ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
10.1K subscribers
18.3K photos
1.54K videos
28 files
4.19K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
ЖЕТІ ЖЫЛДЫҢ ІШІНДЕ ҚАЗАҚСТАНДА 1 259 МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН САЛЫНДЫ

Соңғы жеті жылдың ішінде Қазақстанда 1 259 денсаулық сақтау нысаны салынды, оның 800-ден астамы соңғы үш жылда пайдалануға берілді. Негізгі басымдық медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамытуға берілді: жаңа нысандардың шамамен 95%-ын дәрігерлік амбулаториялар мен медициналық пункттер құрайды. 200-ден астам ауыл алғаш рет өз медициналық ұйымдарына ие болды, ал шамамен бір миллион ауыл тұрғыны медициналық көмекті үйіне жақын жерден алу мүмкіндігіне ие болды.

Медициналық инфрақұрылымды дамыту Мемлекет басшысының тапсырмалары шеңберінде жүзеге асырылуда және медициналық көмектің, әсіресе ауылдық жерлердегі қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

Жеті жылдың ішінде елімізде 32 аурухана, 19 емхана, 1 196 дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік және медициналық пункт, үш ғылыми медициналық орталық, сондай-ақ қан орталықтары мен оңалту орталықтарын қоса алғанда, тағы тоғыз медициналық ұйым салынды.

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының шеңберінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін 655 нысан салынды. Сонымен қатар 32 аудандық аурухана жаңғыртылуда. Бұл жергілікті жерлерде диагностика мен емдеу мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Ауылдық медицинаны дамытумен қатар республикалық маңызы бар ірі жобалар да іске асырылды. 2025 жылы Астанада Ұлттық ғылыми онкология орталығы және Алматыда 350 төсекке арналған Ұлттық инфекциялық аурулар ғылыми орталығы салынды.

Өңірлерде де жаңа медициналық нысандар пайда болды. Маңғыстау облысының Мұнайлы ауылындағы аудандық аурухананың, Риддер қаласындағы көпбейінді аурухананың, Ақтау қаласындағы жедел медициналық жәрдем станциясының, сондай-ақ Алматы облысының Ұзынағаш және Нарынқол ауылдарында ауысымына 250 адам қабылдауға арналған екі емхананың құрылысы аяқталды.

Жаңғыртудың негізгі міндеті – сапалы медициналық көмекті халыққа барынша жақындату. Бұл өңір тұрғындарына қажетті медициналық қызметтерді облыс орталықтарына ұзақ жол жүру қажеттілігінсіз алуға мүмкіндік береді.

Саланың одан әрі дамуы 2024–2030 жылдарға арналған денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту тұжырымдамасында көзделген. Құжатта заманауи көпбейінді ауруханалар салу, ескірген медициналық ғимараттарды жаңарту, бейімделген үй-жайлардың санын қысқарту және медициналық ұйымдарды жобалаудың халықаралық стандарттарын енгізу көзделген.

Инфрақұрылымды дамыту тек жаңа нысандар салумен шектелмейді. Ол диагностика мен емдеуге арналған заманауи жағдайлар жасауға, медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға және қалалық және ауылдық денсаулық сақтау арасындағы айырмашылықтарды қысқартуға бағытталған.

🌐 Ресми сайт ⚜️ Instagram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
В КАЗАХСТАНЕ ЗА СЕМЬ ЛЕТ ПОСТРОЕНО 1259 ОБЪЕКТОВ ЗДРАВООХРАНЕНИЯ

В Казахстане подведены итоги масштабной модернизации системы здравоохранения за последние семь лет. За этот период в стране введено в эксплуатацию 1 259 объектов здравоохранения, из которых более 800 построены за последние три года. Основной акцент сделан на развитие первичной медико-санитарной помощи: почти 95% новых объектов составляют врачебные амбулатории, фельдшерско-акушерские и медицинские пункты.

В результате более 200 сел впервые получили собственные медучреждения, а порядка одного миллиона сельских жителей – возможность получать качественную медицинскую помощь рядом с домом, без поездок в областные центры.

За семь лет в республике построены 32 больницы, 19 поликлиник, 1 196 врачебных амбулаторий, фельдшерско-акушерских и медицинских пунктов и 3 научных медицинских центра, а также 9 других организаций, включая центры крови и реабилитационные центры.

В рамках нацпроекта «Модернизация сельского здравоохранения» возведено 655 объектов первичной медико-санитарной помощи и проводится модернизация 32 районных больниц, что позволит расширить возможности диагностики и лечения на местах.

Наряду с этим реализованы крупные республиканские проекты: в Астане построен Национальный научный онкологический центр, в Алматы –Национальный научный центр инфекционных болезней на 350 коек, а в регионах завершено строительство больниц в селе Мунайлы и Риддере, станции скорой медицинской помощи в Актау, а также двух поликлиник мощностью по 250 посещений в смену в селах Узынагаш и Нарынкол Алматинской области.

Главная задача модернизации – сделать медицину доступной и сократить различия между городским и сельским здравоохранением. Дальнейшее развитие отрасли предусмотрено Концепцией развития инфраструктуры здравоохранения на 2024–2030 годы, которая направлена на строительство современных многопрофильных больниц, обновление устаревших зданий и внедрение международных стандартов проектирования медицинских учреждений.

Развитие инфраструктуры направлено не только на строительство новых объектов, но и на создание современных условий для диагностики и лечения, повышение доступности медицинской помощи и сокращение различий между городским и сельским здравоохранением.

🌐 Официальный сайт

⚜️Instagram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
ҚАЗАҚСТАН ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІ ҰЙЫМЫ ЕЛДЕРІНЕ ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРДІ БІРЛЕСКЕН ТҮРДЕ САТЫП АЛУДЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТІРКЕУДІ ЖЕДЕЛДЕТУДІ ҰСЫНДЫ

Қазақстан Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) мүше елдер үшін дәрілік заттарды бірлесіп сатып алу тетігін құру туралы бастама көтерді. Бұл ұсыныс дәрілік препараттардың қолжетімділігін арттыруға, халықаралық өндірушілермен ынтымақтастықты кеңейтуге және дәрілік қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған.

Бастаманы ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Бішкек қаласында өткен ТМҰ денсаулық сақтау министрлерінің алтыншы кездесуінде ұсынды.

Ұсынылып отырған тетік бірнеше мемлекеттің дәрі-дәрмекке деген қажеттіліктерін біріктіріп, сатып алу шарттарын келісуді көздейді. Бұл елдерге өндірушілермен бірлесіп келіссөздер жүргізуге мүмкіндік беріп, сатып алу тиімділігін арттыруға қосымша мүмкіндіктер жасайды.

Қазақстан осы мақсатта 2009 жылдан бері дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды орталықтандырылған тәртіппен сатып алып келе жатқан Бірыңғай дистрибьютор – «СҚ-Фармация» ЖШС-нің тәжірибесі мен инфрақұрылымын пайдалануды ұсынады.

2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Бірыңғай дистрибьютор арқылы 2,75 млн пациент тегін дәрілік заттармен қамтамасыз етілді. Медициналық ұйымдарға 258 млрд теңгенің өнімі жеткізілді, ал сатып алу рәсімдерінің қорытындысы бойынша үнемдеу көлемі 68 млрд теңгені құрады.

Қазақстан бұған дейін Johnson & Johnson, Pfizer, Roche, AstraZeneca және Sinovac компанияларымен мемлекетаралық сатып алу саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды. Қазіргі уақытта басқа да халықаралық фармацевтикалық компаниялармен өзара іс-қимыл жалғасуда.

Қазақстанның тағы бір ұсынысы – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағалауы бойынша ұлттық реттеу жүйелері кемелділіктің үшінші деңгейіне жеткен ТМҰ мемлекеттерінің арасында дәрілік заттарды тіркеу рәсімдерін жеделдету болды.

2026 жылы Қазақстан осы деңгейге жетіп, дәрілік заттардың сапасы мен қауіпсіздігін бақылаудың ұлттық жүйесінің дамығанын растады. Сондай-ақ елде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды нарыққа шығаруға рұқсат беру мерзімдерін қысқартуға мүмкіндік беретін «бір терезе» қағидаты енгізілді.

Атап айтқанда, Қазақстан ДДҰ-ның кемелділіктің үшінші деңгейіне ие Түркиямен дәрілік заттарды жеделдетіп тіркеудің екіжақты тетігін қарастыруды ұсынды.

«Біздің ортақ міндетіміз – тәжірибе алмасып қана қоймай, азаматтарымыз үшін нақты нәтиже беретін бірлескен жұмыстың тұрақты тетіктерін қалыптастыру», – деп атап өтті Ақмарал Әлназарова.

Бұған дейін, 17 қыркүйекте Қазақстанның бастамасымен ТМҰ мемлекеттері өкілдерінің сараптамалық кездесуі өтіп, онда бірлескен сатып алудың ұйымдастырушылық, құқықтық және реттеушілік мәселелері талқыланды.

Келесі кезеңде мемлекетаралық ынтымақтастықтың нақты тетігін пысықтау жоспарлануда.

🌐 Ресми сайт ⚜️ Instagram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
КАЗАХСТАН ПРЕДЛОЖИЛ СТРАНАМ ОТГ ОБЪЕДИНИТЬ ЗАКУПКИ ЛЕКАРСТВ И УСКОРИТЬ ИХ РЕГИСТРАЦИЮ

Казахстан выступил с инициативой создания механизма совместных закупок лекарств для стран Организации тюркских государств (ОТГ). Предложение направлено на повышение доступности лекарственных препаратов, расширение сотрудничества с международными производителями и укрепление лекарственной безопасности.

С инициативой выступила министр здравоохранения РК Акмарал Альназарова на шестой встрече министров здравоохранения стран ОТГ в Бишкеке.

Предлагаемый механизм предусматривает объединение потребностей нескольких государств и согласование условий закупок. Это позволит странам совместно вести переговоры с производителями и создаст дополнительные возможности для повышения эффективности закупок.

Казахстан предлагает использовать для этих целей опыт и инфраструктуру Единого дистрибьютора - ТОО «СК-Фармация», которое осуществляет централизованные закупки лекарств и медицинских изделий с 2009 года.

За первое полугодие 2026 года через Единого дистрибьютора бесплатными лекарственными средствами обеспечены 2,75 млн пациентов. В медицинские организации поставлена продукция на 258 млрд тенге, а экономия по итогам закупочных процедур составила 68 млрд тенге.

Казахстан уже подписал меморандумы о сотрудничестве в области межстрановых закупок с Johnson & Johnson, Pfizer, Roche, AstraZeneca и Sinovac. Продолжается взаимодействие с другими международными фармацевтическими компаниями.

Ещё одним предложением Казахстана стало ускорение регистрации лекарственных средств между государствами ОТГ, национальные регуляторные системы которых достигли третьего уровня зрелости по оценке Всемирной организации здравоохранения.

В 2026 году Казахстан достиг этого уровня, подтвердив развитие национальной системы контроля качества и безопасности лекарственных средств. В стране также внедрён принцип «единого окна», позволяющий сократить сроки допуска лекарств и медицинских изделий на рынок.

В частности, Казахстан предложил рассмотреть возможность двустороннего механизма ускоренной регистрации лекарств с Турцией, которая также имеет третий уровень зрелости ВОЗ.

«Наша общая задача - не только обмениваться опытом, но и создавать устойчивые механизмы совместной работы, которые будут давать конкретный результат для наших граждан», - подчеркнула Акмарал Альназарова.

Ранее, 17 сентября, по инициативе Казахстана состоялась экспертная встреча представителей государств ОТГ, на которой обсуждались организационные, правовые и регуляторные вопросы совместных закупок.

Следующим этапом станет проработка конкретного механизма межстранового сотрудничества.

🌐 Официальный сайт

⚜️Instagram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ҚАЗАҚСТАН ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ ЖЕЛІЛІК МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІН ҚҰРУДЫ ҰСЫНДЫ

Бішкекте Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің денсаулық сақтау министрлерінің алтыншы кездесуінде Қазақстан тарапы түркі мемлекеттерінің жетекші медициналық университеттерін біріктіріп, дәрігерлерді бірлесіп даярлау, мамандар алмасу және медициналық ғылымды дамыту жөнінде бастама көтерді.
Ынтымақтастықтың жаңа форматтары жас медицина мамандарын даярлау мүмкіндіктерін кеңейтуге және өңір елдерінде заманауи медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

«Қазақстан Түркі мемлекеттерінің желілік университетін құруды ұсынды. Ол ТМҰ елдерінің жетекші медициналық жоғары оқу орындарын біріктіреді. Қоғамдық денсаулық сақтау, эпидемиология және биоинформатика салаларын қоса алғанда, білім беру бағдарламаларын бірлесіп әзірлеу көзделіп отыр», – деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.

Осы жұмысты үйлестіру үшін ТМҰ Хатшылығының жанынан Медициналық білім беру жөніндегі үйлестіру кеңесін құру ұсынылды.

Академиялық алмасуға да ерекше назар аударылды. Қазақстан жас ғалымдарға, докторанттар мен резидент-дәрігерлерге арналған гранттық бағдарламаны іске қосуды, сондай-ақ сұранысқа ие медициналық мамандықтар бойынша бірлескен тағылымдамаларды дамытуды ұсынды.

Басым бағыттардың қатарында балалар кардиохирургиясы, трансплантология, нейрохирургия және онкогематология бар. Қазақстанның ұлттық ғылыми орталықтары мен университеттік клиникалары ТМҰ елдерінен келген мамандарды практикалық даярлау алаңдары болуға дайын.

Ынтымақтастықта медициналық-санитариялық алғашқы көмек пен отбасылық медицинаны дамытуға ерекше орын беріледі. Қазақстан ауылдық және шекара маңындағы аудандарда жұмыс істейтін дәрігерлер үшін бірлескен білім беру бағдарламаларын, көшпелі мектептер мен қысқа мерзімді тағылымдамалар ұйымдастыруды ұсынады.

Өнімді әріптестіктің практикалық мысалы ретінде Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстанда өткен Қазақстан медицинасы күндерін атап өтуге болады.

Мемлекетаралық ынтымақтастық шеңберінде дәрігерлер бірлескен операциялар жасап, пациенттерге консультациялар берді, заманауи медициналық технологияларды қолдану тәжірибесімен алмасты.

Мұндай өзара іс-қимыл кәсіби байланыстарды нығайтуға, денсаулық сақтау саласындағы мамандардың практикалық және ғылыми әлеуетін арттыруға, сондай-ақ медициналық көмек көрсетудің үздік практикаларын бірлесіп енгізуге мүмкіндік береді.

Қазақстан осындай бағдарламаларды тұрақты негізде өткізуді және бірлескен медициналық миссиялар практикасын ТМҰ-ның басқа да мемлекеттеріне таратуды ұсынды.

🌐 Ресми сайт ⚜️ Instagram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM