Эльвира Ерғалина | ПСИХОЛОГИЯ
2.68K subscribers
336 photos
71 videos
2 files
120 links
Психикасын, сезім-эмоциясын сау қылып, жанын емдеп;
сапалы, бақытты әрі табысты өмір сүргісі келетіндерге арналған канал❤️
Download Telegram
Осындай жып-жылы ортамыз болғанына мен де қуанамын. Осы каналымның “басқа жақтардан” вайбы бөлек.

Мұнда өзіміз отырып әңгіме айтатындаймыз🥰🫶🏻
❤46👍3
Біраз дүниені қызымнан “қайта үйреніп жүрмін”.

Әсіресе, ерінбестен боянып, шашты түрлі құралмен әрлеп, көйлек киіп, сылаң қағатын “пісіп тұрған бойжеткен” шағымды еске салуда. Жоқ, еске салу емес, “болмаған бойжеткен шағымды” қайта сүруге болатынын көрсетуде.

Қызым өте сұлу. Талғаммен киінеді, талғаммен сыланады. Түсініксіз киінетін түрлі-түсті “өтпелі кезеңнен” өтті. Қазір үлбіреген қызға тән талғамы қалыптасты. Ісі де ширақ. Кәсіп жасап көріп, болашаққа қажет қабілеттерді қалыптастыруда.

Бүгін “мына сөмкеге анпакинг түсірейік” деді. “Былай әдемі көрінеді” деп, кадр түгелдеп жатқанда сүйсіндім. Өз жасына сай өсіп жатқанына сүйсіндім.

Иә, бойжеткендерге осындай дүниелер қызық. Сырт келбет, сыртқы көрініс қызық. Маңызды. Қажет.

“Болмаған бойжеткен шағымды” тірілтуге кірісем-ау. 18-імде күйеуге шығып, 19-ымда ана атанып, ары қарай шырғалаңмен шырмалған “пробельдерімді” толтырғым кеп кетті.

Міне, кітаптан кейін жаңа мақсат пайда боп келеді🥰
❤49👍9🤩5🥰2
“Анасы мен қызының арасындағы осындай жып-жылы қатынасқа қызығамын. Осыны оқып, жылап қалдым” деген пікірді оқып ем. Таппай қалдым. Авторы өшірген сияқты.

Мұндай қатынасты мен де көрмегем. Мен де қызығатынмын. Кітапты оқығандар түсінеді, боянсам - “бұзылып кеттің”, сылансам - ж*леп боласың” деген “тәрбиемен” өстім… көбіңіз сияқты. Ана/әжеміз де солай өскен (шығар).

“Бұл шынжырды ары қарай жалғамаймын, менімен тоқтайды” деп шешкем. Үйренуге болады. Сол кезеңдерде миға құйылған қағидалар мен жан сіңірген сезімдерді өзгертуге болады. Маған терапия көмектесті.

Ендігі мақсатым “қоқыс төгуге де боянып, сыланып, сәнденіп” шығу😅

Ондай кезең болды ма сізде? Сыланбай, үйден шықпайтын?
❤27🔥5😁5👍2
Forwarded from Гуля
Эльвира! Анамен қалай жақсы қарым қатынас бастауға болады? Арамыз алшақ
“Сұмдық” бір ақпарат айтайын…

“Анамен қатынас жақсы болу керек” деген иллюзия орындалмай кетуі де мүмкін. Ол - сырттың талабы. Сол үшін өзіңізді қинамауды ұсынамын, алдымен.

Яғни анамен қатынас жақсы емес екенімен келісу, жақсармауы да мүмкін деген вариантты қабылдау.

Өйткені, ана өзгермейді. Өзгені өзгерте алмаймыз.

Біз тек… анаға қатысты түрлі сезімді, ойды өзгертеміз. Ананы, оның тағдырын, жан-жарасын, таңдауын еш өзгертпестен, қалай бар, солай қабылдауды меңгереміз. Қиялымыздағы “идеал ана” болмадың деген шағымнан арыламыз. Идеал ана болмағанын, болмайтынын мойындаймыз. Келісеміз.

Анамен қатынас, ана образына терапия ауыр болатыны - шындықпен кездесу ауыр. Бірақ содан өтеміз.

Сонда ғана “перзент” деген орнымызға түсеміз. Өзімізге өзіміз “қамқор ата-ана” болуды меңгереміз.

Реалдағы анаға шағым-талап, өкпе реніш көп кезде “жақсы қатынас” құру мүмкін емес.

“Көлеңке-Жарық”-ты оқуды ұсынамын. Бәрін қадам-қадаммен түсіндіріп, терапиялар бергем. “Кітап оқи алмайм” десеңіз, терапия-курстарыма, терапияма келіңіз. Басқа маманға жүгініңіз. Қадам жасап көріңіз.
❤48👍8💔3👏1🤔1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ата-ана бізге барын береді. Өзінде жоқты, біздің қиялымыздағыны бере алмайды.

Бергенін аламыз. Рақмет айтамыз, құрмет көрсетеміз. Ал бермегенін (қалағанымызды) өзіміз жасап аламыз. Өзгеруге де, (ата-ана бергенін) өзгертуге де қазір құрал көп, молшылық замандамыз.

Ұрпақтан-ұрпаққа берілетін “мұраларды” сұраптауға да болады, еш өзгертпестен ары қарай жалғауға да болады.

Видеоны инстадан көрдім, осында тұрсыншы🫶🏻
❤39👍5🥰1
Forwarded from Ақерке Сәмідінова
Кітапты қалай алсақ болады?
Бүгін кітабым туралы деректі фильм шығады🥹
❤26🏆3👏1
“Көлеңке—Жарық”-тың “тестовый” нұсқасын қолыма алғанда… ерекше сезім, ерекше эмоция болды. Сол видеоны инстаға салғам.

Эмоциямды көрген Жамбыл “ұсыныс бар, кітап туралы документальный фильм түсірейік”, деді. YouTube жобаларымды, жалпы видеоконтентімді “жасап жүрген” жігіттер.

Айналамда идеясын жүзеге асырғаннан ләззат алатын, өз ісін қатты жақсы көретін жандар. Сіздер тұтынатын сапалы контенттің бәрі шығармашылық “отымыздан” туындайды. Жаңаны жасап, тәжірибе жиып, өсу процесіндеміз үнемі.

Жамбыл фильм желісін, сұрақтарын, сценарийін, бас-аяғын өзі дайындады. Мен тек түстім, сұраққа жауап бердім))

Бірнеше күн жүріп, 6 сағаттық видео жинапты. Соның ішінен 27 минуттық қысқа фильм дайын болды. Көркем емес, деректі фильм.

Бұл - Жамбылдың осы форматтағы алғашқы жұмысы. Қолдауларыңызды сұраймын. Дайын болғанда сілтемесін саламын осында🥰
👍26❤5❤‍🔥3
Forwarded from ❤️
Эльвира ханым өте мағыналы әсерлі фильм болды. Өте қатты ұнады. Жыладым. Қуандым. Толқыдым. Тамсандым. Керемет. Қаламыңыз ұштала берсін. Тағы ғажап кітаптар шығарына сенімім мол. Сәттілік. Кітап өмірлік жолсілтеу боларын сезем. Алдым. Оқимын.🥰😍
👍12❤1
🎁 Кітапты да, тұсаукесерді де, деректі фильмді де, соңғы кездегі ісімнің бәрін “бала Эльвира үшін” жасап жүрмін.

Бір кездері өзін ешкімге керексіз, маңызсыз, қорғансыз сезінуші еді. Қазір “довольная”. Мәз. Қаншалықты маңызды екенін сезінуде🥰

Әрбіріңізге бөліскен сезім-эмоцияңыз үшін рақмет! “Балалығыңыз” аңсаған арман-қалауыңыз орындалсын! Ол мүмкін🫶🏻
👍37❤23🔥3❤‍🔥2🥰1
Әңгіме айтамыз ба? Подкаст сағындыңыз ба?🥰
👏13❤1
Бүгінгі әңгіменің арқауы болсын, сұрақ қойыңыз. Бір не бірнешеуіне подкаст арнаймын🫠
❤11
🎤Подкаст: КІТАПТЫ ОҚЫҒАН СОҢ АШУ КӨТЕРІЛІП, ЖЫЛАУ КӨБЕЙДІ. НЕГЕ?
❤15👍3
Forwarded from Adina К.
Эльвира ханым, кеш жарық!
қалыңыз қалай? 🌷

осы каналыңыздың ссылкасын жібере аласыз ба?
басқалармен бөліскім келіп еді, осынша құнды ақпараттардың көп адам білгенін қалаймын🥹🫂
❤9
Вааай!🥹

Каналға спам-шабуыл болғасын құлыптап алғам.

Каналды өзгелермен бөлісем десеңіз, міне сілтемесі. Рақмет!🫶🏻

https://t.me/+UTrTMfoejiUaXIxi
❤1👍1
Forwarded from Дина
Сәлеметсізбе! Мен бүгін кітапті сатып алдым бірден оқуға кірістім. Керемет ұнап жатыр, бірақ Тепрапиялар Qr -ды ашалмай отырмын.