Эльвира Ерғалина | ПСИХОЛОГИЯ
2.68K subscribers
336 photos
71 videos
2 files
120 links
Психикасын, сезім-эмоциясын сау қылып, жанын емдеп;
сапалы, бақытты әрі табысты өмір сүргісі келетіндерге арналған канал❤️
Download Telegram
Forwarded from Гуля
Рахмет ақпаратыңызға уақыт бөліп, ол қайда екен адресі қай жақтарда шетелдерде ма?
❤6
Ойбууу… Жаңадан бері жазып жатқам жоқ па😅

Мен өткізгенмін. Ұйымдастырушысы, өткізушісі, 8 күн бірге болатын маман мен.

Алматыда, таудағы орында өтті. Кәдімгі демалысқа берілетін орынды 8 күнге жалға алып, топпен бардық. Ол орынға қазір барсаңыз, ештеңе жоқ. Себебі ретритті мен жасадым. Керек-жарағын, коврик, блокнот, қағаз, тамағын, бәрін біз алып бардық.

Түсіндіре алдым ба? Әлде суахили тілінде жазып кеттім бе?)
👍15❤5
Forwarded from Айнур Серік
Эля ханым болсам , көлеңке-жарық, күн-түн, көктем-қыс секілді сериялы кітаптар , жылына 1-бестселлер кітап жазып отырар ма едім деген ой келді .
❤6
Ахаха! Атауларға қатысты стеб өтті! 😅👍🏻
😁6
👆🏻Негізі ше… Кітап жазу өте оңай сияқты көрінеді ғой. Әлде маған осылай болды мааа…

“Көлеңке - Жарық” кітабымды басында бірнеше адамға тапсырмақ болдым. Диктофонмен айтып берем, басқа маман қағазға түсіріп шығады деп.

Астанадан бірнеше күнге арнайы алдыртып, ұшақ билеті, қонақ үйі, ақысын төлеп тұрып бастадық. Бәрі күшті еді басында. Біраз уақыттан соң ол адам бас тартты. Жаза алмай қойыпты.

Солай “келісіп, артынан жаза алмай қалған” оқиға бірнеше болды.

Сосын өзім отырдым ғой. Қолмен жаздым. Қағазға қаламмен жазып шықтым.

Ағылып түсті. 15 күндей ме күндіз-түні тұрмастан жаздым. Тек тамақ ішіп, ұйықтайм, далаға серуендеп келем. Басқа уақытта тек отырам. Жерүстелге отырып, зырылдаттым. Бір поток ашылып кеткендей болды. Менеджерім тықылдатып компқа теріп отырады, мен қағазды бұрқыратам.

Сосын оны қысқарту… өңдеу… жүйелеу.. реттеу басталды. Максимум қысқартқаным 400 беттік кітап болды))

Кітап жазу оңай емес екен. Аса қиын да емес. Тек жұмысы көп. Шаруасы көп. Жазып болғасын бірнеше қайтара оқисың. Күзейсің, түзейсің, қосасың.

Ең қиындау тұсы - кітапты шығарып бітем дегенше ойың өзгеріп кетеді. Санаң өзгере ме… Алдында қақ жарып тұрған ақпарат әлсіреп қалғандай болады. Баспадан шығып болғанша келесі кітаптың ақпараты дайын тұрады))

Бірнеше адамнан естідім: “тірі кітап” деген болады екен. Тірі организм сияқты, өзінің сознаниесі бар. Ондай кітаптар “өзінікін жасатады”, әрі бөтенді жақындатпайды екен.

Ойй… түрлі ақпар, тірлі пікір, түрлі нұсқа біліп қалдым осы кітап арқасында. Алдымен өзіме терапия болды)

Шықсын. Сосын ауанға қарап көреміз🙏🏻 Тағы 3 кітаптың ақпараты, желісі, идеясы дайын тұр басымда. Тек… шұқшиып отыруға ерінеееем))
👍20❤6
Forwarded from Гуля
Паток идея Алладан келеме?
Дін туралы қозғағым келмейді. Теолог маман емеспін. Қате кетсем, дауға ұласар.

Сондай-ақ, магиялық ойлауға да (магическое мышление) жол бергім келмейді.

Бәрін Құдайға ысырып, “қашан береді, неге бермеді, неге анаған берді, а маған бермеді” деп отырсақ, не болар еді? Тек Құдайға айтып отыра берсек?

Иә, бәрі Құдайдан. Өмір де, бүкіл жаратылыс та, идея да, ақпарат та. Ол - уже база. Ешкім дауламайды, талданбайды. Тек рас. Бітті.

Құдай бәрін берді екен. Одан кейін адамның әрекеті болады емес пе?
• Ізденуі
• Білім алуы
• Дамуы
• Тәжірибе жиюы
• Жазуы
• Еңбектенуі
• Адамдармен қатынас құрып, идеяны жүзеге асыруы
• Жасауы.

Таңдау еркі бар емес пе?
Құдай ұсынып тұрғанда жасау не жасамау.

“Магиялық ойлауға” салсақ, мен құр отырдым и кітап жаза салдым.

Бұл кітапта менің өмірім жатыр. Әр көз жасым. Әр сезімім. Әр ізденісім. Еңбегім.

Поток қалай ашылды сонда? Қанша жыл капсула қылып жинаған ақпараттар (білім, тәжірибе, сезіну, т.б.) жүйеленіп шықты.

Терапиядағы “накопительный эффект” туралы жиі айтам ғой. Психика, бейсана жинап-жинап, қалыпты, үйреншікті нәрсе сияқты шығара салады бір күні. Уақыты жеткенде. Күнде жасап жүрген ісің сияқты болады.

Құдай тақырыбына келгенде абайлап қалам. Адекват ойлау бар да, ана шекке секіріп, “магиялық ойлау” бар. Аражігін ажыратып алсақ👍🏻
❤15👍2🔥2💯2
Forwarded from Гуля
Эльвира соңғы өлшем Пайғамбарлыққа жету, тауда өмір сүреді дедіңіз ғои, соған жеткіңіз келеме? Жауап берсеңіз Рахмет!
❤5
“Қатты кетіп барасың, Мәке” дейтін тентек Мұратты да сағынады екенсің. Дым зияны жоқ еді ғой қасқаның, езуіңе күлкі ұялатпаса😅

Пенделік өмірімді қатырып алайын. Пайғамбарлықты қоя тұрыңыз) Жоқ, жеткім келмейді. Жердегі көп ләззаттан бас тарта алмайм.
❤19🤣10👍1🔥1
Forwarded from Сымбат Шутенова
Сіздің әр шығарған жобаңыз, даже инстаграмдағы сұрақ - жауаптың өзі мені кәдімгідей терапия алғандай күйге түсіреді. Нақты, қазақша жақсы қабылдаймыз в точку түбінен айтасыз. Осы жолдан таймай, өзіңіздің үлкен орталығыңызды ашсаныз, шәкірттеріңізден өзіңіздей маман шықса....
❤13
“Шәкірт тәрбиелеу” деген тек ақпаратты, теорияны бере салу емес, білесіздер. Әйтпесе, елімізде жыл сайын пәлен мың студент “психолог” деген диплом алып шығып жатыр.

Кәсіби маман болудың жолы мүлде басқа. Бұл күнге де жетерміз, бұйырса.
❤18
Кәсіби маман терапияда психикасымен “емдейді”. Ақпаратпен ғана емес.

Ол үшін маманның психикасы “емделген” болуы тиіс. Сондықтан “психолог болу үшін жеке терапияң + супервизияң болу керек” деп талап қояды.

Психологтар өмір бақи оқып, дамып, біліктілік арттырып, терапия/практикалар алып жүреді.
Себебі заман, қоғам тез өзгереді. Соған қарай адамдардың да психикасында, санасында өзгеріс болып отырады.

Психология мен техниканы параллель алуға болады. Техника жыл сайын жаңарып, дамып отырады. База бір, бірақ көп өзгереді. Психологияда да адамға ықпал етер методикалар, зерттеулер, жаңалықтар дамып отырады. База қалғанмен.

Түсіндіре алдым деп ойлаймын.
❤17👍4
Жасанды интеллект алмастыра алмайтын мамандықтың/саланың бірі - психология🥰

Көп мамандықты ЖИ алмастырып кету болжамы бар. Алдағы 5 жылдықта.
❤19
‼️Алматы!

20-маусым “КӨЛЕҢКЕ — ЖАРЫҚ” кітабымның тұсаукесері болады🥳

Бұл күнге де жеттік!
🎉52❤13
20-маусым жаздың ең ұзақ күні.

КӨЛЕҢКЕ (түн) ең қысқа, ЖАРЫҚ (күндіз) ең ұзақ күн.

“Кітаптың да, оқырманның да өміріндегі жарық (сәуле) көп болсын” деген ниетпен… тұсаукесер осы күнге сәйкес келді.

Созылып-созылып осы күнге дөп түсті.
👍53❤20🥰4❤‍🔥2
“КӨЛЕҢКЕ — ЖАРЫҚ” кітабым оқырманға аттанғалы тұр.

Тұсаукесерге жиналып, ақ батамен “жолға” шығарып саламыз🙏🏻

Мынау - шақыру қағазы.

Ертең Алматыдағы тұсаукесер уақыты, мекен-жайы туралы ақпарат айтамын.
👍34❤11🔥2🥰1👏1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
‼️АЛМАТЫ! ТҰСАУКЕСЕРГЕ ШАҚЫРАМЫН!

Құрметті алматылық оқырманым!
Сізді “Көлеңке - Жарық” кітабымның тұсаукесеріне шақырамын.

Жаңа кітапты ақ батамен оқырманға шығарып саламыз. Сатылым ашылады. Әрине… қолтаңбамды қойып, бірге суретке түсеміз.

📚Кітап тұсаукесері:
• 20-маусым күні
• сағат 17:00 басталады.

📍Мекен-жайы:
• Алматы қаласы
• Достық, 132
• COFFEE BOOK (Мазмұндама баспасының жаңа кеңістігі)

Ал кітапты алғыңыз келсе,
20-маусым Каспи дүкенде сатылымға шығады.

Сізді күтемін, құрметтім!💐
❤28❤‍🔥1
Сағат түнгі 1:40. Соңғы күндері кеш ұйықтап жүрмін.

Жұмыстың көптігінен емес. Түрлі сезім буырқануда. Қорқыныш та, қобалжу да, қуану да, алғыс та… бәрі аралас.

Кітабымның шыққанына қуанам.
Сонша талпынысымның соңы әдемі аяқталғанына алғыс айтам.
Ал… қорқынышым мен қобалжуым…

Жан сырымды, ішкі процесімді, түрлі сезімімді оқырманның “қолына ұстата салуға” қорқақтап жүрмін. Сонша жыл серік қылған қазынамды ашып көрсете салатындай күй.

Иә, мені әрлі-берлі тербеп жүрген осы. Ішкі әлеміме, тұнығыма оқырманымды енгізгелі тұрмын. Кітабым арқылы сүңгімек.

Бұрын-соңды болмаған құбылыс. Мені сырттан танитындар көп-ақ, ал ішкі әлеміме назар салғандар санаулы. Міне, көбеймек.

Бұған дайын болсам да, уақыты жақындағанда сезіну мүлде бөлек екен.

Енді әр оқырманыммен бар сезіміммен, тұңғиығыммен құшақтасатындай күйдемін…
❤54👍1
Forwarded from Еликбаева Райгуль
Мазмұнын оқып ақ сындым, құладым, жаттым🤩
Бізден де осындай керемет психологиялық кітап шығады екен ғооой деп қуаныштан көзіме жас келді❤️
❤30