ELITAR.KZ
1.64K subscribers
12K photos
5.4K videos
5 files
8.27K links
Главное медиа креативной экономики.
Люди. Деньги. Индустрия.
Казахстан • Центральная Азия
Download Telegram
2025 жылда 8 051 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 156,1 мың этникалық қазақ оралды.
ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі Instagram әлеуметтік желісіндегі «Zhanabylov_e» және «elt6i» аккаунттарында өткізілген бағалы сыйлықтарды ұтысқа салуға қатысты төмендегіні хабарлайды:

ҚР ТСМ жанындағы құмар ойындар мен лотерея қызметін реттеу комитетіне азамат С.-дан жоғарыда көрсетілген блогерлер ұйымдастырған бағалы сыйлықтарды ұтысқа салудың лотерея қызметі туралы заңнама талаптарына сәйкестігін тексеру жөнінде өтініш келіп түсті.

Қазіргі уақытта азамат Жанабыловқа ӘҚБтК-нің 743-бабының 1-бөлігіне сәйкес түсініктеме беру қажеттілігі туралы хабарлама жолданды, оның нәтижелері бойынша әкімшілік іс қозғау мәселесі қаралатын болады.

Түсініктеме болмаған жағдайда, Комитет ӘҚБтК-нің 445-1-бабының 6-бөлігі бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қозғайды (жеке тұлғаларға – жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады). Азамат келмеген жағдайда іс сырттай қаралады.

Еске саламыз, Қазақстан Республикасының «Лотереялар және лотерея қызметі туралы» Заңының 5-бабының 4 және 5-тармақтарына сәйкес лотерея операторы немесе лотерея таратушысы (агенті) болып табылмайтын тұлғалардың лотерея өткізуіне және лотерея билеттерін, электрондық лотерея билеттерін таратуларына (сатуларына) тыйым салынады.

Азаматтарды әлеуметтік желілерде ресми лотерея ұйымдастырушылары болып табылмайтын тұлғалар өткізетін күмәнді ұтыс ойындарына, «гивтерге» және өзге де іс-шараларға қатыспай, қырағылық танытуға шақырамыз. Бұл қаржылық шығынға ұшыраудан және алаяқтықтың құрбаны болудан сақтайды.

ҚР ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ
29 жоба: Қазақстан энергогенерация қуатын 7,3 гигаватқа өсіреді

✔️«Орталық коммуникациялар қызметінде» «Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасының іске асырылу барысы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Іс-шараның спикері ҚР Энергетика министрлігі Электр энергетикасын дамыту департаментінің директоры Асылжан Мусин болды.

✔️Асылжан Мусиннің айтуынша, ұлттық жоба аясында 2029 жылға дейін генерация саласында жалпы қуаты 7,3 ГВт болатын 29 жоба іске аспақ. Энергетикалық нысандарды жаңғырту мен жаңаларын салуға жалпы инвестициялар көлемі 6,2 трлн теңгені құрайды. Оның ішінде 14 жоба – қолданыстағы активтерді 2 050 МВт қуатпен жаңғыртуға бағытталған және құны 1,7 трлн теңге болса, 15 жоба – 5 259 МВт жаңа қуат көздерін іске қосуға арналған, құны 4,4 трлн теңге.
👍1
Президент Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованы қабылдады

Мемлекет басшысына денсаулық сақтау жүйесінің қазіргі жай-күйі мен алдағы кезеңге арналған перспективті міндеттері жөнінде баяндалды.

Ақмарал Әлназарова:

➤ өткен жылы елімізде өмір сүру ұзақтығы 75,4 жасқа жеткенін айтты.

🟦Бұл – әлемдік орташа деңгейден жоғары көрсеткіш. Биылғы бірінші жартыжылдықта жалпы өлім-жітім 3 пайызға төмендеді. Былтыр алғаш рет ана мен бала өлімі ең аз көлемде тіркелді.

➤ алғашқы медициналық-санитарлық көмектің тиімділігін арттыру, «Қолжетімді емхана» тұжырымдамасын жүзеге асыру, халықтың скринингтен өтуін жеңілдету бойынша мәлімет берді.

🟦Дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз ету және оның айналымын бақылауды күшейту шаралары жүргізіліп жатыр.

🟦2024 жылмен салыстырғанда дәрігерлер тапшылығы республикада – 19 пайызға, ауылдарда – 16 пайызға және орта буын медицина қызметкерлерінің жетіспеушілігі 7 пайызға азайды.

➤ медицина қызметкерлерін қорғау шаралары жөнінде ақпарат берді.

🟦Бұл орайда заңнаманы қатаңдатуға, дәрігерлерге шабуыл жасалған жағдайда жедел көмек көрсетуге ден қойылады.

🟦Министрліктің мәліметінше, келесі жылдан бастап әлеуметтік осал топтағы 1 миллион адам медициналық сақтандырумен қамтылады.

Мемлекет басшысы:

📌 «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында елді мекендердегі алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету нысандарының құрылысын жыл соңына дейін аяқтау, міндетті медициналық сақтандыру жүйесін тиімді ету, аса маңызды дәрі-дәрмектердің отандық өндірісін дамыту бойынша бірқатар міндет жүктеді.

📌Сондай-ақ азаматтардың денсаулығын нығайту және медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру жұмыстарын жалғастыру жөнінде тапсырма берді.

Ақорда
👍1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Келешек мектептері» – әр оқушыға жеке бағдар

«Келешек мектептері» – бұл оқушылардың жеке әлеуетін дамытатын жаңа форматтағы мектептер. STEM, IT, шығармашылық студиялар, спорт залдары және цифрлық платформалар арқылы білім беру заманауи талаптарға сай жүргізіледі, мұғалімдер кәсіби шеберлігін үздіксіз жетілдіреді.
ELITAR.KZ
Шымкентте жаппай төбелес орын алды Түнгі уақытта, Тұран шағынауданындағы "Марокко" кафесінің маңында болған. Жаппай төбелестің орын алуына байланысты, әзірге ресми мәлімет жоқ.
2025 жылдың 16 тамызында орын алған жанжал жайты бойынша полициямен қылмыстық іс қозғалды.

Оқиға қатысушыларының барлығы анықталып, ұсталды.

Істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу іс-шараларының кешені жүргізілуде.

Тергеу аяқталғаннан кейін қатысушылардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға беріліп, процессуалдық шешім қабылданады.
Шымкент қаласы құтқарушыларының күнделікті өмірі
👍2
Екі шетел азаматы 770 кг героинді елге әкелмек болғаны үшін сотталды
 
2024 жылғы мамыр айында Түркістан облысындағы Б. Қонысбаев атындағы шекара өткізу бекетінде елге 770 кг героинді заңсыз әкелу әрекеті әшкереленді. Есірткі аяқ киімге арналған крем ретінде рәсімделіп, Еуропа елдеріне транзитке шығарылмақ болған.

Сотта мемлекеттік айыптаушы шетелдік екі азаматтың кінәсін толық дәлелдейтін айғақтар ұсынды.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот оларды 14 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және қала әкімінің өкімімен Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары лауазымына Айдын Мейрамбекұлы Кәрімов тағайындалды.

Айдын Мейрамбекұлы 1988 жылғы 1 қаңтарда   Семей қаласында туылған, қазақ, білімі жоғары. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін,  Қазақ қаржы-экономикалық академиясын және КАЗГЮУ университетін бітірген, мамандығы бойынша біліктілігі - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, қаржы, халықаралық құқық.

Еңбек жолын 2006 жылы Қазақстан Республикасы     Төтенше жағдайлар министрлігінің «Есеп техникасы, телекоммуникация, информатика және жағдайлық талдау орталығы» желілік техника қызмет көрсету бөлімінің жетекші маманы болып бастаған.

2023 жылдың қыркүйек айынан бастап, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарған.

Осыған дейін,Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары болған Қуаныш Жұмабекұлы басқа қызметке ауысуына байланысты босатылды.