Шексіздік 🌀
7.83K subscribers
289 photos
200 videos
44 files
137 links
Канал авторы @dinarabolat
Еркін ойлар аралы
Download Telegram
Әрине ғашықтардың әні бөлек. Ұзағынан! Бірақ жалғыздықтың да кайфы бөлек. Кейбір әндерді түнде, мүмкін түнгі қалада, қоңыр салқын желмен, параллель әлемде байыбына жете тыңдау тек жаны жалғыздарға бұйырғандай.
❤128😢10🔥6
Forwarded from BuddyMusic | Музыка
High Alone (Muzget.Net)
Jackson Wang
❤20
Пойызда

🎬 бұрын бастап, сапасы нашар деп өшіре салған Ким Ки Дуктың “Весна, лето, осень, зима… и снова весна” фильмін көрдім. Сапасы нашар болса да рахаттанып көрдім. Кейде таңдау аз болған жақсы. Назарың әрнеге шашырамай, барын қанағат тұтып, көз алдындағыны мейлінше игеруге тырысасың. Тіпті оның сен байқамай жүрген қырлары түрлі бояумен анық көріне түседі. Тура фильмдегі тақуаның ғұмырындай. Бәрі қарапайым, аз-ақ дүние, күн сайын қайталанатын бірақ маңызды тірлік.

📔“Дикие лебеди” кітабының беттері 500 ден асады. Жалғастырып 128 бетін оқыдым. Мао жүйесінің айыптауымен түрмеге тоғытылған кезде өзін сол жүйеде қызмет ететін күйеуі жақтамағаны үшін ренжіп, “ешқашан кешірмеймін” деген келіншек өзімді есіме түсірді. Гималайға кеткенде бір жағдайымды сұрамағаны үшін балалардың әкесіне дәл солай ренжігем. Басқа емес дәл осы қателігін кешірмедім.

🎬 “Полуночное кафе” жапон сериалын көрдім. Токионың шағын изакаясында түрлі келушінің тапсырыс бойынша түрлі тамақ дайындалады. 25 минуттық серияда түрлі кейіпкердің оқиғасы. Жылы сыйластық, 1-2 сөйлеммен ой салатын пәлсапа.

📔 Жуырда Каспимен алған кітабымды бастадым. “Путь Шаолиня” буддизм, цигун, ушу, кунг-фу сана, эмоцияны басқарумен бірге. Көп ақпарат таныс. Детальді еске түсіру де жағымды болды.

🎬 Эстетикасын қайта сезіну үшін, терең әңгімені жете түсіну үшін бірнешеге бөлетін әдетім. Чжан Имоудың “Герой” фильмінен соңғы бөлігі қалған еді. Астанаға жақындағанда аяқтадым. Ұнады. всёподнебесами.
❤117🔥23❤‍🔥10😢5
Досым “Одиссейге” апарды. Фильмде пәлсапа жетеді. Бірақ мен әке мен ұлының желісіне сүйсініп отырдым. Әкенің абыройын мұра қылған ұл, ұлының өз сара жолына түсіп кеткенше қорғап, жағдай жасаған әке. Өте әдемі сабақтастық. Ұсақ өмір сүріп, ұсақ әңгіме айтатын әкені емес, абырой мен адамдықты, өз Отаны-отбасын биік қойған ірілікті көріп өссе ғой біздің ұлдар… Көп жамандығын жасырып, аз жақсылығын асыруға сонша тырыспас еді.
❤198❤‍🔥20
Дүкеннен екі соджу, екі сыра, балмұздақ алып, есептетіп тұрсам, кассадағы кәріс келіншек “кеш жақсы өтсін!” дейді. Біздікілер біртүрлі қарар ме еді..Мұндайды тек кәріс ересектер жақсы түсінеді деп мәз боп қалдым.
1❤295😁57❤‍🔥32🔥7😢2
Кітапта бір ер адам 28 жасында көп нәрсеге қол жеткізеді. Кітап жазады, докторлық дәреже, отбасы, жақсы қызмет. Кейін өзіндегі іш пысу, апатияны байқап, екі есе белсенділікпен жазушылыққа кірісіп, тағы бірнеше бала жасап тастайды. 37 жасында қызметтен кетіп, отбасын тастап, басқа қалаға кетіп, балмұздақ сатады.
“Перевал в середине пути”.

Өткенде Покхарада нешетүрлі жастарды көрдім. Покхарада өзін іздеп жүрген адамдар Балидегідей айлап, жылдап сол жақта тұра береді. Бұлардың да әуелден осы өмір стиліне жатып алғаны байқалады. Өте сымбатты, стильді, шаштары ұзын, алладин шалбар киген, мен жасөспірім кезімде сүйсінген образдағы 30, 35, 40 жас шамаларындағы жігіттерді көрдім. Бірақ осы жолы сүйсінбедім. Бірден ойымда “Не істеп жүр? Қызмет қайда? Бала қайда? Жауапкершілік қайда?” деген сұрақтар келе берді. Қашанғы өзін іздеуге болады? Орта жас дағдарысы себеп болса да, бәрін тәрк етіп, жаңа өмір бастағысы келгенін түсіндім ал. Бірақ ер адамның жауапкершіліктен, адамнан, қоғамнан қашып, өзін іздеп, “рухани өсіп” далада ұзақ сандалып жүруі мен үшін әлсіздігі.
❤262🔥91❤‍🔥23😢22😁2
Суық тисе құлақтан алады. Психосоматикасы шулы ортаны, бос сөз, көп сөздің адамдарын қабылдай алмауым мыс. Кафеге келіп жылаған, шулаған баланы, бір үстелге жиналып әңгіме айтып отырған олардың аналарын, көрші үстелде сампылдап сөйлеп отырған еркекті қабылдауға тырысып отырғаныма жарты сағат. Ұнамайды. Тыныш өмірге жету үшін сонша күресіп, әрең жеткенімде неге мұны қабылдауым керек? Кетіп бара жатқан пойызда отырған жоқпын ғой. Шығып кеттім.
❤148🔥31😢15
Айтпақшы, әңгімешіл сөйлеп қалған еркектен басқа бұрышта бір ер адам ноутпен үнсіз жұмыс істеп отыр. Міне менің түсінігімдегі ер адам деп қоямын. Сөзбен былғанбайтын. Әлемжеліде ешкіммен айтыспайтын. Ойына сыймайтын жазба көрсе де “ балалық қой”деп өтіп кететін өте салмақты, сөздің емес істің адамы болу керек. Бір телефонмен сөйлесе бастады. Дауысы зор екен. Нақты шаруа шешті. Тіпті де артық сөйлемейтін үйде де суық сияқты. Жо-жоқ, үйде менімен ашылып, жылы сөйлесетін адам керек. Бірақ влюбленный волк уже не хищник боп кеткенін де қаламас едім.
❤181😁44
Немезида - грек мифологиясындағы құдай әйел. Тәкаппарлықтың кесірінен болған қателік, бұзылған тепе-теңдіктің өтеуін, әділ жазасын беруші. Әдетте достық та, қатынас та бір, не екі тараптың көкіректігінен бұзылады. “Четыре руки, две сонаты” дорамасында дәл осы туындыны ойнату мықты шешім.
Ал мына үзінді мені мазалайтын бір сұраққа жауап болды⬇️
❤59❤‍🔥1
Ирина деген біреу сұхбат беріп отыр. Марғұлан Сейсембайдың квадротурында болыпты. Жүргізуші Марғұлан Сейсенбайдың “полясында болу” көп адамға арман, қол жетпес дүние ғой дейді. Бұрын маған өмірде кімді көргің келеді дегенде Далай-Ламаны дейтінмін. Кейін ол арман актуал болмай қалды. Бір күні қызым “ал онымен кездестің делік, қандай сұрақ қоясың?” деді. Ешқандай сұрақ қоймайтынымды, жай қарапайым нәрсеге екеуміз жымия отырып шай ішетінімізді айттым. Қалайша? Абзалында ешқандай сиқыр да жоқ, мықты адамда ерекше көрінуі тиіс нәрсе де жоқ. Неғұрлым адам мықты ол соғұрлым қарапайым. Ерекше бірнәрсе көрінсе ұмтылған тұлғаңыздың көзбояушылықпен айналысып жүргені, “ерекше” нәрсеге ұмтылатын сіздің де бағытыңыздың дұрыс болмағаны. Сондықтан біреудің полясында болу, оның жанына барып ғажайып күту дегенге күлкім келеді.
❤223🔥55😁46😢1
Үйдің шыға берісінде бір әжемен қарсы келдік. Ұрысып емес. Мен чемодан сүйретіп шығып, ол кіргелі жатыр. Этикет бойынша бірінші шығатын адам шығып алу керек. Бірақ біздің үлкендерден ондайды күтпейсің ғой. Есікті ашып жатсам, “Қызым, шыға бер. Алыс кетіп барады екенсің ақ жол! Аман-есен орал!” деді. Туф, бір риза болдым. Үлкендер әр жерде осылай кеңдігін, даналығын, биіктігін көрсетіп жүрсе, шіркін! Батасы саяхатымыздың әдемі өтетіндігінің белгісі деп қуанып қалдым.
1❤390❤‍🔥27🔥24
Сосын үлкендердің қолында береке бар. Шанхайға кетерде папаға ақша тастайын дегенде “оны не істеймін?” деп алмады. Өз пенсиясын жұмсайтынында емес мәселе. Жалпы көп жұмсамайды. Мені әдемі дастарханмен шығарып салды, әдемі дастарханмен қарсы алды. 5-10 мың толтырып көкөніс, анау-мынауларын алады да, жайнатып қояды. Енді тағы 8 күнге кетіп барамын. Әрең 20 мың алдырттым. Масқара, мені біреу бір аптаға 20 мыңмен қалдырса аштан қататын едім. Не деген поколение…
❤227😁70❤‍🔥7