Эльвира Ерғалина | ПСИХОЛОГИЯ
2.68K subscribers
336 photos
71 videos
2 files
120 links
Психикасын, сезім-эмоциясын сау қылып, жанын емдеп;
сапалы, бақытты әрі табысты өмір сүргісі келетіндерге арналған канал❤️
Download Telegram
Forwarded from Aigerim Omirzak
Улкен орталык ашылса, жане сол орталыкта бала дарыгеры, ар сала дарыгерлеры болгандай, сала мамандары кызмет етсе. Осылайша адамдар жан саулыгына да тан саулыгына карагандай норма ретынде карастырып, улкендер оздеры келып карала алатындай, балаларын да еркын акеле алатын орталык болса.
❤5
👆🏻Ал медициналық орталық, сауықтыру орталығы өте көп. Сондай орталықта арнайы психолог, психотерапевт, психиарт да болады. Мұндай орталықтар көп.
❤8
Forwarded from Эльмира
Зум да аптасына бір рет кездесу ұйымдастыру ақылы етіп бір тақырып ты алып
❤6
👆🏻Мұны жасап жүрмін
❤5
Forwarded from Алтынай
Сіздің орныңызда болсам, *Everly* деп аталатын приложение, ішінде медитациялар, Карта дня ( қазақша) , практикалар, челендждар бар жасар едім.
арнайы сұрақтарға жауап беретін, онлайн көмекшісі бар.
❤4👍1
👆🏻IT-приложение жасау 10-20 млн теңгеден басталады. Басы ғана. Функциясы көп болса, баға көтеріле береді.

Приложение туралы 2022-жылы ойланып, іздеп, сұрастырып көргем.

Кәсіпкер ретінде айтайын, өзін ақтайтын жоба болмаса, әзір керек емес.

• Қазақтар, оның ішінде қазақша өнім тұтынатын аудитория әлі аз.
• Қазақ аудиториясына терапия, психология әлі қажет боп тұрған жоқ. Тұтынушы әзірге өте аз (терапия алатын). Ағылшын, орыс тілінің тұтынушысы өте көп, жоба ақталады.
• Қазаққа қазір не маңызды? Күнкөріс, той-жиын, ойын-сауық, т.б. Кино мәдениетінің өзі енді қалыптасып келеді.
Болашақта дамып қалар.

Өзім IT-маман болсам, жасар ма едім. Әзірге ресурсымды “жоқ нәрсе жасауға” шашқым жоқ. Мүмкін жасармын да, кім білсін))
❤14
⁉️ Қалай? Көп иллюзия пачақ-пачақ боп кетті ме?😅

Идея деген ғажап! Жан-жағын саралап, кездесетін рискті ескеріп, минусқа кетпейтіндей, ресурс шашылмайтындай жасасаң, тіпті ғажап.

Бүгінгі талдаудан қандай ой түйдіңіз? Бөлісіңізші👇🏻
❤14👍1
Forwarded from Гуля
Сізден әркім өз керегін (идея, инфо, ) алып жатқандар бар шығар, мен өзіме сізден пайдалы идеялар алып жатамын. Ойлап жүрген нәрсе сізден инфо боп шығып жатады. Сіз ретритте 8 күн тауда қондыңызба? Осы ретрит жайлы кенінен ақпарат айтсаңыз жақсы болар еді
❤10👍1
Тауда орналасқан арнайы орынға. Палатка жайып емес, кәдімгі ыстық суы бар, бөлек-бөлек бөлмесі, жатын орны бар, үлкен залы бар орын.

Ретриттің арнайы программасы бар. Сағат таңғы 4-тен кешкі 9-ға дейін практика, терапия, орындайтын расписание дайын.

Құр телефонды өшіріп тастап жатпаймыз. Тіпті тамақты шайнаудың өзінің ережесі болады.

Оның бәрі:
• ақылды жүгендеу үшін
• нәпсіні тәрбиелеу үшін
• тревожностты жіберу үшін
• бейсаналық автоматты әрекеттеріңді өзгерту/көру үшін
• сезімдерді ояту, күшейту үшін
• тәндегі блоктарды, зажимдерді жіберу үшін
• эмоцияны бақылап үйрену үшін
• “дофаминовая диета” үшін
• тұншыққан, тапталған энергияны, агрессияны босатып, қолдану үшін.

Арнайы программасы, практикалары, терапиялар бар. 8 күн мүлде сөйлемейді. Бір-бірімен де сөйлеспейді. Сырттан еш ақпарат түспейді. Телефонды жинап аламыз. Сұрағын қағазға жазып қояды. Қолына қағаздар ұстатамыз. Тек тыңдайды, оқиды, практика жасайды. Көп эмоциясы шығады. Тәннің реакциясы көтеріледі, оны басқара да алмайды (рефлекспен жүреді).

Қорқынышты ма?😅
❤22👏4
Forwarded from Гуля
Рахмет ақпаратыңызға уақыт бөліп, ол қайда екен адресі қай жақтарда шетелдерде ма?
❤6
Ойбууу… Жаңадан бері жазып жатқам жоқ па😅

Мен өткізгенмін. Ұйымдастырушысы, өткізушісі, 8 күн бірге болатын маман мен.

Алматыда, таудағы орында өтті. Кәдімгі демалысқа берілетін орынды 8 күнге жалға алып, топпен бардық. Ол орынға қазір барсаңыз, ештеңе жоқ. Себебі ретритті мен жасадым. Керек-жарағын, коврик, блокнот, қағаз, тамағын, бәрін біз алып бардық.

Түсіндіре алдым ба? Әлде суахили тілінде жазып кеттім бе?)
👍15❤5
Forwarded from Айнур Серік
Эля ханым болсам , көлеңке-жарық, күн-түн, көктем-қыс секілді сериялы кітаптар , жылына 1-бестселлер кітап жазып отырар ма едім деген ой келді .
❤6
Ахаха! Атауларға қатысты стеб өтті! 😅👍🏻
😁6
👆🏻Негізі ше… Кітап жазу өте оңай сияқты көрінеді ғой. Әлде маған осылай болды мааа…

“Көлеңке - Жарық” кітабымды басында бірнеше адамға тапсырмақ болдым. Диктофонмен айтып берем, басқа маман қағазға түсіріп шығады деп.

Астанадан бірнеше күнге арнайы алдыртып, ұшақ билеті, қонақ үйі, ақысын төлеп тұрып бастадық. Бәрі күшті еді басында. Біраз уақыттан соң ол адам бас тартты. Жаза алмай қойыпты.

Солай “келісіп, артынан жаза алмай қалған” оқиға бірнеше болды.

Сосын өзім отырдым ғой. Қолмен жаздым. Қағазға қаламмен жазып шықтым.

Ағылып түсті. 15 күндей ме күндіз-түні тұрмастан жаздым. Тек тамақ ішіп, ұйықтайм, далаға серуендеп келем. Басқа уақытта тек отырам. Жерүстелге отырып, зырылдаттым. Бір поток ашылып кеткендей болды. Менеджерім тықылдатып компқа теріп отырады, мен қағазды бұрқыратам.

Сосын оны қысқарту… өңдеу… жүйелеу.. реттеу басталды. Максимум қысқартқаным 400 беттік кітап болды))

Кітап жазу оңай емес екен. Аса қиын да емес. Тек жұмысы көп. Шаруасы көп. Жазып болғасын бірнеше қайтара оқисың. Күзейсің, түзейсің, қосасың.

Ең қиындау тұсы - кітапты шығарып бітем дегенше ойың өзгеріп кетеді. Санаң өзгере ме… Алдында қақ жарып тұрған ақпарат әлсіреп қалғандай болады. Баспадан шығып болғанша келесі кітаптың ақпараты дайын тұрады))

Бірнеше адамнан естідім: “тірі кітап” деген болады екен. Тірі организм сияқты, өзінің сознаниесі бар. Ондай кітаптар “өзінікін жасатады”, әрі бөтенді жақындатпайды екен.

Ойй… түрлі ақпар, тірлі пікір, түрлі нұсқа біліп қалдым осы кітап арқасында. Алдымен өзіме терапия болды)

Шықсын. Сосын ауанға қарап көреміз🙏🏻 Тағы 3 кітаптың ақпараты, желісі, идеясы дайын тұр басымда. Тек… шұқшиып отыруға ерінеееем))
👍20❤6
Forwarded from Гуля
Паток идея Алладан келеме?
Дін туралы қозғағым келмейді. Теолог маман емеспін. Қате кетсем, дауға ұласар.

Сондай-ақ, магиялық ойлауға да (магическое мышление) жол бергім келмейді.

Бәрін Құдайға ысырып, “қашан береді, неге бермеді, неге анаған берді, а маған бермеді” деп отырсақ, не болар еді? Тек Құдайға айтып отыра берсек?

Иә, бәрі Құдайдан. Өмір де, бүкіл жаратылыс та, идея да, ақпарат та. Ол - уже база. Ешкім дауламайды, талданбайды. Тек рас. Бітті.

Құдай бәрін берді екен. Одан кейін адамның әрекеті болады емес пе?
• Ізденуі
• Білім алуы
• Дамуы
• Тәжірибе жиюы
• Жазуы
• Еңбектенуі
• Адамдармен қатынас құрып, идеяны жүзеге асыруы
• Жасауы.

Таңдау еркі бар емес пе?
Құдай ұсынып тұрғанда жасау не жасамау.

“Магиялық ойлауға” салсақ, мен құр отырдым и кітап жаза салдым.

Бұл кітапта менің өмірім жатыр. Әр көз жасым. Әр сезімім. Әр ізденісім. Еңбегім.

Поток қалай ашылды сонда? Қанша жыл капсула қылып жинаған ақпараттар (білім, тәжірибе, сезіну, т.б.) жүйеленіп шықты.

Терапиядағы “накопительный эффект” туралы жиі айтам ғой. Психика, бейсана жинап-жинап, қалыпты, үйреншікті нәрсе сияқты шығара салады бір күні. Уақыты жеткенде. Күнде жасап жүрген ісің сияқты болады.

Құдай тақырыбына келгенде абайлап қалам. Адекват ойлау бар да, ана шекке секіріп, “магиялық ойлау” бар. Аражігін ажыратып алсақ👍🏻
❤15👍2🔥2💯2
Forwarded from Гуля
Эльвира соңғы өлшем Пайғамбарлыққа жету, тауда өмір сүреді дедіңіз ғои, соған жеткіңіз келеме? Жауап берсеңіз Рахмет!
❤5
“Қатты кетіп барасың, Мәке” дейтін тентек Мұратты да сағынады екенсің. Дым зияны жоқ еді ғой қасқаның, езуіңе күлкі ұялатпаса😅

Пенделік өмірімді қатырып алайын. Пайғамбарлықты қоя тұрыңыз) Жоқ, жеткім келмейді. Жердегі көп ләззаттан бас тарта алмайм.
❤19🤣10👍1🔥1
Forwarded from Сымбат Шутенова
Сіздің әр шығарған жобаңыз, даже инстаграмдағы сұрақ - жауаптың өзі мені кәдімгідей терапия алғандай күйге түсіреді. Нақты, қазақша жақсы қабылдаймыз в точку түбінен айтасыз. Осы жолдан таймай, өзіңіздің үлкен орталығыңызды ашсаныз, шәкірттеріңізден өзіңіздей маман шықса....
❤13
“Шәкірт тәрбиелеу” деген тек ақпаратты, теорияны бере салу емес, білесіздер. Әйтпесе, елімізде жыл сайын пәлен мың студент “психолог” деген диплом алып шығып жатыр.

Кәсіби маман болудың жолы мүлде басқа. Бұл күнге де жетерміз, бұйырса.
❤18