QR ORTSAILAUKOM | ЦЕНТРИЗБИРКОМ РК
8.12K subscribers
661 photos
94 videos
5 files
1.05K links
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының ақпараты
Download Telegram
📃 Нұрлан Әбдіров: «Азаматтарды жеке ақпараттандыру үшін үй-үйді аралау және алдыңғы электоралдық науқандарда сынақтан өткен сәтті тәжірибе - QR-коды бар дербес шақыру қағаздарын тарату көзделген».

✔️ Нурлан Абдиров: «Для персонализированного информирования предусмотрены подворовые обходы и вручение именных пригласительных с QR-кодом - практика, успешно апробированная в предыдущих электоральных кампаниях».
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Мемлекет басшысы Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады

✔️Қасым-Жомарт Тоқаевқа республикалық референдумды ұйымдастыру және дайындық жұмыстары туралы мәлімет берілді.

✔️Президент референдумды өткізу барысында ашықтыққа, заңдылыққа және барлық азаматқа тең жағдай жасау қажет екеніне баса назар аударды.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Глава государства принял председателя Центральной комиссии референдума Нурлана Абдирова

✔️Президент Касым-Жомарт Токаев был ознакомлен с информацией о ходе подготовки к республиканскому референдуму.

✔️Глава государства акцентировал внимание на необходимости обеспечения открытости, законности и создания равных условий для всех граждан при проведении референдума.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ҚҰРМЕТТІ РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСУШЫ!


📋Егер Сіз 2026 жылғы 15 наурызда дауыс беру күні өзіңіздің тіркелген жеріңізден тыс жерге баратын болсаңыз, қалай дауыс бере аласыз?

Ол үшін 2026 жылғы 14 наурызда сағат 18:00-ге дейін Сіз өзіңіздің учаскелік комиссияңызға жазбаша өтінішпен жүгініп, жеке басыңызды куәландыратын құжатты ұсынуыңыз қажет. Комиссия Сізге есептен шығару куәлігін табыс етедi.

Есептен шығару куәлігін сенімхат негізінде өкіл арқылы да алуға болады. Сенімхатты нотариаттық куәландыру талап етілмейді.

Есептен шығару куәлігі жоғалған жағдайда ол қалпына келтірілмейді және оның телнұсқасы берілмейді.

Бір елді мекен шегіндегі басқа учаскеде дауыс бергісі келетін азаматтарға есептен шығару куәлігі берілмейтініне назар аударыңыз.

Дауыс беру күні өзіңіз болатын жердегі учаскеде есептен шығару куәлігін көрсетіңіз. Учаскелік комиссия Сізді дауыс беруге арналған тізімге енгізеді.

Толық ақпарат алу үшін өзіңіздің елді мекеніңіздің әкімдігінің call-орталығына хабарласуға болады.

ӘРҚАЙСЫМЫЗДЫҢ ДАУЫСЫМЫЗ МАҢЫЗДЫ!


Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы