ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
10.1K subscribers
18.3K photos
1.54K videos
28 files
4.21K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
ДУШАНБЕДЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЗ ИНВАЗИВТІ ОНКОХИРУРГИЯДАҒЫ ТӘЖІРИБЕСІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

📌 Тәжікстандағы Қазақстан медицинасы күндері шеңберінде қазақстандық онкоурологтар тәжікстандық әріптестерімен тәжірибе алмасуды жалғастыруда.

⚡️ 25–26 тамыз күндері Душанбе қаласында ҚазОжР ҒИ онкоурология орталығының жетекшісі, PhD Хусан Умурзаков онкоурологиядағы заманауи аз инвазивті әдістер бойынша дәріс оқып, институттың лапароскопиялық технологияларды қолдану тәжірибесін таныстырды.

🏥 Жұмыстың негізгі бөлігі тікелей операциялық бөлмеде өтті. Тәжікстанның Республикалық онкология ғылыми орталығының мамандарымен бірлесіп, бүйрек, бүйрекүсті безі және қуыққа жасалған күрделі лапароскопиялық операцияларды қоса алғанда, бірқатар хирургиялық араласулар жүргізілді.

⚜️ Мастер-класс форматы тәжікстандық мамандарға заманауи хирургиялық тәсілдерді талқылап қана қоймай, олардың практикада қолданылуын тікелей көруге мүмкіндік берді.

👥 Сонымен қатар пациенттерге консультациялар жүргізіліп, күрделі клиникалық жағдайлар бірлесіп талданды.
Жүргізілген операциялардың қорытындысы бойынша пациенттердің жағдайы қанағаттанарлық, олар дәрігерлердің бақылауында.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=kk

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
КАЗАХСТАНСКИЙ ОПЫТ МАЛОИНВАЗИВНОЙ ОНКОХИРУРГИИ ПРЕДСТАВЛЕН В ДУШАНБЕ

📌 В рамках Дней казахстанской медицины в Таджикистане казахстанские онкоурологи продолжают практический обмен опытом с таджикскими коллегами.

⚡️ 25–26 августа в Душанбе руководитель Центра онкоурологии КазНИИОиР, PhD Хусан Умурзаков провел лекцию по современным малоинвазивным методам в онкоурологии и представил опыт института в применении лапароскопических технологий.

🏥 Главная часть работы прошла непосредственно в операционной. Совместно со специалистами Республиканского онкологического научного центра Таджикистана проведены сложные лапароскопические операции, включая вмешательства на почке, надпочечнике и мочевом пузыре.

⚜️ Формат мастер-класса позволил таджикским специалистам не только обсудить современные хирургические подходы, но и увидеть их применение непосредственно на практике.

👥 Кроме того, состоялись консультации пациентов и совместный разбор сложных клинических случаев.
По итогам проведенных операций пациенты находятся в удовлетворительном состоянии и продолжают наблюдение врачей.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=ru

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov
Forwarded from UKIMET
📌 Қазақстан фармацевтикасы: өндіріс көлемі, инвестициялар және дәрі-дәрмектің қолжетімділігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында фармацевтика өнеркәсібін дамытуды стратегиялық міндеттердің бірі ретінде атап өтті. Президент тапсырмаларын орындау аясында Үкімет отандық дәрі-дәрмек өндірісін ұлғайтып, өнім түрлерін кеңейтіп, инвестиция тарту және фармацевтикалық өндірісті локализациялауды дамыту жұмыстарын жүргізіп келеді.

💊 Үш жылда фармацевтикалық өндіріс көлемі 37%-ға өсті

Соңғы үш жылда қазақстандық фармацевтикалық кәсіпорындардың өндіріс көлемі 37%-ға өсіп, 191 млрд теңгеге жетті. Оң динамика 2026 жылы да жалғасуда: бірінші жартыжылдықта дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды шығару 126,6 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 30%-ға артық.

🏭 Елімізде 200-ден астам фармацевтикалық және медициналық өнім өндіруші жұмыс істейді


Оның ішінде 43-і дәрі-дәрмек шығаратын кәсіпорын. Отандық өнімнің үлесі заттай түрде 40,3%-ға жетті. Қазақстандық компаниялар дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың 3 мыңға жуық атауын тіркеді.

🌐 Халықаралық фармкомпаниялар өндірісін Қазақстанда локализациялауда

AstraZeneca, Pfizer және Roche компаниялары өндірісті локализациялау және технологияларды Қазақстанға беру жобаларына қатысуда. Фармацевтика өнеркәсібіне инвестициялар 2025 жылы 56%-ға өсіп, $142,8 млн-ға жетті.

🏗 Сегіз ірі жоба отандық дәрі-дәрмек өндірісін кеңейтеді

Президент тапсырмасы бойынша жалпы құны 391,3 млрд теңге болатын фармацевтикалық өндірістерді салу және кеңейту бойынша сегіз ірі жоба жүзеге асырылуда. Оларды іске қосу онкологиялық, жүрек-қан тамырлары және инфекциялық ауруларды, сондай-ақ қант диабетін емдеуге арналған препараттарды қоса алғанда, 494-тен астам дәрілік заттарды шығаруды ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

📦 Өндірісті локализациялау импортқа тәуелділікті азайтады

Жаңа кәсіпорындар Алматы, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Алматы және Қарағанды облыстарында пайда болмақ. 1,2 мыңға жуық тұрақты жұмыс орнын құру жоспарланған, сондай-ақ аса қажетті және өмірлік маңызы бар дәрі-дәрмектер өндірісін ел ішінде кеңейту жоспарлануда.

🏥 10 мыңнан астам дәріхана ұйымы дәрі-дәрмектің қолжетімділігін қамтамасыз етеді

2,7 мыңға жуық дәріхана ауылдық жерлерде орналасқан. Шалғайдағы елді мекендердің тұрғындары үшін 11 жылжымалы дәріхана пункті жұмыс істейді. 2,1 мыңнан астам дәріхана тиісті дәріхана практикасы стандарттарына сәйкестігін растады.

🟦 Фармацевтика саласының дамуы отандық өндірісті ұлғайтуға, дәрі-дәрмек түрлерін кеңейтуге және сыртқы жеткізілімдерге тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді. Бұл халық үшін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің тұрақтылығын арттырып, қажетті препараттардың қолжетімділігін жақсартуды білдіреді.

🔎 Қазақстанның фармацевтика саласындағы негізгі өзгерістер жайында толығырақ PrimeMinister.kz редакциясының шолуынан оқи аласыздар.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from UKIMET
📌 Фармацевтика Казахстана: рост производства, инвестиции и доступность лекарств

В Послании народу Казахстана «Казахстан в эпоху искусственного интеллекта: актуальные задачи и их решения через цифровую трансформацию» Глава государства Касым-Жомарт Токаев обозначил развитие фармацевтической промышленности в числе стратегических задач. Во исполнение поручений Президента Правительство наращивает отечественное производство лекарств, расширяет их ассортимент, привлекает инвестиции и развивает локализацию фармпроизводств.

💊 Производство фармпродукции за три года выросло на 37%

За последние три года объем производства казахстанских фармпредприятий увеличился на 37% и достиг 191 млрд теңге. Рост продолжается и в 2026 году: за первое полугодие выпуск лекарств и медизделий составил 126,6 млрд теңге, что почти на 30% больше, чем годом ранее.

🏭 В Казахстане работают более 200 производителей фармацевтической и медицинской продукции

В их числе 43 предприятия по выпуску лекарств. Доля отечественной продукции в натуральном выражении достигла 40,3%. Казахстанскими компаниями зарегистрировано почти 3 тыс. наименований лекарств и медизделий.

🌐 Международные фармкомпании локализуют производство в Казахстане

AstraZeneca, Pfizer и Roche участвуют в проектах по локализации производства и трансферу технологий. В 2025 году инвестиции в фармацевтическую промышленность выросли на 56% и достигли $142,8 млн.

🏗 Восемь крупных проектов расширят выпуск отечественных лекарств

По поручению Президента реализуются проекты по строительству и расширению фармпроизводств на 391,3 млрд теңге. Они позволят наладить выпуск более 494 наименований препаратов, в том числе для лечения онкологических, сердечно-сосудистых, орфанных и инфекционных заболеваний, а также сахарного диабета.

📦 Локализация позволит снизить зависимость от импорта

Новые производства появятся в Алматы и Шымкенте, а также в Алматинской и Карагандинской областях. Планируется создать около 1,2 тыс. постоянных рабочих мест и расширить выпуск востребованных и жизненно важных препаратов внутри страны.

🏥 Более 10 тыс. аптечных организаций обеспечивают доступность лекарств

Около 2,7 тыс. аптек работают в сельской местности, для удаленных населенных пунктов действуют 11 передвижных аптечных пунктов. Более 2,1 тыс. аптек уже подтвердили соответствие стандартам надлежащей аптечной практики.

🟦Развитие фармацевтической отрасли позволяет одновременно наращивать собственное производство, расширять ассортимент лекарств и снижать зависимость от внешних поставок. Для населения это означает более стабильное лекарственное обеспечение и повышение доступности востребованных препаратов.

🔎 О ключевых изменениях в фармацевтической отрасли Казахстана — в обзоре редакции PrimeMinister.kz.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстан мен Тәжікстан денсаулық сақтау саласындағы кәсіби әріптестікті кеңейтуде

🇰🇿🇹🇯Душанбе қаласында Тәжікстандағы Қазақстан медицинасы күндері шеңберінде «Қазақстан – Тәжікстан: денсаулық сақтау, технологиялар және кадрлар даярлау саласындағы ынтымақтастық» форумы өтті.
🔹Іс-шараға Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Манас Рамазанов, Тәжікстан Республикасының Денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау министрі Джамолиддин Абдуллозода, екі елдің медициналық және ғылыми ұйымдарының, халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық корпус өкілдері қатысты.

Тәжікстанның бейінді ведомство басшысы өзінің құттықтау сөзінде қазақстандық әріптестеріне аталған іс-шараны ұйымдастырғаны және басым бағыттар бойынша әріптестікті одан әрі дамытуға мүмкіндік беретін кәсіби диалог алаңын ұсынғаны үшін алғысын білдірді.

«Соңғы жылдары Қазақстан медициналық ғылымды дамытуда, денсаулық сақтауды цифрландыруда, заманауи диагностика және емдеу әдістерін енгізуде, сондай-ақ медицина кадрларын даярлауда айтарлықтай жетістіктерге жетіп келеді. Біз үшін осы тәжірибені зерделеу және халықтарымыздың игілігі үшін бірлесіп жұмыс істей алатын бағыттарды айқындау өте маңызды», – деп атап өтті Тәжікстан Республикасының министрі.

Джамолиддин Абдуллозода тәжірибе алмасу және ауруларды диагностикалау мен емдеудің заманауи тәсілдерін таныстыру үшін Душанбе қаласына келген қазақстандық мамандарға алғысын білдірді.

«Тәжірибе алмасудан екі елдің медициналық ұйымдары мен мамандарының арасындағы нақты бірлескен жұмысқа көшу ерекше құндылыққа ие. Дәл осындай тәсіл Тәжікстандағы Қазақстан медицинасы күндері шеңберінде жүзеге асырылды. Аталған іс-шаралар практикалық медициналық көмекті, білім беру іс-шараларын және кәсіби тәжірибе алмасуды біріктірді», – деді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Манас Рамазанов.


Қазақстан медицинасы күндері шеңберінде Қазақстанның жетекші медициналық ұйымдарының мамандары кардиологиядан және кардиохирургиядан бастап эндокринология, травматология, акушерия және гинекологияға дейінгі кең ауқымды бағыттар бойынша консультациялар, мастер-кластар, клиникалық талдаулар және басқа да практикалық іс-шаралар өткізді.

Форум барысында қазақстандық тарап ұлттық денсаулық сақтау жүйесін дамытудың негізгі нәтижелерін таныстырды.

2025 жылы Қазақстандағы күтілетін өмір сүру ұзақтығы 75,97 жасқа жетіп, ел тәуелсіздігі тарихындағы ең жоғары көрсеткіш болды.

Нәрестелер өлімі де тарихи ең төмен деңгейге жетті. 2025 жылдың қорытындысы бойынша көрсеткіш 14%-дан астамға төмендеп, 1 000 тірі туған нәрестеге шаққанда 5,85 жағдайды құрады.

Басқа да негізгі көрсеткіштер бойынша оң динамика байқалады. Жалпы өлім 0,8%-ға – 1 000 тұрғынға шаққанда 6,39-дан 6,34 жағдайға дейін төмендеді. Қанайналым жүйесі ауруларынан болатын өлім 10,9%-ға, қатерлі ісіктерден болатын өлім 5%-ға қысқарды.

Жүйелі өзгерістер медициналық инфрақұрылымды ауқымды түрде дамыту жұмыстарымен қатар жүруде. Елде 813 медициналық нысан, оның ішінде «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде 655 нысан салынды. Бұл ауыл тұрғындары үшін медициналық көмектің қолжетімділігін арттырып, денсаулық сақтау нысандарының тозу деңгейін 1,5 есеге төмендетуге мүмкіндік берді.

Қазақстан медицинасы күндерінің маңызды нәтижелерінің бірі – екі елдің медициналық ұйымдары, ғылыми-зерттеу институттары мен клиникалары арасында 6 ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылуы болды.

Аталған құжаттар инновациялар, жаңа медициналық технологияларды әзірлеу және енгізу, диагностика мен емдеуді цифрландыру, ғылыми зерттеулер жүргізу, сондай-ақ кәсіби білім мен медициналық көмекті ұйымдастырудың озық тәжірибелерімен алмасу салаларындағы одан әрі ынтымақтастыққа негіз қалайды.

«Біз кәсіби байланыстардың тұрақты әріптестік жобаларға – бірлескен зерттеулерге, мамандарды оқытуға, технологияларды енгізуге және медициналық ұйымдар арасындағы тікелей өзара іс-қимылға ұласуына ұмтыламыз», – деп атап өтті Манас Рамазанов.

Форум алаңында медициналық қызметтер, ғылыми орталықтар мен клиникалардың басшылары қатысқан панельдік сессиялар өтті. Сарапшылар жоғары технологиялық хирургия және білім трансфері, акушерия мен гинекологиядағы инновациялық технологиялар, медициналық инфрақұрылымды және жедел медициналық көмекті дамыту мәселелерін талқылады.
Құттықтау сөздерімен Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Елшісі Уәлихан Төреханов және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Тәжікстандағы елдік директоры Цяо Цзяньжун да сөз сөйледі.

Тәжікстандағы Қазақстан медицинасы күндері практикалық медицина, білім беру және тәжірибе алмасуды біріктірген кәсіби өзара іс-қимылдың мазмұнды бағдарламасымен аяқталды. Іс-шаралар екі ел арасындағы әріптестікті нығайтудағы және Қазақстан мен Тәжікстанның денсаулық сақтау жүйелерін дамыту мүддесінде бірлескен жұмыс үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастырудағы кезекті маңызды қадам болды.