Эльвира Ерғалина | ПСИХОЛОГИЯ
2.68K subscribers
336 photos
71 videos
2 files
120 links
Психикасын, сезім-эмоциясын сау қылып, жанын емдеп;
сапалы, бақытты әрі табысты өмір сүргісі келетіндерге арналған канал❤️
Download Telegram
Бір күнді, дәл қазіргі сәтті емес, “ұзаққа шабуды” таңдаймын. Үнемі. Стратегия құрам, қадамдарымен жүрем. Жүйелі жұмыс.

“Ұзаққа шабу” шыдамды, эмоцияларды өткеруді, күте алуды, кедергілерден өтуді қажет етеді. “Тез-тез бол, неге болмай жатыр” деп, лап етіп сөніп қалу жарамайды. Эмоциясы сүйреген баланың асығуы емес, ересектің ішкі тірегі керек.

Бүгін тағы бір құжатымды алдым. Біліктілігімді растайтын мына құжаттың артында:
• оқудың 3 млн ақысын төлей алған ересектігім
• әр сабақты жіті меңгерген шыдамым, сабырым
• әр практикада көрген, өзгерткен ішкі кедегілерім мен сезімдерім
• өзімді терең танып, ішкі болімді аршыған сайын төгілген көз жасым
• жаңаға қадам басқандағы қорқынышым, қарсылығым
• жүйелі еңбекқорлығым
• эгоны ысырып тастап, ұстаздың бергенін сіңірген шәкірттігім
• түрлі сезім-эмоциям тұр.

Бұл - жәй қағаз емес. Өсу кезеңімнің куәсі болған тағы бір құжат!

Құттықтау қабылдаймын🥰
🔥55❤22🥰3🍓3
❗️Ертең “АТА-ТЕК РЕСУРСЫ” терапия-курсым басталады.

Менен:
• топтық терапия
• жеке терапия
• терапиялық сабақтарымды
• терапия-курсымды алғысы келіп жүрген жандар!

Сіздерді күтем. Ертең 15:00 бастаймыз

Тіркелу сілтемесі міне: https://elviraergalina.tilda.ws/ata-tekresurse

Жаңылға жазсаңыз да, түсіндіреді +7775 975 4541
👍4
Адамды алға жетелейтін, жетістікке шығаратын басты үш пункт бар. Үш нәрсе.

Не деп ойлайсыз? 👇🏻

Сіздің жауапты білейін. Сосын тарқатам
❤10
Адамды алға жетелейтін, жетістікке шығаратын басты үш пункт:

⚡️Энергия
Адамда энергия болмаса, ештеңе жасай да, алға қозғала да алмайды. Тіпті денсаулығы болмайды. Биікке жету үшін көп энергия керек әрі үздіксіз толып отыруы қажет. Бензин сияқты.
Білім, терапия, тәжірибе, қоғаммен байланыс, бәрі-бәрі - энергия. Дұрыс қолдана алған жанға…
Ал энергиясы көп адам бір орында отыра алмайды.

🏆 Еңбек
“Адамды адам еткен - еңбек” деген Карл Маркспен келісемін. Еңбек еткенде ғана (қара жұмысты айтпаймын) бойдағы энергияда қозғалыс болады, өмір ағыны жүреді. Адам өседі, тәжірибе жияды, санасы өседі, қоғаммен араласады. Бастысы, ресурсы көбейеді, жемісін жейді.
Қарыштап дамыған қазіргі молшылық дәуіріне адамзаттың ізденісі мен еңбегі әкелді. “Епті адам” боп қалып кетер ме едік))

❤️ Алғыс
Адамның еңбегі игілік, ізгілік әкелсе, әрине алғыс алады. Жалпы адам адамға алғысты жәйдан-жәй айта салмайды: сапалы қызмет, көмек, жақсылық, игі іс-әрекет үшін айтады. Демек, энергияң да, еңбегің де таза болғаны. Алғыс алу үшін де, қарғыс алу үшін де еңбек керек.

Қарғыс - жеті буын ұрпағыңның жолын жабады.
Алғыс - жеті атаң мен жеті ұрпағыңның берекесін ашады.

Міне, осы үшеуі🥰
❤48🔥12👍3
Forwarded from Жазгул Раимова
Неге коленке болмай калды?
“КӨЛЕҢКЕ”-нің жалғасы кітап болып шығады.
“КӨЛЕҢКЕ — ЖАРЫҚ” деген атаумен📚
👍24❤10
🎤Подкаст: “ӨЗ ОРНЫҢА ИЕ БОЛА АЛМАУ. БЕРІЛГЕН МҮМКІНДІКТЕРДІ ҚОЛДАНА АЛМАУ. СЕБЕБІ. САЛДАРЫ”

Сұрақтар болса, пікірде талдайық.
“Мүмкіндіктен айрылып қалуға” тағы мысал болса, бөлісіңіз👇🏻

Реакция, лайк, кері байланыс беруді ұмытпаңыз👇🏻
❤24👍2
Forwarded from Sunshine Lady
Қиялым шексіз мықты осы атып кетеді ау деген идея жетеді,алайда менен оны кім алады өтпей қалса ше деген жерден бастамай қорқып тұрып қала беремін. Кеңес айтыңызшы…🙃не істесем болады?
❤2
👑 Шексіз қиял, арман, қалау кімде болады?
👑 Әлемнің бәрін түрлі-түсті, кедергісі жоқ етіп көретін кім?
👑 Өзін, сөзін, әр әрекетін айналадағыларға ең маңызды, ең “главный” санайтын кім?

👶🏻 Әрине - БАЛА!

Балада “мен маңыздымын, менікі ең күшті, мен ерекшемін” деген сенім болады.

Ал ЕРЕСЕКте:
✅ Тәжірибе
✅ Анализ, саралау
✅ Білім
✅ Стратегия
✅ Өмірмен, айналамен контакт болады. Сол контакт арқылы не істеу керегін саралап, жасайды. Құр қиялға берілмейді, тәжірибесіне сүйенеді. Қорқынышына жұтылмай, еңсереді.

Идеяның болуы ғажап! Оны жасайтын, іске асыратын ересекті қайдан аламыз?☺️
❤19👍3🥰1
Forwarded from Индира Индира
Сәлеметсіз бе! Бұл үшбұрыштан өз бетімізше шығаламыз ба? Қалай шықса болады?
❤2
Өзіңізге, өміріңізге саралау жүргізіп, “әлденені өзгертем” деуіңіз сүйсінтеді. Бұл - өте керемет қадам. Өзгерісті іштей қалау, мойындау, іздену.

Осылай іздене берудің соңы өзгерістің өзіне әкеледі.

Бірақ! Назарыңызды бір пунктке бұрғым келеді.
“Бәрін өзім жасаймын, өзім істеймін, өзім шығамын, проблеманы өзім шешем” деп, өзіңізді қинап жүрген жоқсыз ба?

“Өз бетімше қалай шығамын” деген сұрақтың өзі “өзгенің көмегіне жүгіне алмаймын: не оған өзімді лайық көрмеймін, не өзгеге сенбеймін” деген бейсаналық сеніміңіз жатуы мүмкін.

“Барлық проблеманы өзім шешем, бәрін өзім істеймін” деген адам жағдайын ушықтырады. Асқынады.

Дәрігерге барғысы келмей, өзіне өзі ота (операция) жасамақ болып, тәнін тілген адам сияқты🤷🏻‍♀️
❤16👍4
Алалау емес. Төмендету емес. Салыстыру емес. Өте жиі байқайтын құбылыс бар.

Қазақ әйелдері бәрін-бәрін “өзім жасаймын” дейді.

🏆 Даңғарадай үйді өзі жинайды, қыздарын қасына қосып алады. Үй қызметкерін, көмекші жалдауға ақша “жалко”.
🏆 Ауырса, тәнін әрең сүйретіп жүрсе де, өзі бірдеңе қылып емделіп алуға тырысады. Дәрігер маманға баруға ақша “жалко”.
🏆 Күйеу ішіп, құмар ойнап, қыдырып кетсе, “өзім түзетіп аламын, адам қылып аламын” дейді. Басқа амалдар көруге, өзгелерден көмек сұрауға ұят әрі ақша “жалко”.
🏆 Бала-шаға, отбасын “өзім асыраймын, өзім жеткізем” дейді. Көмек сұрау, басқа амалды, басқа шешімді көрмейді.

“Өзім істеймін, өзім, өзім” деп жүріп, ауру болады, ерте қартаяды, өмірде ештеңе көрмедім деп налиды.

Оның бәрі ақша жоқтан емес, титтей әрекеттердің өзін өзгеге тапсыра алмаудан. Тіпті ойыңда рұқсат ете алмаудан.

Өзге ұлттың әйелдері (көбі), тіпті Қазақстандағы орыстілді қазақ әйелдері де түрлі қызметті, көмекшіні оңай алып, “королева” боп жүреді.

💔Соғыстан кейін, расымен, әжелеріміз бәрін өзі істеді. Өйткені, ер-азаматтар соғысқа кетті, көбі оралмады. Әжелеріміз бәрін өзі істеу арқылы тірі қалды, ұрпағын аман алып қалды.

Бірақ! Қазір соғыс жоқ, баяғыда біткен. Ал соғыстың салдары әлі бар. Психика, бейсана, бейбітшіліктегі ұрпақ әлі “соғыстан шықпағандай”…
❤25👍15🔥4
Forwarded from Алия Сулеева
Кітабыңызды күтудемін қашан шығады екеееннн
👍3
Кітап сіздерге сапалы боп жетуі үшін қанша адам жұмыс істеп жатқанын білсеңіздер ғой. Үлкен команда 🥰

Редактор, қатесін тексеретін корректор, оқырман көзімен оқитын маман, обложка дизайнері, беттеуші дизайнер, ішіндегі аудиоларды өңдеп, тазалаушы маман… Оқырманға жеткізу қызметін ұйымдастыратын қызметкерлер.

Бүкіл идеяның әдемі упаковкамен, қатесіз, сапалы жетуіне өте көп адам қызмет етуде. Үтір-нүктеге мұқият үңілуде. Сіздерге жайлы, сапалы, көмегі тиер өнім ұсыну үшін❤️

Аз қалды. Шығады. Хабарлаймын. Өзім де асыға күтіп жүрмін🥰
❤35👍11🥰5
🚷 “Кейінге ысырылған өмір” деген синдром бар (синдром отложенной жизни).

Дәл қазір
• сүру керек өмірді,
• істеу керек әрекеттерді,
• жасау керек істерді,
• айту керек сөздерді,
• қабылдау керек шешімдерді КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРА БЕРЕСІҢ. “Ертеңге”.

Дәл қазір жасау керекті жасамай, тек оған дайындалумен боласың. Миыңда түрлі ой, түрлі жоспар зырылдайды. Тәнмен жасамайсың. Түрлі эмоцияңа, түрлі сценарийге беріліп, шашырап, бүкіл энергия-ресурсың таусылып, зорығасың.

Не жоспар-мақсатың жоқ, не нәтиже жоқ, не ресурс-энергияң, күш-қуатың жоқ. Соңында күйрейсің. Қурап кетесің.

Таныс па?👇🏻
❤40💯19👍6
“Сана деңгейлері”, “адамның даму деңгейлері” туралы ақпарат айтқан эфирді көруді ұсынамын.

Өзіңіз қай деңгейдесіз, қайда бара жатырсыз, білу өте маңызды. Пайдасы көп. Әрі бір деңгейде ұзақ жүріп қалмауға сеп болады.

Эфир сілтемесі: https://www.instagram.com/reel/C6Wqyobo07L/?igsh=MTBhbWVpc3plc2U5bQ==
❤15🥰1
🎤Подкаст: БІР ІСТІ БАСТАҒАНДА ҚАРСЫЛЫҚ НЕГЕ БОЛАДЫ? ОДАН ҚАЛАЙ ӨТЕМІЗ?
🎉11❤8
Әрекет етуші күшке әрқашан тең қарсы әрекет етуші күш бар болады.
❤13
Forwarded from Zhansaya B
Эльвира ханым неге бәрі мені қолданғысы келіп тұрады, өздерінің мақсаттарына?, біліп тұрсам да айтпайм бірақ, іштей решение қадылдаим и все, келісімге келгім келмеид просто осындай отношениедан кеин
❤4
Өйткені өзіңіз қолданЫЛғыңыыыыз кеп тұрады. “Бәрі мені өздерінің мақсатына қолданса екен” деп қалап тұрасыз.
❤5