ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
10.1K subscribers
18.3K photos
1.54K videos
28 files
4.2K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
ӘЙЕЛДЕР ФОРУМЫ: ҚАЗАҚСТАН АНАЛАР МЕН БАЛАЛАР ДЕНСАУЛЫҒЫН САҚТАУ ТӘСІЛДЕРІН КҮШЕЙТУДЕ

🤱 Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда ана өлімі 6,7 есеге, нәресте өлімі 5,2 есеге төмендеді. Осылайша ана мен бала өлімін азайту бағытындағы Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) нысаналы көрсеткіштеріне мерзімінен бұрын қол жеткізілді.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Түрікменстанның Аваза қаласында өткен Халықаралық әйелдер конференциясында мәлімдеді. Министр әйелдер мен балалардың денсаулығы елдің демографиялық болашағын тікелей айқындайтынын атап өтті.

«Бүгінде алдымызда бұдан да күрделі міндет тұр – әрбір адамның өмірін сақтап, алдын алуға болатын өлімге жол бермеу. Ол үшін заманауи диагностика, жүкті әйелдерді тиімді бағыттау, жоғары технологиялық медициналық көмекті дамыту, медициналық көмектің сапасына тұрақты аудит жүргізу және ауыр жағдайларға жедел әрекет ету қажет», – деді ведомство басшысы.


🇰🇿 ЮНИСЕФ Қазақстанның балалар, нәрестелер және неонаталдық өлімді төмендету, вакцинациялау арқылы алдын алуға болатын инфекцияларды қысқарту бағыттарындағы елеулі нәтижелерін, сондай-ақ алғашқы медициналық-санитариялық көмек деңгейіндегі патронаж қызметінің тиімділігін атап өтеді. Халықаралық ұйым Қазақстанның тәжірибесін Орталық Азия елдеріне пайдалы болуы мүмкін балалар денсаулығын сақтау саласындағы озық тәжірибелердің бірі ретінде бағалайды.

🧸 Қазіргі таңда Қазақстанда шамамен 6,9 млн бала тұрады, бір жыл ішінде 329 мыңнан астам бала дүниеге келген. Министр атап өткендей, әрбір санның артында нақты адамның денсаулығы мен өмірі тұр. Сондықтан көрсеткіштерді одан әрі жақсарту барынша дәл әрі жекелендірілген тәсілді талап етеді.

🌸 Ақмарал Әлназарова денсаулық сақтау жүйесіндегі әйелдердің рөліне де ерекше тоқталды. Бүгінде салада шамамен 84 мың дәрігер және 196 мыңнан астам орта медицина қызметкері жұмыс істейді. Олардың 80 пайыздан астамы – әйелдер.

Министр әйелдердің мемлекеттік және қоғамдық өмірдегі мүмкіндіктерін кеңейту мәселесіне де тоқталды. Қазіргі уақытта Қазақстандағы мемлекеттік қызметшілердің 55,8 пайызын әйелдер құрайды, олардың 39,1 пайызы басшылық лауазымдарда қызмет атқарады. Квазимемлекеттік сектордағы басшылық лауазымдардағы әйелдердің үлесі 46,8 пайызға жетті.

👸 7 қазанда министр Түрікменстанда өткен «Бейбітшілікті сақтаудағы және орнықты дамуға қол жеткізудегі әйелдердің рөлі» атты Халықаралық әйелдер диалогына және «Демографиялық процестер және орнықты даму: заманауи міндеттер мен халықаралық тәжірибе» атты Халықаралық конференцияға қатысты.

🌐 Сөз барысында климат пен денсаулықтың өзара байланысына да назар аударылды. Экстремалды ыстық, су ресурстарының өзгеруі және басқа да климаттық факторлар халық үшін жаңа қауіп-қатерлер туғызып, денсаулық сақтау жүйелеріне қосымша салмақ түсіруде.

🙌 Осыған байланысты Қазақстан өңір елдерін тәжірибе алмасудан нақты бірлескен іс-қимылдарға көшуге шақырды. Оның ішінде ана мен бала денсаулығын сақтау бағдарламаларын іске асыру, ана мен нәресте өлімінің алдын алу, үздік медициналық практикалармен алмасу және кадрлар даярлау, әйелдер денсаулығын, цифрлық технологиялар мен жоғары технологиялық медициналық көмекті дамыту бағыттары бар.

✅ Ақмарал Әлназарова Қазақстанның әйелдер мен балалардың денсаулығын сақтау және орнықты даму мәселелері бойынша Түрікменстанмен және өңірдің басқа да мемлекеттерімен ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін атап өтті.

🌐 Ресми сайт ⚜️ Instagram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ЖЕНСКИЙ ФОРУМ: КАЗАХСТАН УСИЛИВАЕТ ПОДХОДЫ К ОХРАНЕ ЗДОРОВЬЯ МАТЕРЕЙ И ДЕТЕЙ

🤱 За годы независимости материнская смертность в Казахстане снизилась в 6,7 раза, младенческая - в 5,2 раза, досрочно достигнув целевых индикаторов ЦУР в области снижения материнской и детской смертности.

Об этом заявила министр здравоохранения РК Акмарал Альназарова на Международной женской конференции в Авазе (Туркменистан), подчеркнув, что здоровье женщин и детей напрямую определяет демографическое будущее страны.

«Сегодня перед нами стоит более сложная задача - сохранить каждую жизнь и не допустить предотвратимых потерь. Для этого необходимы современная диагностика, эффективная маршрутизация беременных женщин, развитие высокотехнологичной помощи, постоянный аудит качества и быстрое реагирование на критические состояния», – отметила глава ведомства.


🇰🇿 ЮНИСЕФ отмечает значительные результаты Казахстана в снижении детской, младенческой и неонатальной смертности, сокращении инфекций, предупреждаемых вакцинацией, а также эффективность патронажной службы на первичном уровне. Международная организация рассматривает казахстанский опыт как пример лучших практик детского здравоохранения, который может быть полезен для стран Центральной Азии.

🧸 На сегодня в Казахстане проживают около 6,9 млн детей, за год произошло более 329 тысяч родов. Как отметила министр, за каждой цифрой стоят здоровье и жизнь конкретного человека, поэтому дальнейшее улучшение показателей требует более точного и персонализированного подхода.

🌸 Особое внимание Акмарал Альназарова уделила роли женщин в самой системе здравоохранения. Сегодня в отрасли работают около 84 тысяч врачей и более 196 тысяч специалистов среднего медицинского персонала. Более 80% из них - женщины.

Министр также остановилась на расширении возможностей женщин в государственной и общественной жизни. Сегодня женщины составляют 55,8% государственных служащих Казахстана, 39,1% из них занимают руководящие должности. Доля женщин на руководящих позициях в квазигосударственном секторе достигла 46,8%.

👸 7 октября министр приняла участие в Международном женском диалоге «Роль женщин в сохранении мира и достижении устойчивого развития» и Международной конференции «Демографические процессы и устойчивое развитие: современные задачи и международный опыт» в Туркменистане.

🌐 Еще одним направлением выступления стала взаимосвязь климата и здоровья. Экстремальная жара, изменение водных ресурсов и другие климатические факторы создают новые риски для населения и дополнительную нагрузку на системы здравоохранения.

🙌 В этой связи Казахстан предложил странам региона перейти от обмена опытом к конкретным совместным действиям. В их числе - программы по охране здоровья матерей и детей, профилактика материнской и младенческой смертности, обмен лучшими медицинскими практиками и подготовка кадров, развитие женского здоровья, цифровых технологий и высокотехнологичной медицинской помощи.

✅ Акмарал Альназарова подчеркнула готовность Казахстана продолжать сотрудничество с Туркменистаном и другими государствами региона по вопросам здоровья женщин и детей и устойчивого развития.

🌐 Официальный сайт

⚜️Instagram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🤖 Аяның пайдалы кеңесі!

Бұл видеода РЦПМСП-ның жасанды интеллект негізіндегі көмекшісі учаскелік дәрігердің жолдамасынсыз қай бейінді мамандарға жазылуға болатынын түсіндіреді.

Артық уақыт жоғалтпау үшін қай маманға тікелей жазылуға болатынын білу маңызды.
Видеоны көріп, ақпаратты сақтап қойыңыз - қажет кезде пайдалы болады 👆

🌐 Ресми сайт ⚜️ Instagram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🤖 Ая снова с полезной информацией!

В этом видео ИИ-помощница РЦПМСП рассказывает, к каким узким специалистам можно записаться без направления участкового врача.

Чтобы не тратить время на лишние визиты, важно знать, к какому специалисту можно обратиться напрямую.

Смотрите видео и сохраняйте, чтобы информация всегда была под рукой 👆

🌐 Официальный сайт

⚜️Instagram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ЖҮРЕК ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ ҚАУПІН АНЫҚТАУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ

🤖 Қазақстанда кәдімгі электрокардиограмма арқылы созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің даму қаупі жоғары пациенттерді анықтауға және оларды қосымша тексеруге уақтылы жіберуге мүмкіндік беретін отандық жасанды интеллект технологиясын сынақтан өткізу жобасы басталды.

⚡️ Бүгін Денсаулық сақтау министрлігінде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспановтың «АстраЗенека Қазақстан» ЖШС бас директоры Елена Троговамен кездесуі өтті. Кездесу барысында ЭКГ деректері негізінде созылмалы жүрек жеткіліксіздігін ерте анықтауға арналған жасанды интеллект моделін валидациялық зерттеу жобасына ресми түрде старт берілді.

📌 Технология ең алдымен емханаларда қолдануға бағытталған. Жасанды интеллект ЭКГ нәтижелерін талдап, эхокардиографиядан басым тәртіппен өтуі қажет пациенттерді анықтауға дәрігерге көмектеседі.

«Біздің міндетіміз – ауыр асқынулар мен емдеуге жатқызуды күтпей, ауруды мүмкіндігінше ерте анықтау. Жасанды интеллект дәрігерге қауіптерді жедел бағалауға және пациентті қажетті тексеруге уақтылы жіберуге көмектесуі тиіс. Бұл ретте соңғы клиникалық шешімді әрдайым медицина маманы қабылдайды», – деп атап өтті Ербол Оспанов.


Жобаның артықшылықтарының бірі – қосымша жабдық сатып алмай-ақ, ЭКГ диагностикасының қолданыстағы цифрлық инфрақұрылымын пайдалану мүмкіндігі.

Жасанды интеллект моделі медициналық деректер иесіздендірілген түрде қолданылып оқытылған және ЭКГ мен ЭхоКГ-ның салыстырмалы нәтижелері негізінде валидациядан өтеді.

«Мұндай шешімдерді кеңінен енгізбес бұрын олардың тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы расталған деректер алу қажет. Валидациялау нәтижелері бойынша технологияны медициналық-санитариялық алғашқы көмек деңгейінде одан әрі қолдану мүмкіндігі қаралатын болады», – деп атап өтті вице-министр.


❤️ Жоба Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстанның жүрек жеткіліксіздігі жөніндегі мамандар қоғамы және «АстраЗенека Қазақстан» компаниясының қолдауымен қазақстандық CMC Technologies компаниясының арасында жасалған үшжақты меморандум шеңберінде іске асырылуда.

🩺 Клиникалық сараптаманы кардиологтардың кәсіби қауымдастығы, ал технологиялық бөлігін CMC Technologies қамтамасыз етеді. Компания әзірлеген қашықтан ЭКГ диагностикасы жүйесі 2019 жылдан бері жұмыс істейді. Осы уақыттың ішінде жүйе арқылы 4 миллионнан астам зерттеу жүргізіліп, оған 140-тан астам медициналық ұйым мен 400 филиал қосылған.

👩‍💻 Зерттеу қорытындысы бойынша жасанды интеллект моделінің дәлдігі және оны медициналық-санитариялық алғашқы көмек деңгейінде созылмалы жүрек жеткіліксіздігі қаупін ерте анықтау үшін одан әрі қолдану мүмкіндігі бағаланады.

🌐 Ресми сайт ⚜️ Instagram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
КАЗАХСТАНСКАЯ ИИ-ТЕХНОЛОГИЯ ПОЗВОЛИТ ВЫЯВЛЯТЬ РИСК СЕРДЕЧНОЙ НЕДОСТАТОЧНОСТИ

🤖 В Казахстане стартовал проект по тестированию отечественной ИИ-технологии, которая по обычной электрокардиограмме поможет определять пациентов с повышенным риском хронической сердечной недостаточности и своевременно направлять их на дополнительное обследование.

⚡️ Сегодня в Министерстве здравоохранения состоялась встреча вице-министра здравоохранения Ербола Оспанова с генеральным директором ТОО «АстраЗенека Казахстан» Еленой Троговой, посвященная официальному старту проекта по валидационному исследованию модели искусственного интеллекта для раннего выявления хронической сердечной недостаточности по данным ЭКГ.

📌 Технология ориентирована прежде всего на поликлиники. Искусственный интеллект анализирует результаты ЭКГ и помогает врачу определить пациентов, которым необходимо приоритетно пройти эхокардиографию.

«Наша задача – выявлять заболевание как можно раньше, не дожидаясь тяжелых осложнений и госпитализации. Искусственный интеллект должен помогать врачу быстрее определить риски и своевременно направить пациента на необходимое обследование. При этом окончательное клиническое решение всегда остается за медицинским специалистом», – отметил Ербол Оспанов.


Одно из преимуществ проекта – возможность использовать действующую инфраструктуру цифровой ЭКГ-диагностики без закупки дополнительного оборудования.

ИИ-модель обучена на обезличенных медицинских данных и будет проходить валидацию на сопоставленных результатах ЭКГ и ЭхоКГ.

«Перед широким внедрением таких решений необходимо получить подтвержденные данные об их эффективности и безопасности. По итогам валидации будет рассмотрена возможность дальнейшего применения технологии в первичном звене», — подчеркнул вице-министр.


❤️ Проект реализуется в рамках трехстороннего меморандума между Министерством здравоохранения, Казахстанским обществом специалистов по сердечной недостаточности и казахстанской компанией CMC Technologies при поддержке «АстраЗенека Казахстан».

🩺 Клиническую экспертизу обеспечивает профессиональное сообщество кардиологов, технологическую часть – CMC Technologies. Разработанная компанией система дистанционной ЭКГ-диагностики работает с 2019 года. Через нее проведено более 4 млн исследований, к системе подключены свыше 140 медицинских организаций и 400 филиалов.

👩‍💻 По итогам исследования будет оценена точность ИИ-модели и возможность ее дальнейшего применения для раннего выявления риска хронической сердечной недостаточности на уровне ПМСП.

🌐 Официальный сайт

⚜️Instagram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
«САЛАМАТТЫ МЕКТЕП»: БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫ МЕКТЕП ОРТАСЫНЫҢ БӨЛІГІНЕ АЙНАЛУДА

📚 Қазақстанда «Саламатты мектеп» бастамасы жаңа кезеңге өтуде. Жекелеген профилактикалық іс-шаралардан мектептерде салауатты әрі қауіпсіз орта қалыптастырудың бірыңғай жүйесіне көшу көзделіп отыр. Ендігі жерде бастаманың тиімділігінің негізгі көрсеткіші өткізілген іс-шаралардың саны емес, мектептердегі нақты өзгерістер болуы тиіс.

📌 Астанада еліміздің барлық өңірінен 2000-нан астам қатысушыны біріктірген «Саламатты мектеп» бірінші республикалық форумы өтті. Талқылаудың негізгі мәселесі - бала денсаулығына қамқорлықты жеке бағыт ретінде емес, мектептің күнделікті өмірінің ажырамас бөлігіне айналдыру жолдары.

Бүгінде «Саламатты мектеп» бастамасымен еліміздегі 8048 жалпы білім беретін мектептің 6349-нда, яғни 78,9%-ы қамтылған. Бастама Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер» жобасына сәйкес іске асырылуда.


Келесі міндет – мектептердің бастамаға жай ғана қатысуын емес, олардың ішінде сапалы өзгерістердің қалыптасуын қамтамасыз ету.

Бұл – денсаулық сақтау мен білім беру салаларын біріктіретін кешенді жүйе. Баланың денсаулығы мектеп ортасының барлық элементтері арқылы қолдау табуы тиіс. Оған тамақтану сапасы мен дене белсенділігіне мүмкіндік беруден бастап, психологиялық әл-ауқат, санитариялық қауіпсіздік, аурулардың профилактикасы және медициналық көмектің қолжетімділігіне дейінгі бағыттар кіреді.

⚡️ Қазақстанда 2026–2028 жылдарға арналған мектеп жасындағы балалардың денсаулығын нығайту жөніндегі «Саламатты мектеп» іс-шаралар жоспары бекітілді. Барлық өңірлерде жоспарлар мен үйлестірушілер айқындалды, сондай-ақ Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығының Сараптамалық кеңесі бекіткен бастаманы іске асырудың бірыңғай алгоритмі енгізілді.

«Біздің ортақ міндетіміз – дұрыс тамақтану, қимыл-қозғалыс және дер кезінде медициналық көмекке жүгіну баланың күнделікті өмірінің қолжетімді бөлігіне айналуын қамтамасыз ету», – деді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Султангазиев.


☘️ Басым бағыттардың бірі – мектептегі тамақтану. 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарындағы тамақтанудың жаңартылған стандарттары қолданысқа енгізілді. Енді осы стандарттардың мектептерде тікелей орындалуын қамтамасыз ету маңызды. Атап айтқанда, өнімдердің сапасы мен мәзір құрамын, буфет өнімдерінің ассортиментін және тегін ауыз судың қолжетімділігін бақылау қажет.

Медициналық және психологиялық көмекті жүйелі түрде көрсету де маңызды. Ауруды немесе денсаулыққа қатысты басқа да проблеманы анықтау көмек көрсету процесінің соңғы нүктесіне айналмауы тиіс.

Жаңа тәсілде жауапкершілік аймақтары нақты бөлінген. Денсаулық сақтау министрлігі медициналық сүйемелдеуді және профилактикада дәлелді тәсілдерді, Оқу-ағарту министрлігі қауіпсіз әрі денсаулықты сақтауға бағытталған білім беру ортасын қалыптастыруға жауап береді, ал өңірлер үйлестіру мен қажетті ресурстарды қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, бастаманың цифрлық құрамдас бөлігі де дамуда. 2026 жылы HPS порталы кешенді жаңғыртудан өтті. Бұл біртіндеп қатысушылардың санын есепке алудан бастап мектеп ортасының жай-күйін бағалауға және нақты өзгерістерді жоспарлауға көшуге мүмкіндік береді.

Осылайша, «Саламатты мектеп» нәтижесі тікелей мектептен көрінетін жүйеге айналуда: бала дұрыс тамақтануға, дене белсенділігіне, медициналық және психологиялық көмекке қол жеткізеді, ал мектептің өзі салауатты әдеттерді қалыптастыруға жағдай жасайды.

Бірінші республикалық форумның қорытындысы бойынша қатысушылар ведомствоаралық модельді одан әрі дамыту жөніндегі ортақ ұстанымды бекіткен қарар қабылдады. Бұл құжат 2026–2028 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары аясында мемлекеттік органдардың, өңірлердің, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарының, кәсіби және сарапшылық қоғамдастықтың, сондай-ақ халықаралық әріптестердің жұмысын біріктіруге негіз болады.

⬇️⬇️⬇️
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM