Эльвира Ерғалина | ПСИХОЛОГИЯ
2.68K subscribers
336 photos
71 videos
2 files
120 links
Психикасын, сезім-эмоциясын сау қылып, жанын емдеп;
сапалы, бақытты әрі табысты өмір сүргісі келетіндерге арналған канал❤️
Download Telegram
Идея келіп, шығармашылық энергия көтерілгенде тыпыршып, отыра алмай кетем. Тіпті ұйқы жоғалады: түрлі ой/идея басылмай, ұйқыға кете алмай, дөңбекшимін. Сондай қызық процесс жүреді)

Түн ортасында тұрып, ойды қағазға түсірмейінше тыныштық болмайды) Шабыт деуші еді ғой мұндайды.
❤14👍3🏆3
Forwarded from Салта Жалекс
Салеметсизбе Эльвира ханым. Жана жылынызбен!
Бугинги куним керемет отти 🫶🏻
Сиздин долгосрочную группалык терапиянызды кутип журмин 😀🫶🏼
👍1
Биылғы жұмыс істеу процесім өзгереді. Топтық терапия болады, бірақ көбін ұзақмерзімді қылып өткізем.

Яғни бір топ бірнеше тақырыптағы терапияны өтеді.

А сосын… Ата-ана, сепарация, сезімдер деп жүрген этаптан “өсеміз”. Дайын тұрған терапия-курстарымды сатып алар қажет еткендер. А енді болатын жобаларым басқа деңгейге өседі. Өзіме басқа тақырыптар қызық боп жүргендіктен.
👏15❤9👍3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Бүгін 20:00 КӨЛЕҢКЕ шығады🔥

Ана тақырыбын көп қозғадық, ендігі кезек ӘКЕде.

Өте әдемі әрі терең талдау болды. Бұл талдауды көру керек, өйткені:
• Денсаулық мәселесі
• Көзілдірік тағу
• Әкемен қатынас
• Қайғыру процесі
• Өмірдің мәні
• Махаббат туралы сөз қозғалды.
• Әрине! Ер адам қатысқан талдаудан ұлды, күйеуді, әкені, аға-ініні жақсырақ түсінуге болады.

КӨЛЕҢКЕні күттіңіз бе?😊
🔥19❤6👏1
КӨЛЕҢКЕ шықты!🔥

Лайк басып, пікір жазып, бөлісіп, қолдау көрсетуді сұраймын. От выпусктың бірі, көбірек адам көрсін❤️

https://youtu.be/j-BESOwCZxU?si=lFPyt7unGFjMASI3
❤9
Forwarded from DINARA DIGITAL DESIGNER
Туууу Эльвира ханым жылатабересіз ше😭😭😭
КӨЛЕҢКЕні кім көрді? Әлді “кім жылады?” деп сұрайын ба?)
Forwarded from Мерекем Әбуова
Иә, жүректен шыққан сөз, жүрекке жетті... күнделікті сіздің осындай бір сөздеріңізді өзімізге айтсақ іске асыра аламыз ба?
Бірге қайталап көріңіз. Жеңілдеп қалуыңызға көмектесетін шығар.
Forwarded from Aйсулу
әбден жыладым, неше уақыттан бері терапияға барып жүрсем де, әлі де шықпаған больдарым, шешілмеген түйіндерім көп екен, рахмет сізге профессияналдығыңыз үшін және қатысушылар ға да алғысым шексіз өз көлеңке түстарын халыққа жайып салып, қаншама адамға түрткі болған😢🫶
❤13👍1🙈1
Шабытым оянып, сіздерге подкастпен әңгіме айтқым кеп отыр. Ояу жандар бар ма екен?🥰👇🏻
❤31👍2
🎤Подкаст: СӨЗДІҢ КҮШІ, ҚУАТЫ, ЭНЕРГИЯСЫ

“Адам тағдырын сөзбен жасайды”
“Адам жаны сөзбен жараланады, сөзбен емделеді”
👍24❤17🏆1
Forwarded from Kymbat Zhandarbekova
Қайырлы кеш, Эльвира ханым! Көлеңкенің соңғы шығарылымының қатысушылары тура мендегі проблемаларды көрсетті. Бірге отырып мен де проработка жасадым, жыладым, жеңілдеп қалдым. Басым қысып, қатты ұйқым келді. Соңғы кездері арқам қатты ауырып жүрді, жұмыста кешке дейін орындықта отырғаннан, шаршағаннан деп ойладым. Бүгін арқамның ауырғаны сезілмеді. Кеше ішімдегіні біраз шығарғаннан, арқамдағы жүкті босаттым деп ойладым)
Оның үстіне қызық жағдай, бүгін таныс жігіт кешкі асқа шақырды. Өзімді күшті, ерке қыз сезіндім)) Әсері бұлай тез болады деп ойламаппын.
Сізге үлкен алғысымды білдіргім келеді. Еңбегіңіз арта берсін. Бақытты болыңыз!🤲🥰
🔥12❤6👍6
Forwarded from Турсынай Байбосынқызы
Жалпы әкені сағынбау, іздемеу деген жаман ба? Әкем өмірден кеткен.
Мен өмірімде әкеммен тұрсам да, жоқ секілді өмір сүрдім. Жолдасыммен қатынасым жақсы, ұлыммен де.
“Өзіңді ешкіммен салыстырма” дегеннің мәні сол: біреудің нормасы сізге норма болмауы мүмкін.

Әкеңізді сағынбау өміріңізге еш кедергі келтірмесе, жоқ жерден проблема тауып алып қайтесіз?

Жалпы кедергі, проблема болмаса, оны күшпен іздеп тауып алу страданиеге әкеледі. Күйіңіз, сезінуіңіз кайф болса, ләззат алыңыз❤️
Қазақстанның 20 млн адамынан сұрасаңыз, 20 млн “жақсы”, 20 млн “норма” шығады. Оның бәріне бір адам сай бола алмайды)

Адамдар әртүрлі және әртүрлі “норма” бар. Өмір сонысымен әдемі✨
👍26❤9
Forwarded from Айна Айна
Ретрит деген не екен. Ренжімеңізші. Сұрағы көп екен деп
❤1👍1
Википедианың түсіндіргені. Ретрит - жеке не топ болып, қоғамнан оңашаланып, рухани практикалар не басқа да практикалар жасау.
👍2
Кейде сұрақты біреуге жазып, оның жауабын күтіііп отырғанша гуглге жаза салу оңай әрі жауап алу тез. Интернет түрлі материалмен кеңінен түсіндіріп береді.
👍9❤2
Адамның дөрекі, қараңғы, қатты санасын не жібітеді?
• Білім
• Өмірлік тәжірибе
• Еңбек
• Рухани даму
• Терапия
• Тағы да басқа практикалар.

Тарих пәнінен оқыған “епті адамдар”, “ежелгі адамдар” есіңізде ме? Тамақ аулап жейтін құралды тастан, темірден енді жасап жатқан кез.

Одан бері адамзаттың санасы нәзік бола түсті. Қазір уже вайфай, интернет, түрлі техниканы ойлап/жасап шығара бастады. Сананың деңгейі соған көтеріліп жатыр.

Шығармашылық адамдарының сезімталдығы мықты. Ал сезімталдық - сананың нәзіктігі. Нәзік әлемнен ақпаратты, идеяны, вибрацияны сезіп, қағып алып, жүзеге асырады.

Ал санасы дөрекі адамдарға оның бәрі “скучно” болады. “Өте” деген нәрсемен жүреді. Өте қызық болу керек, жарқ-жұрқ эмоция болу керек, өте ауырды/өте жаманды ғана байқай бастайды, жаны ауырғанын сезбей, төбелеспен тәні жараланғанда ғана “не то” бірдеңе болғанын көреді. Жанына бататын ауыр сөзді ғана “серьезно” қабылдайды. Нұсқа көп.

Өмірдің процестері, нәзік әлемнің процестері, тіршілік қызықсыз көрініп, тез жалығады, іші пысады дегендей. Сосын шым-шытырық оқиғалардың ортасында жүреді.

Түсінікті жеткізіп жатырмын ба? Әлде ауыр боп кетті ме?👇🏻
❤39🔥10👍5
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
БҮГІН 20:00 КӨЛЕҢКЕ🔥

Бүгін өмір, өмір сүру туралы талдау болады. Тірі жүргеннің бәрі өмір сүріп жүрген жоқ.

Тақырып: өмірдің мәні. Ал өмірдің мәні - өмір сүру.

Талдауға қатысқан әрбір кейіпкерге алғысым шексіз, қоғамдағы көп мәселені көруге, онымен кездесуге керемет ықпал етуде. Әрбіріңізге алғыс!🙏🏻❤️

Құрметті көрермен, бұл видеоны көруге шақырамын. Байқамай жүрген тағы бір тұсыңызбен кездесуіңіз мүмкін.
❤18🔥2👍1