𝐃𝐔𝐑𝐘𝐒 𝐉𝐎𝐋 | ЕСКЕРТУШІ !
2.16K subscribers
12 photos
1 video
1 file
9 links
Download Telegram
Болды енді, уайымдама, жеткілікті бүгінге осы да)

Болар іс болдығой..
Сенде барлығын біліп-көріп тұрған Раббың бар емес пе?!

Саған Раббың жеткілікті, кеткен адамдар үшін мүлде мұңайма)

Саған Раббың айтты емес пе, "Сабыр ет құлым, Раббыңның шешімін күт. Сен бізден көзден таса емессің"

Раббың барлығын өзі реттейді, уайымыңды сейілтіп, ісіңді оңайлатып, жүрегіңе қуаныш сыйлайды, себебі Ол сенің Раббың ғоой жақыныыым...

Ол сені жақсы көреді,ең бастысы осыны есіңнен шығармашы..

~ @durys.jol 🕊️
❤80🔥10
Аллаһ бізге тағы бір күн өмір сүруге мүмкіндік берді..
Альхамдулиллаһ 🤍

~ @durys.jol 🕊️
❤116🍓9🕊8
Егер Аллаһ сенімен болса, кім саған қарсы келе алады?

так что, уайымдай берме)

~ @durys.jol 🕊️
❤84🔥7❤‍🔥5
Сен өзгелерге беріп жүрген барлық махаббатқа өзің де лайықсың..

~ @durys.jol 🕊️
❤94💔10💘5🔥3👏3
Бұл өмірде адамдардың бәрі бақытты, бірақ өздері білмейді.

Мұхаммед(ﷺ)

~ @durys.jol 🕊️
❤106🔥6👏5🙏2
ЖҰМА МҮБӘРАК БОЛСЫН🤲❤️

Раббым… Мені, отбасымды, бауырларымды және барша мұсылмандарды қасиетті жұма күніне жеткізгеніңе сансыз шүкір. Осы мүбәрак күнде жүректерімізді тыныштыққа бөлеп, иманымызды күшейтіп, мейіріміңе бөлеші. Сенің рақымыңа үміт етіп, кешіріміңе мұқтажбын. Осы жұмада жасаған дұғаларымызды қабыл ете гөр, күнәларымызды кешіріп, жүрегімізді таза қыла гөр..

Өзіңе ғана құлшылық етуді нәсіп етіп, Өзіңнен басқаға мұқтаж етпе. Сен- Ар-Рахмән, Ар-Рахим.

~ @durys.jol 🕊️
❤82🥰6
Раббым! Мен оған, ол маған мәңгілік хайырлы болған кезде бізді жолықтырғайсың...

🥹

~ @durys.jol 🕊️
❤135🕊11💘7😍6❤‍🔥4💯1
Қиямет қашан болады?
❤40💔22
Қиямет күніне не дайындадың?!
💔47❤22😢6
Егер кез-келген ер азамат Пайғамбарымыз (ﷺ) секілді, әр жұма сайын сыйлық сыйлағанда,қыздар қауымы 8 наурыз күнін бұлай күтпес еді…

~ @durys.jol 🕊️
❤101👍9👏2🔥1
ТАРАУИХ НАМАЗЫ ЖАЙЛЫ🌙

Тарауих намазы жалпы 20 рәкәт оқылады.
20 рәкәт бірден емес, екі-екі рәкәттан бөліп оқылады.

4-ші, 8-ші, 12-ші, 16-шы, 20-шы рәкәттарды оқып болған соң, яғни екі жаққа сәлем берген соң осы тәсбих оқылады. Осы 4, 8, 12, 16, 20 рәкәттардан кейін.

Үйде оқитын болсаңыздар қанша сүре білесіздер, сол сүрелермен оқысаңыздар болады...

~ @durys.jol 🕊️
❤48
сәресін ішіп, ауыз бекітіп жатқан баршаңызға ниеттеріңіз қабыл болсын! Рамазанға аман-есен жеткізген Аллаһқа сансыз шүкірлер болсын.🤲🏾✨

~ @durys.jol 🕊️
❤116🥰20🙏6👏5
Әр нәрсенің өз қайыры бар🕊

осы сөзді соңғы кездері шынайы сезініп, түсініп келем. себебі шынында маған қайырлы болып, маған бұйырып тұрса ол қалай болғанда да болушы еді. бүгін бірдеңеден бас тартсам, ертең одан да жақсы нәрсе күтіп тұруы мүмкін.

сол үшін бір жағдай болып, жоспарыңыз әп сәтте өзгеріп кетсе, қамықпаңыз. шынында одан да күштісі сізді күтіп тұр. мейлі ол мүлде басқа нәрсе болсын. бірақ сіз үшін қайырлы. бары сол. өкініп, неге бұлай болды деп көңілді түсірудің қажеті жоқ.

~ @durys.jol 🕊️
❤70🔥5❤‍🔥4👍2
Сәресі – береке, сәресі – құлшылыққа қуат! 🌙✨

Пайғамбарымыз (ﷺ):
“Сәресіде береке бар, оны тастамаңдар. Тіпті су ішсеңдер де, сәресі ішіңдер!” (Муслим)

Ниет қабыл болсын! 🤲

~ @durys.jol 🕊️
❤85🕊7❤‍🔥3🥰2🔥1😍1
Qасиетті Жұманың берекеті мен жақсылығы бізбен сізге болсын!🤲❤️

Я, Раббым… Бүгінгі Жұма күні жүрегімізді мейірімге толтыр..
Ата-анамызға, ағайын-туысымызға, дос жарандарымызға амандық нәсіп ет. Өзіңе жақын құлдардан қыла гөр, Раббым… Біліп-білмей жасаған күнәларымды кешіре гөр. Расында Сен Мейірімділердің Мейірімдісісің..

~ @durys.jol 🕊️
❤87😁1
Бұйырса деген керемет сөз иә? Боларына көзің жетпейді, бірақ сол үмітің де үзілмейді..

~ @durys.jol 🕊️
❤115🔥12
Бел-аяғың талып оқыған 20 рәкәт тарауих бір сториспен зая кетіп қалмаса екен…

~ @durys.jol 🕊️
❤86👍5🥰3
Алланың үйі жүрек тыныштығы. Талай жанның басын осында қосқан Рамазан айы, сен — айлардың султанысың.

~ @durys.jol 🕊️
❤120❤‍🔥13🥰6