ELITAR.KZ
1.64K subscribers
12K photos
5.4K videos
5 files
8.27K links
Главное медиа креативной экономики.
Люди. Деньги. Индустрия.
Казахстан • Центральная Азия
Download Telegram
Бүгінгі күнге ауа - райы болжамы

⚠️Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында және Шымкент қаласында өрт қауіптілігінің ең жоғары 5-сыныбы жарияланды.

⛈️ Еліміздің батысы мен солтүстігінде жаңбыр жауып, күн күркіреп, бұршақ соғуы мүмкін. ҚР-ның қалған бөлігінде жауын-шашынсыз.

Республика бойынша желдің күшеюі күтілуде, батыста, оңтүстікте шаңды дауыл болады. Еліміздің батысында, солтүстігінде түнде және таңертең тұман болады.
ҚУАН, ҚАЗАҚ ЕЛІ! «ҚАЙРАТ» ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫНЫҢ ЖАЛПЫ КЕЗЕҢІНДЕ

УЕФА Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңінің шешуші матчында алматылықтар шотландиялық «Селтикті» пенальти сериясында тізе бүктіріп, басты турнирдің жалпы кезеңіне жолдама алды.

😍 Бұл ойын – қазақ футболының жаңа белесі.

Шешуші сәтте ұлттық құраманың қақпашысы Темірлан Анарбеков ерлік көрсетіп, командасын жеңіске жетеледі.

БҰЛ НАҒЫЗ ТАРИХ!
👍1
Астанада полицейлер қарияны телефон алаяқтарынан құтқарып қалды

Көшеде жүрген ер адам қарияның телефон арқылы белгісіз біреулерге ақша жібермек болғанын байқап қалған. Күдіктенген ол дереу полицияға хабар берген.

Оқиға орнына жеткен полиция қызметкері Ұлықбек Жұмағұлов телефонның ар жағындағы алаяқтармен сөйлесіп, олардың әрекетін тоқтатты.

👏 Осылайша қала тұрғынының қырағылығы мен полицияның жедел әрекетінің арқасында телефон алаяқтарына тосқауыл қойылып, қарияға көмек көрсетілді.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қытайда анасы үш жасар қызының басына пышақ сұғып алды

Қытайда үш жасар қыз ауыр жарақат алды. Анасы баланың басына пышақ сұғып алған. Алғашында әйел бұл жағдайды жазатайым оқиға деп түсіндіріп, пышақтың жаймамен ілініп, абайсызда ұшып барып балаға тигенін айтқан.

Алайда, кейінірек ол қызын қорқытпақ болып, пышақты әдейі алғанын және басынан ұрып жібергенін мойындады. Әйел жараланған қызына жедел жәрдем шақырмай, өз бетімен ауруханаға апарған.

Дәрігерлер қыздың тірі қалуын бас сүйегінің жұмсақтығымен байланыстырып отыр. Пышақты дұрыс емес суырып алған жағдайда одан әрі ушығуы мүмкін екенін жеткізді.

Полиция бұл іс бойынша қасақана қылмыстың белгілерін таппай, болған жайтты жазатайым оқиға деп таныды.
❤2😱1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Жолдау 2024: «Таза Қазақстан» экологиялық болашақ үшін миллиондаған адамдарды біріктірді

Президенттің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» Жолдауын және Мемлекет басшысының өзге де тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы басталғаннан бері республика бойынша 1 мыңнан астам экологиялық акция өткізілді, оған 10,4-тен астам адам қатысты, оның ішінде 586 мың ерікті.

«Жалпы 1,6 млн тоннадан астам қалдық жиналып, 859,6 мың га аумақ тазартылды»,
— деп нақтылады Ерлан Нысанбаев.
✉️Мемлекет басшысы Молдова Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

🇰🇿🇲🇩Қасым-Жомарт Тоқаев Майя Санду мен Молдова халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Президент жеделхатында екі ел арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін жеткізді.
❤1
Фитозертханаға айналған жертөле: Қостанайда тұрғынның үйінен 16 түп қарасора тәркіленді

Жедел іс-шаралар барысында қаладағы шағын аудандардың бірінде үй жағдайындағы фитозертхана табылды. Жеке үйдің жертөлесінде ер адам каннабис өсіруге арналған бүтін бір жүйе ұйымдастырған.

«Ол жерде қосымша жарық беретін шамдар, желдеткіштер, ауаны ылғалдандырғыш, термометр, қуат көздері және ауа сүзгісі орнатылған. Мұның барлығы тыйым салынған өсімдіктердің өсуіне қолайлы жағдай жасау үшін пайдаланылған. Полицейлер 16 түп қарасора өсімдігін тәркіледі, олардың жалпы салмағы 5 келіден асты. Бұдан бөлек, медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, ұсталған адамның ағзасынан каннабиноидтер қолданғаны анықталды. Қазіргі уақытта құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, күдікті екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін»,-деп жазылға мәлімдемеде.
🇰🇿🇯🇴Иордания Королі ІІ Абдалла бен әл-Хусейнді Ақордада ресми қарсы алу рәсімі

🇰🇿🇯🇴Официальная церемония встречи Короля Иордании Абдаллы II бен аль-Хусейна в Акорде
👍1
ELITAR.KZ
🇰🇿🇯🇴Иордания Королі ІІ Абдалла бен әл-Хусейнді Ақордада ресми қарсы алу рәсімі 🇰🇿🇯🇴Официальная церемония встречи Короля Иордании Абдаллы II бен аль-Хусейна в Акорде
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Король ІІ Абдалла шағын құрамда келіссөз жүргізді

Қазақстан Президенті Астанаға шақыруын қабыл алғаны үшін Корольге алғыс айтып, жыл басында Амманға жасаған сапарын ықыласпен еске алды.

– Ұлы Мәртебелі, Қазақстанға қош келдіңіз! Сіздің ресми сапарыңыз біз үшін зор мәртебе. Бұл Сіздің елімізге алғашқы келуіңіз емес. Қазақстанның қазіргі өркендеу жолына жіті көңіл бөліп отырасыз. Екіжақты күн тәртібінде жүзеге асырылуға тиіс бірқатар мәселе бар. Кеше екі ел арасындағы қарым-қатынастарға, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіне қатысты мазмұнды әңгіме өрбіттік. Сіздің жаһандағы жағдайды жетік түсінетініңізге өте ризамын. Бүгін де пікір алмасуды жалғастыруға мүмкіндігіміз мол. Иордания мен Қазақстан арасындағы екіжақты ынтымақтастық табысты дамып келеді. Дегенмен тиісті деңгейде талқылауды қажет ететін мәселелер де жоқ емес, – деді Президент.
👍1
ELITAR.KZ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Король ІІ Абдалла шағын құрамда келіссөз жүргізді Қазақстан Президенті Астанаға шақыруын қабыл алғаны үшін Корольге алғыс айтып, жыл басында Амманға жасаған сапарын ықыласпен еске алды. – Ұлы Мәртебелі, Қазақстанға…
Король ІІ Абдалла қос мемлекеттің достығын жоғары бағалайтынын атап өтті

– Бүгінгі сапар түрлі саладағы ынтымақтастықты нығайтуға және екіжақты байланыстарды тереңдетуге тараптардың мүдделі екенін растайды. Бұған дейінгі келіссөздер қорытындысы бойынша бірқатар маңызды келісім мен меморандумға қол қойылды. Бүгінгі уағдаластықтар, сондай-ақ оны табысты іске асыру елдеріміздің арасындағы серіктестікті кеңейтуге берік негіз қалайтынына сенімдімін, – деді Иордания Королі.
Қазақстан бойынша дауылды ескерту

⚠️ «Қазгидромет» РМК деректері бойынша 28 тамызда Қазақстанның бірқатар өңірлерінде келесі қауіпті ауа райы құбылыстары күтіледі:

🌡елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында 41°C дейін қалыптан тыс ыстық күтіледі;
🔥 төтенше өрт қаупі оңтүстік, батыс және шығыс аймақтарда сақталады;
🌬️ солтүстік, батыс және шығыстың қоғамдық бірқатар өңірлерінде желдің екпіні 20 м/с дейін, найзағай, шаңды дауыл және тұман болады.


⚠️ ТЖМ ашық оттан аулақ болуды, найзағай мен қатты жел кезінде жабық жерлерді паналауды, жолдарда мұқият болуды және ТЖ кезінде 112 қоңырау шалуды ұсынады.
❤1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Балалар қауіпсіздігі — басты назарда

Ішкі істер министрінің тапсырмасына сәйкес, жаңа оқу жылына орай еліміздің барлық өңірінде полиция қызметкерлері балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету іс-шараларын жүргізуде.

📹 Видеоматериал: Жетісу облыстық ПД-ның баспасөз қызметі
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Алматыда 13 жастағы бала 2 жасар бүлдіршінді қатты жарақаттады

23 тамыз күні сағат 20:15 шамасында Алматыда аулада ойнап жүрген 2 жасар баланы 13 жастағы, психикалық ауытқуы бар бала көтеріп, жоғарыға лақтырып жіберген. Оқиғадан кейін ол құлағын жауып қаша жөнелген. Бұл туралы бүлдіршіннің анасы Зарина Сапар әлеуметтік желіде хабарлады.

Келесі күні, 24 тамызда, оқиғаны жасаған баланың ата-анасы кешірім сұрап, бүлдіршіннің еміне көмектесуге уәде берген. Алайда артынша уәдесінен тайқып, тек қалалық аурухананың көмегімен шектеліп, МРТ түсіруге рұқсат бермеген.

Зардап шеккен баланың ата-анасы әділдік талап етуде.
😱1
🏆 ОФИЦИАЛЬНО: Определились все участники Лиги чемпионов 2025/26!

Жеребьёвка состоится сегодня в 21:00 по казахстанскому времени.

📸: TG/championat
Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытында екі жұмысшы қаза тапты

Шымкент қаласындағы мұнай өңдеу зауытында жазатайым оқиға орын алып, салдарынан екі жұмысшы көз жұмды. Қайғылы жағдай зауыттың тауар-шикізат цехында болғаны хабарланды.

Қазір бұл оқиға бойынша адам өліміне әкеп соққан еңбек қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы дерегімен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

«Жеңіл көтергіштің салдарынан мердігер «КапРемСтрой Астана» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің екі оқшаулағыш маманы қаза тапты. Оқиғаның мән-жайы анықталуда»,- деп хабарлады PetroCouncil Қазақстанның мұнай-газ ассоцияциясы
😱1
1 қыркүйектен бастап студенттердің степендиясы өседі

1 қыркүйектен бастап студенттер мына көлемде стипендия алады:

- бакалаврлар – 52 372 теңге,

- педагогикалық мамандық студенттері – 84 000 теңге,

- магистранттар – 117 098 теңге,

-докторанттар – 262 500 теңге
👍1
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

🔷 Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және қала әкімінің өкімімен Шымкент қаласы әкімінің орынбасары лауазымына Ержан Іргебайұлы Сейтенов тағайындалды.

🔷 Ержан Іргебайұлы 1974 жылғы 18 қыркүйекте Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында туылған.
Еңбек жолын 1990 жылы Жаңақорған темір-бетон конструкцияларын өндіру кәсіпорны жұмысшысы болып бастаған.
2002-2016 жылдар аралығында жеке секторда жауапты басшылық қызметтер атқарған.
2016-2021 жылдар аралығында Алматы қаласының Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау, Жасыл экономика, Тұрғын үй саясаты басқармаларының басшысы.
2021-2023 жылдары Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімі лауазымында қызмет атқарды.
2023 жылғы қазан айынан бастап бүгінгі күнге дейін

Шымкент қаласы әкімінің аппарат басшысы болды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Жамбыл облысында балаларға қатыгездік көрсету фактісі бойынша тергеу аяқталды

Жамбыл облысы Талас ауданының тұрғынына қатысты екі кәмелетке толмаған баланы жүйелі түрде ұрып-соққаны үшін қозғалған қылмыстық іс тергеліп бітіп, айыптау актісімен бірге прокурорға жіберілді. Бұл істі сот қарайтын болады.

Еске сала кетейік, бұған дейін полиция күдіктіні дереу қолға түсіріп, ол қамауға алынған еді. Жапа шеккен балалар Тараз қаласындағы Балаларды қолдау орталығына орналастырылып, оларға қажетті психологиялық және құқықтық көмек көрсетілді.

Аталған қылмыстық істің тергеуі Ішкі істер министрінің тікелей бақылауында болды.
🔥 «Қайрат» «Реал», «Интер», «Арсенал», «Брюгге», «Спортинг», «Олимпиакос», «Пафос» және «Копенгаген» командаларымен кездеседі

✅ Монакода УЕФА Чемпиондар лигасы жалпы кезеңінің жеребесі тартылды.

Алматылық «Қайраттың» қарсыластары келесідей:

🏠 «Реал» Мадрид
✈️ «Интер» Милан
✈️ «Арсенал»
🏠 «Брюгге»
✈️ «Спортинг»
🏠 «Олимпиакос»
🏠 «Пафос»
✈️ «Копенгаген»

📅 Матчтар 16 қыркүйек пен 28 қаңтар аралығында өтеді. Нақты күнтізбе алдағы уақытта белгілі болады.
❤1👍1