ELITAR.KZ
1.64K subscribers
12K photos
5.4K videos
5 files
8.27K links
Главное медиа креативной экономики.
Люди. Деньги. Индустрия.
Казахстан • Центральная Азия
Download Telegram
Шілдеде жұмыс берушілер «Enbek.kz» электронды еңбек биржасында 104,8 мың бос жұмыс орнын орналастырды, бұл маусыммен салыстырғанда 4,6 мыңға (4%) аз. Сонымен қатар, бір айда өтініш бергендердің саны 38 мыңға (34%) артты – 147,8 мың түйіндеме жарияланды.
ELITAR.KZ
https://elitar.kz/kz/barlykmaterialdar/kaspij-te-izi-ylymi-zertteu-institutyn-odan-ri-damytu-a-305-mln-te-ge-b-lindi/
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Үкімет резервінен бөлінген қаржы Каспий теңізін зерттеуді кеңейтуге мүмкіндік береді

📌 «Қазақ Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамы басқарма төрағасының міндетін атқарушы Қуаныш Берішбаев Каспий экожүйесін зерттеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.
43 жастағы әйел дүниеге үшем әкелді


Түркістан облысының Шардара ауданының тұрғыны Орынкүл Нұрабаева 43 жасында дүниеге үшем әкелді.

Сәбилер, Түркістан облыстық №1 перинаталдық орталығында өмірге келді.

Көпбалалы ананың 9-шы жүктілігі. Оның 6 қыз, 2 Ұлы бар еді. Енді 5 ұл болды.

Аслан есімді жігіт 6 тамыз күні сағат 12:46 туылды. Салмағы 2265 грамм.

Алихан бір минуттан соң, 2455 грамм болып дүние есігін ашқан. Бойы 48 см.

Ал, Алинур, 12:48 де 2405 грамм салмақпен туылған. Оның бойы 48 см.

Орынкүл Нұрабаева бүгінде 11 баланың анасы атанды. Сондай-ақ, тұрмыстағы екі қызынан 5 немересі бар.
👍2❤1
Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандық бойынша сот процесі өтті.

Сотта Шымкент қалалық әкімдігінің қызметкерлері куә ретінде тыңдалды. Екінші жартысында оқиға орнындағы куәлер куәлік етті.

Мұнан соң, қылмыс орын алған сәттегі бейнематериалдар зерделенді.

Бейнекамерадағы көрініске сәйкес, Р.Берденов әкімдіктен шығып, көлікке қарай бет алады. Сол мезетте, Жиембай жүгіріп шығып, көлікті айналып қашқан әкім орынбасарын қуып жүріп, бес рет оқ атқан. Одан кейін, күдіктіні жабылып жүріп, ұстаған адамдардың бейнесі бар.
👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Астанада ер адам көшедегі қыздың жамбасына қол жүгірткені үшін жауапқа тартылды

Желіде тараған бейнежазбада ер адамның көшеде жүрген қызға тиіскені анық көрінеді. Оқиға полицияның араласуымен аяқталды.

Пилатес жаттықтырушысы Арина, құрбысымен бірге елордалық хоккей мектебінің терезесін жуып жүрген. Сол сәтті олар видеоға түсіріп жатқан. Кадрларда терезе жуып тұрған қыздың жанынан өтіп бара жатқан жасы үлкен ер адамның жамбасынан ұстап кеткені анық байқалады. Қыздың қатты шошып, абдырап қалған сәті де, видеода көрініс тапқан.

Оқиғадан кейін Арина дереу полицияға шағымданған. Құқық қорғау органдары ер адамның жеке басын анықтап, оған қатысты "ұсақ бұзақылық" бабы бойынша іс қозғаған.

Ресми мәліметке сәйкес, күдіктінің жасы 58-де, отбасылы, алты баланың әкесі. Қазіргі таңда іс бойынша процессуалдық шешім қабылдануда.

Қоғамда қызу пікір тудырған бұл оқиға көшеде, қоғамдық орында жасалатын кез келген әдепсіз әрекетке заң тұрғысынан жауапкершілік қарастырылғанын тағы бір дәлелдеді.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
2025 жылғы 14 тамыз сағат 03.19-да «112» қызметіне Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы Тәуке хан даңғылы №3 мекенжайында орналасқан әкімшілік ғимаратта өрт орын алғандығы туралы хабарлама келіп түсті.
Өрттің жалпы көлемі 1200 ш.м. (шатырдың жануы) құрады.
Өрт сағат 04.58-де оқшауланып, сағат 05.27-де толығымен сөндірілді.
Өртте зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Өрттің себебі анықталуда.
Өртті сөндіруге Шымкент қаласы ТЖД 21 бірлік техника және жеке құрамнан 88 адам, апаттар медицинасы орталығынан 1 техника, 3 адам, жергілікті атқарушы органнан 2 техника, 2 адам жұмылдырылды.

Кадрда: Шымкент қаласы ТЖД бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Бекзат Қамбаров
👍1
"ПСЖ" – обладатель Суперкубка УЕФА-2025 🏆

В Удине (Италия) на "Дачия Арене" ПСЖ обыграл "Тоттенхэм" в матче за Суперкубок УЕФА.

"ПСЖ" - "Тоттенхем" 2️⃣:2️⃣ ( основное время )

39’ — Мики ван де Вен (0:1)
48’ — Кристиан Ромеро (0:2)
85’ — Кан Ин Ли (1:2)
90+4’ — Гонсалу Рамуш (2:2)

В серии пенальти команда Луиса Энрике победила 3:2 и завоевала трофей.

📸: IG/psg
👍1
Каспий теңізінде SUP борд теуіп, жағадан алыстап кеткен адамдар құтқарылды

🌊Ақтау қаласының жанында адамдар толқындарды бағындыруға аттанды, бірақ қатты желдің салдарынан өз бетінше жағаға жете алмады.

⭕ Сол аумақта кезекшілікте болған ТЖМ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары оларды байқап, көмекке асықты. Олар 3 адамды аман-есен жағаға жеткізді. Құтқарылғандар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.

Еске саламыз:
✅суқоймаға желді ауа райында шықпаңыздар;
✅SUP бордтқа мінген кезде міндетті түрде құтқару кеудешесін кию керек.

✅Қауіпсіздік сенен басталады!
❤1👍1
КНБ задержал главу архитектуры Шымкента

Главу управления архитектуры и градостроительства города Шымкент Армана Абдешова подозревают в совершении преступления по статье 189, часть 4 УК «Присвоение или растрата вверенного чужого имущества».(чиновник)
❤1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Блогер бопсалау қылмысымен күдікті ретінде ұсталды

Ол, жәбірленушінің беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді жариялаймын деп қорқытып, одан 2000 АҚШ долларын алып, тағы 4 миллион теңге талап еткені анықталды. Жедел уәкілдер жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде блогерді Сайрам ауданы кафелерінің бірінде 6900 АҚШ доллары сомасында ақша алып жатқан сәтінде ұстады.
https://elitar.kz/kz/barlykmaterialdar/bloger-bopsalau-ylmysymen-k-dikti-retinde-staldy/
Елена Рыбакина вышла в четвертьфинал турнира WTA 1000 в Цинциннати

В 1/8 финала Рыбакина встречалась с американкой Мэдисон Киз (№6). Первый сет сложился в пользу Киз со счетом 7:6(3). При этом Рыбакина вела по ходу этой партии со счетом 3:0, 4:1, 5:4 и 6:5.

Второй сет сложился в пользу Рыбакиной - 6:4. Третья партия также осталась за казахстанкой - 6:2.

В 1/4 финала Рыбакина сыграет с первой ракеткой мира Ариной Соболенко.

📸: ktf.kz