ELITAR.KZ
1.64K subscribers
12K photos
5.4K videos
5 files
8.27K links
Главное медиа креативной экономики.
Люди. Деньги. Индустрия.
Казахстан • Центральная Азия
Download Telegram
Қазақстанда 90 мыңға жуық бала «Балақайлар мектебі» бағдарламасы бойынша мектепалды дайындықтан өтті

📚 Жазғы демалыс кезінде бірінші сыныпқа баратын балаларға бірдей бастапқы мүмкіндік беру мақсатында мектепалды дайындыққа арналған «Балақайлар мектебі» қысқа мерзімді бағдарлама ұйымдастырылды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
👍1
Су ресурстары және ирригация министрлігі суару маусымының қорытындысы бойынша қызметтік тексеріс жүргізеді

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов вегетация кезеңі мәселесі бойынша аппарат кеңесін өткізді.

«Вегетация кезеңі аяқталуға жақын. Биыл ол күрделі жағдайда өтіп жатыр. Аптап ыстық пен жауын-шашынның болмауы суды көбірек тұтынуға алып келді. Кейбір өңірлерде тиісті бақылау жүргізілмей, ылғалды көп қажет ететін дақылдардың жоспардан тыс егілу фактілері тіркелді. Бұл жағдай еліміздің оңтүстігіндегі су шаруашылығы ахуалына айтарлықтай әсер етті. Сондықтан мұндай олқылықтардың қайталанбауы үшін вегетация кезеңі бойынша қызметтік тексеріс жүргізуді тапсырамын»,
- деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Қазіргі таңда Алматы мен Жетісу облыстарында вегетация кезеңі тұрақты өтіп жатыр. Алматы облысында су алу көлемі 1,2 млрд текше метрді құрап, 136 мың гектар егіс алқабы суарылды. Ал Жетісу облысында су алу көлемі 1 млрд текше метрді құрап, 132 мың гектар жер суарылды.
Үкіметте алдағы үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджеттің жобасы қаралады

«2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң жобасы Үкімет отырысында ұсынылды. Қаржы министрі Мәди Такиев еліміздің бас қаржы құжатының негізгі параметрлері туралы баяндады.

Оның айтуынша, 2026 жылы кірістер 23,1 трлн теңгені құрап, 2028 жылға қарай 27,6 трлн теңгеге дейін артады, шығыстар – 27,7 трлн теңгені құрайды. Бюджет тапшылығы 2026 жылғы жалпы ішкі өнімнің 2,5%-ынан 2028 жылға қарай жалпы ішкі өнімнің 0,9%-ына дейін кезең-кезеңімен төмендетіледі. Министр бюджет ұзақ уақыт ішінде алғаш рет Ұлттық қордан нысаналы трансферттерді пайдаланбай теңдестірілгенін атап өтті.

Бұл ретте ол экономиканың нақты секторын мемлекеттік қолдаудың айтарлықтай ұлғаюымен әлеуметтік бағдарланған күйінде қалып отыр.

«Шығындарды оңтайландыру және басымдық беру бойынша жұмыс жүргізілді. Оңтайландырылған қаражат нақты секторға бағытталды. Экономиканың өсуін ынталандыратын шығыстар 10,9% - дан 16,1%-ға дейін ұлғайып, 4,470 трлн теңгені құрады»,
— деп атап өтті Мәди Такиев.

Шығыстардың негізгі үлесі – 38,7% немесе 10,7 трлн теңге, дәстүрлі түрде әлеуметтік салаға бағытталған.

Экономиканың нақты секторын қолдауға арналған шығыстар 3,6 трлн теңгені құрайды. Оның ішінде агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға 732 млрд теңге, көлік инфрақұрылымына – 855 млрд теңге бағытталатын болады. Республикалық жолдарды салуға тағы 580 млрд теңге мемлекеттік кепілдіктер тетігі арқылы тарту жоспарлануда. Күштік блок шығыстары 3 трлн теңгеден астам қаржы көзделген.
Қарағандыда 10 жасар қыз терезеден құлап, ауруханаға түсті

Оқиға, Қарағанды қаласындағы Донецкая көшесіндегі үш қабатты тұрғын үйде орын алған. 10 жастағы қыз бала терезеден құлап, ауруханаға жеткізілді. Ол сол уақытта құрбысының үйінде қонақта болған.

Қазіргі таңда, зардап шеккен қыз балалар травматологиясына жатқызылды. Оның жағдайы орташа деп бағалануда. Құлау оқиғасының себептері мен мән-жайларын анықтау үшін полиция қызметкерлері тергеу жұмыстарын жүргізуде.
😱1
Көмір өндіруші кәсіпорындар мен ҚТЖ өңірлерге көмірдің қажетті көлемін жеткізуге дайын–Энергетика министрлігі

ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкімет отырысында республиканың көмірмен қамтамасыз етілгендігі туралы баяндады.

Ол атап өткендей, көмір өндіруші кәсіпорындар осы жылдың 7 айында 61,4 млн тонна көмір өндірді, оның ішінде коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге және халыққа 2,2 млн тонна, энергетикалық кешендерге 37,4 млн тонна, өнеркәсіптік кәсіпорындарға 1,6 млн тонна, экспортқа 18,2 млн тонна жөнелтілді.

Барлық өңірлерде алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Алдағы жылыту маусымына көмір өнімдеріне қажеттілік шамамен 7,7 млн тоннаны құрайды. Бүгінгі таңда шамамен 2,2 млн тонна жеткізілді, бұл жылдық жоспардың 29%-ы. Әкімдіктердің мәліметінше, оны өткізу орындарындағы көмірдің жалпы қоры 434 мың тоннаны құрайды.

«Жалпы, көмір өндіруші кәсіпорындар мен ҚТЖ жоспарларға сәйкес өңірлерге қажетті көмір көлемін жеткізуге дайын»,- деп атап өтті Ерлан Ақкенженов.
Қызылорда қаласында құрылыс дүкенінен өрт шықты

Қызылорда қаласы, Төле би көшесінде 3 қабатты құрылыс дүкенінде өрт шықты. Дүкеннің 50 шаршы метр сыртқы қаптамасы және 6 шаршы метр лифт шахтасы жанды.

Жедел жеткен құтқарушылар өрттің таралуына жол бермей, 50 шаршы метр алаңдағы өртті тез арада сөндірді.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

📹Видеода: Қызылорда облысы ТЖД бастығының бірінші орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі Жасұлан Түйменов
Бизнес-тренер елорданың сенгіш азаматтарын алдады

Қылмыскер өзін онлайн-сауда және сатып алу саласындағы бизнес-тренер ретінде таныстырып, болашақ клиенттерді Instagram әлеуметтік желісі арқылы тартып, онлайн-саудаға үйрету курстарын ұсынған.

Оқыту аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға тұрмыстық техниканы көтерме саудалауға қаржы салуды ұсынып, салынған қаражаттың 10%-ы мөлшерінде табысқа уәде берген. Алайда, төлемді алып, уәде еткен шарттарын орындамай, клиенттермен байланысын үзіп, жасырынған.

Мемлекеттік айыптаушы сотталушының 50 млн теңгеден астам залал келтірген 10 эпизодтан тұратын алаяқтық қылмысын толық дәлелдеді.

Сот үкімімен кінәліге 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Қала прокуратурасы алаяқтық жасағаны үшін мүлкін тәркілей отырып, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанына назар аударады.

ҚР Бас Прокуратурасы.
Қарағандыда дәрігерлер 1 жасар баланың ішінен 22 магнит алып шықты

Қарағандыда дәрігерлер 1 жасар баланың ішінен 22 магнит алып шықты. Бұл туралы Балалар хирургиясы орталығының жетекшісі, балалар хирургі Бейбіт Серғалиұлы Бердібеков хабарлады.

Оның айтуынша, сәби ауруханаға дене қызуы көтеріліп түскен. Тексеру кезінде дәрігерлер баланың іш құрсағында бөгде зат барын анықтап, жедел түрде нейрохирургия бөлімшесіне жатқызған.

— Науқасты шұғыл түрде отаға алдық. Операция кезінде ішінен 22 дана магнит алынды. Қазіргі уақытта баланың жағдайы бірқалыпты, бөлімшеде ем қабылдап жатыр, — деді Бейбіт Бердібеков.

Дәрігердің сөзінше, ата-аналар баланың магнит жұтқанынан бейхабар болған.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇯🇴Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейн Астанаға сапармен келді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Королін Астана әуежайынан қарсы алды.

Ертең мемлекеттер басшылары келіссөз жүргізіп, Қазақстан-Иордания бизнес форумына қатысады
ELITAR.KZ
🇰🇿🇯🇴Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейн Астанаға сапармен келді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Королін Астана әуежайынан қарсы алды. Ертең мемлекеттер басшылары келіссөз жүргізіп, Қазақстан-Иордания бизнес форумына қатысады
🇰🇿🇯🇴Король Иордании Абдалла II бен аль-Хусейн прибыл с визитом в Астану

Президент Касым-Жомарт Токаев встретил Короля Иордании в аэропорту Астаны.

Завтра главы государств проведут переговоры и примут участие в казахско-иорданском бизнес-форуме.

Ақорда
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Семейде ТЖМ қызметкерлері өрт кезінде бір адамды құтқарды

Титов көшесінде 4 қабатты тұрғын үйде екі балкон жанды.

Құтқару қалпағының көмегімен өрт сөндірушілер 1 адамды эвакуациялап, 2 газ баллонын қауіпсіз жерге шығарды. Құтқарушылардың үйлесімді жұмысының арқасында өрт одан әрі пәтерлерге таралмады.

Өрт 6,5 шаршы метр алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда.
👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Шымкент қаласы әкімінің жаңа орынбасарлары таныстырылды

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары лауазымына Айдын Мейрамбекұлы Кәрімов тағайындалды. Ол, бұған дейін қала әкімінің орынбасары лауазымын атқарған.

Сонымен қатар, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметіне Арман Сәбитов келді.

Айта кету керек, Қуаныш Асылов басқа қызметке ауысатын көрінеді.
👍1
Бүгінгі күнге ауа - райы болжамы

⚠️Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында және Шымкент қаласында өрт қауіптілігінің ең жоғары 5-сыныбы жарияланды.

⛈️ Еліміздің батысы мен солтүстігінде жаңбыр жауып, күн күркіреп, бұршақ соғуы мүмкін. ҚР-ның қалған бөлігінде жауын-шашынсыз.

Республика бойынша желдің күшеюі күтілуде, батыста, оңтүстікте шаңды дауыл болады. Еліміздің батысында, солтүстігінде түнде және таңертең тұман болады.
ҚУАН, ҚАЗАҚ ЕЛІ! «ҚАЙРАТ» ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫНЫҢ ЖАЛПЫ КЕЗЕҢІНДЕ

УЕФА Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңінің шешуші матчында алматылықтар шотландиялық «Селтикті» пенальти сериясында тізе бүктіріп, басты турнирдің жалпы кезеңіне жолдама алды.

😍 Бұл ойын – қазақ футболының жаңа белесі.

Шешуші сәтте ұлттық құраманың қақпашысы Темірлан Анарбеков ерлік көрсетіп, командасын жеңіске жетеледі.

БҰЛ НАҒЫЗ ТАРИХ!
👍1
Астанада полицейлер қарияны телефон алаяқтарынан құтқарып қалды

Көшеде жүрген ер адам қарияның телефон арқылы белгісіз біреулерге ақша жібермек болғанын байқап қалған. Күдіктенген ол дереу полицияға хабар берген.

Оқиға орнына жеткен полиция қызметкері Ұлықбек Жұмағұлов телефонның ар жағындағы алаяқтармен сөйлесіп, олардың әрекетін тоқтатты.

👏 Осылайша қала тұрғынының қырағылығы мен полицияның жедел әрекетінің арқасында телефон алаяқтарына тосқауыл қойылып, қарияға көмек көрсетілді.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қытайда анасы үш жасар қызының басына пышақ сұғып алды

Қытайда үш жасар қыз ауыр жарақат алды. Анасы баланың басына пышақ сұғып алған. Алғашында әйел бұл жағдайды жазатайым оқиға деп түсіндіріп, пышақтың жаймамен ілініп, абайсызда ұшып барып балаға тигенін айтқан.

Алайда, кейінірек ол қызын қорқытпақ болып, пышақты әдейі алғанын және басынан ұрып жібергенін мойындады. Әйел жараланған қызына жедел жәрдем шақырмай, өз бетімен ауруханаға апарған.

Дәрігерлер қыздың тірі қалуын бас сүйегінің жұмсақтығымен байланыстырып отыр. Пышақты дұрыс емес суырып алған жағдайда одан әрі ушығуы мүмкін екенін жеткізді.

Полиция бұл іс бойынша қасақана қылмыстың белгілерін таппай, болған жайтты жазатайым оқиға деп таныды.
❤2😱1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Жолдау 2024: «Таза Қазақстан» экологиялық болашақ үшін миллиондаған адамдарды біріктірді

Президенттің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» Жолдауын және Мемлекет басшысының өзге де тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы басталғаннан бері республика бойынша 1 мыңнан астам экологиялық акция өткізілді, оған 10,4-тен астам адам қатысты, оның ішінде 586 мың ерікті.

«Жалпы 1,6 млн тоннадан астам қалдық жиналып, 859,6 мың га аумақ тазартылды»,
— деп нақтылады Ерлан Нысанбаев.