Қайырлы түн! Қалдарыңыз қалай?
“Көлеңке—Жарық” кітабын оқып, сезім-эмоциясын өткеріп жатқандар бар ма? Қалай боп жатырсыздар?
Онлайн/оффлайн жиналып, кездесу ұйымдастырып, күйді/ойды талқылауға дайынсыздар ма?
Сіздер оқып алсын деп, әзірге үнсіз жүрмін. Біраз жерге кеп қалсаңыз, менің тарапымнан күйіңізге қолдау қажет болса, жазыңыз. Кездесулер ұйымдастырамыз🫶🏻

❤19
Жақында бір подкастқа бардым. Өзім сұранып түскен алғашқы подкаст.
Неге өзім сұрандым? Себебі подкаст иесімен қызық естеліктер, арада қатынас бар.
Әдемі әңгіме болды. Ойымыз түйіскен де, түйіспеген де сәт бар мұнда.
Көруге ұсынамын. Біраз ой түйерсіз
https://youtu.be/xygS-0eZnbI?si=MKShVmUJNPp0hyYV

YouTube
Эльвира Ерғалина: қалай қателіктеріңнен ақша жасауға болады?
Инстаграм арқылы көп ақша тапқысы келетіндерге арнайы «сториспен оңай сатуды» үйрететін жаңа канал аштым, сабақтарды толықтай қарап шығып, сториспен ақша табуды бастаңыз 🔥👇🏻
https://youtube.com/@akbotaanuarbek.1?si=Z0N8ZU5NSne2ajE9
Сәлем достар,сіздермен…

❤14💋3
Тіл үйренушілерге практика алаңы бар - арнайы приложение ғой.
Бұрын қолданушы ем. Соңғы кездері есіме түсіп, қайта тіркелдім.
Мықты дамып кетіпті. Арнайы комнаталары бар: тек аудио арқылы да, видео арқылы да тікелей эфирге қосылуға болады. Үйреніп жүрген тіл аясында түрлі тақырып өрбітесің. Бұл жаңалығы ұнаДДы.
Қолданбай жатқан түрікшемнің шаңын қағып, сөйлесе бастадым (енді ағылшынша еркін сөйлесе алатын деңгейге жетсем).
Бүгін қызық тақырыпта пікір алмасу болды. Ирак, Корея, Түркия, Ресей, Малайзия, Әзірбайжан, Қазақстан, Өзбекстан қыз-жігіттері ер мен әйел қатынасын қозғадық.
Сонда ұққаным… “маған күйеуге шықшы” деп, жүрегі мен жүзігін ұсыну процесі, оның ерекше әдемі болуы тек қыздарға ғана арман емес екен. Жігіттер де армандайды екен. Бұл маған жаңалық болды.
“Тосынсый жасау сәтін жіберіп алдым; ойыма неге келмеді екен” деген сияқты өкініштерін де білдірді жігіттер. Нақтысы, үйленген ерлер.
“Қазір әйеліңізге қайта жасауға болады ғой” деген аргументке: “Қайта жасау алғашқыдай сезім, қуаныш бермейді. Моментті жіберіп алдық деп қабылдаймыз” деген жауап алдық.
Қызық… қатынаста тек әйелдің қалауы мен эмоциясы, оны қанағаттандыру жетелемейді екен. Романтика жайлы ерлердің де аңсары болады екен. Бүгін ашқан жаңалығым🥰

❤41👍6
Осы уақытқа дейін мені әкеден көп мұра алған байдың қызы, олигархтың әйелі еш қызықтырмапты. Дайынға топ еткендерді елемегем. Тек өзі еңбектенген, өзін өзі жасаған қыз-келіншектер шабыттандыратын. Сүйсінетінмін.
Кітабым шыққаннан кейін “енді қандай проект жасасам екен” деген ойымды “қағып алдым”.
Так! Стоп! А неге проект жасай бергім келеді? Иә, қалауым, а оның артында не тұр?
Осы оймен біраз жүрдім. Қалағанымды жасай алатыныма разымын. Неге қалауым тек бірдеңе жасау? Жасамау деген қалауды неге танымаймын? Бұл өмірде ештеңе жасамауға бола ма?
Сонда байқадым, мектеп программасынан бастап “бірдеңе жасағандардан” шабыт алып үйренген екем. Қару алып соғысқа шыққан Әлия, Мәншүктен бастап, тізбектесең, Тұмар патшайымға жетесің.
Оның арысы анамнан, әжемнен, нағашы әжемнен басталады. Біздің әулетте әйелдер білекті түріп жіберіп, шаруаны жапыратын іскер. Сауда-саттықпен, қызметпен белсене ақша тапқан. Қарттық жетсе де, үй тірлігімен амалдаған әжелерім.
Қаннан, геннен асып мен қайда барам? Әрине “бірдеңе жасап жүрем”.
Ата-тектің тартып кететін ықпалы қалай, ә? Жанталас, қорқыныш, үрей емес, қалаудың, алатын ләззатыңның өзіне негіз болады.
Енді бай-бақуаттының мұрагер қыздарын, әйелдерін зерттеп бастадым. “Олардың болмысы қалай болады екен өзі, дүниетанымы қандай” сияқты сұрағым көп🫠
Қазір маған еңбектеніп ақша табу оп-оңай, өте таныс. Ал әлем ұсынған байлықты “просто так” алу - жаңа бағыт.
Сізді қандай қыз-келіншектер шабыттандырады?

❤43👍12🏆1
Forwarded from Камшат Жумабай
Маған да бұрын өзін жасаған танымал тұлғалар, бизнесмен қыз-келіншектер қызықтыратын. Бұрын байқамаппын, алайда ойланып қарасам, жүрегімнің түкпірінде байдың қызы, олигархтың әйелі болу да қызықтырады екен.Бұл бір жаңалық болды…
❤6
Мәселе тек ақшада ғана емес. Өмір сүру салтында. Өзін сезінуінде. Бос уақытын немен толтырады, қызығушылығы неде, өмірлік қозғалысын неге сүйеніп таңдайды, т.б.
Билік, контроль, басқару (адамды емес) сияқты ішкі қалау да болады, әсіресе, шығармашыл жандардың қалауы. Көңілің толып, масаттанатын күй. Сол бар ма бұл жандарда?
Айттым ғой, мұндай санат бүтін бір әлем боп тұр. Себебі бәрі ақшамен шешіле салмайды, жанның да, көңілдің де қанағаттанғаны маңызды.

❤29👍4👏2
• “Эксперт Эльвираның отпускісі аяқталсын. Эксперттік контент келсін” дегендер - ❤️,
• “Түрлі ойыңмен бөлісе бер, эксперт Эльвира демала тұрсын” дегендер - 🔥 басыңыздаршы.
Аудиториямның қалауын да естиін. Бұл каналда сіз де барсыз, біздің қатынасымыз бар.

❤91🔥59
Өмірде бәрі деңгейден, этаждан, этаптан тұрады, байқадыңыз ба?
Перзентхана👉🏻Балабақша👉🏻Мектеп👉🏻Универ👉🏻Жұмыс👉🏻Зейнет, т.б.
Ана құрсағы👉🏻ата-ана үйі👉🏻жатақхана👉🏻жалдамалы пәтер👉🏻жеке баспанаң👉🏻зәулім үйің, т.б.
Жыл мезгілдері, уақыт, көпқабатты үй, қолдағы смартфон, тіл үйрену, бізді қоршағанның бәрі деңгеймен, этаппен.
Адам санасы да, интеллекті де, психикасы да деңгей-деңгеймен өседі. Жоғарыға шығуға болады не бірінде қалуға болады. Бізде үнемі таңдау бар.
Өсу үшін: қазір қай деңгейде екеніңді және қай деңгейге бара жатқаныңды айқындау маңызды.

🔥30❤7💯4
Құрметті кедейлер!
Жаңылтпаш/шырмауық ойға тап боп жатырмын түн ішінде.
Айналасында кітап жазған (бірнеше) дос-құрбысы, ұстаздары бар жанның кітап оқудыңжаман керексіз екенін айтуы анти-солидарность (осылай әдемі сөзбен жаба салайық) па?
Ал сол кітап жазған дос-құрбысының, ұстаздарының (осы сөзіне) үнсіз қалғаны солидарность па?
Харакири жасаған жанға қандай реакциям шыққанын түсіне алмай жатырм. Шын айтам, мүлде түсініксіз сезім🤷🏻♀️
Жаңылтпаш/шырмауық ойға тап боп жатырмын түн ішінде.
Айналасында кітап жазған (бірнеше) дос-құрбысы, ұстаздары бар жанның кітап оқудың
Ал сол кітап жазған дос-құрбысының, ұстаздарының (осы сөзіне) үнсіз қалғаны солидарность па?
Харакири жасаған жанға қандай реакциям шыққанын түсіне алмай жатырм. Шын айтам, мүлде түсініксіз сезім🤷🏻♀️
❤26
“33 жас - ең қауіпті жас” екенін айттым ба?
Жоғарыда жаздым-ау.
Жан-дүниеңмен емтихан тапсыратын жас. Ата-тектегі бүкіл сценарий-программа бірден іске қосылып, психикаң да, эмоцияң да атылып кететіндей күй кешетін жас.
Бұл емтиханнан өте алмасаң, келесі емтиханға қаласың. А ол қатаңырақ болады.
Қызық.

❤29
Бұрын “саясат сайқал” деуші еді үлкендер. Қазіргі дәуірде “маркетинг, статистика сайқал”.
Цифр қуамын деп жүріп, негізгі ризықтардан арылуың мүмкін. Мысалы: абырой, репутация, сенім, құрмет, сыйлы қарым-қатынас, адалдық, т.б.

❤28👌8👍2
Forwarded from Айнур Адайхан
Оқымайтын адам оқымай-ақ қойсын. Сол кітабыңыз арқылы бунт, жылау, ашулану мен ата-тегімді ақтап неше түрлі сезімде жүрмін. Мойындамай келген ата-тегім алапат ресурс екен. Осы жүйенің бір бөлігі екенімді сезіну керемет сезімдер сыйлауда. Сізге тек қана алғыс🫶🫰🌸🍃
❤20👍2
Forwarded from Жанар Оразбайқызы
ЭЛВИРА кітапты алдым, бірінші терапиядан соң, денемді ала алмай қалдым. Барлық жері ауырып, кітап мощный.Қазақтан осындай білімді, жаны ашитын, аз ақшаға өз өткен күндеріндегі оқиғалар тек сенің өсуіңе деген инструмент екенін түсіндіруге, ғылыми тұрғыдан қарауға, оның шешімі тек сенің сол оқиғаға деген реакция, ойларың, сезімдерің екенін нақты себептермен түсіндіруге бар ынты-шынтыңмен, шын ықыласыңнан туған дүние екенін мен мойындадым.Толық бір деммен оқып шықтым, жазып ,жеке жеке терапиясынан өтсем, өмірімнің жаңа деңгейіне көтерілетінімді білемін. Қазіргі уақытта психологияның бір бағытын оқып, клиентпен жұмыспен жүріп, мойным жар бермей жүр. Сізге бар жақсыны тілеймін, өз өмір жолыма қатты ұқсастығы таң қалдырды...
❤16👍2
💎 Әр адамның қозғалысына, әрекетіне негіз болатын “бензин” бар - ӨМІРЛІК МӘН.
“Өмірдің мәні неде” деген сұраққа жауап іздеп көрген болсаңыз, түсінесіз. Ол әр адамда жеке болады. Бейсаналық құндылығы, жан қалауына тікелей байланысты (психология тілімен айтсам, травманың бар-жоғына байланысты).
“Өмірлік мәні - күресу” болған адам күресті, соғысты барлық жерден табады. Төбесінен ақша құйып, байлыққа көміп тастасаң да, әлденемен күресумен болады.
Қиындық, проблема жеңуді бейсанасымен таңдаған адамның қиындықсыз күні өтпейді. Жеңетін, шешетін нәрсені табады.
Дәлелдеуді, озуды таңдағанның айналасынан бәсекелес, конкурент кетпейді.
Жанымен, тәнімен ішкі “больді” қорғауға ұмтылған адамға үнемі “больно” жасап жүреді. Әйтпесе, нені қорғайды?
Ләззат алуды таңдағандар қара нан мен қара судың өзінен кайф табады.
Байқасаңыз, бұл өмірдің барлық деңгейінде қайталана береді: жоқшылықта да, тоқшылықта да, байлықта да, кедейлікте детүбірін өзгертпейінше.
Ад енді кульминация! Ақша осы бар МӘНді күшейтеді. Ақша көбейген сайын МӘНнің масштабы да күшейе түседі. Күресу ме - үлкен мәселемен күресе бастайсың, бұрынғыдай майда-шүйде емес. Дәлелдеу ме - бәсекелестерің мықтылар болады, т.б.
“Қосылғыштардың орнын ауыстырғанмен қосынды өзгермейді”. Түбірін, бейсаналық шешімді/таңдауды өзгерту қажет.
“Көлеңке—Жарық” кітабын оқып, терапияларын жасасаңыз, сол түбірді/шешімді көресіз, танисыз. Өзгертуге де мүмкіндік бар кітапта. Ал сізде өзгертпеуге де таңдау бар.
Жай кітап емес деп ескерткенімдей, оқыған жанның әлемін төңкеріп тастап жатқаны осы: әркім өз шындығымен кездесуде.
“Өмірдің мәні неде” деген сұраққа жауап іздеп көрген болсаңыз, түсінесіз. Ол әр адамда жеке болады. Бейсаналық құндылығы, жан қалауына тікелей байланысты (психология тілімен айтсам, травманың бар-жоғына байланысты).
“Өмірлік мәні - күресу” болған адам күресті, соғысты барлық жерден табады. Төбесінен ақша құйып, байлыққа көміп тастасаң да, әлденемен күресумен болады.
Қиындық, проблема жеңуді бейсанасымен таңдаған адамның қиындықсыз күні өтпейді. Жеңетін, шешетін нәрсені табады.
Дәлелдеуді, озуды таңдағанның айналасынан бәсекелес, конкурент кетпейді.
Жанымен, тәнімен ішкі “больді” қорғауға ұмтылған адамға үнемі “больно” жасап жүреді. Әйтпесе, нені қорғайды?
Ләззат алуды таңдағандар қара нан мен қара судың өзінен кайф табады.
Байқасаңыз, бұл өмірдің барлық деңгейінде қайталана береді: жоқшылықта да, тоқшылықта да, байлықта да, кедейлікте де
Ад енді кульминация! Ақша осы бар МӘНді күшейтеді. Ақша көбейген сайын МӘНнің масштабы да күшейе түседі. Күресу ме - үлкен мәселемен күресе бастайсың, бұрынғыдай майда-шүйде емес. Дәлелдеу ме - бәсекелестерің мықтылар болады, т.б.
“Қосылғыштардың орнын ауыстырғанмен қосынды өзгермейді”. Түбірін, бейсаналық шешімді/таңдауды өзгерту қажет.
“Көлеңке—Жарық” кітабын оқып, терапияларын жасасаңыз, сол түбірді/шешімді көресіз, танисыз. Өзгертуге де мүмкіндік бар кітапта. Ал сізде өзгертпеуге де таңдау бар.
Жай кітап емес деп ескерткенімдей, оқыған жанның әлемін төңкеріп тастап жатқаны осы: әркім өз шындығымен кездесуде.
👍22❤15
Forwarded from Сабина
😍😍 каспиден тапсырыс бердім, бұйырса сенбі күні қолыма аламын.. прям в предвкушении отырмын 😄 әпкем де алды, бір-бірімізге қолдау жасайық деп бірге бастағалы жатырмыз ☺️🤗
🥰8
📚 Екі не бірнеше адам боп бірге оқу, талқылау, сезім-эмоцияны өткеруге қолдау беру мықты көмектеседі. Әрі адамдарды бір-біріне жақындастырады. Себебі жан-дүниеңізбен ақтарыласыз және бір-біріңізді түсініп тұрасыздар. Қорғану, қорқу болмайды.
Әсіресе, ерлі-зайыптылар осылай жасаса, арадағы жақындық күшеюі мүмкін. Бір-біріне жаңа қырынан ашылады😍

❤22🔥3
Audio
Мына сұраққа сіздің пікір/жауап қандай? Өз нұсқаңызды жазыңызшы.
P.S. бұл біздің жеке әңгімеден үзінді, ешқандай астар жоқ

❤6👍1