QR ORTSAILAUKOM | ЦЕНТРИЗБИРКОМ РК
8.11K subscribers
661 photos
94 videos
5 files
1.05K links
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының ақпараты
Download Telegram
Ақпараттық хабарлама

2023 жылғы 20 желтоқсанда Қостанай облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлау өтеді.
Сенат депутатын таңдаушылар - мәслихаттардың депутаттары болып табылатын республика азаматтары жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайлайды.
Сайлау таңдаушылардың бірлескен отырысында өткізіледі, отырыс сағат 11:00-де (елорда уақытымен) басталады.
Парламент Сенаты депутатының мандатына 3 кандидат үміткер болып отыр.
Қостанай облысы бойынша таңдаушылар тізіміне мәслихаттардың 264 депутаты енгізілген.
Дауыс беру күні Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында төмендегі сілтемелер бойынша онлайн байқау сервистері жұмыс істейтін болады:
- таңдаушыларды тіркеу бойынша: https://dot.saylau.kz/erv/Ervpi/Diagram?lang=kk
- дауыс берудің алдын ала қорытындыларын шығару бойынша: https://dot.saylau.kz/erv/Ervpi/Results?lang=kk
Сайлау күнінің барысы туралы ақпарат ҚР ОСК телеграм-арнасында жарияланады - https://t.me/electionelection.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 20 қазанда Ортсайлаукоммен Қостанай облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлау тағайындалды.