Эльвира Ерғалина | ПСИХОЛОГИЯ
2.68K subscribers
336 photos
71 videos
2 files
120 links
Психикасын, сезім-эмоциясын сау қылып, жанын емдеп;
сапалы, бақытты әрі табысты өмір сүргісі келетіндерге арналған канал❤️
Download Telegram
👆🏻Бағаға қатысты сіздер байқамайтын құпияны айтайын. Психолог мамандар жақсы түсінеді мұны.

Баға өте қолжетімді болған сайын клиенттің тәуелділікке түсу қаупі басымырақ. Яғни емделуден бұрын кей мәселесін ушықтырып жүруі ықтимал.

Қалтаға еш салмағы жоқ, “қайда кетпей жатқан ақша”? Маманға барады, сырттан алмаған назарды, түсінуді, қолдауды алады. Тәуелділік не дефицит болса, соның орнын толтырып, жарасын сипалап жүре береді. Уақытша ғана әсер болады. Кей клиент маманнан мамасын көре бастайды. Бұл басында көмек болғанмен, ұзаққа созылса, қауіп.

Баға - клиент пен маман арасындағы көп шекараның бірі. “Қомақты қаржы төледім, жинақталайын, бар зейінімді салайын” дейді. Психиканың өзі жинақталады.

Баға құр ақша туралы емес.

Жалпы барлық жобамда дедлайнмен, бағамен, ережемен, күндермен, сағатпен, терапия/практика санымен көп шекараны бекітемін. Клиенттің психикасына көрсетемін алдымен.

Өзім жылдап терапияда жүру дегенге іштей қарсымын (бұл менің шешімім). Шекараны и так түсінбейтін (басында солай болады) клиентке тіпті “размытый” боп кетеді. Нақты біраз терапияны алып, соны қорытып, біраз уақыттан соң жаңа түсінікпен қайта жалғастырғаны нәтижелірек деп білем. Тағы айтам, бұл - менің шешімім.
❤18💯5👍3
Forwarded from 🕊
Жасоспиримдерге арналган жоба жасайтын едим, жан жакты дамуына, болашактагы омирлик фундаменттеринин дурыс калануына мумкиндик беретин жоба..
❤9
Жасөспірім, жеткіншек кезіңізді еске түсіріңізші. Не қызық еді?

Вечер! Достар! Киім! Қыдыру! Қыз жігіт боп жүру! Кете береді…

Кішкентай бөпелерге мультик, бағдарлама, контент көп. Ересектерге көп. Ал жеткіншектерге неге аз? Неге өте аз? “Почти” жоқ?

Себебі жеткіншек шақ - өтпелі кезең. Бұл кезде болашағымды ойлайын деген бала аз болады. Гормондар атқылап, ойын-сауық, эмоция керек боп тұрғанда “психологияң өзіңе” дейді ғой😁

Ізденіске, психологияға 25+ жандар көп келеді. Бойдағы энергия пикке жетіп, таусыла бастайды. Өмірде басын тау-тасқа ұрған. Лапылдаған эмоциямен емес, басқа жолды көрейін деп келеді көбі)
❤17👍1
👆🏻жоғарыға қосымша.
Тик-токта неге жеткіншек көп екенін түсінген боларсыз? Ойын-сауық, күлкі, тренд, “крутость”, т.б.
👍13
Forwarded from Мөлдір Асқанқызы
Терапия, практика жұмысы кіріктірілген 7-8 күндік ретрит ұйымдастыру, және оны екі айда бір рет сатылай ретрит өткізу. Арт терапия, МАК карточкаларымен тимбилдинг форматында ұйымдастыру, өз практикаңыздағы бірнеше жобаларыңызды түрлендіріп қосар едім.
❤10👍1
8 күндік ретрит өткіздім. 3 жыл қатарынан.

8 күн байланыссыз, тауға кетіп, көгалдағы арнайы орында, ПП тамақпен, МҮЛДЕ СӨЙЛЕМЕЙ, тек практикалар, терапиялар өткіздім.

Өөөте мықты инструмент. Қатысқан адам сезіміңіз не, бүкіл бейсанасына сүңгіп, “до/после” боп шығады.

Сұраныс көп, қатысам деуші көп. Ал шындығына келгенде “8 күнге күйеуім жібермейді, енем жібермейді, мысығым ауырып қалды” деп, бармай қалады.

Қазір ретрит деп семинарды, шетелдегі тренингті көп көріп жүрмін. Ол эмоцияның шуы, эмоциямен лапылдау. Лекция тыңдап, адамдармен танысып, қыдырып қайту сияқты.
Ал нағыз ретрит, үн-түнсіз, сырттан түсетін ақпаратсыз өзіңмен қалу. Ішіңе үңілу. Сонда трансформацияның көкесі болады.

Көп практика, терапия, ретрит көріп тастағасын тым “специфический” қараймын бәріне) “Нәтиже алатын не фаст-фуд” деп бөлемін іштей.

Қазір осы ретритімді қайта сұраушылар көбейіп келеді. Алдында өткізсем бе деп ойланып қалғам.
❤20👍6🥰6
Осы 8 күндік ретритіме келген жандардың біраз айдан кейінгі жаңалығы сұмдық болды.

• Бір кәсіпкер жігіттің табысы күрт өсіп, өзі игере алмай қалған. “Ақша таусылмайтын сияқты болды. Күніне таксиге Майбах сияқты бизнес такси шақырып, құтырдым. Сонша көп ақшадан шошыдым, өзім қуып кеттім. 5 айдан соң (қателеспесем) қайтадан минусқа түстім, көп ақшаға шыдай алмадым” деп еді. Көп ақшаны игеруге де ішкі дайындық керек.

• Бір келіншек бала көтере алмай жүріп, ретриттен кейін сүйінші сұраған. Былтыр осы каналға салдым, ұл дүниеге келіп, танысып қайтқам.

• Балдақпен жүретін бір ханым қазір белсенді. Түрлі шараларды ұйымдастырып, ЖОО оқуға түсіп, студент боп жүр екен. Парақшасынан көрдім. Ретритке келгенде “қасымда сүйемелдейтін адам керек үнемі, басқа қалаға жалғыз өзім алғаш шығып тұрм” деген еді.
❤17👍5
Forwarded from Aigerim Omirzak
Улкен орталык ашылса, жане сол орталыкта бала дарыгеры, ар сала дарыгерлеры болгандай, сала мамандары кызмет етсе. Осылайша адамдар жан саулыгына да тан саулыгына карагандай норма ретынде карастырып, улкендер оздеры келып карала алатындай, балаларын да еркын акеле алатын орталык болса.
❤5
👆🏻Ал медициналық орталық, сауықтыру орталығы өте көп. Сондай орталықта арнайы психолог, психотерапевт, психиарт да болады. Мұндай орталықтар көп.
❤8
Forwarded from Эльмира
Зум да аптасына бір рет кездесу ұйымдастыру ақылы етіп бір тақырып ты алып
❤6
👆🏻Мұны жасап жүрмін
❤5
Forwarded from Алтынай
Сіздің орныңызда болсам, *Everly* деп аталатын приложение, ішінде медитациялар, Карта дня ( қазақша) , практикалар, челендждар бар жасар едім.
арнайы сұрақтарға жауап беретін, онлайн көмекшісі бар.
❤4👍1
👆🏻IT-приложение жасау 10-20 млн теңгеден басталады. Басы ғана. Функциясы көп болса, баға көтеріле береді.

Приложение туралы 2022-жылы ойланып, іздеп, сұрастырып көргем.

Кәсіпкер ретінде айтайын, өзін ақтайтын жоба болмаса, әзір керек емес.

• Қазақтар, оның ішінде қазақша өнім тұтынатын аудитория әлі аз.
• Қазақ аудиториясына терапия, психология әлі қажет боп тұрған жоқ. Тұтынушы әзірге өте аз (терапия алатын). Ағылшын, орыс тілінің тұтынушысы өте көп, жоба ақталады.
• Қазаққа қазір не маңызды? Күнкөріс, той-жиын, ойын-сауық, т.б. Кино мәдениетінің өзі енді қалыптасып келеді.
Болашақта дамып қалар.

Өзім IT-маман болсам, жасар ма едім. Әзірге ресурсымды “жоқ нәрсе жасауға” шашқым жоқ. Мүмкін жасармын да, кім білсін))
❤14
⁉️ Қалай? Көп иллюзия пачақ-пачақ боп кетті ме?😅

Идея деген ғажап! Жан-жағын саралап, кездесетін рискті ескеріп, минусқа кетпейтіндей, ресурс шашылмайтындай жасасаң, тіпті ғажап.

Бүгінгі талдаудан қандай ой түйдіңіз? Бөлісіңізші👇🏻
❤14👍1
Forwarded from Гуля
Сізден әркім өз керегін (идея, инфо, ) алып жатқандар бар шығар, мен өзіме сізден пайдалы идеялар алып жатамын. Ойлап жүрген нәрсе сізден инфо боп шығып жатады. Сіз ретритте 8 күн тауда қондыңызба? Осы ретрит жайлы кенінен ақпарат айтсаңыз жақсы болар еді
❤10👍1
Тауда орналасқан арнайы орынға. Палатка жайып емес, кәдімгі ыстық суы бар, бөлек-бөлек бөлмесі, жатын орны бар, үлкен залы бар орын.

Ретриттің арнайы программасы бар. Сағат таңғы 4-тен кешкі 9-ға дейін практика, терапия, орындайтын расписание дайын.

Құр телефонды өшіріп тастап жатпаймыз. Тіпті тамақты шайнаудың өзінің ережесі болады.

Оның бәрі:
• ақылды жүгендеу үшін
• нәпсіні тәрбиелеу үшін
• тревожностты жіберу үшін
• бейсаналық автоматты әрекеттеріңді өзгерту/көру үшін
• сезімдерді ояту, күшейту үшін
• тәндегі блоктарды, зажимдерді жіберу үшін
• эмоцияны бақылап үйрену үшін
• “дофаминовая диета” үшін
• тұншыққан, тапталған энергияны, агрессияны босатып, қолдану үшін.

Арнайы программасы, практикалары, терапиялар бар. 8 күн мүлде сөйлемейді. Бір-бірімен де сөйлеспейді. Сырттан еш ақпарат түспейді. Телефонды жинап аламыз. Сұрағын қағазға жазып қояды. Қолына қағаздар ұстатамыз. Тек тыңдайды, оқиды, практика жасайды. Көп эмоциясы шығады. Тәннің реакциясы көтеріледі, оны басқара да алмайды (рефлекспен жүреді).

Қорқынышты ма?😅
❤22👏4
Forwarded from Гуля
Рахмет ақпаратыңызға уақыт бөліп, ол қайда екен адресі қай жақтарда шетелдерде ма?
❤6
Ойбууу… Жаңадан бері жазып жатқам жоқ па😅

Мен өткізгенмін. Ұйымдастырушысы, өткізушісі, 8 күн бірге болатын маман мен.

Алматыда, таудағы орында өтті. Кәдімгі демалысқа берілетін орынды 8 күнге жалға алып, топпен бардық. Ол орынға қазір барсаңыз, ештеңе жоқ. Себебі ретритті мен жасадым. Керек-жарағын, коврик, блокнот, қағаз, тамағын, бәрін біз алып бардық.

Түсіндіре алдым ба? Әлде суахили тілінде жазып кеттім бе?)
👍15❤5
Forwarded from Айнур Серік
Эля ханым болсам , көлеңке-жарық, күн-түн, көктем-қыс секілді сериялы кітаптар , жылына 1-бестселлер кітап жазып отырар ма едім деген ой келді .
❤6
Ахаха! Атауларға қатысты стеб өтті! 😅👍🏻
😁6