расстройствами.

✅ Таким образом, современные робот-ассистированные технологии позволяют проводить сложные операции с высокой точностью, а пациенты при наличии медицинских показаний могут получить такую помощь без дополнительной оплаты в рамках ОСМС и ГОБМП.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=ru

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ӨКПЕ ОБЫРЫН ЕРТЕ АНЫҚТАУ: 914-ТЕН АСТАМ АДАМ ТӨМЕН ДОЗАЛЫ КОМПЬЮТЕРЛІК ТОМОГРАФИЯДАН ӨТТІ

Қазақстанда өкпе обыры туралы хабардарлықты арттыру апталығы аяқталды. Онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі Кешенді жоспардың шеңберінде халықтың ақпараттандырылуын арттыруға және өкпе ауруларын ерте анықтауға бағытталған іс-шаралар барысында 1 287 адам онколог дәрігерлердің кеңесін алды.

Олардың 914-і кеуде қуысы ағзаларына төмен дозалы компьютерлік томографиядан (ТДКТ) өтті.

Акцияға Қазақстан тұрғындарымен қатар, шетелде тұратын отандастарымыз да қатысты. Германиядан келген екі қазақстандық елімізде болған кезінде акцияға қатысып, медициналық тексеруден өтті.

Тексеру нәтижесінде 39 адамнан (4,3%) өкпеде қатерлі үдеріске күдік тудыратын ошақты өзгерістер анықталды. Барлық осы жағдайлар өзгерістердің сипатын нақтылау және диагнозды верификациялау үшін қосымша тексеруге жіберілді.


📌 Сонымен қатар мамандар обыр алды өзгерістердің 70 жағдайын (7,7%) және басқа да аурулардың 433 жағдайын (47,4%) анықтады.
Қатысушыларға қосымша 218 диагностикалық зерттеу және зертханалық талдау жүргізілді.

Акция барысында онкологтар қатысушылармен жеке ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді: зерттеудің мақсаты мен маңызы, ерте диагностиканың маңыздылығы туралы айтып, пациенттердің сұрақтарына жауап берді. Осындай тәсілдің арқасында бастапқыда тексеруден өтуден бас тартқан көптеген қатысушы өз шешімін өзгертіп, зерттеуден өтті.

«Апта қорытындылары тек онкологиялық үдеріске күдік тудыратын өзгерістерді ғана емес, сонымен қатар әрі қарай медициналық бақылауды қажет ететін обыр алды жағдайлар мен басқа да ауруларды анықтауға мүмкіндік беретінін көрсетті», – деп атап өтті Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының радиология және ядролық медицина бөлімінің меңгерушісі Жандос Мұхтарұлы Аманқұлов.


Ерте диагностика мәселені дер кезінде анықтап, қажетті емді уақтылы бастауға мүмкіндік береді. Сондықтан жоғары қауіп тобына жататын адамдардың тексеруден өтуді кейінге қалдырмай, диагностиканың қажеттілігін дәрігермен талқылағаны маңызды.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=kk

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
РАННЕЕ ВЫЯВЛЕНИЕ РАКА ЛЁГКОГО: БОЛЕЕ 914 ЧЕЛОВЕК ПРОШЛИ НИЗКОДОЗНУЮ ТОМОГРАФИЮ

В Казахстане завершилась Неделя повышения осведомлённости о раке лёгкого. В рамках мероприятий Комплексного плана по борьбе с онкологическими заболеваниями, направленных на повышение информированности населения и раннее выявление заболеваний лёгких, консультации врачей-онкологов получили 1 287 человек.
Из них 914 участников прошли низкодозную компьютерную томографию (НДКТ) органов грудной клетки.

Акция объединила не только жителей Казахстана, но и наших соотечественников, проживающих за рубежом. Двое казахстанцев из Германии, находясь в Казахстане, присоединились к акции и прошли обследование.

По результатам обследований у 39 человек (4,3%) выявлены очаговые изменения в лёгких, подозрительные на злокачественный процесс. Все эти случаи направлены на дальнейшее дообследование для уточнения характера изменений и верификации диагноза.


📌 Также специалисты выявили 70 случаев предраковых изменений (7,7%) и 433 случая других заболеваний (47,4%).
Участникам дополнительно проведено 218 диагностических исследований и лабораторных анализов.

В ходе акции онкологи проводили с участниками индивидуальные информационно-разъяснительные беседы: рассказывали о целях и значении исследования, важности ранней диагностики, а также отвечали на вопросы пациентов. Благодаря такому подходу многие участники, первоначально отказавшиеся от обследования, изменили своё решение и прошли исследование.

«Результаты недели также показали, что обследование позволяет выявлять не только изменения, подозрительные на онкологический процесс, но и предраковые состояния и другие заболевания, требующие дальнейшего медицинского наблюдения», - отметил Жандос Муктарович Аманкулов, заведующий отделением радиологии и ядерной медицины КазНИИ онкологии и радиологии.


Ранняя диагностика даёт возможность своевременно определить проблему и начать необходимое лечение. Поэтому людям, входящим в группы повышенного риска, важно не откладывать обследование и обсуждать с врачом необходимость диагностики.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=ru

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM