Діни тесттер
1K subscribers
454 photos
28 videos
280 files
225 links
Иманыңды күшейт
Download Telegram
Мұсылман жыйындығы
Бағасы 13500тг
Жаткізу ақылы
Почта арқылы жеткіземіз
Байланыс ватсап
https://wa.me/77081315784
Ассалаумалейкум уа рахматуллахи уа баракатуһ бауырлар мен сіздерге Мұсылман сыйлықтарын ұсынамын осы сілтеме арқылы кіріп көрсеңіз болады https://disk.yandex.ru/d/1TkoSpzYX__RWA
Ал осы сілтеме арқылы тапсырыс беруге бағасы қанша қанша күнде жететінін біле аласы және менің ватсап номеріме тікелей өте аласыз
https://wa.me/77081315784
Электронды тасбих
Бағасы 13000
Размер 18/20/22
👍2
Мен қандай да бір геосаясаттанушы емеспін. Бірақ пайымдауымша, Израиль - ХАМАС соғысы біз ойлағаннан да ұзаққа созылатын секілді.

“Үйренген жау атыспаққа оңай” демекші, ХАМАС-тың Израилмен соқтығысуы алғаш емес. Олар бірінші боп шабуыл жасаудың салмағын һәм қайтарымын жіті түсінді, әрі соған тыңғылықты дайындалған болуы керек. Жалаңаш барып жауға тиетіндей олар тым ақымақ емес шығар деп ойлаймын.

Қазір ХАМАС-ты жақтап Ливан тарапынан Хезболла жасақтары, Ауғанстаннан Талибандар соғысқа қосылуға дайын отыр. Ислам елдерінің біразы Палестинаны қолдай пікір білдірді, тіпті Қадыров та сол тізімде.

Егер осылай жалғаса берсе бара-бара дінаралық соғысқа айналуы әбден мүмкін. Себебі, қос тарап үшін де Иерусалим қасиетті қала.

Мені ойландыратыны, Қазақстанның бұл оқиғаға ешқандай баға бермеуінде. Әлі күнге дейін ХАМАС-тың Қазақстан үшін позициясы нақтыланбады. Әрбір мұсылман іштей Газалықтардың тілеуін тілейді десек, ертеңгі күні ХАМАС тарапы бұл соғысты діни ғазауатқа айналдырып, жиһадқа шақырса, әлемнің түкпір түкпірінен көптеген мұсылмандар Палестинаға қарай ағылары сөзсіз.

Сондықтан ел билігі шұғыл түрде ХАМАС-қа қатысты саяси ұстанымын нақтылап, қажет жағдайда ислам елдеріне аттанушы туристерді бақылауға алуы керек секілді. Әйтпесе “екінші Сирия” орын алуы бек мүмкін.

"Әпендінің әңгімелері" каналынан алынды
❤6👍4
Бүгін - ұлт ағартушысы, дала қоңырауы жақында Ринат көкем “шоқындырып жіберген” Ыбырай Алтынсарин атамыздың дүние есігін ашқан күн (дейді википедия, кей деректе 2 қараша)

Ыбырай А. қазақ даласында өмірлік ілімдермен қатар діни ағартушылыққа да ден қоя білген тұлға.

Автор жазған “Мұсылманшылық тұтқасы” кітабы қазақ руханиятына қосқан сүбелі еңбек бола білді. Ыбырай ашқан мектепте осы кітап негізінде аптасына бірнеше мәрте дін сабағы өткізілген.

Қызығы, Ыбырай Алтынсарин Троицк қаласында бой көтерген “Расулия” медресе құрылысына қаржылай қолдау көрсеткен, екі қабатты медресе жатақханасын салуға жәрдемдескен.

Кейбір көксоққандар мүфтиятты сәләфилікте айыптағысы келетіні бар. Соларға Ыбырай жазған “Мұсылманшылық тұтқасы”-мен танысып көруге шақырамын. Ыбырай айтқан ақида, Ыбырай жазған фықһ біз ұстанғанмен жолмен дәлме-дәл келеді.

Қазір Алаш қайраткерлері мен тарихи ұлт зиялыларын діннен алшақ қып көрсетуге тырысатын топтар қарқынды жұмыс істеуде. Солар біле жүрсін деген ниетпен бөлісіп қоюды жөн көрдім.

"Әпендінің әңгімелері" каналынан алынды
👍10
Ақшамыз жетпегесін:

- Бурабайда емес, Анталияда демаламыз
- Қазақтың емес, түріктер тіккен киімді киеміз,
- Қазақи рестораннан емес, түрік асханасынан тамақтанамыз.

Мына заманда “түріктену” арзанырақ па деймін))

"Әпендінің әңгімелері" каналынан алынды
😁4👏1
БАТЫСҚА – МАҒЖАНДЫ, МҰСЫЛМАН КӨШБАСШЫЛАРЫНА МҰҚАҒАЛИДІ ОҚЫҒЫМ КЕЛЕДІ...

Міне, қаншама күннен бері әлеуметтік желілер жараланған және өлген сәбилердің қанымен боялды. Кешегі Украина мен Ресейдің соғысынан мұндай айуандық пен жауыздықты көрмеген едік. Алайда, жылдар бойы жалғасып келген, ал кеше шарықтау шегіне жеткен Израильдің Газзадағы қанды қырғыны Украина мен Ресейдің соғысындай үн шығармады. Себебі, әлемдік алпауыт медиа компаниялардың құлағын кімдердің бұрап отырғаны белгілі. Сөйлегісі келгендердің үні тұншықтырылды, тілі кесілді. Әлеуметтік желілердің өзіне де цензуралар салынды.

«Хамастың» әрекеті Израильдің іздегеніне ілік болды. Тіпті, «Хамастың» бұл операциясына әдейі жол берді ме?» деген де күмәніміз басым. «Хамас» ұйымы Израильге ракеталарын атқылап, парашютке асқан мотоциклдерімен төбелерінен сау ете түскенде, ішіміз қылп ете қалған еді. «Бұл ұйымды қолдап, қолтығынан су бүркеп отырған Иранның қашаннан бері сүнниттерді ойлап, «палестиналықтарға» жаны аши қалды?» деген де ой болмады емес, болды. Енді міне, Израиль көзіне сүйел болған Газаны жермен жексен етіп, өзіне қосып алуға сылтау тапты.

Израиль Газзаға соғыс жариялады. Бірақ, соғыстың ешбір этикасы сақталмады. Балаларды өлтірді, әйелдерді қырды, ауруханаларды бомбалады. Мұндай сұмдық қай соғыста болған еді?! Артынша Израильдің бұл әрекетін қолдап, қолпаштап АҚШ президенті Джо Байден, Германияның канцлері Олаф Шольц және Ұлыбританияның премьер-министрі Риши Сунак келді. Осылайша біздерге гуманизм мен мәдениет «үйретіп» келген Батыстың бетперделері сыпырылып, шынайы жүздері әлемге айқара болды. Екіжүзділіктерін қызармай әлемге паш етті. Күннің өзі бататын Батыс қаншама баланың қанын арқалады. Солардың қанына өздері де батты. Таза геноцид жасалуда.

Мағжан Жұмабаев бұл Батысты қалай әдемі суреттеген десеңші:

«Түн баласы...Түн жолына түскен ол,
Сақаусың деп Мұса тiлiн кескен ол,
Тәңiрiнiң сүйiктi ұлы Айсаның
Тiтiркенбей ұрттап қанын iшкен ол...

Түн баласы түнерген түн жамылған,
Аллаға емес, әзәзiлге табынған.
Iнжiлдi өртеп, табанға сап құранды,
Әдiлдiктi күткен ессiз қарыннан.

Түн баласы өмiрiнде арзан таңменен,
Қабыл ұлы ауызданған қанменен.
Табынатын құр денеге жануар,
Болған емес жұмысы оның жанменен.

Төгiлмей ме кемерiнен асқан су,
Өлтiрмей ме жайылған соң күштi у.
Түн баласы түнерiп тұр өлгелi,
Көзiңдi сал – күнбатыста қанды шу».

Сөздің соңында да бұл қан төгісті қантөгіссіз тоқтату үшін мұсылман елдерінің көшбасшыларына Мұқағали Мақатаевтің мына өлеңін оқып бергім келеді:

«Қаны аққан қайран менің мұсылманым,
Осы ма екі ортада қысылғаның.
…Бірігіңдер, әлемнің мұсылманы,
Құрбан болсын Құдайың үшін жаның!».

Басқа сөзім жоқ...

Салтан Сайранұлы



"Saltan Sayranuly" каналынан адынды
👍11😁1
🇰🇿25 ҚАЗАН – РЕСПУБЛИКА КҮНІ!

Бүгін елімізде атаулы күн – Республика күні! Деңгейі Тәуелсіздік күнімен пара-пар болса-дағы, ел арасында аса қатты тойлана бермейтінін мойындауымыз қажет. Тек мемлекеттік деңгейде ресми түрде өтетін құрғақ мейрам. Десекте, бүгінгі мейрам бұрынғыларынан өзгерек болғаны анық. Себебі, «мерекелік атмосфера» емес, беймазалы ахуал басым болды. Қаңтардан кейін бәрімізде дерлік «митингофобия» пайда болып, шерулерден үрейленетін болдық. Себебі, бәрінің арты қасіретке ұласып кетуі деген үрей бар. Не болсада, аталмыш күн бейбіт өтті.

🟡Мәңгілік Елімізде мәңгілік бейбітшілік болсын!

"Абайбол" каналынан алынды
👍7
Қарағандыдағы Костенко атындағы шахтасында жалпы саны 45 кеншінің мәйіті табылды. Бұл жайлы құтқару қызметі хабарлап отыр. Енді, 1 кеншінің денесі іздестірілуде.

"Абайбол" каналынан алынды
👍6
🕌🎖️ Бүгін Маңғыстау облысында өткен «БЕКЕТ АТА ЖӘНЕ ИХСАН ІЛІМІ» республикалық конференциясы аясында осы өңірде өкіл имам қызметін атқарғандар марапатталды.

🇰🇿☪️ «Бекет ата мешітіне 20 жыл» мерекелік медалін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы табыстады.

Медаль алғандар қатарында 80- жылдардың соңынан күні бүгінге дейін имамдық қызметте болған Ахметхан Ниятуллаұлы, Дүйсен Хасниязов, Тілепберген Жакиев, Тыныштықбай Мырзаев, Смайыл Сүйерқұлұлы және қазіргі бас имам Әнуар Ізімбайұлы бар.

Бас мүфти дін қызметкерлеріне алғысын білдіріп, еңбектеріне табыс тіледі.
👍4
Әбу Ханифа қай жерде жерленген?
Anonymous Quiz
62%
Бағдат
21%
Мекке
16%
Самарханд
👍5
Балгерге барып оның сөзіне сенген адамның құлшылығы қанша күн қабыл болмайды?
Anonymous Quiz
2%
10
7%
30
91%
40
👍2🔥1👏1
Қай пайғамбар ағаш ұстасы болған?
Anonymous Quiz
38%
Аюб
47%
Закария
14%
Юсуф
👍4
Пайғамбарды с.ғ.с. өлтіреміз деп 25 көшбашылардың ішінен қайсы жетекшісі болып шықты
Anonymous Quiz
35%
Әбу Суфиян ибн Харб
29%
Әбу Ләхаб
36%
Әбу Жаһл
👍4
Сахабалардың ішінен ең бірінші Ислам үшін кім қан төкті?
Anonymous Quiz
47%
Хамза ибн Әбдулмуталиб
18%
Әли ибн Әбу Талиб
35%
Саад ибн Әбу Уаккас
👍4
Таухид сөзінің мағынасы?
Anonymous Quiz
16%
Құлшылық
61%
Аллаһтың бір екеніне сену
22%
Сенім
👍6