QR ORTSAILAUKOM | ЦЕНТРИЗБИРКОМ РК
8.11K subscribers
661 photos
94 videos
5 files
1.05K links
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының ақпараты
Download Telegram
🔹Қызылордада алғаш рет Қазақстанның барлық өңірлерінен келген Жас сайлаушылар клубтарының қатысушыларын біріктірген «Жастар және сайлау» атты республикалық форум өтуде.

🔹Форум аясында Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіровтің Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттерімен кездесуі өтіп, онда сайлау процесі және жастардың электоралдық мәдениетін қалыптастыру мәселелері талқыланды.

✍️ Сондай-ақ форум шеңберінде Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті мен Қызылорда облысының аумақтық сайлау комиссиясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

✅ Қатысушылар университеттегі Жас сайлаушылар клубының мамандандырылған аудиториясын, Қызылорда облысы мен Қызылорда қаласының аумақтық сайлау комиссияларының жаңартылған ғимаратын, сондай-ақ болашақ сайлаушылардың жобалары көрмесімен танысты.

📋 Форумның алғашқы күні сайлау ұйымдастырушыларына арналған көшпелі семинармен және республикалық референдумды өткізуге үлес қосқан қатысушыларды марапаттаумен қорытындыланды.
🔹 В Кызылорде впервые проходит республиканский форум «Молодежь и выборы», объединивший участников Клубов молодых избирателей со всех регионов Казахстана.

🔹 В рамках форума состоялась встреча Председателя Центральной избирательной комиссии Нурлана Абдирова со студентами Кызылординского университета имени Коркыт ата, где обсудили вопросы избирательного процесса, формирования электоральной культуры у молодежи.

✍️ В рамках форума был подписан меморандум о сотрудничестве между Кызылординским университетом имени Коркыт ата и территориальной избирательной комиссий Кызылординской области.

✅ Участники также посетили специализированную аудиторию Клуба молодых избирателей в университете и обновленное здание территориальных избирательных комиссий Кызылординской области и города Кызылорды, выставку проектов будущих избирателей.

📋 Завершился первый день форума выездным семинаром для организаторов выборов и награждением участников, внесших вклад в проведение республиканского референдума.
🔹 Қызылорда қаласында алғаш рет «Жастар және сайлау» форумы аясында Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Төрағасы Нұрлан Әбдіров еліміздің барлық өңірлерінен келген Жас сайлаушылар клубтарының мүшелерімен кездесті.
🔹Кездесудің негізгі тақырыбы – жастармен тұрақты тікелей диалог орнату және оларды сайлау үдерістеріне тарту болды.
🔹 Қатысушылар білім беру бастамаларынан бастап мектеп және студенттік сайлауларға дейінгі жобаларын, сондай-ақ Telegram-боттар, комикстер және робототехника саласындағы әзірлемелерді қамтитын цифрлық шешімдерін таныстырды. Сонымен қатар құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтық белсенділік және цифрлық қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылды. Мәселен, Сабыржан Лиас студенттік сайлауларды ұйымдастыру және дебат қозғалысын дамыту тәжірибесімен бөлісті, ал Айша Таласова мектеп оқушыларына арналған жобасын және клуб қызметін дамыту тәжірибесін таныстырды.