Эльвира Ерғалина | ПСИХОЛОГИЯ
2.68K subscribers
336 photos
71 videos
2 files
120 links
Психикасын, сезім-эмоциясын сау қылып, жанын емдеп;
сапалы, бақытты әрі табысты өмір сүргісі келетіндерге арналған канал❤️
Download Telegram
Forwarded from Гуля
Ренжімеңіз, бір кітап шығарып тоқтап қалдыңыз, баяу ойға батып кеттіңізбе, көрінбейсіз, сізде мықты білім бар, бірақ өзгелер сияқты тақылдап желіге шыға бермейсіз, өзіңізге сенімсіздікпе, қорқасызба? білімі жоқтар желіде сапырып отырады, сіз неге жиі жиі шықпайсыз! Артық кетсем кешіріңіз
❤2🤔1
Адамның ресурсы шектеулі, нақтырақ айтсам, менікі точно шектеулі)

Әлеуметтік желілерде сампылдап отыра берсем, уақытымды сонда арнасам, басқаға уақытым/ресурсым қалмайды.

• Әлеуметтік желіге шықпағаның ештеңе жасамай жатқаныңды білдірмейді.
• Әлжеліде жабысып отыру, үнемі назарға ұмтылу сенімді, қорқынышсыз, еркін екеніңді білдірмейді. Керісінше, тәуелділік пен үрейдің бір көрінісі болуы мүмкін.
• Әлжеліде тым белсенді, контентпен “қатты айқайлайтындар” мықты жұмыс жасап жатқанын білдірмейді. Керісінше, бос уақыты тым көп болуы мүмкін.

Иә, әлжеліге жетпей жатырмын. Бос емеспін. Сондай-ақ, контентті жүйелейтін командам жоқ. Енді болады.

Бүкіл нәрсе тек сенімсіздік, қорқынышпен өлшенбейді.
❤18👍8❤‍🔥1🦄1
Forwarded from Гуля
Идея ои келсе сол моментте желіге салып отырсаңыз, керек адамға жетеді, атақты болар едіңіз, ініңізден шықпайтын сияқтысыз
😱6❤1
Ойбууу, біліктілік атақпен, статистикамен өлшеніп жатыр екен. Қой, ініме кіріп жата берейін😅

P.S. Құрметтім, бүгін пікіріңізді, сұранысыңызды, сұрағыңызды жеңіл қабылдап отырмын. Келесі жолы мәдениет, жеке шекараға құрмет болмаса, бір шара қолдануға мәжбүр боламын.
👍17
Аудитория байқамайтын қауіпті тұсты айтайын. Психологтардың этикалық кодексі бар. Бұзбау керек заң деп біліңіз. Себебі психологта адамды арбап алатын, санасын басқарып алатын түрлі инструмент болады. Бір гипнозды қолданғанның өзі былай да былай жетіп жатыр.

Сол этикалық кодексті бұзуға тыйым салынған. Яғни қарапайым халыққа манипуляция жасауға, білімін асыра сілтеп пайдалануға, жан жарасын басуға (тізім ұзақ) болмайды.

Әлеуметтік желіде контентпен “қатты айқайлайтындар” сол кодексті бұзып жүрген болуы да мүмкін. Оның бар екенін білмеуі де мүмкін.

“Мынау жестко айтты, батырып айтты, өзіне сенімді екен, қорқынышы жоқ, мықты екен” деп ойласаңыз, қателесесіз. Көбіне “көкбеттік” сенімділіктен емес, білімсіздіктен боп жатады.
❤25🔥3
Forwarded from Жансая Мырзагулова
Мен де "інде отырғандардың" бірімен. "Не мешайте, я кайфую!"- деймін, сұрағандарға.
Но, инстаграммды жәй табыс көзіне апаратын құрал ретінде, өзіме салмақ салмай, керек жерінде пайдалануды жөн деп санаймын. Көңілім қалағанда кіремін
👍7
Кімде алып потенциал бар, “көңілім қалағанда жасаймын, өзім үшін өмір сүремін” деген ой жарамайды)) Жатқызбайды🥸

Ол потенциал жайдан-жай берілмейді және сұрауы болады. Қабілет үнемі қозғалысқа ұмтылады, тыныш жатпайды.

“Өзім үшін” деп жүргеннің бірімін ғой. Енді баланс ұстау керегі айқындалды өзіме.

Өмірімде түрлі треш болды ғой, анда да соғылдым, мында да соғылдым. Психология, дамуға бет бұрғанда ол дауыл басылды да қалды. Бойдағы қабілетті басқарып, керек арнаға бұрмасаң, быт-шытыңды шығарады екен)
❤15🔥2
Forwarded from Рамаш Абилкасым ramash_abilkasim
Өз қабілетіңді қалай толығымен анықтауға сүйген істі қалай анықтауға болады?
Мынаған келісіп алайық. Бойдағы қабілет бір бөлек, сүйікті іс бір бөлек. Екеуі біріксе, жақсы. Бірікпесе, екі түрлі нәрсе.

Бойдағы қабілет Құдайдан беріледі, ата-тектен, генмен келеді. Оны ұнатпауың да мүмкін, бірақ айналысасың. Мысалы: маған адамдардың проблемасын тыңдап отыру ұнамайды. Шынымды айтайыншы, ұнамайды. Менің де ойнап-күліп, сыланып-сипанып, рахаттанып жатқым келеді. Басында барынша қаштым. Қабілетімді қолдану үшін адамды тыңдауды, естуді меңгердім. Жалпы адамзатқа, тағдырына махаббат пен құрмет көрсетуді меңгердім. Махаббатқа сүйенемін. Ісімді солай жақсы көруді үйрендім, бірден жақсы көріп кетпедім.

Сүйікті ісім блог жүргізу, жазу, адамдармен сөйлесу, сурет салу, фото/видеоға түсу, әдемі орындарда жүру деп жалғасады. Ісімді сонымен біріктірдім.

Ал қалай ашамыз дегенге келсек. Бойдағы “кірді” тазалау керек басында. Кір дегенім - негатив программа-сценарий, түрлі сезім-эмоция, түрлі жарақат, түрлі паттерндер. Бойымызда қабілет көмулі жатыр, соны қазып аламыз.

Сосын білім алу. Ол қабілетті қалай қолдануды, инструменттерді меңгеру және қолдану. Практика, тәжірибе жиып қолданған сайын потенциал қайралады, өткірленеді.
❤20💋3❤‍🔥2🔥2
Forwarded from Kuralay
Күшті ақпараттар бердіңіз! Рақмет! Молынан ғо еще)
💜💜💜💜💜💜💜💜
❤7
Ініме кіріп жатуға кеттім. Қайырлы түн!💋😅
🤣15
Қасқааа! Кеше әлдеқандай боп семинарына қатысып келген маман ін емес, апанда, жердің астында екен ғо))

540 подписчик деген не сұмдық? 7 пост🤪

Енді точно ініме кеттім. Дым қысылмай, шалқамнан жатам🙃
😁18🤣11
🎤Подкаст: БОЛУ КЕРЕК НӘРСЕ ӨЗ УАҚЫТЫНДА БОЛАДЫ
❤24
Мамандарды оқытатын “Психолог-практик” курсымның студенттерімен алғашқы кездесу өтті бүгін. Сабақ емес, алғашқы танысу, байланыс орнату.

4 ай тығыз жұмыс істейміз, әдейі шағын топ қылып аштым. Қатысушыларды іріктедім. Сұрақтары мен мәселесіне жеке тоқтала алу үшін де өте ыңғайлы. 120 сағат уақыт былай да былай жетеді.

Қуанып әрі толқып тұрмын. Бұл - мен үшін де, студенттерім үшін де өте маңызды қадам💥.

Алдағы 2 ай психология методикаларын меңгереміз, өз мәселемізбен жұмыс істейміз. Сосын ғана қалған 2 айда клиентпен жұмысқа көшеміз.

Практикаға клиент керек болады. Сіздерге хабар беріп, шақырып отырамын ғой. Ақысы өте төмен (символикалық баға) болады. Кейде тіпті ақысыз келіп, запросыңызға диагностика жасатып, разбор/консультация алатын сәт те болады.

Бірнеше жанды сүйемелмен маңызды жолға жетелемекпін. Бұл күнге де жеттім. Дұға-тілектеріңізді сұраймын, бізге сәттілік тілеп қойыңыздар🥰🤲🏻
❤49👏5👍3🥰2
Бүгін инстаға контент түсіріп бастаймыз.

Қандай тақырыпты білгіңіз келеді? Қандай сұрағыңыз бар?

Ішкі күй, сезім-эмоция, ақша, қатынас, қоғаммен қатынас, даму, кез келген тақырыпта сұрағыңызды осында жаза қойыңыз. Маңызды тақырыптар болса, аламыз. Сұрақ қысқа, нақты болсын. Ситуацияны баяндау, өмірбаян қажет емес. Тек сұрақ👇🏻
❤11
Forwarded from Мухсина 🌿
Эльвира ханым кітабыңызды оқып жатырмын. Кішкентай ғана бала жүрегіңіз соншалықты қиыншылықты қалай көтерген, таң қалудамын. Қәзір сол кездегі ішкі күйлеріңізді толықтай босата алдыңыз ба? Әлде кейде сол сезімдерді оятатын жағдайларда қайта қозғалып кетеді ме?
👍1
Өткенді, психо-травманы толықтай өзгертіп жібере алмаймыз. Жалпы өткенді өзгерте алмаймыз.

Терапия көмегімен:
• сол кездегі жаралы жаныңды, сезім-эмоцияны жібересің, тұншыққанның бәрі шығады, тыртық қалады;
• өткеннің ықпалымен болған түрлі ішкі конфликтті тарқатасың, әрекеттерің мен шешімдеріңнің себебін ұғынып, өзгертесің;
• өткеніңді жойып тастамай, қабылдап, сонымен ары қарай өмір сүрудің меңгересің;
• жаңаға ашылуды, дамуды таңдайсың, өткенге жабысып алмайсың;
• өткеннің орнында тыртық ғана қалғандықтан ол сыздамайды, тіпті көмескіленіп, ұмытыла бастайды, миыңның “естеліктер” деген папкасына кетеді.

Жоқ, өткеннің сезім-эмоциясы қайта қозғалмайды. Сол сәттегі адамдарды қайта көрсем, опыт үшін алғыс тұрады.
❤18
Forwarded from Гулжахан
Иә, әр терапия - практиканы өткен сайын,қайталаған сайын қабат-қабат аршылып жатқанымды сезінудемін. Ең басында бәрі түсініксіз болған.
Адамда сана (ой, түсіну, ұғыну, анализ) бар да, сезім-эмоция (сезіну, тәндегі зарядтар) бар.

“Проработанный” адамды қазақ “сана-сезімі жетік” деп айтып жатады.

Екеуі бірге жүреді, бір-бірін толықтырады.

Терапия-курсыма келген адам басында бәрін санасына салуға ұмтылады. Түсінуге. Бұл қалыпты.
А терапия - алдымен сезім-эмоциямен жұмыс. Тұншыққанның бәрін шығарып, қайта өткеру, қайта өңдеу.

Сезім-эмоцияға салмаған ақпарат - әлі білім емес, тек ақпарат ғана. Тез ұмытып қаламыз кейде. Ал сезімнен өткізгенде білім болады.

Терапияда көтерілген, шығып жатқан түрлі сезім-эмоциясын ұқпай, санаға салғысы кеп, арпалысады. Курс бағдарламасында, кері байланыста қанша ұғындырып айтсаң да, сезім-эмоцияның аласапыраны басылғанша түсінбейді. Қорқады, сұрақ көбейеді, маман “жалғыз емессің, қасыңда бармын” деп, осы процестен өтіп кетуіне сүйемел көрсетеді. Ол “аласапыран” ұзаққа бармай, басылады, артынан түсінік келеді. Көп нәрсе айқындалады, шешім-әрекеттеріңнің себебін көре бастайсың, ұғасың. Бұрын ұмытып не жоқ қып жіберуге ұмтылған құпияларыңа тура қарайсың, баяғыдай жан сыздатпайды. Шешім өзгереді, қадамың да батыл болады. Сосын психика ары қарай қозғалысын жалғастырады.

Терапияға келген адамның басында ештеңе түсінбеуі қалыпты. Қашып кетпесе, артынан бәрі айқындалады. Маманның “қолынан ұстап”, соңына дейін баруы маңызды.

Жалпы өзің жайлы білгеннің айналасында жүріп, бір шеңберді айнала бергеннен… білмегенге қадам басып, жаңаны еңсерген нәтижелі. Іштей өсу солай жүреді.
❤26👍4🔥4