ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
10.1K subscribers
18.3K photos
1.54K videos
28 files
4.19K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
💜 9 қазан – Еуропалық ағзалар, тіндер мен жасушалар донорлығы күні

«Sharing lives» – «Өмір сыйлау» ұранымен өтуде.
Өзгеге өмір сыйлау жолында батыл әрі баға жетпес шешім қабылдаған барлық донор отбасыларына шын жүректен алғыс айтамыз! 💜

——

9 октября - Европейский день донорства органов, тканей и клеток проходит под девизом “Sharing lives” – «Делясь жизнью». Благодарим все донорские семьи за смелые и бесценные решения в пользу другой жизни! 💜

#ӨмірСыйла #ПосмертноеДонорство #Донорство #Трансплантация
🔥1
ОРВИ-МЕН СЫРҚАТТАНУШЫЛЫҚ 10%-ҒА ТӨМЕНДЕДІ: ҚАЗАҚСТАНДА ТҰМАУДЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖАҒДАЙЛАРЫ ТІРКЕЛДІ

😷 Қазақстанда А(H1N1)pdm09 маусымдық тұмауының алғашқы бес жағдайы тіркелді. Сонымен қатар соңғы аптада жедел респираторлық вирустық инфекциялармен (ЖРВИ) сырқаттанушылық 10%-ға төмендеді. Тұмауға қарсы вакцинациялау науқаны басталғалы бері 240 мыңнан астам адам екпе алды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Эпидемиологиялық мониторинг деректеріне сәйкес тұмаудың үш жағдайы Астана қаласында, екеуі Маңғыстау облысында анықталған. Зертхана жағдайында барлығы 834 сынама зерттеліп, оның бесеуінен тұмау вирусы табылды.

Соңғы есепті аптаның ішінде елде 127 266 ЖРВИ жағдайы тіркелді. Алдыңғы аптада бұл көрсеткіш 140 273 болған. Қыркүйек айының басынан бері ЖРВИ-дің 760 182 жағдайы анықталды.


Зертханалық мониторинг басқа да респираторлық вирустардың таралуын растады. Атап айтқанда, риновирустық инфекцияның – 68, маусымдық коронавирустық инфекциялардың – 47, бокавирустық инфекцияның – 50, парагриптің – 32, аденовирустық инфекцияның – 27, респираторлық-синцитиалды инфекцияның – 2 және метапневмовирустық инфекцияның 1 жағдайы анықталды.

Халықты тұмауға қарсы тегін вакцинациялау үшін «Гриппол®️ Плюс» вакцинасының 2,1 млн дозасы сатып алынды. Оның құрамы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 2026–2027 жылдардағы эпидемиялық маусымға арналған ұсынымдарына сәйкес келеді. Вакцина еліміздің барлық өңіріне жеткізілді.


8 қазандағы жағдай бойынша тұмауға қарсы екпені 240 375 адам алды.

Бірінші кезекте тегін вакцинациялау қауіп топтарына жүргізіледі. Олардың қатарында медицина қызметкерлері, жүкті әйелдер, диспансерлік есепте тұрған балалар, жетім балалар, медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын адамдар мен осы мекемелердің қызметкерлері, сондай-ақ эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша басқа да санаттағы азаматтар бар.

☝️ Денсаулық сақтау министрлігі вакцинациялау үшін қазан айы қолайлы кезең екенін еске салады. Себебі екпеден кейін иммундық қорғаныстың қалыптасуына шамамен екі апта қажет.

💉 Вакцинациялау тұмаудың ауыр өту және асқыну қаупін төмендетуге көмектеседі.

📢 Сонымен қатар қарапайым профилактикалық шараларды сақтау ұсынылады: қолды үнемі жуу, бөлмелерді жиі желдету және науқас адамдармен тығыз қарым-қатынастан аулақ болу.

Дене қызуы көтеріліп, жөтел, тамақ ауруы немесе респираторлық инфекцияның басқа да белгілері пайда болған жағдайда үйде қалып, уақытылы медициналық көмекке жүгіну және өзін-өзі емдеумен айналыспау қажет.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі эпидемиологиялық жағдайға апта сайын мониторинг жүргізуді және еліміздің барлық өңірінде профилактикалық іс-шараларды жалғастыруда.

🌐 Ресми сайт ⚜️ Instagram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
В КАЗАХСТАНЕ ВЫЯВЛЕНЫ ПЕРВЫЕ СЛУЧАИ ГРИППА НА ФОНЕ СНИЖЕНИЯ ЗАБОЛЕВАЕМОСТИ ОРВИ НА 10%

😷 В Казахстане зарегистрированы первые пять случаев сезонного гриппа A(H1N1)pdm09. При этом заболеваемость ОРВИ за последнюю неделю снизилась на 10,2%. С начала кампании вакцинации прививки против гриппа получили уже более 240 тысяч человек, сообщает Министерство здравоохранения.

По данным эпидемиологического мониторинга, три случая гриппа выявлены в Астане, два — в Мангистауской области. Всего исследовано 834 лабораторных образца, из которых пять дали положительный результат.

За последнюю отчетную неделю в стране зарегистрировано 127 266 случаев ОРВИ против 140 273 неделей ранее. С начала сентября зафиксировано 760 182 случая.


Лабораторный мониторинг также подтверждает циркуляцию других респираторных вирусов. Выявлен 68 случаев риновирусной инфекции, 47 — сезонных коронавирусных инфекций, 50 — бокавирусной инфекции, 32 — парагриппа, 27 — аденовирусной инфекции, два случая респираторно-синцитиальной инфекции и один — метапневмовирусной инфекции.

Для бесплатной вакцинации населения против гриппа закуплено 2,1 млн доз вакцины «Гриппол®️ Плюс». Ее состав соответствует рекомендациям Всемирной организации здравоохранения на эпидемический сезон 2026–2027 годов. Вакцина поставлена во все регионы страны.

По состоянию на 7 октября прививку против гриппа получили 240 375 человек.

В первую очередь бесплатной вакцинацией охватываются группы риска: медицинские работники, беременные женщины, дети, состоящие на диспансерном учете, дети-сироты, проживающие и персонал медико-социальных учреждений, а также другие категории по эпидемиологическим показаниям.

☝️ Министерство здравоохранения напоминает, что октябрь является оптимальным периодом для вакцинации, поскольку для формирования иммунной защиты после прививки требуется около двух недель.

💉 Вакцинация помогает снизить риск тяжелого течения гриппа и развития осложнений.

📢 Наряду с вакцинацией рекомендуется соблюдать простые профилактические меры: регулярно мыть руки, проветривать помещения, избегать тесного контакта с заболевшими.

При появлении температуры, кашля, боли в горле и других симптомов респираторной инфекции необходимо оставаться дома, своевременно обращаться за медицинской помощью и не заниматься самолечением.

Министерство здравоохранения продолжает еженедельный мониторинг эпидемиологической ситуации и проведение профилактических мероприятий во всех регионах страны.

🌐 Официальный сайт

⚜️Instagram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
ӘРБІР ДОНОРЛЫҚ МҮШЕНІҢ АРТЫНДА — БІРЕУДІҢ ТАРИХЫ

🗓️ 9 қазан — ағза донорлығы мен трансплантацияның маңызына ерекше назар аударылатын күн. Бұл — өмірін сақтап қалу мүмкіндігін күтіп жүрген адамдар туралы еске салып, донор болу туралы шешімнің біреудің тағдырын қалай өзгерте алатынын түсіндіруге мүмкіндік.

🫶 Әрбір трансплантацияның артында үміт, батылдық және жаңа өмірге деген мүмкіндік бар. Донорлық мүшені жылдар бойы күтіп жүрген адамдар үшін бұл — толыққанды өмірге оралуға, жақындарының жанында болуға және болашаққа жоспар құруға берілген мүмкіндік.

Ағза донорлығы — бірнеше адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік беретін баға жетпес сый. Оның артында медицина қызметкерлерінің жанқиярлық еңбегі мен өзгелерге үміт сыйлауға дайын адамдардың ізгі шешімі тұр.

💙 Бұл күні ағза донорлығы мен трансплантация туралы кеңінен айтып, қоғамның хабардарлығын арттыру және бір шешімнің бір адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік беретінін есте ұстау ерекше маңызды.

⚜️⚜️⚜️

ЗА КАЖДЫМ ДОНОРСКИМ ОРГАНОМ - ЧЬЯ-ТО ИСТОРИЯ

🗓️ 9 октября — день, когда особое внимание уделяется значению донорства органов и трансплантации. Это возможность напомнить о людях, которые ждут своего шанса на спасение, и о том, как решение стать донором может изменить чью-то судьбу.

🫶 За каждой трансплантацией стоит история надежды, мужества и шанса на новую жизнь. Для людей, которые годами ждут донорский орган, это возможность вернуться к полноценной жизни, быть рядом с близкими и строить планы на будущее.

Донорство органов — это бесценный дар, способный спасти несколько жизней. За ним стоят самоотверженность медицинских работников и гуманное решение людей, готовых подарить другим надежду.

💙 В этот день особенно важно говорить о донорстве и трансплантации, повышать осведомлённость общества и помнить: иногда один выбор может стать чьим-то шансом на жизнь.

🌐 Официальный сайт

⚜️Instagram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from UKIMET
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
9 қазан - Еуропалық ағза донорлығы және трансплантация күні. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, биылғы 9 айда елімізде 208 трансплантация жасалған. Оның ішінде 42-сі қайтыс болған донорлардың ағзаларын пайдалану арқылы жүзеге асырылды. Қазіргі уақытта Қазақстанда ағза трансплантациясын күту тізімінде 4 867 адам бар. Олардың 126-сы – балалар. Осы жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша eGov жүйесінде 184 191 ерік білдіру тіркелген. Оның 17 158-і – қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа берілген келісім. Қазақстанда донорлық жүйесі қалай дамып келеді? Толығырақ біздің бейнематериалда.

➖

9 октября - Европейский день донорства и трансплантации органов. Согласно данным Министерства здравоохранения РК, за 9 месяцев текущего года в стране проведено 208 трансплантаций, в том числе 42 с использованием органов посмертных доноров. Всего в Казахстане в листе ожидания находятся 4 867 человек, в том числе 126 детей. По состоянию на 1 сентября т.г., в системе eGov зарегистрировано 184 191 волеизъявление, из которых 17 158 — согласия на посмертное донорство. О том, как в Казахстане развивается система донорства, — в нашем видео.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
АСТАНАДА «АСЫЛ ҚАДАМ» АЛЛЕЯСЫНДА ДОНОРЛАРҒА АРНАЛҒАН АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

☘️ Бүгін Астанада «Асыл қадам» аллеясында Ағзалар донорлығы және трансплантаттаудың Еуропалық күніне орай донорларға құрмет көрсету мақсатында ағаш отырғызу акциясы өтті.

2026 жылғы қыркүйектегі мәлімет бойынша Қазақстанда 4 867 пациент, оның ішінде 126-сы – бала ағза трансплантаттауын күтуде. Тоғыз айда елде ағзаларды трансплантаттау бойынша 208 операция жасалды. Оның 42-сі қайтыс болған донорлардан алынған ағзаларды пайдалану арқылы жүргізілді.


1 қыркүйектегі eGov деректеріне сәйкес 184 191 адам қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа қатысты өз ерік білдіруін тіркеген. Олардың 17 158-і келісім берген. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 75%-ға жоғары.

🫶 Отырғызылған ағаштар донорларға деген алғыстың символына айналып, трансплантаттау өмір сүруге мүмкіндік беретін адамдарды еске салады. Қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа қатысты шешім әр адамның жеке әрі ерікті таңдауы болып қала береді. Ал азаматтардың хабардар болуы мен жүйенің ашықтығы қоғам сенімін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.

🌐 Ресми сайт ⚜️ Instagram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
В АСТАНЕ НА АЛЛЕЕ «АСЫЛ ҚАДАМ» ВЫСАДИЛИ ДЕРЕВЬЯ В ЧЕСТЬ ДНЯ ДОНОРСТВА

☘️ Сегодня в Астане на аллее «Асыл қадам» состоялась акция по посадке деревьев в честь доноров, приуроченная к Европейскому дню донорства и трансплантации органов.

По состоянию на сентябрь 2026 года в Казахстане трансплантации ожидают 4 867 пациентов, включая 126 детей. За девять месяцев в стране проведено 208 трансплантаций органов, из них 42 — от посмертных доноров.


По данным eGov на 1 сентября, своё волеизъявление относительно посмертного донорства зарегистрировали 184 191 человек. Из них 17 158 выразили согласие – на 75 % больше, чем годом ранее.

🫶 Посаженные деревья стали символом благодарности донорам и напоминанием о людях, для которых трансплантация может стать шансом на жизнь. Решение о посмертном донорстве остаётся личным и добровольным, а информированность граждан и прозрачность системы имеют ключевое значение для формирования доверия.

🌐 Официальный сайт

⚜️Instagram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ҚЫЗЫЛОРДАДА АСҚАЗАН ОБЫРЫНА ҚАТЫСТЫ КҮРДЕЛІ ОПЕРАЦИЯЛАР БОЙЫНША МАСТЕР-КЛАСС ӨТТІ

Бүгін Сыр медицинасының дамуына өлшеусіз үлес қосқан білікті дәрігер, ұлағатты ұстаз, ғалым әрі медицина саласының ардагері Сағымбай Қарақұлұлы Құлсартовты еске алуға арналған ауқымды шара аясында көпбейінді облыстық ауруханасында күрделі хирургиялық оталардан шеберлік сағаты өтті.

А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының жетекші мамандарының қатысуымен асқазан обыры диагнозы қойылған екі науқасқа ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас штаттан тыс хирургі әрі трансплантологы, профессор Болатбек Баймахановтың жетекшілігімен хирургиялық операциялар жасалды.

Оталардың біріншісі ашық әдіспен асқазан резекциясы арқылы орындалды. Бұл – асқазанның қатерлі ісік орналасқан бөлігін хирургиялық жолмен алып тастауға бағытталған күрделі операция. Ота барысында зақымданған тіндерді алып тастап, аурудың таралу ерекшеліктерін ескере отырып, хирургиялық емдеудің тиісті кезеңдері жүзеге асырылады. Асқазанның қатерлі ісігі кезінде мұндай операцияның көлемі мен тәсілі науқастың жағдайына, ісіктің орналасуына және аурудың сатысына қарай анықталады.

Айта кетерлігі, асқазанға ашық әдіспен жасалатын мұндай ота биыл өңірде алғаш рет орындалды. Бұл облыстық хирургия саласының тәжірибесін кеңейтіп, күрделі онкологиялық ауруларды хирургиялық жолмен емдеу мүмкіндіктерін арттырудағы маңызды қадам болды.

Екінші науқасқа лапароскопиялық әдіспен асқазан резекциясы жасалды. Бұл – заманауи аз инвазивті хирургиялық тәсілдердің бірі. Операция кезінде құрсақ қуысына бірнеше шағын тілік арқылы арнайы құралдар мен бейнекамера енгізіліп, хирургиялық әрекеттер экрандағы кескіннің көмегімен орындалады.

Лапароскопиялық әдістің басты ерекшелігі – операциялық жарақат көлемінің аз болуы. Науқастың жағдайы мен медициналық көрсетілімдеріне байланысты бұл тәсіл операциядан кейінгі ауырсынуды азайтуға, қалпына келу кезеңін жеңілдетуге және ауруханада жату мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді.

Асқазанның қатерлі ісігі кезінде лапароскопиялық резекцияны орындау хирургиялық топтан жоғары кәсіби шеберлікті, дәлдікті және заманауи технологияларды меңгеруді талап етеді.

Шеберлік сағаты сондай-ақ көпбейінді облыстық аурухананың симуляциялық орталығында тікелей онлайн-трансляция арқылы көрсетілді. Оған аудандардан келген хирург дәрігерлер қатысып, күрделі оталардың орындалу барысын бақылауға мүмкіндік алды.

Мұндай тәжірибелік іс-шаралар дәрігерлер арасында кәсіби тәжірибе алмасуға, хирургиялық емдеудің заманауи әдістерін меңгеруге және өңірдегі медициналық көмектің сапасын арттыруға ықпал етеді.

🌐 Ресми сайт ⚜️ Instagram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
В КЫЗЫЛОРДЕ ПРОШЁЛ МАСТЕР-КЛАСС ПО СЛОЖНЫМ ХИРУРГИЧЕСКИМ ОПЕРАЦИЯМ ПРИ РАКЕ ЖЕЛУДКА

Сегодня в рамках масштабного мероприятия, посвящённого памяти Сагымбая Каракуловича Кулсартова – опытного врача, учёного, наставника и ветерана медицинской отрасли, внесшего значительный вклад в развитие медицины Сырдарьинского региона, – в многопрофильной областной больнице прошёл мастер-класс по сложным хирургическим операциям.

Мероприятие организовано в целях сохранения и популяризации профессионального и научно-практического наследия выдающегося врача, признания заслуг ветеранов медицины и повышения профессиональной квалификации молодых хирургов.

При участии ведущих специалистов Национального научного центра хирургии имени А.Н. Сызганова двум пациентам с диагнозом «рак желудка» проведены хирургические операции под руководством профессора, главного внештатного хирурга и трансплантолога МЗРК Болатбека Баймаханова.

Первому пациенту выполнили резекцию желудка открытым способом – сложную операцию по удалению части органа, поражённой злокачественной опухолью.

Объём и метод хирургического вмешательства при раке желудка определяются с учётом состояния пациента, локализации опухоли и стадии заболевания.
Отметим, что такая операция на желудке открытым способом впервые проведена в регионе в текущем году. Это важный шаг в расширении практического опыта областной хирургической службы и возможностей хирургического лечения сложных онкологических заболеваний.

Второму пациенту выполнили лапароскопическую резекцию желудка – современную малоинвазивную операцию, при которой хирургические инструменты и видеокамера вводятся через несколько небольших разрезов. В зависимости от состояния пациента и медицинских показаний этот метод позволяет уменьшить объём хирургической травмы, облегчить восстановление после операции и сократить сроки пребывания в стационаре.

Выполнение лапароскопической резекции при раке желудка требует от хирургической команды высокой квалификации, точности и владения современными технологиями.

Мастер-класс также транслировался в режиме реального времени в симуляционном центре многопрофильной областной больницы. Хирурги, прибывшие из районов области, смогли наблюдать за ходом сложных операций.

Подобные практические мероприятия способствуют профессиональному обмену опытом между врачами, освоению современных методов хирургического лечения и повышению качества медицинской помощи в регионе.

🌐 Официальный сайт

⚜️Instagram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM