QR ORTSAILAUKOM | ЦЕНТРИЗБИРКОМ РК
8.1K subscribers
662 photos
94 videos
5 files
1.05K links
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының ақпараты
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
✔️📌Как заполняется бюллетень для голосования?
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📋Дауыс беруге арналған бюллетень сайлаушыларға сайлаушылар тiзiмдерiнің негiзiнде сайлаушының жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуi бойынша берiледi.
✔️Сайлаушы тiзiмге бюллетеньдi алғандығы туралы қолын қояды, ал комиссияның бюллетеньдi берген мүшесi оған өзiнiң қолын қояды,
сондай-ақ бюллетеньдi алған сайлаушының тiзiмдегi тегiнiң тұсына қол қояды.
📌Сайлау бюллетенi жасырын дауыс беруге арналған кабинада толтырылады. Оны толтыру кезiнде дауыс берушiден басқа адамның кiруiне тыйым салынады.
✅Сайлаушы саяси партиялардың атаулары бар сайлау бюллетенінде өзі жақтап дауыс беретін саяси партия атауының оң жағындағы бос шаршыға немесе «Бәріне қарсымын» деген жолдың оң жағында орналасқан шаршыға кез келген белгі қояды. 🔹Толтырылған бюллетеньді сайлаушы дауыс беруге арналған жәшiкке салады.
🔗Бюллетеньге қарындашпен белгi қоюға, сондай-ақ оған қандай да болсын түзету енгiзуге жол берiлмейдi.
❌Дауыс беру күні толтырылған бюллетеньнің фото- және (немесе) бейнетүсірілімін жүзеге асыруға және оны дауыс беру күні таратуға тыйым салынады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📋Бюллетень для голосования выдается избирателям на основании списков избирателей по предъявлении документа, удостоверяющего личность избирателя.
🔗Избиратель расписывается в списке в получении бюллетеня, а член комиссии, выдавший бюллетень, ставит на нем свою подпись, а также расписывается в списке напротив фамилии избирателя, получившего бюллетень.
✔️Избирательный бюллетень заполняется в кабине для тайного голосования. При его заполнении запрещается присутствие посторонних лиц, кроме голосующего.
✅В избирательном бюллетене избирателем ставится отметка в пустом квадрате справа от наименования политической партии, за которую он голосует, либо в пустом квадрате, расположенном справа от строки «Против всех».
🔗Заполненный бюллетень опускается избирателем в урну для голосования.
Проставление отметок в бюллетене карандашом, внесение в него каких бы то ни было исправлений не допускаются.
❌Осуществление фото- и (или) видеосъемки заполненного бюллетеня и его распространение в день голосования запрещается.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
ДАУЫС БЕРУ КҮНІ САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІНДЕ АЗАМАТТАРДЫ ТЕКСЕРУ ЖӘНЕ ТІРКЕУ ОНЛАЙН СЕРВИСТЕРІ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

🔹23 тамызда сайлау учаскелерінде арнайы онлайн сервистер іске қосылады. Аталған сервистерді енгізу сайлаушыларды толық есепке алуды қамтамасыз етуге және азаматтардың конституциялық сайлау құқығын іске асыруы үшін қосымша жағдайлар жасауға бағытталған.

📌Бірінші сервис сайлау учаскесінің өзінде азаматтың тұрғылықты жері бойынша тіркелуінің бар-жоғын тексеруге мүмкіндік береді. Екіншісі -сайлау учаскесінің мекенжайы бойынша уақытша тіркеуді жүзеге асырады.

📍Атап айтқанда, тіркеуді тексеру сервисін сайлау комиссияларының мүшелері сайлаушылар тізіміне енгізілмеген азамат өтініш білдірген кезде пайдаланады. Егер тексеру нәтижесінде азаматтың сайлау учаскесінің шекарасындағы мекенжай бойынша тұрақты тіркеуі бар екені анықталса, сайлау комиссиясы оны сайлаушылар тізіміне енгізіп, оған бюллетень береді. Осыдан кейін азамат дауыс бере алады. Бұл сервис бүкіл ел бойынша 5 106 сайлау учаскесінде қолжетімді болады.

✅Егер Қазақстанда тұрғылықты жеріңіз бойынша тіркеуіңіз болмаса, «Уақытша тіркеу» сервисін пайдалануға болады. Бұл күні 221 сайлау учаскесінде «шағын ХҚКО» жұмыс істейді. Олардың қызметкерлері азаматтарды сайлау учаскесінің мекенжайы бойынша уақытша тіркей алады. Тіркеуден өтіп, деректер тексерілгеннен кейін азамат сайлаушылар тізіміне енгізіліп, оған дауыс беру үшін бюллетень беріледі.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
ОНЛАЙН СЕРВИСЫ ПРОВЕРКИ И РЕГИСТРАЦИИ ГРАЖДАН ЗАПУСТЯТ В ДЕНЬ ГОЛОСОВАНИЯ НА ИЗБИРАТЕЛЬНЫХ УЧАСТКАХ

📍Специальные онлайн-сервисы будут запущены на избирательных участках 23 августа. Их внедрение направлено на обеспечение полноты учета избирателей и создание дополнительных условий для реализации гражданами своего конституционного права на участие в выборах.

✔️Первый из них позволяет непосредственно на избирательном участке проверить наличие регистрации гражданина по месту жительства. Второй - оформить временную регистрацию по адресу избирательного участка.
Так, сервис проверки регистрации граждан используется членами комиссий при обращении гражданина, который оказался не включенным в списки избирателей. Если по результатам проверки выяснится, что у гражданина есть постоянная регистрация по адресу в границах избирательного участка, комиссия включит его в список избирателей, выдаст бюллетень и он сможет проголосовать. Этот сервис доступен на 5 106 избирательных участках по всей стране.

✔️Если у гражданина отсутствует регистрация по месту жительства в Казахстане, ему поможет второй сервис – «Временная регистрация». На 221 избирательном участке в этот день будут открыты «мини ЦОНы». Их сотрудники смогут временно зарегистрировать гражданина по адресу избирательного участка.

🔗После регистрации и проверки данных, человека также включат в список избирателей и выдадут бюллетень для голосования.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
✅Жаңару үшін дауыс бер!
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрылтай сайлауы қарсаңындағы үндеуі
 
Құрметті отандастар!
 
Алдағы жексенбі күні елімізде жаңа бірпалаталы Құрылтайдың алғашқы сайлауы өтеді. Бұл – ұлт тағдырына тікелей әсер ететін тарихи оқиға.
 
Еліміз соңғы жылдары ауқымды реформаларды жүзеге асырып, жарқын болашаққа батыл қадам басып келеді. Біз бірлік пен келісімнің және ынтымақтың арқасында Әділетті Қазақстанды құру ісінде зор жетістікке жеттік. Халық Конституциясы күшіне енді, еліміздің даму бағдары өзгерді. Дегенмен атқаратын жұмыс әлі де көп.
 
Бұл сайлау халқымыздың игілігіне қызмет ететін тың реформаларға бастау болып, қазіргі Қазақстан жылнамасындағы жаңа кезеңге жол ашады.
 
Мен партиялардың барлығы дайындық жұмыстарын тиісті деңгейде жүргізуі үшін Құрылтай сайлауы өтетін уақытты ертерек хабарладым.
 
Сондықтан Құрылтайдың алғашқы сайлау науқаны мазмұнды, ашық, бәсекеге толы әрі өркениетті сипатта өтті. Ел азаматтарының сайлау туралы пікірі осындай болды.
 
Бұл сайлау ел тарихындағы ең тартысты науқандардың бірі ретінде есте қалатыны анық. Партиялар сайлаушылармен кездесу кезінде, сондай-ақ ақпараттағы үгіт-насихат, жалпыұлттық теледебаттар, әлеуметтік желідегі пікірталастар барысында өз бағдарламаларын кеңінен әрі дәйекті түрде таныстырды.
 
Бір сөзбен, азаматтарымыз партиялардың ел болашағына қатысты ұстанымын мұқият зерделеуге мүмкіндік алды. Саяси ұйымдардың экономикадан бастап мәдениет саласына дейін қамтыған бастамаларын бағалап-бағамдады.

t.me/aqorda_resmi