ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
10.1K subscribers
18.3K photos
1.54K videos
28 files
4.19K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
Астанада тәулігіне 1000 пациент қабылдайтын заманауи медициналық кешен ашу жоспарлануда

Астанада №2 көпбейінді қалалық аурухананың базасында заманауи қабылдау-диагностикалық кешенінің құрылысы қазан айында аяқталады.

Құрылыс барысымен және кешеннің медициналық жабдықтармен жарақтандырылуымен Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова танысты. Сапар барысында ол қабылдау бөлімін, операциялық және реанимациялық палаталарды, диагностикалық кабинеттерді аралап көріп, дәрігерлермен нысанның пациенттерді қабылдауға дайындығын талқылады.

Тәулігіне 850-1000 пациентке дейін қабылдауға есептелген жаңа нысан Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде жергілікті бюджет қаражатының есебінен салынуда.

Жалпы аумағы 7 мың шаршы метрден асатын бес қабатты кешенде заманауи диагностикалық қызметтер, операциялық блоктар, травматология бөлімшелері және инсульт орталығы біріктіріледі. Барлығы 118 төсек қарастырылған, оның ішінде 18-і реанимациялық төсек.

Жаңа кешеннің басты ерекшелігі – шұғыл медициналық көмекті пациенттің бірыңғай маршруты қағидаты бойынша көрсету мүмкіндігі. Яғни пациентті қабылдау мен диагностикадан бастап операция жасауға және одан кейінгі емдеуге дейінгі барлық кезең бір жүйеге біріктіріледі. Акушерлік бейіндегі пациенттер, жалпы пациенттер ағыны және травматологиялық пунктке келушілер үшін жеке кіреберістер көзделген.

Кешен базасында елорданың сол жағалауында тұратын ересек тұрғындарға арналған травматологиялық пункт те жұмыс істейтін болады. Ол тәулігіне 100-120 өтініш қабылдауға есептелген.

Диагностика мен емдеу үшін компьютерлік томограф, қуаты 3 Тесла болатын МРТ аппараты, ангиограф, рентген қондырғылары және ультрадыбыстық зерттеу аппараттарын қоса алғанда, заманауи медициналық жабдықтар сатып алынды. Жаңа операциялық блоктар күрделі хирургиялық араласуларды, оның ішінде ауыр жарақаттар мен қан тамырлары аурулары кезінде операциялар жүргізуге мүмкіндік береді.

Инсульт алған және ауыр жарақаттары бар пациенттерге медициналық көмек көрсетуге ерекше көңіл бөлінген. Осы бағыттардың әрқайсысы үшін 40 төсектен тұратын мамандандырылған бөлімшелер көзделген.

Сапар барысында дәрігерлер министрге заманауи хирургиялық жабдықтарды, сондай-ақ жаңа туған нәрестелерге шұғыл медициналық көмек көрсетуге арналған жаңа неонаталдық үстелдер мен тасымалдауға арналған кювездерді таныстырды.

Ауруханада бірыңғай цифрлық мониторинг жүйесі де енгізілуде. Ол дәрігерлерге операциялық және реанимациялық бөлімшелердегі пациенттердің жағдайын орталықтандырылған түрде бақылауға мүмкіндік береді.

Жаңа кешенде 150 жұмыс орны көзделген, оның 50-і жаңадан құрылатын жұмыс орындары.

Қабылдау-диагностикалық кешеннің ашылуы елорданың медициналық инфрақұрылымын дамытудағы маңызды кезең болып, тұрғындардың заманауи шұғыл медициналық көмекке қолжетімділігін кеңейтуге мүмкіндік береді.

🌐 Ресми сайт ⚜️ Instagram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
В Астане планируют открыть современный медкомплекс на 1000 пациентов в сутки

В Астане в октябре завершится строительство современного приемно-диагностического комплекса на базе многопрофильной городской больницы № 2.
С ходом строительства и оснащением комплекса ознакомилась министр здравоохранения Акмарал Альназарова. В ходе посещения она осмотрела приемное отделение, операционные, реанимационные палаты и диагностические кабинеты, а также обсудила с врачами готовность объекта к приему пациентов.

Новый объект, рассчитанный на 850-1000 обращений в сутки, возводится в рамках исполнения поручения Главы государства за счет средств местного бюджета.

Пятиэтажный комплекс общей площадью более 7 тысяч квадратных метров объединит современные диагностические службы, операционные, отделения травматологии и инсультный центр. Всего предусмотрено 118 коек, в том числе 18 реанимационных.

Главная особенность нового комплекса - возможность оказания экстренной помощи по принципу единого маршрута пациента: от поступления и диагностики до операции и последующего лечения. Для акушерских пациентов, общего потока и посетителей травмпункта предусмотрены отдельные входы.

На базе комплекса также будет работать травмпункт для взрослого населения левого берега столицы, рассчитанный на 100–120 обращений в сутки.

Для диагностики и лечения закуплено современное оборудование, включая компьютерный томограф, МРТ мощностью 3 Тесла, ангиограф, рентгеновские установки и аппараты УЗИ. Новые операционные позволят проводить сложные хирургические вмешательства, в том числе при тяжелых травмах и сосудистых заболеваниях.

Отдельное внимание уделено оказанию помощи пациентам с инсультом и тяжелыми травмами. Для этих направлений предусмотрены специализированные отделения по 40 коек каждое.

В ходе посещения врачи продемонстрировали министру современное хирургическое оборудование, а также новые неонатальные столы и транспортные кювезы, предназначенные для оказания экстренной помощи новорожденным.

В больнице также внедряется единая цифровая система мониторинга, которая позволит врачам централизованно отслеживать состояние пациентов в операционных и реанимационных отделениях.

В новом комплексе предусмотрено 150 рабочих мест, из которых 50 – вновь созданные.

Открытие приемно-диагностического комплекса станет важным этапом развития медицинской инфраструктуры столицы и позволит расширить доступ жителей к современной экстренной медицинской помощи.

🌐 Ресми сайт ⚜️ Instagram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Денсаулық сақтау министрі елордадағы жаңа балалар травмпунктіне барды

Астанада ересектер мен балаларға көрсетілетін жедел медициналық көмектің мүмкіндіктері кеңейіп келеді. Қазан айында №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының базасында жаңа балалар травмпунктін ашу жоспарлануда.

Құрылыс нысандарын іске асыру барысымен және үш көпбейінді стационардың жұмысымен Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова танысты.

Жаңа травмпунктте заманауи реанимация бөлімі, операциялық блок және қажетті медициналық жабдықтар көзделген. Нысан балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету қызметіне түсетін жоғары жүктемені және медициналық көмекті ұйымдастырудың заманауи талаптарын ескере отырып жобаланған.

Бұл кішкентай пациенттерді қабылдауға барынша қолайлы жағдай жасап, жарақат алған балаларға медициналық көмекті уақтылы әрі сапалы көрсетуге мүмкіндік береді.

№1 көпбейінді қалалық ауруханада министр жаңартылған қабылдау бөлімін және бейінді бөлімшелерді аралап, медициналық көмекті ұйымдастыру барысымен және аурухананы одан әрі жаңғырту жоспарларымен танысты.

Ағымдағы жылдың сегіз айында стационарда 19,7 мыңнан астам пациент ем қабылдап, 11 мыңнан астам операция жасалған. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда хирургиялық көмектің көлемі артып, пациенттердің стационарда емделуінің орташа ұзақтығы қысқарған.

2027 жылы аурухананы реконструкциялау жоспарланған. Жоба инфрақұрылымды жаңартуға, сондай-ақ пациенттер мен медицина қызметкерлері үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Медициналық ұйымдарға бару қорытындысы бойынша құрылыс жұмыстарын уақтылы аяқтау, жаңа бөлімшелерді қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету және оларды ашуға дайындау мәселелері қаралды.

Елорда ауруханаларын жаңғыртудың басты міндеті – медициналық көмекті күтудің уақытын қысқарту, оның қолжетімділігін арттыру және ересектер мен балаларға ем алу үшін қолайлы жағдай жасау болып табылады.

🌐 Ресми сайт ⚜️ Instagram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Министр здравоохранения посетила новый детский травмпункт в столице

В Астане расширяются возможности экстренной медицинской помощи для взрослых и детей. Уже в октябре на базе многопрофильной городской детской больницы №2 планируется открыть новый детский травмпункт.

С ходом реализации строящихся объектов и работой трех многопрофильных стационаров ознакомилась министр здравоохранения Акмарал Альназарова.

Здесь предусмотрены современная реанимация, операционный блок и необходимое медицинское оборудование. Пространство создано с учётом высокой нагрузки на детскую экстренную службу и современных требований к оказанию медицинской помощи.

Это позволит создать более комфортные условия для приёма маленьких пациентов и обеспечить своевременную и качественную медицинскую помощь детям с травмами.

В многопрофильной городской больнице № 1 министр осмотрела обновлённый приёмный покой и профильные отделения, ознакомилась с организацией медицинской помощи и планами дальнейшей модернизации.

За восемь месяцев текущего года в стационаре прошли лечение более 19,7 тысячи пациентов, проведено свыше 11 тысяч операций. По сравнению с аналогичным периодом прошлого года увеличились объёмы хирургической помощи и сократилась средняя продолжительность госпитализации.

В 2027 году запланирована реконструкция больницы. Проект направлен на обновление инфраструктуры и создание более комфортных условий для пациентов и медицинского персонала.

По итогам посещения медицинских организаций рассмотрены вопросы своевременного завершения строительных работ, оснащения новых подразделений и подготовки к их открытию.

Главная задача модернизации столичных больниц – сократить время ожидания медицинской помощи, повысить её доступность и обеспечить комфортные условия лечения для взрослых и детей.

🌐 Ресми сайт ⚜️ Instagram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Донорлық келісім – бірнеше адамға өмір сыйлауға мүмкіндік

Ғылыми-клиникалық кардиохирургия және трансплантология орталығының трансплант дәрігері Бағлан Тұртабаевтың айтуынша, қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа алдын ала келісім беру - трансплантацияны күтіп отырған пациенттер үшін аса маңызды.

«Донорлық – ең алдымен, адам өмірін сақтап қалуға бағытталған ізгі шешім. Адамның көзі тірісінде донор болуға келісім білдіруі трансплантация жүйесі үшін үлкен қолдау. Бір адамның шешімі бірнеше науқастың өмірін өзгертуге мүмкіндік береді. Сондықтан қоғамда донорлық туралы дұрыс әрі ашық ақпарат қалыптастыру өте маңызды», – дейді ол.


Дәрігердің пікірінше, донорлық келісім – тек медициналық мәселе емес, қоғамдағы өзара жанашырлық пен адам өміріне деген құрметтің көрінісі.



По словам врача-трансплантолога Научно-клинического центра кардиохирургии и трансплантологии Баглана Туртабаева, предварительное согласие на посмертное донорство имеет большое значение для пациентов, ожидающих трансплантацию.

«Донорство — это прежде всего гуманное решение, направленное на спасение человеческой жизни. Согласие человека при жизни стать донором является большой поддержкой для системы трансплантации. Решение одного человека может изменить жизнь нескольких пациентов. Поэтому крайне важно формировать в обществе правильное и открытое понимание донорства», — отмечает врач.


По мнению специалиста, донорское согласие — это не только медицинский вопрос, но и проявление взаимной заботы и уважения к человеческой жизни.


#ӨмірСыйла #ПосмертноеДонорство #Донорлықтықолдаймын
Тайынша көпбейінді ауданаралық ауруханасында ауқымды жаңғырту жұмыстары аяқталды

Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша көпбейінді ауданаралық ауруханасында стационар ғимаратының ауқымды реконструкциядан кейінгі бірінші қабатындағы күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.

Заманауи триаж жүйесін енгізу арқылы қабылдау бөлімін жаңғырту жобасы Мемлекеттік арнайы қор қаражаты есебінен іске асырылды. Жобаны қаржыландырудың жалпы көлемі 1 176 млн теңгені құрады, оның 296,6 млн теңгесі 2025 жылы игерілді. Бүгінде құрылыс-монтаждау, әрлеу және іске қосу-баптау жұмыстарының барлық кешені толық аяқталды.

Реконструкция шеңберінде аурухананың екі корпусында құрылыс-әрлеу және инженерлік жұмыстардың толық кешені жүргізілді. Атап айтқанда, сылақ, плитка жабындары, едендер мен төбелер жаңартылып, электрмен жабдықтау, жылыту, желдету, сумен жабдықтау және кәріз жүйелері ауыстырылды.

Нысанға қажетті медициналық және әлсіз токты жабдықтар жеткізіліп, монтаждалды. Медициналық газдарды орталықтандырылған беру жүйесі пайдалануға берілді. Сондай-ақ заманауи кіруді бақылау жүйесі (ЗКБЖ), құрылымдалған кабельдік желілер (ҚКЖ), күзет және өрт дабылы жүйелері іске қосылды.

Жаңартылған қабылдау бөлімінің басты жаңалығы – пациенттер ағынын олардың жағдайының ауырлық дәрежесіне қарай тиімді бөлуге мүмкіндік беретін заманауи триаж жүйесінің енгізілуі. Бұл аудан тұрғындарына шұғыл және жедел медициналық көмек көрсету жылдамдығы мен сапасын едәуір арттыруға, сондай-ақ медицина қызметкерлерінің жұмысына қауіпсіз әрі қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Жаңғырту жұмыстары шеңберінде мекеменің автопаркі де толықтырылды. Ауруханаға 12 жаңа жедел медициналық жәрдем көлігі берілді. Оның 11-і жедел медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында ауылдық елді мекендерге жіберілді, ал 1 көлік аудандық ауруханада шақыртуларға қызмет көрсету үшін қалдырылды.

🌐 Ресми сайт ⚜️ Instagram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
В Тайыншинской многопрофильной межрайонной больнице завершилась масштабная модернизация

В Тайыншинской многопрофильной межрайонной больнице Северо-Казахстанской области завершился капитальный ремонт первого этажа здания стационара после масштабной реконструкции.

Проект модернизации приемного покоя с внедрением современной триаж-системы реализован в рамках поддержки из средств Специального государственного фонда. Общий объем финансирования составил 1 176 млн тенге, из которых 296,6 млн тенге было освоено в 2025 году. На сегодняшний день весь комплекс строительно-монтажных, отделочных и пусконаладочных работ полностью выполнен.

В рамках реконструкции в двух корпусах больницы проведен полный комплекс строительно-отделочных и инженерных работ. Здесь обновлены штукатурка, плиточное покрытие, полы и потолки, а также заменены системы электроснабжения, отопления, вентиляции, водопровода и канализации.

На объект доставлено и смонтировано необходимое медицинское и слаботочное оборудование, введена в эксплуатацию централизованная система подачи медицинских газов, запущены современный комплекс контроля доступа (СКУД), структурированные кабельные сети (СКС), охранная и пожарная сигнализации.

Главным нововведением обновленного приемного покоя стало внедрение современной триаж-системы, которая позволяет эффективно разделять поток поступающих пациентов по степени тяжести их состояния. Это существенно повышает скорость и качество оказания экстренной и неотложной медицинской помощи жителям района, а также создает безопасные и комфортные условия для работы медицинского персонала.
Важным дополнением к модернизации стало пополнение автопарка учреждения: больнице выделили 12 новых автомобилей скорой медицинской помощи. Из них 11 машин направлены в сельские населенные пункты для повышения доступности экстренной помощи на местах, а 1 машина останется в районной больнице для обслуживания вызовов.

🌐 Официальный сайт ⚜️Instagram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
КӨКШЕТАУДА ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕҢ ІРІ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚТАРДЫҢ БІРІ БОЙ КӨТЕРУДЕ: ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ 76%-ҒА ОРЫНДАЛДЫ

Көкшетауда қаланың бес медициналық ұйымын біріктіретін 630 төсектік заманауи көпбейінді аурухананың құрылысы жалғасуда.

Бұл – Ақмола облысы мен еліміздің солтүстік өңірінің тұрғындарына республикалық орталықтарға бармай-ақ күрделі операциялар, жоғары технологиялық диагностика және мамандандырылған медициналық көмек алуға мүмкіндік беретін ірі инфрақұрылымдық жоба. Аурухананы пайдалануға беру 2027 жылғы мамырға жоспарланған.

Ақмола облысына жұмыс сапары барысында денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова нысандағы құрылыс барысымен танысты. Бүгінде нысанның дайындық деңгейі 76%-ды құрайды. Ағымдағы жылдың соңына дейін құрылыс жұмыстарының 90%-ын аяқтау жоспарлануда.

Жаңа аурухана еліміздегі ең ірі медициналық кешендердің біріне айналады. Мұнда әрқайсысы 120 төсектен тұратын онкологиялық және перинаталдық блоктар, 19 операциялық залы бар хирургиялық блок, күндізгі стационар және ауысымына 500 адам қабылдайтын консультациялық-диагностикалық орталық орналасады.

Кешен заманауи медициналық жабдықтармен, оның ішінде үш компьютерлік томографпен, қуаты 3 Тесла МРТ аппаратымен, үш ангиографпен және сәулелік терапия жүргізуге арналған желілік үдеткішпен жабдықталады.

Стационарда кардиология, нейрохирургия, неврология, травматология және басқа да бағыттар бойынша медициналық көмек көрсетіледі. Сонымен қатар инсульт орталығы, оңалту бөлімі және пациенттерді шұғыл тасымалдауға арналған тікұшақ алаңы көзделген.

«Бұл – соңғы 15–20 жылдағы Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізіндегі ең ірі жобалардың бірі. Біз үшін құрылысты уақтылы аяқтау ғана емес, аурухананы заманауи жабдықтармен және білікті мамандармен қамтамасыз ету де аса маңызды. Жобаны барлық кезеңде барынша сүйемелдейтін боламыз», – деп атап өтті министр.


Жаңа кешен үшін медициналық кадрларды даярлау жұмыстары өткен жылы басталған. Аурухана пайдалануға берілгеннен кейін қазіргі таңда ескірген ғимараттарда жұмыс істеп жатқан Көкшетаудың бес медициналық ұйымын осы кешенге көшіру жоспарлануда. Кешеннің базасында шамамен 1500 жұмыс орны құрылады.

Жұмыс сапары барысында министр өңірдің медициналық инфрақұрылымын дамыту мәселесіне де ерекше назар аударды. Ақмола облысында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде 38 нысанның құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін ауданаралық ауруханаларды жаңғыртуды аяқтау жоспарлануда.

Бұдан бөлек, өңірде мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігі кеңейтілуде. Жыл басынан бері нефрология, гематология және ревматология бөлімшелері ашылды.

Көкшетаудағы аурухананың құрылысы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша медициналық инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі ауқымды бағдарламаның бір бөлігі болып табылады. Биыл еліміз бойынша 50-ден астам денсаулық сақтау нысанының құрылысы жүргізілуде. Оларға 108 млрд теңгеден астам қаражат көзделген.
👍1