ELITAR.KZ
1.64K subscribers
12K photos
5.4K videos
5 files
8.27K links
Главное медиа креативной экономики.
Люди. Деньги. Индустрия.
Казахстан • Центральная Азия
Download Telegram
Шымкент қаласы құтқарушыларының күнделікті өмірі
👍2
Екі шетел азаматы 770 кг героинді елге әкелмек болғаны үшін сотталды
 
2024 жылғы мамыр айында Түркістан облысындағы Б. Қонысбаев атындағы шекара өткізу бекетінде елге 770 кг героинді заңсыз әкелу әрекеті әшкереленді. Есірткі аяқ киімге арналған крем ретінде рәсімделіп, Еуропа елдеріне транзитке шығарылмақ болған.

Сотта мемлекеттік айыптаушы шетелдік екі азаматтың кінәсін толық дәлелдейтін айғақтар ұсынды.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот оларды 14 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және қала әкімінің өкімімен Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары лауазымына Айдын Мейрамбекұлы Кәрімов тағайындалды.

Айдын Мейрамбекұлы 1988 жылғы 1 қаңтарда   Семей қаласында туылған, қазақ, білімі жоғары. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін,  Қазақ қаржы-экономикалық академиясын және КАЗГЮУ университетін бітірген, мамандығы бойынша біліктілігі - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, қаржы, халықаралық құқық.

Еңбек жолын 2006 жылы Қазақстан Республикасы     Төтенше жағдайлар министрлігінің «Есеп техникасы, телекоммуникация, информатика және жағдайлық талдау орталығы» желілік техника қызмет көрсету бөлімінің жетекші маманы болып бастаған.

2023 жылдың қыркүйек айынан бастап, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарған.

Осыған дейін,Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары болған Қуаныш Жұмабекұлы басқа қызметке ауысуына байланысты босатылды.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Мужчина совершил самоподжог в здании аэропорта Алматы

Полицейские оперативно среагировали и потушили огонь.

Мужчина доставлен в городскую больницу. Обстоятельства и мотивы происшествия выясняются.

Возбуждено уголовное дело.(kriminal_kz)
😱1
ELITAR.KZ
Жол-көлік оқиғасы салдарынан көз жұмған балалардың жасы 2-7 жас аралығында. Ал, 6-9 жас аралығындағы тағы үш бала жарақат алып, қазіргі уақытта дәрігерлердің бақылауында қажетті медициналық көмек алуда.
6 баланы қағып кеткен жүргізуші 10 жылдан бері эпилепсиямен ауыратыны белгілі болды

Бестерек ауылында 6 баланы қағып кеткен жүргізушінің 10 жылдан бері эпилепсия диагнозымен есепте тұрғаны анықталды деп хабарлады 24kz.

Үржар аудандық соты 55 жастағы азаматты көлік құралын басқару құқығынан айырды. Айыпталушының мұндай ауыр диагнозы бола тұра, жүргізуші куәлігін қалай алғаны белгісіз.
Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы арзандады

Атап айтқанда, пияз бағасы 9%-ға, картоп – 6%, сәбіз – 4%, қырыққабат – 2,2%-ға, ал күріш – 0,2%-ға төмендеген. Бұл туралы Вице-премьер, Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің қатысуымен өткен Үкімет жиынында мәлім болды.

Кездесуде жаңа өнім келісімшарттарын және тұрақтандыру қорларын бақылау шараларын күшейту мәселелері қарастырылды.

Сонымен қатар, сиыр еті нарығындағы баға соңғы аптада 0,8%-ға өскен. Жыл басынан бері бұл өсім 20,2%-ға жетті, бірақ әлемдік ет бағасының өсу қарқынына қарағанда әлдеқайда төмен.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Алматыда жеке тұрғын үйден өрт шықты

ТЖМ құтқарушылары өрттің таралуына жол бермеді.

Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Варламов көшесіндегі жеке тұрғын үйде өрт шықты. Өрттің көршілес ғимараттарға таралу қаупі болды.

ТЖМ қызметкерлері оқиға орнына жедел жетіп, өрттің әрі қарай таралуына жол бермей, оны толық сөндірді. Өрт сөндіру жұмыстары ғимараттардың тығыз орналасуы мен конструктивті ерекшеліктеріне байланысты күрделене түсті, бұл жалынның жылдам таралуына әсер етті. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда.
ELITAR.KZ
Мужчина совершил самоподжог в здании аэропорта Алматы Полицейские оперативно среагировали и потушили огонь. Мужчина доставлен в городскую больницу. Обстоятельства и мотивы происшествия выясняются. Возбуждено уголовное дело.(kriminal_kz)
Алматы әуежайында өзін өртеген ер адамның себебі белгілі болды

Ресми мәлімет бойынша, оқиғаның себептері ретінде ер адамның азаматтық әйелімен болған жеке жанжал сеп болған.

Оқиғаның барлық жағдайлары анықталуда.

Әуежай баспасөз қызметі, бұл жағдай әуежайдың жұмысына әсер етпегенін хабарлады. Алматы халықаралық әуежайы қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.
Қазақстанда несиені ерте жапқаны үшін айыппұлдар жойылды

2025 жылдың 31 тамызынан бастап әрбір қазақстандық өз қарызын мерзімінен бұрын ешқандай айыппұлсыз өтей алады.

📌Бұрынғы талаптар:
– 1 жылға дейінгі несиеде алғашқы 6 айда айыппұл салынатын;
– 1 жылдан асатын несиеде алғашқы 12 ай бойы айыппұл төленетін.

📌Жаңа ереже бойынша:
– Айыппұл тек заңды тұлғаларға ғана қалады;
– Жеке тұлғалар қарызын кез келген уақытта еш шығынсыз жаба алады.

💡Қолданар кеңес:
– Қауіпсіздік үшін қаржылық қорыңызды сақтаңыз;
– Несие жапқаннан кейін банктен жаңа төлем кестесін сұраңыз;
– Қарыз толық өтелгені жөнінде анықтама алуды ұмытпаңыз.

Dauletten
👍1
Бекхан Шайзада, Ұлар Жақсыбаев, Сергей Малый және Сұлтанбек Астанов Қазақстан Ұлттық құрамасына шақырту алды ✅

🔜 Айта кетейік, ұлттық құрама қыркүйек айында екі матч өткізеді.

🇰🇿 Қазақстан – Уэльс 🏴󠁧󠁢󠁷󠁬󠁳󠁿
🏆 2026-Әлем чемпионаты | Іріктеу кезеңі
📆 04.09.2025 | 19:00
🏟️ «Астана Арена», Астана

🇧🇪 Бельгия – Қазақстан 🇰🇿
🏆 2026-Әлем чемпионаты | Іріктеу кезеңі
📆 07.09.2025 | 23:45
🏟️ «Лотто Парк», Брюссель
👎1
Қазақстанда 90 мыңға жуық бала «Балақайлар мектебі» бағдарламасы бойынша мектепалды дайындықтан өтті

📚 Жазғы демалыс кезінде бірінші сыныпқа баратын балаларға бірдей бастапқы мүмкіндік беру мақсатында мектепалды дайындыққа арналған «Балақайлар мектебі» қысқа мерзімді бағдарлама ұйымдастырылды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
👍1
Су ресурстары және ирригация министрлігі суару маусымының қорытындысы бойынша қызметтік тексеріс жүргізеді

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов вегетация кезеңі мәселесі бойынша аппарат кеңесін өткізді.

«Вегетация кезеңі аяқталуға жақын. Биыл ол күрделі жағдайда өтіп жатыр. Аптап ыстық пен жауын-шашынның болмауы суды көбірек тұтынуға алып келді. Кейбір өңірлерде тиісті бақылау жүргізілмей, ылғалды көп қажет ететін дақылдардың жоспардан тыс егілу фактілері тіркелді. Бұл жағдай еліміздің оңтүстігіндегі су шаруашылығы ахуалына айтарлықтай әсер етті. Сондықтан мұндай олқылықтардың қайталанбауы үшін вегетация кезеңі бойынша қызметтік тексеріс жүргізуді тапсырамын»,
- деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Қазіргі таңда Алматы мен Жетісу облыстарында вегетация кезеңі тұрақты өтіп жатыр. Алматы облысында су алу көлемі 1,2 млрд текше метрді құрап, 136 мың гектар егіс алқабы суарылды. Ал Жетісу облысында су алу көлемі 1 млрд текше метрді құрап, 132 мың гектар жер суарылды.
Үкіметте алдағы үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджеттің жобасы қаралады

«2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң жобасы Үкімет отырысында ұсынылды. Қаржы министрі Мәди Такиев еліміздің бас қаржы құжатының негізгі параметрлері туралы баяндады.

Оның айтуынша, 2026 жылы кірістер 23,1 трлн теңгені құрап, 2028 жылға қарай 27,6 трлн теңгеге дейін артады, шығыстар – 27,7 трлн теңгені құрайды. Бюджет тапшылығы 2026 жылғы жалпы ішкі өнімнің 2,5%-ынан 2028 жылға қарай жалпы ішкі өнімнің 0,9%-ына дейін кезең-кезеңімен төмендетіледі. Министр бюджет ұзақ уақыт ішінде алғаш рет Ұлттық қордан нысаналы трансферттерді пайдаланбай теңдестірілгенін атап өтті.

Бұл ретте ол экономиканың нақты секторын мемлекеттік қолдаудың айтарлықтай ұлғаюымен әлеуметтік бағдарланған күйінде қалып отыр.

«Шығындарды оңтайландыру және басымдық беру бойынша жұмыс жүргізілді. Оңтайландырылған қаражат нақты секторға бағытталды. Экономиканың өсуін ынталандыратын шығыстар 10,9% - дан 16,1%-ға дейін ұлғайып, 4,470 трлн теңгені құрады»,
— деп атап өтті Мәди Такиев.

Шығыстардың негізгі үлесі – 38,7% немесе 10,7 трлн теңге, дәстүрлі түрде әлеуметтік салаға бағытталған.

Экономиканың нақты секторын қолдауға арналған шығыстар 3,6 трлн теңгені құрайды. Оның ішінде агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға 732 млрд теңге, көлік инфрақұрылымына – 855 млрд теңге бағытталатын болады. Республикалық жолдарды салуға тағы 580 млрд теңге мемлекеттік кепілдіктер тетігі арқылы тарту жоспарлануда. Күштік блок шығыстары 3 трлн теңгеден астам қаржы көзделген.