ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
10.1K subscribers
18.3K photos
1.54K videos
28 files
4.21K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДА ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БРИГАДАЛАРЫНЫҢ II РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ

🚑 Тараз қаласында, Жамбыл облысы Жамбыл ауданының Гродеково ауылындағы «Мөлдір бұлақ» облыстық оқу-сауықтыру орталығының аумағында халықаралық қатысумен жедел медициналық жәрдем бригадаларының II Республикалық чемпионаты өтіп жатыр.

🏥 Чемпионатты Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы Қазақстан Республикасының Жедел медициналық жәрдем қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырып отыр.

👥 Чемпионатқа 27 команда қатысуда. Оның ішінде Қазақстанның барлық өңірінен 20 команда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығының «Ұлттық госпиталі» ШЖҚ РМК және «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг» компаниясының командалары бар. Сондай-ақ, халықаралық әріптестерден Беларусь, Өзбекстан Республикасының Самарқанд және Нүкіс қалаларынан, Әзербайжан мен Қырғызстаннан келген командалар қатысуда.

👩🏻‍⚕️🧑🏻‍⚕️ Сайыста қатысушылар ресми нұсқамадан өтіп, жедел медициналық жәрдем қызметінің санитариялық автокөліктерімен және медициналық жабдықтарымен танысады. Сонымен қатар, командалар жедел медициналық жәрдем деңгейіндегі триаж бойынша клиникалық станцияда кәсіби дағдыларын көрсетеді.

⚡️ Үш күн бойы қатысушылар шұғыл медициналық көмек көрсету кезіндегі теориялық білімін, практикалық дағдыларын, командалық үйлесімділігі мен жедел әрекет ету қабілетін паш етеді.

✅ 29 тамызда чемпионаттың қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі өтеді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=kk

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
В ТАРАЗЕ ПРОХОДИТ II РЕСПУБЛИКАНСКИЙ ЧЕМПИОНАТ БРИГАД СКОРОЙ МЕДИЦИНСКОЙ ПОМОЩИ

🚑 27–29 августа 2026 года в Таразе проходит II Республиканский чемпионат бригад скорой медицинской помощи с участием 20 казахстанских команд, а также представителей экстренной службы из Беларуси, Азербайджана, Кыргызстана, а также Самарканда и Нукуса Республики Узбекистан..

🏥 Соревнования проходят на территории областного учебно-оздоровительного центра «Мөлдір бұлақ» в селе Гродеково Жамбылского района Жамбылской области.

Чемпионат организован Национальным координационным центром экстренной медицины совместно с Ассоциацией скорой медицинской помощи Республики Казахстан при поддержке Министерства здравоохранения Республики Казахстан.

👥 В чемпионате участвуют всего 27 команд. Казахстан представлен 20 командами из всех регионов страны, а также командами РГП на ПХВ «Национальный госпиталь» Медицинского центра Управления делами Президента Республики Казахстан и компании «Карачаганак Петролиум Оперейтинг».

🧑🏻‍⚕️👩🏻‍⚕️ В первый день участники прошли официальный инструктаж, ознакомились с санитарным автотранспортом службы скорой медицинской помощи и медицинским оборудованием. Одним из этапов программы стала клиническая станция по триажу на уровне скорой медицинской помощи, где команды демонстрируют алгоритмы оценки состояния пациентов и принятия оперативных решений.

⚡️ В течение трёх дней участники проходят практические испытания, в ходе которых оцениваются знания, клинические навыки, скорость принятия решений, слаженность действий и оперативность бригад при оказании экстренной медицинской помощи.

✅ Чемпионат направлен на совершенствование профессиональных компетенций специалистов скорой помощи, повышение готовности медицинских бригад к работе в различных клинических ситуациях, а также развитие профессионального обмена между специалистами Казахстана и зарубежных стран.

29 августа состоится подведение итогов чемпионата и церемония награждения победителей.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=ru

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫ ЖАҢҒЫРТУ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Ұлытау облысында өңірдің басты медициналық орталығы – Жезқазған қаласының Облыстық көпбейінді ауруханасында медициналық ұйымдарды жаңғырту бойынша республикалық жоба жүзеге асырылуда.

2025 жылы мұнда жалпы ауданы 24 мың ш.м-ден асатын 9 қабатты ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Үй-жайлар, инженерлік желілер, операциялық блоктар мен палаталар жаңартылуда. Жұмыстарды 2027 жылы аяқтау жоспарланған. Қазіргі уақытта 6, 7, 8 және 9-шы қабаттар жөндеуден өткізілді. 5-ші қабаттағы жұмыстар аяқталу сатысында. Сондай-ақ, іргелес аумақ абаттандырылатын болады. Жобаның жалпы құны 4,2 млрд теңгені құрайды.


Бұдан бөлек, құны шамамен 2,7 млрд теңге болатын 47 дана заманауи медициналық жабдық сатып алынып, орнатылды. Олардың қатарында томографтар, ангиограф, эндоскопиялық және роботтандырылған жүйелер бар. Онкологиялық қызметті кеңейту мақсатында 100 төсек-орынға арналған жаңа корпус салу жоспарлануда.

🏥 Ауруханада медициналық персоналды жоғары технологиялық манекендер, виртуалды модельдер және стандартталған пациенттерді (актерлерді) пайдалана отырып оқытуға арналған заманауи симуляциялық орталық жұмыс істейтін болады. Жаңа құзыреттер орталықтары озық клиникалық тәсілдерді енгізу алаңына айналады.

Қазірдің өзінде пульмонология, кардиология және госпитальдық фармация бөлімшелері ашылды. Алдағы уақытта гастроэнтерология және ревматология бөлімшелері өз жұмысын бастайды.

Кадрлық әлеуетті дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Соңғы үш жылда ауруханаға 36 тәжірибелі және жас маман тартылды.


Жаңғырту жұмыстарының нәтижесінде облыстық аурухана жоғары деңгейдегі заманауи медициналық орталыққа айналады. Бұл облыс тұрғындарына өңірден тыс жерлерге шықпай-ақ, жоғары технологиялық және сапалы медициналық көмекті өз жерінде алуға мүмкіндік береді.

⚜️⚜️⚜️

В ОБЛАСТИ ҰЛЫТАУ ИДЕТ МАСШТАБНАЯ РЕНОВАЦИЯ ОБЛАСТНОЙ МНОГОПРОФИЛЬНОЙ БОЛЬНИЦЫ

В области Ұлытау в главном медицинском центре региона – Областной многопрофильной больнице г.Жезказгана продолжается реализация республиканской программы по реновации медицинских учреждений.

В 2025 году здесь начат капитальный ремонт 9-этажного здания общей площадью более 24 тысяч кв.м. Обновляются помещения, инженерные сети, операционные и палаты. Завершение работ запланировано на 2027 год. В настоящее время отремонтированы 6, 7, 8 и 9 этажи. На стадии завершения 5 этаж. Также будет благоустроена прилегающая территория. Общая сумма затрат составляет 4,2 млрд тенге.


Кроме того, приобретены и установлены 47 единиц современного оборудования стоимостью около 2,7 млрд тенге. Среди них – томографы, ангиограф, эндоскопические и роботизированные системы. Для расширения онкологической службы планируется строительство нового корпус на 100 коек.

🏥 В больнице, также, будет работать современный симуляционный центр для обучения медицинского персонала с использованием высокотехнологичных манекенов, виртуальных моделей и стандартизированных пациентов (актеров). Новые центры компетенций станут площадками для внедрения новейших клинических подходов.

Уже открыты отделения пульмонологии, кардиологии, госпитальной формации. В дальнейшем начнут работу гастроэнтерологическое и ревматологическое отделения.

Особое внимание уделяется кадровому потенциалу. За последние три года в больницу привлечены 36 опытных и молодых специалистов.


В результате реновации областная больница станет современным медицинским центром высокого уровня, что позволит жителям области получать высокотехнологичную и качественную медицинскую помощь на месте, не выезжая за пределы региона.
100-ден астам консультация және күрделі операциялар: ҰҒТОО мамандары Тәжікстандағы жұмысын жалғастыруда

Тәжікстандағы «Қазақстан медицинасының күндері» іс-шарасының екінші күнінде академик Н.Ж. Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығының мамандары Душанбе қаласында бірқатар күрделі операция жасап, пациенттерге консультациялық көмек көрсетті және тәжікстандық әріптестерімен практикалық тәжірибе алмасты.

Жұмыс бірнеше бағыт бойынша жүргізілді: омыртқа хирургиясы, табан және тобық буыны ортопедиясы, сондай-ақ артроскопия.

Ең күрделі операциялардың бірі омыртқаға жасалды. Бөлім меңгерушілері Мұрат Байдарбеков пен Сейдалы Абдалиев бел омыртқасының дегенеративті стенозы және айқын түбіршектік ауырсыну синдромы бар пациентке операция жасады. Мамандар L4-L5 және L5-S1 деңгейлерінде нерв құрылымдарын декомпрессиялап, транспедикулярлық жүйе және омыртқааралық кейдждер орнатты.

Тағы бір операция сколиоз диагнозы қойылған 13 жастағы пациентке жасалды. Хирургтер омыртқаның күрделі деформациясын түзету операциясын жүргізді.

Жұмыстың жеке бағыты табан және тобық буыны хирургиясына арналды.

№2 ортопедия бөлімшесінің меңгерушісі Қайрат Тәжин ауыр жарақат салдарлары — III дәрежелі жарақаттан кейінгі тобық буынының артрозы және табанның айқын деформациясы бар 24 жастағы пациентке операция жасады. Пациентке деформацияны түзетуге және табанды тұрақтандыруға бағытталған үш буынды артродез жасалды.

Тобық буыны тұрақсыздығы бар тағы бір пациентке Уотсон әдісі бойынша пластикалық операция жасалды.

Заманауи аз инвазивті емдеу әдістерін артроскопия және спорттық жарақаттар бөлімінің меңгерушісі Нұржан Асанов қолданды. Ол тізе буынына екі артроскопиялық операция жасады: медиальды менискіге тігіс салу және капсулалық-байламдық аппаратқа пластика жасау.

Осылайша, Тәжікстандағы екі күндік жұмыс барысында ҰҒТОО мамандары 100-ден астам консультация өткізіп, шамамен 10 хирургиялық араласу жасады. Әрбір жағдай — нақты диагностиканы, емдеу тактикасын таңдауды және қазақстандық және тәжікстандық мамандардың үйлесімді жұмысын талап ететін жеке клиникалық жағдай.

«Қазақстан медицинасының күндері» медициналық көмек көрсететін алаң ғана емес, сонымен қатар практикалық тәжірибе алмасудың маңызды мүмкіндігіне айналды. Бірлескен операциялар екі ел дәрігерлеріне операциялық залда күрделі клиникалық жағдайларды және оларды емдеудің заманауи тәсілдерін тікелей талқылауға мүмкіндік береді.

Қазақстандық делегацияның Тәжікстандағы жұмысы жалғасуда. Қорытынды күні екі ел мамандарының бірлескен отырысы өткізіліп, онда травматология-ортопедия қызметін дамыту, емдеудің заманауи әдістері және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мәселелері талқыланады.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=kk

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
Более 100 консультаций и сложные операции: специалисты ННЦТО продолжают работу в Таджикистане

Во второй день «Дней казахстанской медицины» в Таджикистане специалисты Национального научного центра травматологии и ортопедии имени академика Н.Д. Батпенова провели в Душанбе ряд сложных операций, оказали консультативную помощь пациентам и поделились практическим опытом с таджикскими коллегами.

Работа прошла сразу по нескольким направлениям — хирургия позвоночника, ортопедия стопы и голеностопного сустава, а также артроскопия.

Одними из наиболее сложных стали операции на позвоночнике. Заведующие отделениями Мурат Байдарбеков и Сейдалы Абдалиев прооперировали пациентку с дегенеративным стенозом поясничного отдела позвоночника, сопровождавшимся выраженным корешково-болевым синдромом. Специалисты выполнили декомпрессию нервных структур на двух уровнях — L4-L5 и L5-S1, установили транспедикулярную систему и межтеловые кейджи.

Еще одна операция была проведена 13-летней пациентке со сколиозом. Хирурги выполнили коррекцию сложной деформации позвоночника.

Отдельный блок работы был посвящен хирургии стопы и голеностопного сустава.

Заведующий отделением ортопедии №2 Кайрат Тажин прооперировал 24-летнего пациента с тяжелыми последствиями травмы — посттравматическим артрозом голеностопного сустава III степени и выраженной деформацией стопы. Пациенту выполнен трехсуставной артродез, направленный на коррекцию деформации и стабилизацию стопы.

Еще одной пациентке с нестабильностью голеностопного сустава проведена пластика по Уотсону.

Современные малоинвазивные методы лечения применил заведующий отделением артроскопии и спортивной травмы Нуржан Асанов. Он выполнил две артроскопические операции на коленном суставе — шов медиального мениска и пластику капсульно-связочного аппарата.

Таким образом, за два дня работы в Таджикистане специалисты ННЦТО провели более 100 консультаций и выполнили около 10 хирургических вмешательств. За каждым случаем — отдельная клиническая ситуация, требующая точной диагностики, выбора тактики лечения и слаженной работы казахстанских и таджикских специалистов.

«Дни казахстанской медицины» стали площадкой не только для оказания медицинской помощи, но и для практического обмена опытом. Совместные операции позволяют врачам двух стран непосредственно в операционной обсуждать сложные клинические случаи и современные подходы к их лечению.

Работа казахстанской делегации в Таджикистане продолжается. В завершающий день состоится совместное заседание специалистов двух стран, посвященное развитию травматолого-ортопедической службы, современным методам лечения и вопросам последипломного образования.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=ru

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov
👍1
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КАРДИОХИРУРГИЯ: ПАЦИЕНТТЕР ҮШІН ЖҮРЕК АУРУЛАРЫ КЕЗІНДЕ ЖАСАЛАТЫН КҮРДЕЛІ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ БАРЛЫҚ ТҮРІ ҚОЛЖЕТІМДІ

Алматыда Қазақстанның, Қырғызстанның, Өзбекстанның, Тәжікстанның, Әзербайжанның, Еуропа, Азия және Қытайдың жетекші мамандарының қатысуымен Қазақстанның интервенциялық кардиологтары және эндоваскулярлық хирургтер қоғамының XIV конференциясы өтуде.

Бүгінде интервенциялық кардиология – медицинадағы ең жоғары технологиялық бағыттардың бірі. Заманауи халықаралық стандарттар мен хаттамаларды енгізу Қазақстанда аса күрделі интервенциялар мен операцияларды орындауға мүмкіндік беріп, оларды пациенттер үшін тегін медициналық көмек шеңберінде қолжетімді етеді.

Конференцияның ерекшелігі – Алматы қалалық кардиологиялық орталығының операциялық бөлімдерінен жүргізіліп жатқан операциялардың тікелей көрсетілімі болды. Қатысушылар операция барысын нақты уақыт режимінде бақылап, пікірталасқа қатысады және мамандармен бірлесіп емдеудің оңтайлы тактикасын таңдауды талқылайды.

Бүгінде Алматыда заманауи эндоваскулярлық араласулар мен ашық жүрекке жасалатын операциялардың барлық түрі, оның ішінде жүректі трансплантаттау, LVAD имплантаттау, MitraClip, тамырішілік литотрипсия және күрделі коронарлық араласулар қолжетімді.

2026 жылдың алты айында Алматыда 7 454 коронарография және 3 698 коронарлық араласу жасалды, ал кардиохирургиялық операциялардың көлемі 68%-ға өсті.

2025 жылдың қорытындысы бойынша елімізде ашық жүрекке 13 106 операция жасалды. Хирургиялық араласулардың ең үлкен үлесін аортокоронарлық шунттау операциялары – 46,1%, жүре пайда болған жүрек кемістіктеріне жасалатын операциялар – 22,7%, туа біткен жүрек кемістіктеріне жасалатын операциялар – 13,1%-ды құрады.

Қазақстанда тұрақты оң динамика байқалады: соңғы бес жылда қанайналым жүйесі ауруларымен сырқаттанушылық 15%-ға, ал осы аурулардан болатын өлім 35,1%-ға төмендеді. 2026 жылдың алғашқы бес айының қорытындысы бойынша сырқаттанушылықтың:
* жүректің ишемиялық ауруы бойынша – 10,1%-ға;
* жіті миокард инфарктісі бойынша – 5,7%-ға;
* мидың қанайналымының жіті бұзылыстары (инсульттер) бойынша – 6,1%-ға төмендеу үрдісі сақталуда.

Қол жеткізілген нәтижелер инсульт және кардиологиялық орталықтар желісін дамыту, жоғары технологиялық медициналық көмек көлемін кеңейту, заманауи клиникалық хаттамаларды енгізу, жедел медициналық жәрдем қызметін жетілдіру, профилактикалық тексерулерді кеңейту және жүрек-қантамыр аурулары бар пациенттерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің қолжетімділігін арттыру нәтижесінде мүмкін болды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, қанайналым жүйесі аурулары әлемдегі өлімнің негізгі себебі болып қала береді. Жыл сайын бұл аурулар шамамен 19,8 млн адамның өмірін қияды, бұл барлық өлім жағдайларының шамамен 32%-ын құрайды.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=kk

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
КАРДИОХИРУРГИЯ В КАЗАХСТАНЕ: ПАЦИЕНТАМ ДОСТУПЕН ВЕСЬ ПЕРЕЧЕНЬ СЛОЖНЫХ ОПЕРАЦИЙ ПРИ ЗАБОЛЕВАНИЯХ СЕРДЦА


В Алматы проходит XIV конференция Общества интервенционных кардиологов и эндоваскулярных хирургов Казахстана с участием ведущих специалистов Казахстана, Кыргызстана, Узбекистана, Таджикистана, Азербайджана, Европы, Азии и Китая.

Интервенционная кардиология сегодня – одно из наиболее высокотехнологичных направлений медицины. Внедрение современных международных стандартов и протоколов позволяет выполнять в Казахстане сложнейшие вмешательства и операции, делая их доступными для пациентов в рамках бесплатной медицинской помощи.

Особенностью конференции стали прямые трансляции операций из операционных Городского кардиологического центра Алматы. В режиме реального времени участники наблюдают за ходом операций, участвуют в дискуссии и совместно со специалистами обсуждают выбор оптимальной тактики лечения.

Сегодня в Алматы доступны современные эндоваскулярные вмешательства и операции на открытом сердце, включая трансплантацию сердца, имплантацию LVAD, MitraClip, внутрисосудистую литотрипсию и сложные коронарные вмешательства.

За шесть месяцев 2026 года в Алматы выполнено 7 454 коронарографии и 3 698 коронарных вмешательств, а объём кардиохирургических операций вырос на 68%.

По итогам 2025 года в стране выполнено 13 106 операций на открытом сердце, наибольшую долю хирургических вмешательств составили операции аортокоронарного шунтирования – 46,1%, операции при приобретенных пороках сердца – 22,7%, при врожденных пороках сердца – 13,1%.

В Казахстане отмечается устойчивая положительная динамика: за последние пять лет заболеваемость болезнями системы кровообращения снизилась на 15%, а смертность от них – на 35,1%. По итогам первых пяти месяцев 2026 года тенденция к снижению заболеваемости сохраняется:
• ишемической болезнью сердца – на 10,1%;
• острым инфарктом миокарда – на 5,7%;
• острыми нарушениями мозгового кровообращения (инсультами) – на 6,1%.

Достигнутые результаты стали возможны благодаря развитию сети инсультных и кардиологических центров, расширению объемов высокотехнологичной медицинской помощи, внедрению современных клинических протоколов, совершенствованию службы скорой медицинской помощи, расширению профилактических обследований и повышению доступности лекарственного обеспечения пациентов с сердечно-сосудистыми заболеваниями.

По данным Всемирной организации здравоохранения, болезни системы кровообращения остаются ведущей причиной смерти в мире, ежегодно унося около 19,8 млн жизней, что составляет примерно 32% всех случаев смерти.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=ru

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov