ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
10.1K subscribers
18.3K photos
1.54K videos
28 files
4.19K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
АСТАНАДА «САЛАМАТТЫ МЕКТЕП» БІРІНШІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТЕДІ

7 қазан күні Астанада «Саламатты мектеп: салауатты білім беру ортасын қалыптастырудағы ведомствоаралық өзара іс-қимыл моделі» атты бірінші республикалық форум өтеді.

Іс-шараны ҚР ДСМ Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы ҚР Денсаулық сақтау және Оқу-ағарту министрліктерінің қолдауымен ұйымдастырады.

Форумға Денсаулық сақтау, Оқу-ағарту, Туризм және спорт, Мәдениет және ақпарат министрліктерінің, өңірлік білім беру және денсаулық сақтау басқармаларының өкілдері, мектеп басшылары мен педагогтер, мектеп дәрігерлері мен медицина қызметкерлері, сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, ЮНИСЕФ, ЮНЕСКО өкілдері, ғылыми және сарапшылық қоғамдастық қатысады.

Қатысушылар дұрыс тамақтану, дене белсенділігі, психоэмоционалдық әл-ауқат, аурулардың алдын алу және санитариялық қауіпсіздік мәселелерін жекелеген профилактикалық іс-шаралармен шектемей, мектептің күнделікті ортасының ажырамас бөлігіне айналдыру жолдарын талқылайды.

Форум салауатты әрі қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру бойынша бірыңғай тәсілдерді келісуге, «Саламатты мектеп» бастамасын іске асыру нәтижелерін бағалауға және ұлттық әрі өңірлік деңгейлерде бірлескен жұмыстың одан арғы бағыттарын айқындауға арналған негізгі ведомствоаралық алаңға айналады.

Форум қорытындысы бойынша салауатты білім беру ортасын дамыту жөніндегі бірыңғай басқарушылық күн тәртібін қалыптастыру және ұлттық әрі өңірлік деңгейлердегі ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту жоспарлануда.

📌 Өтетін орны: Астана қаласы, «Астана» халықаралық қаржы орталығы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55/19, C3.4 блогы.
Форум гибридті форматта өтеді.

Қатысушылар іс-шараға офлайн қатысып, сондай-ақ YouTube арнасы арқылы онлайн тамашалай алады.

Тіркелу үшін: https://forms.gle/BjCsjweD4sz1pzfb8

Форумға YouTube арнасы арқылы онлайн қатысу үшін: youtube.com/channel/UCA-caxp_ctOn_qid_HXleyQ?si=rpXgsALT0rC2mjiu

ZOOM платформасы арқылы қосылу үшін: https://us06web.zoom.us/j/89167433516?pwd=81fxI9B8Or16hisi6ZadKL95VuPqBy.1

БАҚ-ты аккредиттеу: Қазанғапова Зарема + 7 707 703 25 91

🌐 Ресми сайт ⚜️ Instagram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
В АСТАНЕ ПРОЙДЕТ ПЕРВЫЙ РЕСПУБЛИКАНСКИЙ ФОРУМ «САЛАМАТТЫ МЕКТЕП»

7 октября в Астане состоится первый республиканский форум «Саламатты мектеп: модель межведомственного взаимодействия для формирования здоровой образовательной среды».

Организатором мероприятия выступает – Национальный научный центр развития здравоохранения имени Салидат Каирбековой МЗ РК при поддержке Министерства здравоохранения и Министерства просвещения РК.

В мероприятии примут участие представители Министерства здравоохранения, Министерства просвещения, Министерства туризма и спорта, Министерства культуры и информации, региональных управлений образования и здравоохранения, руководители и педагоги школ, школьные врачи и медицинские сестры, а также представители ВОЗ, ЮНИСЕФ, ЮНЕСКО, научного и экспертного сообщества.

Участники обсудят, как сделать вопросы питания, физической активности, психоэмоционального благополучия, профилактики заболеваний и санитарной безопасности частью повседневной школьной среды, а не отдельными профилактическими мероприятиями.

Форум станет ключевой межведомственной площадкой для согласования единых подходов к созданию здоровой и безопасной образовательной среды, оценки результатов реализации инициативы «Саламатты мектеп» и определения дальнейших совместных действий на национальном и региональном уровнях.

По итогам Форума планируется сформировать общую управленческую повестку по развитию здоровой образовательной среды и усилить межведомственное взаимодействие на национальном и региональном уровнях.

📌 Место проведения: Астана, Международный финансовый центр «Астана», проспект Мәңгілік Ел, 55/19, блок С3.4.

Форум пройдет в гибридном формате, предусматривающем очное участие и онлайн просмотр через Youtube канал.
Для регистации: https://forms.gle/BjCsjweD4sz1pzfb8

Для онлайн участия на форуме по каналу YouTube: youtube.com/channel/UCA-caxp_ctOn_qid_HXleyQ?si=rpXgsALT0rC2mjiu

Для подключения по ZOOM: https://us06web.zoom.us/j/89167433516?pwd=81fxI9B8Or16hisi6ZadKL95VuPqBy.1

По аккредитации СМИ: Казангапова Зарема + 7 707 703 25 91.

🌐 Официальный сайт

⚜️Instagram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
*Бір жасқа дейінгі балаларды вакцинациялау — не үшін және қай кезде?* 💉👶

№11 қалалық емхананың балалар бөлімшесінің меңгерушісі Мөлдір Ибрагимова вакцинациялаудың баланың өмірінің алғашқы жылдарында аса маңызды екенін және Қазақстанның профилактикалық екпелерінің ұлттық күнтізбесінде қандай екпелер көзделгенін айтып берді.

Вакцинациялау инфекцияға тап болғанға дейін иммунитет қалыптастыруға көмектесіп, аурулардың ауыр өтуі мен асқыну қаупін төмендетеді.

Баланың өмірінің алғашқы күндерінде туберкулезге (БЦЖ) және В вирустық гепатитіне қарсы екпелер жасалады. Ал 2, 3 және 4 айында көкжөтелге, дифтерияға, сіреспеге, полиомиелитке, Hib-инфекциясына және пневмококк инфекциясына қарсы вакцинациялау жүргізіледі.

Вакцинациялау мерзімдерін сақтау және жоспарлы екпелерді өткізіп алмау маңызды.

Ата-аналардың сұрақтары немесе күмәні болса, оларды міндетті түрде дәрігермен талқылаған жөн.

Вакцинациялау — баланы бүгін және болашақта қорғаудың маңызды жолы.❤️

***

*Вакцинация детей до года — зачем и когда? 💉👶*

Заведующая детским отделением ГП №11 Молдир Ибрагимова рассказала, почему вакцинация особенно важна в первые годы жизни ребёнка и какие прививки предусмотрены Национальным календарём профилактических прививок Казахстана.

Вакцинация помогает сформировать иммунитет до встречи с инфекцией и снижает риск тяжёлого течения заболеваний и их осложнений.

В первые дни жизни ребёнок получает прививки против туберкулёза (БЦЖ) и гепатита B. В 2, 3 и 4 месяца — вакцинацию против коклюша, дифтерии, столбняка, полиомиелита, Hib- и пневмококковой инфекции.

Важно соблюдать сроки вакцинации и не пропускать плановые прививки.

Если у родителей есть вопросы или сомнения, их обязательно стоит обсудить с врачом.

Вакцинация — это защита ребёнка сегодня и в будущем. ❤️

🌐 Официальный сайт

⚜️Instagram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🎀 Қызғылт қазан

Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты сүт безі обыры туралы хабардарлықты арттыру айлығын қолдау мақсатында челлендж бастайды.
Біздің мақсатымыз — ерте диагностикаға, маммографиялық скринингке және әйелдерге қолдау көрсетуге назар аудару.

Қатысу оңай:
🩷 Киіміңізге қызғылт түсті элемент қосыңыз: таспа, орамал немесе аксессуар.
📲 Осы жазбамен бөлісіңіз.
🤝 Үш жақыныңызды челленджді қолдауға шақырыңыз.
🎀 #ҚызғылтҚазанҚазақстан хештегін қосып, ҚазОРҒЗИ аккаунтын белгілеңіз.

Челленджге қатысумен қатар, денсаулығыңыз үшін пайдалы қадам жасаңыз: өз емханаңыздан маммографиялық скринингтен өту тәртібін біліңіз.

📅 2026 жылғы 31 қазанда емханалар мен онкологиялық орталықтарда Бірыңғай ашық есік күні өтеді. Қатысу уақыты мен шарттарын өз медициналық ұйымыңыздан нақтылаңыз.

Осы жазбамен бөлісіп, өзіңізге қымбат жандарға қамқорлық танытыңыз!

🌐 Ресми сайт ⚜️ Instagram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🎀 Розовый октябрь

КазНИИОиР запускает челлендж в поддержку месяца осведомлённости о раке молочной железы.
Наша цель — привлечь внимание к ранней диагностике, маммографическому скринингу и поддержке женщин.

Присоединиться просто:
🩷 Добавьте розовую деталь к своему образу - ленту, платок или аксессуар.
📲 Поделитесь этим постом.
🤝 Пригласите трёх близких поддержать челлендж.
🎀 Добавьте хештег #РозовыйОктябрьКазахстан.

Пусть поводом для участия станет и полезный шаг: узнайте в своей поликлинике о прохождении маммографического скрининга.

📅 31 октября 2026 года в поликлиниках и онкоцентрах состоится Единый день открытых дверей. Время и условия участия уточняйте в вашей медицинской организации.

Поделитесь и передайте Вашу заботу тем, кто вам дорог!

🌐 Официальный сайт

⚜️Instagram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ҚАЗАҚСТАН МЕН ДДҰ АРАЛ ӨҢІРІ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН САҚТАУ БОЙЫНША КҮШ БІРІКТІРЕДІ

🌍 Арал өңірі тұрғындарының денсаулығын экологиялық және климаттық қауіптерден қорғауға бағытталған «Салауатты болашақ» бастамасын іске асыру жөніндегі жол картасы бүгін Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың дипломатиялық миссиялар басшыларымен кездесуінде таныстырылды. Кездесуге Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы елдік офисінің басшысы, мемлекеттік органдардың және Қызылорда облысы әкімдігінің өкілдері қатысты.

📄 🤝 «Арал өңіріндегі «Салауатты болашақ» құжаты: 2026–2030 жылдарға арналған «Арал теңізі – қоршаған орта және денсаулық» бағдарламасына қарай» атты құжат биыл сәуір айында Астанада өткен Өңірлік экологиялық саммит барысында қол жеткізілген уағдаластықтардың практикалық жалғасы болып табылады. Құжат өңірдегі профилактикалық іс-шараларды, медициналық және экологиялық мониторингті күшейтуді көздейді.

«Біз үшін экологиялық факторлардың адам денсаулығына әсер етуін күтпей, алдын ала әрекет ету маңызды. Біз қауіптерді ертерек анықтап, аурулардың алдын алып, адамдарға қажетті көмекті уақтылы көрсетуіміз керек», – деп атап өтті Ақмарал Әлназарова.


Жол картасы санитариялық-эпидемиологиялық және медициналық мониторингті күшейтуді, ғылыми зерттеулерді дамытуды, сондай-ақ су мен ауаның сапасы, климаттық және басқа да факторлардың халық денсаулығына әсерін талдау үшін цифрлық технологияларды пайдалануды көздейді.

Балаларға, жүкті әйелдерге, егде жастағы адамдарға және созылмалы аурулары бар пациенттерге ерекше көңіл бөлінеді.

🌐 Бұл жұмыс Қазақстан мен Өзбекстанның күш-жігерін ДДҰ мен БҰҰ жүйесіндегі әріптестердің қолдауымен біріктіреді. Оған экологиялық ведомстволар, өңірлер, ғылыми қоғамдастық және халықаралық әріптестер де тартылған.

☘️ Қазақстанда Арал өңірінің экожүйелерін қалпына келтіру, Арал теңізінің құрғаған табанын көгалдандыру және сексеуілден қорғаныш орман алқаптарын құру бойынша шаралар жүзеге асырылуда. Су ресурстарын мониторингтеудің заманауи құралдары дамытылуда.

📌 Министрдің айтуынша, келесі кезең – халықтың денсаулығын сақтау, аурулардың профилактикасы және уақтылы шешімдер қабылдау кезінде пайдалану үшін экологиялық және медициналық деректердің өзара байланысын күшейту.

«Бүгін біз баршамызға, әсіресе келер ұрпаққа қатысты болашаққа бастайтын нақты қадамдарды айқындау үшін жиналып отырмыз. Келер ұрпақтың таза суы, таза ауасы және қауіпсіз азық-түлігі бар ортада өмір сүруге деген үміті сақталуы тиіс. Бұл – ортақ жауапкершілік. Мұндай болашаққа тек бірлескен күш-жігер арқылы қол жеткізуге болады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының атынан осы маңызды бастамаға қатысып отырған баршаңызға алғыс айтамын. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне көшбасшылығы, қолдауы және осы бағдарламаны іске асыруға деген бейілділігі үшін ризашылығымды білдіремін.
ДДҰ бұдан әрі де Қазақстанға қоршаған орта мен денсаулық мәселелеріне кешенді тәсілді ілгерілетуге және қазіргі әрі болашақ ұрпақтың денсаулығы мүддесінде халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға қолдау көрсететін болады», – деді ДДҰ-ның Қазақстандағы офисінің басшысы, доктор Скендер Сыла.


🙌 Қазақстан Орталық Азия елдерінің, ДДҰ-ның, БҰҰ жүйесінің, ғылыми қоғамдастықтың және халықаралық әріптестердің күш-жігерін адамдардың денсаулығы мен Арал өңірінің орнықты болашағын қамтамасыз ету жөніндегі ортақ мақсат төңірегінде одан әрі біріктіруді көздейді.

🌐 Ресми сайт ⚜️ Instagram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM