ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
10.1K subscribers
18.3K photos
1.54K videos
28 files
4.2K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
ҚАЗАҚСТАННЫҢ САНИТАРИЯЛЫҚ АВИАЦИЯСЫ ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ДЕЙІН ҰШУ ОРЫНДАЙДЫ

🚑 Қазақстандағы маңызды әлеуметтік кепілдіктердің бірі – қымбат тұратын шұғыл медициналық көмек көрсету қызметтері. Мемлекеттің есебінен санитариялық авиация борттарымен ауыр жағдайдағы пациенттер шалғай аудандардан мамандандырылған клиникаларға жеткізіледі немесе медициналық көрсетілімдер болған жағдайда шетелде зардап шеккен азаматтар елге эвакуацияланады.

✈️ Медициналық авиация тек пациенттерді тасымалдауды ғана емес, сонымен қатар жол бойында медициналық көмек көрсетуді, бейінді мамандарды пациенттің орналасқан жеріне жеткізуді және қажет болған жағдайда операцияларды тікелей пациент тұрған жерде жүргізуді қамтамасыз етеді.

Қазақстан азаматтарының өмірін сақтап қалу мақсатында жыл сайын 2 мыңға дейін ұшу орындалады. 2026 жылдың сегіз айында медициналық авиация 1 495 рет ұшып, 1 543 пациентті тасымалдады. Сонымен қатар дәрігерлер қашықтан 4 703 консультация өткізді.

Егер азамат шетелдік клиникада ауыр жағдайда болып, медициналық көрсетілімдерге байланысты елге тұрақты әуе рейсімен орала алмаса, оны медициналық сүйемелдеумен арнайы әуе көлігі арқылы Қазақстан клиникасына жеткізу ұйымдастырылуы мүмкін.

2025 жылы осындай 9 халықаралық ұшу Түркиядан, Германиядан, Оңтүстік Кореядан, Вьетнамнан, Қырғызстаннан және Мысырдан жүзеге асырылды.

2026 жылдың сегіз айында Албаниядан, Италиядан, Түркиядан, Қытайдан, Таиландтан, Ресейден және Өзбекстаннан тағы 9 халықаралық ұшу орындалды.

Санитариялық авиацияның жұмысын Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы үйлестіреді. Жүйе қажетті клиникаға дейінгі қашықтыққа қарамастан, пациенттерге шұғыл медициналық көмек көрсетуді және оларды тасымалдауды қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=kk

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
ДО 2 ТЫСЯЧ ВЫЛЕТОВ В ГОД СОВЕРШАЕТ КАЗАХСТАНСКАЯ САНАВИАЦИЯ

🚑 К одной из важных социальных гарантий в Казахстане относятся услуги дорогостоящей экстренной медпомощи, когда за счет государства бортами санавиации тяжелых пациентов доставляют в специализированные клиники из отдаленных районов или при медицинских показаниях эвакуируют пострадавших из-за рубежа.

✈️ Медицинская авиация обеспечивает не только транспортировку, но и оказание медицинской помощи в пути, доставку профильных специалистов к пациенту и, при необходимости, проведение операций непосредственно по месту его нахождения.

Ежегодно для спасения граждан Казахстана выполняется до 2 тысяч вылетов. За восемь месяцев 2026 года медицинская авиация совершила 1 495 вылетов и транспортировала 1 543 пациента. Еще 4 703 консультации врачи провели дистанционно.

Если гражданин находится в тяжелом состоянии в зарубежной клинике и по медицинским показаниям не может вернуться обычным авиарейсом, может быть организована его транспортировка специализированным воздушным транспортом с медицинским сопровождением в клинику Казахстана.

В 2025 году выполнено 9 таких международных вылетов – из Турции, Германии, Южной Кореи, Вьетнама, Кыргызстана и Египта.

За восемь месяцев 2026 года осуществлено еще 9 международных вылетов из Албании, Италии, Турции, Китая, Таиланда, России и Узбекистана.

Работу санавиации координирует Национальный координационный центр экстренной медицины. Система обеспечивает оказание экстренной помощи и транспортировку пациентов независимо от расстояния до необходимой клиники.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=ru

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov
ӨНДІРУШІЛЕРДЕН ТІКЕЛЕЙ САТЫП АЛУ: ҚАЗАҚСТАНДА ДӘРІ-ДӘРМЕКТІҢ БАҒАСЫ ҚАЛАЙ ТӨМЕНДЕТІЛУДЕ

Қазақстанда дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілерден тікелей сатып алу практикасы кеңейіп келеді. Бұл 2026 жылғы сатып алу науқаны барысында жалпы көлемі 70 млрд теңге экономикалық тиімділікке қол жеткізуге мүмкіндік берді.

Шамамен 25 млрд теңге үнем отандық және шетелдік өндірушілермен тікелей келісімшарттар көлемін ұлғайтудың есебінен қамтамасыз етілді. Соңғы үш жылдың ішінде тікелей сатып алу көлемі 187%-ға өсті.

Делдал буындарды алып тастау, фармацевтикалық компаниялармен келіссөздер жүргізу, халықаралық сатып алулар және бәсекелестік рәсімдер сатып алу бағаларын төмендетуге әрі мемлекеттік қаражатты неғұрлым тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар баға белгілеу жүйесі де жетілдірілуде. Атап айтқанда, өндіруші бағасын тіркеуге бірыңғай тәсіл, халықаралық референттік баға белгілеу және негізсіз үстеме бағаларды болдырмауға бағытталған басқа да тетіктер енгізілді.

Осылайша, биылғы сатып алу науқанының қорытындысы бойынша бірқатар дәрілік препараттардың бағасы бірнеше есеге төмендеді, ал баға белгілеудің жаңа тетігінің нәтижесінде жалпы үнемдеу шамамен 36,2 млрд теңгені құрады.

2025 жылдан бастап баға ұсыныстарын тікелей зауыт-өндірушілерден сұрату тетігі қолданылады. Бұл 400-ден астам атаудағы дәрілік заттарды өндірушілерден тікелей сатып алуға мүмкіндік береді.
Келіссөздердің қорытындысы бойынша отандық өндірістің 66 атаудағы дәрілік заттары бойынша 10 млрд теңгеден астам үнем қамтамасыз етілді.

Жеке бағыттың бірі – препараттарды БҰҰ жүйесінің халықаралық ұйымдары — БҰҰДБ, ЮНИСЕФ және СТОП TБ арқылы сатып алу. Мұндай сатып алулардың көлемін ұлғайтудың есебінен шамамен 17 млрд теңге үнемделді.

Халықаралық тетіктерді пайдалану сатып алуды шоғырландыру және халықаралық жеткізушілермен тікелей өзара іс-қимыл жасау есебінен неғұрлым тиімді баға шарттарына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл тәсіл қазірдің өзінде қымбат тұратын дәрілік препараттарды сатып алу кезінде қолданылуда.

Қосымша тиімділікке әлеуетті өнім берушілер баға бойынша өзара бәсекелесетін аукциондық рәсімдер арқылы қол жеткізілуде. Аукциондар өткізудің нәтижесінде тағы 15 млрд теңгеден астам қаражат үнемделді.

Осылайша, сатып алу құнын төмендету бірден бірнеше бағыт бойынша жүзеге асырылады: өндірушілермен тікелей келісімшарттар жасау, бағаны төмендету жөніндегі келіссөздер жүргізу, халықаралық сатып алулар және бәсекелестік рәсімдер.
Мемлекеттік сатып алулар кезіндегі үнемдеу дәрілік заттармен қамтамасыз ету көлемінің қысқаруын білдірмейді.

Босаған қаражат дәрілік препараттардың қосымша көлемін сатып алуға және пациенттерді емдеу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталады.

2025 жылғы сатып алу науқанының қорытындысы бойынша үнемделген 70,5 млрд теңге қосымша дәрілік қамтамасыз етуге бағытталды. Бұл, оның ішінде, онкологиялық, жүрек-қан тамырлары және аутоиммундық ауруларды емдеуге арналған жеті инновациялық дәрілік затты тегін берілетін препараттар тізбесіне енгізуге мүмкіндік берді.
👏1
ПРЯМЫЕ ЗАКУПКИ С ПРОИЗВОДИТЕЛЯМИ: КАК В КАЗАХСТАНЕ СНИЖАЮТСЯ ЦЕНЫ НА ЛЕКАРСТВА

В Казахстане расширяется практика прямых закупок лекарственных средств и медицинских изделий у производителей, что позволило в закупочной кампании 2026 года получить совокупный экономический эффект в размере 70 млрд тенге.

Около 25 млрд тенге экономии обеспечено за счет расширения прямых контрактов с отечественными и зарубежными производителями. За последние 3 года объем прямых закупок вырос на 187%.

Исключение посреднических звеньев, переговоры с фармацевтическими компаниями, международные закупки и конкурентные процедуры позволяют снижать закупочные цены и эффективнее использовать государственные средства.

Одновременно совершенствуется система ценообразования. В частности, внедрены единый подход к регистрации цены производителя, международное реферирование и другие механизмы, направленные на исключение необоснованных надбавок.

Таким образом, по итогам закупочной кампании текущего года по ряду препаратов цены снизились в разы, а суммарная экономия от нового механизма ценообразования составила порядка 36,2 млрд тенге.

С 2025 года применяется механизм запроса ценовых предложений непосредственно у заводов-изготовителей, что позволяет закупать напрямую у производителей более 400 наименований лекарственных средств.

По итогам переговоров по 66 наименованиям лекарственных средств отечественного производства обеспечена экономия свыше 10 млрд тенге.

Отдельное направление – это закупки препаратов через международные организации системы ООН — ПРООН, ЮНИСЕФ и СТОП ТБ. За счет увеличения объемов таких закупок обеспечено около 17 млрд тенге экономии.

Использование международных механизмов позволяет получать доступ к более выгодным ценовым условиям за счет консолидации закупок и прямого взаимодействия с международными поставщиками. Такой подход уже применяется при закупках дорогостоящих лекарственных препаратов.

Дополнительный эффект дают аукционные процедуры, в которых потенциальные поставщики конкурируют между собой по цене. За счет проведения аукционов обеспечено еще свыше 15 млрд тенге экономии.

Таким образом, снижение стоимости закупок достигается сразу по нескольким направлениям: прямые контракты с производителями, переговоры о снижении цен, международные закупки и конкурентные процедуры.

Экономия при государственных закупках не означает сокращения объемов лекарственного обеспечения.
Высвобождаемые средства направляются на приобретение дополнительных объемов лекарственных препаратов и расширение возможностей лечения пациентов.

По итогам закупочной кампании 2025 года сэкономленные 70,5 млрд тенге были направлены на дополнительное лекарственное обеспечение, в том числе позволили включить в перечень бесплатных препаратов семь инновационных лекарственных средств для лечения онкологических, сердечно-сосудистых и аутоиммунных заболеваний.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК КЕПІЛДІКТЕР: МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨЛЕМІНІҢ ҮШТЕН ЕКІ БӨЛІГІН МЕМЛЕКЕТ ҚАРЖЫЛАНДЫРАДЫ

⚜️ Бүгін Үкіметте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы шеңберінде сөйлеген сөзінде берген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша өткен кеңесте Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік әлеуметтік кепілдіктер жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы баяндады.

Қазақстанда мемлекет кепілдік берген медициналық көмектің кең көлемі көрсетіледі. Мемлекеттің есебінен алғашқы және шұғыл медициналық көмек, вакцинациялау, шұғыл стационарлық және паллиативтік көмек, әлеуметтік мәні бар және ауыр созылмалы ауруларды емдеу, сондай-ақ дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі.

Бұл ретте сатып алынатын медициналық көмектің жалпы көлемінің шамамен 67%-ы мемлекет есебінен - ТМККК қаржыландыру және азаматтардың жеңілдік санаттары үшін сақтандыру жарналарын төлеу арқылы қамтамасыз етіледі.

Соңғы жылдары амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілетін пациенттердің саны едәуір артты: 2018 жылғы 1,9 млн адамнан 2026 жылы 3,4 млн адамға дейін өсті.
Сонымен қатар дәрілік препараттардың тізбесі клиникалық тиімділігі, қауіпсіздігі және емдеу нәтижелілігі ескеріле отырып қайта қаралуда.

2026 жылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін (ТМККК) қаржыландыруға 1,6 трлн теңге, ал міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне 1,7 трлн теңге көзделген.

Мемлекет басшысы өз сөзінде есту қабілеті бұзылған балаларды есту аппараттарымен тегін қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аударып, оларды Қазақстанда өндіруді қысқа мерзімде ұйымдастыруды тапсырды.
Бүгінде диспансерлік есепте есту қабілеті бұзылған 6 008 бала тұр.

«Осы контингентті ескере отырып, жасы, есту қабілетінің бұзылу дәрежесі, қолданыстағы аппараттың болуы, оны пайдалану мерзімі және жеке баптау қажеттілігі негізінде естуді протездеуге нақты қажеттілік айқындалады», – деп атап өтті министр.


Заңнамамен мүгедектіктің бар-жоғына қарамастан, есту қабілеті бұзылған азаматтар есту аппараттарымен қамтамасыз етіледі.

Кеңестің қорытындысы бойынша Премьер-Министр Денсаулық сақтау министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, заманауи отандық балаларға арналған есту аппараттарын өндіруді ұйымдастыру жөніндегі жол картасын әзірлеуді тапсырды. Құжатта өндірісті жергіліктендіру және сервистік сүйемелдеу мәселелері де қамтылатын болады.
СОЦИАЛЬНЫЕ ГАРАНТИИ В КАЗАХСТАНЕ: ГОСУДАРСТВО ФИНАНСИРУЕТ ДВЕ ТРЕТИ ОБЪЕМА МЕДПОМОЩИ

⚜️ Сегодня на совещании в Правительстве по реализации поручений Главы государства Касым-Жомарта Токаева, данных в выступлении в рамках республиканской экологической акции «Таза Қазақстан», министр здравоохранения Акмарал Альназарова доложила о мерах по совершенствованию системы государственных социальных гарантий в здравоохранении.

В Казахстане действует широкий объем гарантированной государством медицинской помощи. За счет государства обеспечиваются первичная и скорая медицинская помощь, вакцинация, экстренная стационарная и паллиативная помощь, лечение социально значимых и тяжелых хронических заболеваний, а также лекарственное обеспечение.

При этом около 67% общего объема закупаемой медицинской помощи обеспечивается за счет государства – через финансирование ГОБМП и уплату страховых взносов за льготные категории граждан.

За последние годы существенно расширен охват пациентов амбулаторным лекарственным обеспечением – с 1,9 млн человек в 2018 году до 3,4 млн человек в 2026 году.
Одновременно пересматривается перечень лекарственных препаратов с учетом клинической эффективности, безопасности и результативности терапии.

В 2026 году на финансирование гарантированного объема бесплатной медицинской помощи (ГОБМП) предусмотрено 1,6 трлн теңге, на систему обязательного социального медицинского страхования (ОСМС) – 1,7 трлн теңге.

Глава государства в своем выступлении отдельно обратил внимание на бесплатное обеспечение слабослышащих детей слуховыми аппаратами и поручил в кратчайшие сроки организовать их производство в Казахстане.
Сегодня на диспансерном учете состоят 6 008 детей с нарушением слуха.

«С учетом данного контингента будет сформирована фактическая потребность в слухопротезировании с учетом возраста, степени нарушения слуха, наличия действующего аппарата, срока его эксплуатации и необходимости индивидуальной настройки», – отметила министр.


Законодательством предусмотрено обеспечение слуховыми аппаратами лиц с нарушением слуха независимо от наличия инвалидности.

По итогам совещания Премьер-министр поручил Министерству здравоохранения совместно с заинтересованными государственными органами разработать Дорожную карту по организации производства современных отечественных слуховых аппаратов для детей, включая вопросы локализации и сервисного сопровождения.
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДА ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САЛАСЫНДАҒЫ КӨМЕКТІҢ САПАСЫН АРТТЫРУДА

🔹 Денсаулық сақтау министрлігі Маңғыстау облысында психикалық денсаулық саласындағы көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бойынша жұмысты күшейтуде. Министрлік мамандары өңірдегі бейінді қызметтердің жұмысын бағалап, оларды одан әрі жетілдіру жөніндегі шараларды айқындады.

2026 жылғы 16–18 қыркүйек аралығында Маңғыстау облыстық психикалық денсаулық орталығында мониторинг жүргізілді. Оған ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Гүлнара Сәрсенбаева және Алматы қаласы Психикалық денсаулық орталығы директорының орынбасары Нәби Есімов қатысты.

Мамандар медициналық көмекті ұйымдастыруды, диагностика мен емдеу сапасын, сондай-ақ пациенттермен жұмыс барысында белгіленген талаптардың сақталуын бағалады.

Сонымен қатар, олар Ақтау және Жаңаөзен қалаларындағы алғашқы психикалық денсаулық орталықтарына, Мұнайлы ауданындағы психикалық денсаулық кабинетіне, сондай-ақ биылғы жылдың ақпан айынан бастап осы ауданда жұмыс істеп келе жатқан Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына барды.

Мониторинг қорытындысы бойынша өңірлік қызметке медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін одан әрі арттыру бойынша ұсынымдар берілді.

Бүгінде Маңғыстау облысында бейінді қызметтің динамикалық бақылауында 9 966 адам бар, оның ішінде 2 549-ы – балалар мен жасөспірімдер.


Басты басымдықтар қатарында психикалық денсаулық бұзылыстарын ерте анықтау, уақтылы көмек көрсету және тұрғылықты жері бойынша психикалық денсаулық сақтау қызметтерінің қолжетімділігін дамыту бағыттары сақталуда.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=kk

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
👍1