ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
10.1K subscribers
18.3K photos
1.54K videos
28 files
4.19K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
БЛАГОДАРЯ СКРИНИНГУ БОЛЕЕ 17 ТЫСЯЧ СЛУЧАЕВ РАКА МОЛОЧНОЙ ЖЕЛЕЗЫ ВЫЯВЛЕНЫ НА РАННИХ СТАДИЯХ

🎗️ В Казахстане благодаря государственной программе скрининга более 17 тысяч случаев рака молочной железы выявлены на ранних стадиях, когда возможности эффективного лечения значительно выше.

🔎 Ранняя диагностика остаётся одним из приоритетных направлений работы Министерства здравоохранения по сохранению здоровья женщин.

🩷 15 октября, во Всемирный день борьбы с раком молочной железы, в стране продолжается кампания «Розовый октябрь», направленная на повышение осведомлённости женщин о важности своевременных обследований.

Рак молочной железы занимает первое место среди онкологических заболеваний у женщин Казахстана. В 2025 году зарегистрировано 5 743 новых случая.

С 2008 года в стране действует национальная программа скрининга. За этот период выявлено 19 018 случаев рака молочной железы, из которых 17 186 — на I и II стадиях.

Число случаев заболевания, выявленных на III–IV стадиях в рамках скрининга, сократилось с 66 в 2011 году до 16 в 2025 году.


Женщины от 40 до 76 лет включительно могут бесплатно проходить маммографический скрининг один раз в два года в установленные возрастные годы в поликлинике по месту прикрепления. Обследование позволяет выявлять изменения до появления симптомов.

В рамках кампании «Розовый октябрь» по всей стране проходят Дни открытых дверей и бесплатные консультации онкологов-маммологов.

🔬 В 2025 году обследования прошли более 8 400 женщин. У 3 337 выявлены различные патологии молочных желёз, в том числе 144 случая рака молочной железы.

🗓️ 31 октября в Казахском научно-исследовательском институте онкологии и радиологии состоится День открытых дверей, где женщины смогут бесплатно получить консультацию онколога-маммолога.

🙌 Министерство здравоохранения напоминает о необходимости регулярного прохождения скрининга. При появлении изменений в молочных железах важно своевременно обратиться к врачу, не дожидаясь планового обследования.

💗 Раннее выявление заболевания повышает эффективность лечения и помогает сохранить здоровье и качество жизни женщин.

🌐 Официальный сайт

⚜️Instagram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱2
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕР МЕН 5 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУДІ КҮШЕЙТУДІ ТАПСЫРДЫ

📌 Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жүкті әйелдерге, жаңа туған нәрестелерге және бес жасқа дейінгі балаларға медициналық бақылау мен көмек көрсетуді күшейтуді тапсырды.

Тиісті тапсырмалар Денсаулық сақтау министрлігінде өңірлік денсаулық сақтау басқармалары мен республикалық медициналық орталықтар басшыларының қатысуымен өткен аппараттық кеңесте берілді. Бұл шаралар 2026–2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде көзделген.

Бұл қауіп тобына жататын жүкті әйелдерді жеке бақылау, босандыру ұйымдарының дайындығын қамтамасыз ету және балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету сапасын бақылауды күшейту міндеттерін қамтиды.

«Әрбір жүкті әйел, әсіресе жоғары қауіп тобына жататын әйел тұрақты медициналық бақылауда болуы тиіс. Жүктілікті қадағалап-қараудың жеке жоспарын алдын ала айқындап, босандыру бағытын белгілеп, жауапты мамандарды бекіту қажет», – деп атап өтті Ақмарал Әлназарова.


Министр жүкті әйелдерді уақтылы емдеуге жатқызуға және стационарлардың шұғыл акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетуге, оның ішінде демалыс және мереке күндері дайын болуына ерекше назар аударды.

Өңірлік денсаулық сақтау басқармаларына жүкті әйелдерді емдеуге жатқызудан негізсіз бас тарту жағдайларына жол бермеу және медициналық бақылаудың үздіксіздігін қамтамасыз ету тапсырылды.

«Жүкті әйел медициналық ұйымға жүгінген кезде қажетті мамандарды тарта отырып, медициналық көмек сол жерде ұйымдастырылуы тиіс. Аурухананы әйелдің өзі іздемеуі керек, керісінше, денсаулық сақтау жүйесі оған уақтылы көмек көрсетуді қамтамасыз етуі қажет», – деді министр.


Бес жасқа дейінгі балаларға жедел медициналық көмек көрсету мәселесіне де ерекше назар аударылды. Жедел жәрдем шақырылған кезде баланың жағдайын толық бағалау қажет. Көрсетілімдер болған жағдайда баланы қосымша тексеру және емдеуге жатқызу мәселесін шешу үшін стационарға жеткізу керек.

Министр жедел медициналық жәрдем қызметінің тиісті жұмыс алгоритмдерін қайта қарауды, медицина қызметкерлерінің даярлығын күшейтуді және балалардың жағдайының ауырлығын дұрыс бағаламау жағдайларын болдырмауды тапсырды.

Сонымен қатар перинаталдық орталықтардағы инфекциялық бақылау күшейтіліп, пациенттерді медициналық ұйымдардың арасында бағыттау тәртібі жетілдіріледі және жоғары қауіп тобындағы жүкті әйелдерге жедел медициналық бақылау ұйымдастырылады.

Республикалық ғылыми орталықтарға өңірлерге практикалық қолдау көрсетуді күшейту, жас акушер-гинекологтар, неонатологтар мен балалар мамандарына тәлімгерлік жүйесін дамыту тапсырылды. Екі апта ішінде орталықтар медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жөнінде ұсыныстар ұсынуы тиіс.

Стационардан шыққаннан кейін ана мен балаға медициналық көмек көрсету мәселесіне де ерекше көңіл бөлінді. Министрлік патронаждық барулардың сапасын және перзентханалар мен емханалар арасындағы медициналық бақылаудың сабақтастығын қамтамасыз етуге бақылауды күшейтеді.

2026–2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы шеңберінде профилактикалық көмекті кеңейтуге, медициналық инфрақұрылымды дамытуға және балаларға көрсетілетін мамандандырылған көмектің сапасын арттыруға бағытталған 30 іс-шараны іске асыру көзделген.

🌐 Ресми сайт ⚜️ Instagram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
МИНИСТР ПОРУЧИЛА УСИЛИТЬ МЕДИЦИНСКОЕ СОПРОВОЖДЕНИЕ БЕРЕМЕННЫХ И ДЕТЕЙ ДО 5 ЛЕТ

📌 Министр здравоохранения Акмарал Альназарова поручила усилить медицинское сопровождение беременных женщин, новорождённых и детей до пяти лет.

Соответствующие поручения даны на аппаратном совещании Министерства здравоохранения с участием руководителей региональных управлений здравоохранения и республиканских медицинских центров в рамках реализации Концепции «Дети Казахстана» на 2026–2030 годы.

Это включает индивидуальное наблюдение беременных из групп риска, готовность родовспомогательных организаций и повышение контроля за оказанием экстренной медицинской помощи детям.

«Каждая беременная женщина, особенно из группы высокого риска, должна находиться под постоянным медицинским наблюдением. Необходимо заранее определить индивидуальный план ведения беременности, маршрут родоразрешения и закрепить ответственных специалистов», – подчеркнула Акмарал Альназарова.


Министр обратила особое внимание на своевременную госпитализацию беременных и готовность стационаров к оказанию экстренной акушерско-гинекологической помощи, в том числе в выходные и праздничные дни.

Региональным управлениям здравоохранения поручено исключить необоснованные отказы в госпитализации беременных и обеспечить непрерывность медицинского наблюдения.

«При обращении беременной женщины медицинская помощь должна быть организована на месте с привлечением необходимых специалистов. Не женщина должна искать больницу, а система здравоохранения должна обеспечить ей своевременную помощь», – отметила министр.


Отдельное поручение касается оказания скорой медицинской помощи детям до пяти лет. При вызове скорой помощи необходимо обеспечить полноценную оценку состояния ребёнка, при наличии показаний необходимо доставить в стационар для дополнительного обследования и решения вопроса о госпитализации.

Министр поручила пересмотреть соответствующие алгоритмы работы скорой помощи, усилить подготовку медицинских работников и исключить случаи недооценки тяжести состояния детей.

Также будет усилен инфекционный контроль в перинатальных центрах, совершенствована маршрутизация пациенток и организовано оперативное наблюдение за беременными из групп высокого риска.

Республиканским научным центрам поручено усилить практическую поддержку регионов, развивать наставничество для молодых акушеров-гинекологов, неонатологов и детских специалистов. В течение двух недель центры должны представить предложения по повышению квалификации медицинских работников.

Особое внимание уделено медицинскому сопровождению матерей и детей после выписки из стационаров. Министерство усилит контроль за качеством патронажных посещений и преемственностью между родильными домами и поликлиниками.

В рамках Концепции «Дети Казахстана» на 2026–2030 годы предусмотрена реализация 30 мероприятий, направленных на расширение профилактической помощи, развитие медицинской инфраструктуры и повышение качества специализированной помощи детям.

🌐 Официальный сайт

⚜️Instagram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏1
ҚАЗАҚСТАНДА АЛҒАШ РЕТ ӨКПЕГЕ РОБОТТЫҢ КӨМЕГІМЕН ОПЕРАЦИЯЛАР ЖАСАЛДЫ

🫁 Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығында «Өкпе туберкулезі кезіндегі робот-ассистентті хирургия: заманауи технологиялар мен хирургиялық тәсілдер» атты халықаралық шеберлік сабағы өтті. Іс-шара робот-ассистентті торакалдық хирургияның заманауи технологияларына арналды.

🌐 Шеберлік сабағы Қазақстан Республикасы Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының директоры Мәлік Молдабекұлы Әденовтің құттықтау сөзімен басталды. Ол өз сөзінде заманауи хирургиялық технологияларды дамытудың, кәсіби тәжірибе алмасудың және мамандандырылған медициналық көмекті жетілдірудегі халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

🇰🇿🇨🇳Шеберлік сабағының халықаралық сарапшылары ретінде Қытай Халық Республикасының өкілдері қатысты. Олар – Харбин медициналық университеті жанындағы онкологиялық аурухананың торакалдық хирургия бөлімінің меңгерушісі, профессор Сюй Шидун (Xu Shidong) және осы медициналық мекеменің торакалдық хирургі, доктор Фэнхай Жэнь (Fenghai Ren).

🤝 Іс-шара бағдарламасы аясында шетелдік сарапшылар мен Орталық мамандарының қатысуымен хирургиялық консилиум өтті. Оған торакалдық хирургтер, анестезиологтер, бронхологтер және басқа да медицина қызметкерлері қатысты. Мамандар клиникалық тәсілдер мен хирургиялық араласуды жоспарлаудың ерекшеліктерін талқылады.

Шеберлік сабағының негізгі бөлігі роботтың көмегімен екі хирургиялық операция жасаумен ерекшеленді. Атап айтқанда, оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігін және сол жақ өкпенің жоғарғы бөлігін алып тастау бойынша жоғарғы лобэктомия операциялары орындалды.

🤖 Қазақстанда алғаш рет өкпеге роботтың көмегімен жасалған операциялар отандық торакалдық хирургияның дамуы мен жоғары технологиялық емдеу әдістерін енгізудегі жаңа кезеңнің басталуын білдіреді. Бұл – озық технологияларды меңгерумен ғана шектелмейтін, заманауи медицинаның мүмкіндіктерін кеңейтуге, халықаралық кәсіби ынтымақтастықты нығайтуға және пациенттер үшін инновациялық медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға бағытталған маңызды қадам.

👨‍⚕️ Хирургиялық араласулардың барысы Орталықтың конференц-залына тікелей эфирде көрсетілді. Бұл қатысушыларға операциялардың негізгі кезеңдерін бақылауға және торакалдық хирургияда роботтандырылған технологияларды практикалық қолдану мүмкіндіктерімен танысуға мүмкіндік берді.

📚 Білім беру бағдарламасына онлайн форматта 20-ға жуық адам қосылды. Олардың қатарында білім алушылар, медициналық ұйымдардың қызметкерлері және басқа мекемелерден шақырылған мамандар болды. Қашықтан қатысу кәсіби тәжірибе алмасу мен білім беру бағдарламасына қолжетімділік аясын кеңейтті.

✅ Аталған операциялардың Орталық базасында алғаш рет орындалуы торакалдық хирургияның заманауи технологияларын меңгеруде жаңа кезеңге жол ашып, қазақстандық және шетелдік мамандар арасында кәсіби тәжірибе алмасуға қосымша мүмкіндіктер туғызады.

🌐 Ресми сайт ⚜️ Instagram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2
ВПЕРВЫЕ В КАЗАХСТАНЕ
ПРОВЕДЕНЫ РОБОТ-АССИСТИРОВАННЫЕ ОПЕРАЦИИ НА ЛЁГКИХ

🫁 В Национальном научном центре фтизиопульмонологии Республики Казахстан состоялся международный мастер-класс «Робот-ассистированная хирургия при туберкулёзе лёгких: современные технологии и хирургические подходы», посвящённый современным технологиям робот-ассистированной торакальной хирургии.

🇰🇿🇨🇳 Ведущими экспертами выступили представители Китайской Народной Республики: профессор Сюй Шидун (Xu Shidong), заведующий отделением торакальной хирургии Онкологической больницы при Харбинском медицинском университете, и доктор Фэнхай Жэнь (Fenghai Ren), торакальный хирург данного учреждения.

🤝В рамках программы состоялся хирургический консилиум с участием зарубежных экспертов и специалистов Центра, включая торакальных хирургов, анестезиологов, бронхологов и других медицинских работников. Участники обсудили клинические подходы и особенности планирования хирургических вмешательств.

🤖 Хирурги совместно провели две робот-ассистированные операции: верхней лобэктомии правого лёгкого и верхней лобэктомии левого лёгкого.

Как отметил директор Национального научного центра фтизиопульмонологии РК Малик Аденов, впервые проведённые в Казахстане робот-ассистированные операции на лёгких знаменуют новый этап в развитии отечественной торакальной хирургии и внедрении высокотехнологичных методов лечения. Это не просто освоение передовых технологий, а важный шаг к расширению возможностей современной медицины, укреплению международного профессионального сотрудничества и повышению доступности инновационной медицинской помощи для пациентов.

📚 Ход хирургических вмешательств транслировался в конференц-зал Центра в формате Live. Это позволило участникам наблюдать за этапами операций и получить представление о практическом применении роботизированных технологий в торакальной хирургии.

👥 К образовательной программе также подключились в онлайн-формате около 20 человек – обучающиеся, сотрудники медицинских организаций и приглашённые специалисты из других учреждений. Дистанционное участие расширило возможности профессионального обмена и доступа к образовательной программе.

🌐 Официальный сайт

⚜️Instagram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2👏1
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРҒА СКРИНИНГТЕР МЕН ЕКПЕЛЕР ТУРАЛЫ 1414 АРҚЫЛЫ ХАБАРЛАНАТЫН БОЛАДЫ

Қазақстанда скринингтерден уақтылы өтуге, вакцинациялау туралы мәліметтерді тексеруге және көрсетілген медициналық қызметтерді растауға арналған жаңа цифрлық сервистер енгізілуде. 19 қазаннан бастап скринингтер туралы SMS-хабарламалар жіберу пилоттық жобасы іске қосылады, ал ағымдағы жылдың 26 қазанынан бастап еліміздің барлық өңірінде жүргізілген екпелер туралы хабарламалар жіберу жоспарланып отыр.

19 қазаннан бастап Ақмола облысында, Абай және Ұлытау облыстарында 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы скринингтерден өту қажеттігі туралы жеке SMS-ескертулер жіберу жоспарланған.

Жүйе жүрек-қантамыр және онкологиялық ауруларды, қант диабетін, ми қанайналымының бұзылуын және вирустық гепатиттерді ерте анықтауды қоса алғанда, алты бағыт бойынша профилактикалық тексеруден өтуі қажет азаматтарды автоматты түрде анықтайды.

Хабарлама алған азамат тексеруден өту үшін өзі тіркелген емханаға жүгіне алады.

Ағымдағы жылдың 26 қазанынан бастап еліміздің барлық өңірінде жүргізілген вакцинациялау туралы SMS-хабарламалар жіберу жоспарланып отыр. Екпе медициналық ақпараттық жүйеде тіркелгеннен кейін азаматқа немесе баланың заңды өкіліне вакцинаның түрі мен егілген күні көрсетілген хабарлама жіберіледі.

Егер хабарламадағы мәліметтер шындыққа сәйкес келмесе, азамат 1414 нөміріне жауап хабарлама жіберу арқылы бұл туралы хабарлай алады. Ақпарат тексеру жүргізу үшін Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне жіберіледі.

Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтердің көрсетілгенін растауға мүмкіндік беретін пациенттерді цифрлық сәйкестендіру жүйесін кеңейтуде.

Ағымдағы жылдың 7 қазанындағы жағдай бойынша тіркелген 135,9 млн қабылдаудың 73%-ы цифрлық сәйкестендіруден өткен.

Қазіргі уақытта бұл тетік медициналық қызметтің 1 278 түрін қамтиды. Ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан бастап тізімді консультациялардың, диагностикалық зерттеулер мен медициналық емшаралардың тағы 736 түрімен толықтыру жоспарланып отыр.

Цифрлық сервистерді енгізу профилактикалық тексерулердің қолжетімділігін арттыруға, пациенттердің құқықтарын қорғауға, медициналық деректердің дұрыстығын қамтамасыз етуге және денсаулық сақтау саласын қаржыландырудың ашықтығын күшейтуге бағытталған.

🌐 Ресми сайт ⚜️ Instagram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
КАЗАХСТАНЦЕВ НАЧНУТ УВЕДОМЛЯТЬ О СКРИНИНГАХ И ПРИВИВКАХ ЧЕРЕЗ 1414

🏥 В Казахстане внедряют новые цифровые сервисы для своевременного прохождения скринингов, проверки сведений о вакцинации и подтверждения оказанных медицинских услуг. С 19 октября стартует пилотное SMS-информирование о скринингах, а с 26 октября текущего года по всей стране планируется запуск уведомлений о проведённых прививках.

📩 С 19 октября в Акмолинской области, областях Абай и Ұлытау планируется запуск персональных SMS-напоминаний о необходимости прохождения скринингов через единый контакт-центр 1414.

🔎 Система будет автоматически определять граждан, которым необходимо пройти профилактические обследования, по шести направлениям, включая раннее выявление сердечно-сосудистых и онкологических заболеваний, сахарного диабета, нарушений мозгового кровообращения и вирусных гепатитов.

Получив уведомление, гражданин сможет обратиться в поликлинику по месту прикрепления для прохождения обследования.

💉 С 26 октября текущего года по всей стране планируется запуск SMS-уведомлений о проведённой вакцинации. После регистрации прививки в медицинской системе гражданину или законному представителю ребёнка поступит сообщение с указанием вида и даты вакцинации.

❗ Если сведения не соответствуют действительности, гражданин сможет сообщить об этом ответным сообщением на номер 1414. Информация будет направлена в Комитет санитарно-эпидемиологического контроля для проверки.

Параллельно Минздрав расширяет цифровую идентификацию пациентов, позволяющую подтверждать факт оказания медицинских услуг.

По состоянию на 7 октября текущего года цифровую идентификацию прошли 73% из 135,9 млн зарегистрированных приёмов.


Сегодня механизм охватывает 1 278 видов медицинских услуг. С 1 декабря текущего года перечень планируется расширить ещё на 736 видов консультаций, диагностических исследований и медицинских процедур.

📱Внедрение цифровых сервисов направлено на повышение доступности профилактических обследований, защиту прав пациентов, достоверность медицинских данных и прозрачность финансирования здравоохранения.

🌐 Официальный сайт

⚜️Instagram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
АНЕСТЕЗИОЛОГТЕР КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Бүгін, 16 қазанда, медицина қауымдастығы Дүниежүзілік анестезиолог күнін атап өтуде.

🛡️ Бұл маңызды мамандық иелерін «ауырсынудан қорғайтын сенімді қалқан» деп бекер атамайды. Олар хирургтардың таптырмас серіктері. Өйткені кез келген операция мен инвазивті емшараның сәтті әрі қауіпсіз өтуі анестезияның дұрыс таңдалуы мен жүргізілуіне тікелей байланысты.

Анестезиологтер ауырсынуды басатын дәрілерді дәл таңдап, көзге бірден түсе бермейтін көктамырларды тауып, пациенттерді наркоздан барынша жайлы оятудың қыр-сырын меңгерген. Мұның бәрі сіздердің кәсіби шеберліктеріңізді, бірегей біліктіліктеріңізді және өз ісіне деген адалдықтарыңызды айқын көрсетеді. Бүгінде елімізде 3 112 дәрігер анестезиолог-реаниматолог жұмыс істейді. Олардың 511-і балаларға медициналық көмек көрсетеді.

👏 Құрметті анестезиологтер, реаниматологтер және анестезистер! Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын!
Сіздерге қажырлы еңбектеріңіз, тынымсыз түнгі кезекшіліктеріңіз, сағаттарға созылатын күрделі операцияларға қатысуларыңыз және әрбір пациентке көрсететін көмектеріңіз үшін алғыс айтамыз.

🩵 Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен береке, кәсіби жетістіктер және еңбектеріңізге деген лайықты құрмет пен пациенттердің шынайы ризашылығын тілейміз!

🌐 Ресми сайт ⚜️ Instagram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
С ДНЁМ АНЕСТЕЗИОЛОГА!

Сегодня 16 октября медицинское сообщество отмечает Всемирный день анестезиолога.

🛡️ Врачей этой важной специальности по праву называют «верным щитом от боли», незаменимыми спутниками врачей-хирургов, ведь именно от правильной анестезии зависит успех и безопасность любого оперативного вмешательства и инвазивной манипуляции.

Только анестезиологи могут так искусно подбирать обезболивающие, находить «прячущиеся» вены и выводить больных из наркоза «без тоннелей», что лишний раз только подчеркивает вашу уникальность, мастерство и самоотверженность. Сегодня в нашей стране работают 3 112 врачей анестезиологов-реаниматологов, из них 511 оказывают помощь детям.

👏 С праздником, дорогие коллеги – анестезиологи, реаниматологи и анестезисты! Благодарим вас за ваш самоотверженный труд, беспокойные ночные дежурства, многочасовые операции, за ту помощь, которую вы оказываете каждому своему пациенту.

🩵 Желаем вам крепкого здоровья, семейного благополучия, профессиональных высот, и конечно, признательности пациентов.

🌐 Официальный сайт

⚜️Instagram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏3
ҚАЗАҚСТАНДА APPLE, SAMSUNG СМАРТ-САҒАТТАРЫ МЕН AIRPODS ҚҰЛАҚҚАПТАРЫНДА ДЕНСАУЛЫҚТЫ БАҚЫЛАУ ФУНКЦИЯЛАРЫ ҚОЛЖЕТІМДІ

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі өндіруші компаниялармен тікелей келісімдер шеңберінде Apple Watch, Samsung Galaxy Watch және AirPods Pro құрылғыларындағы денсаулықты бақылаудың инновациялық функцияларына қолжетімділікті кеңейтті.

Енді қазақстандықтар смарт-сағаттары мен құлаққаптары арқылы электрокардиограмма (ЭКГ) түсіріп, артериялық қан қысымын өлшей алады, жүрек ырғағының бұзылуы мен ұйқы кезіндегі апноэ қаупі туралы хабарламалар алып, сондай-ақ есту қабілетін тексере алады.

Қол жеткізілген келісімнің арқасында бұдан былай Apple және Samsung компаниялары енгізетін барлық жаңа медициналық және профилактикалық сервистер үйлесімді құрылғыларда әлемнің басқа елдерінде ресми іске қосылған сәттен бастап Қазақстандағы пайдаланушыларға да қолжетімді болады. Бұл ретте өңірлік кідірістер мен шектеулер болмайды.

Apple Watch және Samsung Galaxy Watch-тың үйлесімді модельдерінде пайдаланушылар нақты уақыт режимінде ЭКГ түсіріп, аритмия белгілерін бақылай алады және алынған нәтижелерді смартфонда сақтап, кейін дәрігермен талқылай алады. Сондай-ақ сағаттар ұйқы кезіндегі тыныс алу сапасын талдау функциясын қолдайды және ықтимал апноэ туралы ескертеді. Бұдан бөлек, Samsung смарт-сағаттарында Samsung Health Monitor қосымшасы арқылы артериялық қан қысымын өлшеуге болады.

Бұл функцияны пайдалану үшін құрылғыны манжетасы бар тонометрдің көмегімен әр 28 күн сайын алдын ала калибрлеу қажет.
Ал AirPods Pro құлаққаптарының иелері «Денсаулық» қосымшасы арқылы есту қабілетін тексере алады, ал жеке есту аппаратының функциясы жеңіл немесе орташа дәрежедегі есту қабілетінің төмендеуі болуы мүмкін ересек адамдар үшін қоршаған ортадағы дыбыстарды автоматты түрде бейімдеп, күшейтуге мүмкіндік береді.

Жаңа сервистерді пайдалану үшін пайдаланушылар смартфондарының, смарт-сағаттары мен құлаққаптарының бағдарламалық жасақтамасын жаңартып, содан кейін тиісті функцияны қосымшада баптауы қажет.

Денсаулық сақтау министрлігі цифрлық құрылғылардың бұл функциялары күнделікті профилактика мен өз денсаулығын бақылауға арналғанын атап өтті. Алайда олар толыққанды медициналық тексеруді, диагноз қоюды және маманның ем тағайындауын алмастырмайды.

🌐 Ресми сайт ⚜️ Instagram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
В КАЗАХСТАНЕ ДОСТУПНЫ ФУНКЦИИ КОНТРОЛЯ ЗДОРОВЬЯ НА СМАРТ-ЧАСАХ APPLE, SAMSUNG И НАУШНИКАХ AIRPODS

Министерство здравоохранения Республики Казахстан расширило доступ к инновационным функциям контроля здоровья на устройствах Apple Watch, Samsung Galaxy Watch и AirPods Pro в рамках прямых договоренностей с компаниями-производителями. Теперь казахстанцы могут прямо на своих смарт-часах и наушниках записывать электрокардиограмму (ЭКГ), измерять артериальное давление, получать уведомления о нерегулярном сердечном ритме и рисках апноэ сна, а также проходить проверку слуха.

Благодаря достигнутому соглашению, все новые медицинские и профилактические сервисы, внедряемые Apple и Samsung, впредь будут становиться доступными пользователям в Казахстане одновременно с их официальным мировым запуском на совместимых устройствах, без каких-либо региональных задержек и ограничений.

На совместимых моделях Apple Watch и Samsung Galaxy Watch пользователи могут записывать ЭКГ в режиме реального времени, отслеживать признаки аритмии и сохранять полученные результаты на смартфоне для последующего обсуждения с врачом.

Часы также поддерживают функцию анализа качества дыхания во время сна, предупреждая о возможном апноэ. Кроме того, на смарт-часах Samsung через приложение Samsung Health Monitor доступно измерение артериального давления, для использования которого требуется предварительная калибровка устройства с помощью тонометра с манжетой раз в 28 дней.

В свою очередь, обладатели наушников AirPods Pro могут пройти тест слуха в приложении «Здоровье», а функция персонального слухового аппарата позволяет автоматически подстраивать и усиливать окружающие звуки для взрослых людей с предполагаемой легкой или умеренной потерей слуха.

Для начала использования новых сервисов пользователям необходимо обновить программное обеспечение на своих смартфонах, смарт-часах и наушниках, а затем настроить соответствующий функционал в приложении.

Министерство здравоохранения подчеркивает, что функции цифровых гаджетов предназначены для повседневной профилактики и самоконтроля, но они не заменяют полноценное медицинское обследование, постановку диагноза и назначение лечения специалистом.

🌐 Официальный сайт

⚜️Instagram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2