This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қостанайда полицейлер көліктен шыққан өрттің таралуына жол бермеді
Баймағамбетов көшесінде патрульдік инспекторлар Әділжан Шәріпов пен Ерлан Жасәділ тұрақта тұрған көліктен түтін шығып жатқанын байқаған. Алдын ала мәлімет бойынша өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шыққан.
BMW автокөлігінің иесі өмірі мен мүлкін сақтап қалған тәртіп сақшыларына алғысын білдірді

👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Елордалық құтқарушылар оттың таралуына жол бермеді
🔥Есіл ауданындағы Қонаев көшесінде орналасқан бизнес - орталықтардың бірінде сыртқы қаптаманың астындағы жылытқыштың жануы орын алды.
🧑🚒Жедел жеткен құтқарушылар өрттің таралуына жол бермей, жануды тез арада сөндірді.
✅ Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда.
🔥Есіл ауданындағы Қонаев көшесінде орналасқан бизнес - орталықтардың бірінде сыртқы қаптаманың астындағы жылытқыштың жануы орын алды.
🧑🚒Жедел жеткен құтқарушылар өрттің таралуына жол бермей, жануды тез арада сөндірді.
✅ Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда.
👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Алматыда ер адам өз көлігін өзге адамға сатып, өзі ұрлап кетті
Күдікті, көлігін сатқанда оның кілтінің көшірмесін алып қалған. Араға үш жыл салып оны иесінен қолды қылған.
Бұрынғы көлік иесі өз кінәсін мойындады. Ол, 43 жаста.
Қазіргі таңда, көлік табылып, егесіне қайтарылды

📢 5 тамыз күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанның Аваза қаласында өтетін Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясына қатысады
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Жаңа туған нәресте шұғыл түрде облыс орталығына ТЖМ тікұшағымен жеткізілді
🚁ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" экипажы Риддер – Өскемен бағыты бойынша медициналық авиация желісі бойынша ұшуды орындады. Ұшу жаңа туған нәрестені ауруханаға жеткізу үшін ұйымдастырылды.
Экипаж бен санавиация дәрігерлерінің үйлесімді жұмысының арқасында ұшу сәтті өтіп, кішкентай науқас медициналық мекемеге аман - есен жеткізілді.

Бүгінгі күнге ауа-райы болжамы
Қазақстанның бірқатар өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды.
Синоптиктердің болжамынша, еліміздің оңтүстігінде ауа температурасы 43 градусқа дейін көтеріледі.
Батыс өңірлерде қатты ыстық күтіледі. Ауа температурасы: Атырау облысында + 35 + 39 ° C, Маңғыстау облысында + 38 + 40 ° C, БҚО + 35 + 37 ° C болады.
Еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталық бөлігінде нөсер жаңбыр жауып, бұршақ соғып, қатты жел соғып, тұман түсуі мүмкін.
Барлық өңірлерде төтенше өрт қаупі сақталады

Оқушы қыздар қатарласатарын қызып тұрған темірмен күйдірген
Жаға ұстатарлық жағдай, Қостанайда орын алған.
6-сынып оқушысы құрбысымен бірге спирт ішіп, ұйықтап жатқан 5-сынып оқушысын металл күрекшені газдың үстіне қыздырып, оның аяғы, қолы мен бетін күйдірген.
Бұл іс бойынша сот-медициналық сараптама жүргізілді, нәтижесінде қызға жеңіл жарақаттар салынғаны расталды. Сот процесінде жәбірленуші тараптың мүддесін қорғаушы моральдық шығын ретінде 1 миллион теңге өндіріп беруді талап етті. Сот бұл талапты қанағаттандырып, моральдық шығын ретінде аталған соманы жәбірленушіге төлеуді міндеттеді.

🎾 Елена Рыбакина - в четвертьфинале WTA 1000 в Монреале
Казахстанская теннисистка (№12 в мире) в напряжённой борьбе обыграла украинку Даяну Ястремскую (№35) - 5:7, 6:2, 7:5 💪🏼
📆 Уже 4 августа Рыбакина сыграет за выход в полуфинал против ещё одной украинской теннисистки - Марты Костюк (№28).
💰 Призовой фонд турнира - $5 152 599.
📹: Х/WTA

Қазақстандық оқушылар информатикадан Халықаралық олимпиадада төрт медаль ұтты
💻Оқушылар арасындағы ең беделді әлемдік пәндік олимпиадалар – IChO, IMO, IPhO, IBO, IGeO, IOL, IOI аяқталды. Бүгін Боливияның Сукре қаласында информатика пәнінен IOI-2025 халықаралық олимпиадасы өз мәресіне жетті.
🇰🇿 Екі кезеңнің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы үздік нәтижеге қол жеткізіп, үш күміс, бір қола қанжығалады.
🥈 Максим Цой — Алматы қаласындағы РФММ-ның 11-сынып оқушысы;
🥈 Мансур Мамадахунов, —Қызылорда облысы «Білім-инновация» лицейінің 10-сынып оқушысы;
🥈Әкежан Асқар — Семей қаласындағы НЗМ-нің 11-сынып оқушысы;
🥉 Даужан Бекетов — Алматы қаласының №165 мамандандырылған лицейінің 9-сынып оқушысы.

Мотоцикл жүргізушісі полиция көлігімен соқтығысып, қаза тапты
Қарағанды облыстық полиция департаменті, Қарағандыдан 1 км қашықтықта, Алматы-Екатеринбург тасжолында болған жол-көлік оқиғасы туралы хабарлады.
«Алдын ала мәліметтер бойынша, мотоцикл жүргізушісі алдыңғы тұрған полиция көлігімен Kia Sportage маркалы арнайы көлікпен соқтығысқан. Оқиға орнында 42 жастағы мотоцикл жүргізушісі қайтыс болды.Қажетті сараптамалар тағайындалды»,-деп хабарлады Қарағанды облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Жасқайрат Қайыров.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Мемлекет басшысы БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен келіссөз жүргізді
Кездесу барысында, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға сапармен келген Бас хатшыға ризашылығын білдірді.
Президент, БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы қарсаңындағы тығыз жұмыс кестесіне қарамастан мәртебелі мейманның Алматыға арнайы келгенін атап өтті. Бұл сапардың еліміз үшін мәні зор екенін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Орталық Азияда орнықты даму мақсаттарына арналған алғашқы орталықтың ашылуы – бүкіл аймақ үшін айтулы жетістік.
– Осы бастаманы қолдағаныңыз үшін Сізге және Сіздің ұжымыңызға өзімнің, сондай-ақ Қазақстан халқының атынан алғыс айтамын. Сіздің дер кезінде қолға алған әрі келешекті ойлаған UN80 бастамаңызды жоғары бағалаймын. Қазақстан ұйымды реформалау жолындағы іс-әрекеттеріңізді толық қолдайды. Осы ретте еліміздің Ұйым қызметінің негізінде жатқан мультилатерализм, дипломатия және ынтымақтастық қағидаттарына әрдайым бейіл екенін тағы да растаймын, – деді Президент.

❤1👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Алматы облысында табиғи өрт тіркелді
Алматы облысының 112 ТЖД пультіне Алматы облысының Қарасай ауданында, таулы жерлерде, Долан ауылының маңында құрғақ шөптер мен бұталардың өртенуі тіркелгені туралы хабарлама келіп түсті.
🚒 Өртті сөндіруге Алматы облысы және Алматы қаласы ТЖД, Іле-Алатау МҰТП, жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ ҚР ТЖМ 28237 әскери бөлімінің 100-ден астам адамы және 20-дан астам техникасы тартылды.
🚁 ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағы қазір су төгетін құрылғыдан су ағызып жатыр.
Өртті сөндіру таулы аймақпен, кіреберіс жолдардың жоқтығымен, биік шөп және бұталардың болуымен қиындық тудырды.
Алайда, тілсіз жау сөндірілді. Өрттің жалпы алаңы 40 га құрады.

Алакөл көлінде 14 адам, оның ішінде 8 бала құтқарылды
🚤 Бүгін Абай облысы ТЖД құтқарушылары патрульдеу барысында жағалаудан 20 км қашықтықтағы аралда қалып қойған 14 адамды, оның ішінде 8 баланы эвакуациялады.
🚤 Қайықтың ақаулығы салдарынан топ өз бетінше жағаға шыға алмай жауын-шашын мен бұршақ астында тұруға мәжбүр болды.
✅ Жедел-құтқару жасағының күшімен барлық зардап шеккендер құрлыққа сәтті жеткізілді. Медициналық көмек ешкімге қажет болмады.

Ғарышкер Талғат Мұсабаев 74 жасында өмірден озды
Қасым-Жомарт Тоқаев ұшқыш-ғарышкер, Халық қаһарманы Талғат Мұсабаевтың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады.
«Талғат Амангелдіұлы үш мәрте ғарышты бағындырған, ашық
космосқа шығып, айтулы ерлігімен еліміздің атын әлемге танытқан батыр тұлғаеді. Отандық аэроғарыш саласын дамытуға бар күш-жігерін жұмсап, еселі еңбек етті. Сенат депутаты және қоғам қайраткері ретінде көптеген игі іске бастамашы болды. Кәсіби біліктілігімен, айналасына сыйлы азаматтық қалпымен халықтың құрметіне бөленген Талғат Амангелдіұлының жарқын бейнесі ұмытылмайды. Иманы саламат, жаны жәннатта болсын», – деп жазылған жеделхатта.
Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев 1951 жылы 7 қаңтарда Алматы облысы Қарғалы ауылында дүниеге келген.

🙏1
ELITAR.KZ
Ғарышкер Талғат Мұсабаев 74 жасында өмірден озды Қасым-Жомарт Тоқаев ұшқыш-ғарышкер, Халық қаһарманы Талғат Мұсабаевтың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады. «Талғат Амангелдіұлы үш мәрте ғарышты бағындырған, ашық космосқа шығып…
Глава государства направил телеграмму соболезнования родным и близким летчика-космонавта, Халық қаһарманы Талгата Мусабаева
Касым-Жомарт Токаев выразил соболезнования в связи с кончиной прославленного летчика-космонавта, Халық қаһарманы, государственного и общественного деятеля Талгата Мусабаева.
– Талгат Амангельдиевич – герой, трижды покоривший космос и совершавший выходы в открытое космическое пространство, своими подвигами прославлявший нашу страну. Всю свою трудовую деятельность он посвятил прогрессу отечественной космонавтики. Будучи депутатом Сената и общественным деятелем, он инициировал множество добрых начинаний. Светлый образ Талгата Амангельдиевича, пользовавшегося неизменным уважением в обществе за профессионализм и активную гражданскую позицию, навсегда останется в наших сердцах, – говорится в телеграмме.

Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Өрттен 29 адамды құтқарылып, 97 адам эвакуацияланды
Петропавлда өрт шықты. Тілсіз жаудың шығуына не себеп болды?
Толығырақ төмендегі сілтемеде 👇
https://elitar.kz/kz/barlykmaterialdar/rt-s-ndirushiler-29-adamdy-t-aryp-97-adamdy-jevakuacijalady/

Көлік вице-министрі пара алды деген күдікпен ұсталды
Бұл туралы, ҰҚК мәлімдеді.
ҰҚК таратқан ресми ақпаратқа сәйкес, күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Сот оның бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу туралы санкция берді.
Бақ беттерінде тараған мәліметтерге сәйкес, шенеунік жол құрылысын бақылаушы компаниядан 78 мың АҚШ доллары көлемінде пара алды деген күдікке ілінді.
Айта кетейік, Сәтжан Аблалиев көлік вице-министрі қызметін 2023 жылдан бері атқарып келген. Бұған дейін ол ұзақ жыл бойы Көлік министрлігіне қарасты Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары болған.

Разгром принес Казахстану медаль на чемпионате мира по борьбе 🥉
В Афинах (Греция) проходил чемпионат мира U-17 по вольной борьбе.
Казахстанский борец Асамбек Бекасылзавоевал бронзовую медаль в весовой категории до 60 килограммов.
В схватке за третье место он одержал убедительную победу над иранцем Арианом Мохаммадрезой Мехрализаде со счётом 9:0.(vestikz)
📸: uww.org