Эльвира Ерғалина | ПСИХОЛОГИЯ
2.68K subscribers
336 photos
71 videos
2 files
120 links
Психикасын, сезім-эмоциясын сау қылып, жанын емдеп;
сапалы, бақытты әрі табысты өмір сүргісі келетіндерге арналған канал❤️
Download Telegram
Соңғы кездері “установкамен жұмыс, установканы өзгерту” деген запросты жиі естіп жүрмін айналамнан. Осы тұсты түсіндірейінші.

Установка/қағидалар - мышление, оймен жұмыс. Санамен жұмыс. Сіз басқара алатын ой жүйесімен жұмыс. Жақсы көмегі тиеді. Онымен коуч, наставниктер көбірек айналысады.

Ал терапия - сезім-эмоция, бейсаналық процестермен жұмыс істейді. Тереңде жатқан, сіз мүлде басқара алмайтын, білмейтін мәселелерді майшаммен қарайды.

Қорқынышпен жұмыс үшін терапия алыңыз. Жоқ дегенде, “Көлеңке—Жарық” кітабын оқыңызшы. Сонда анық ашып жазғам және аудио-терапиялары бар.

Ал установкамен жұмыс үшін “НейроАқша” курсымды алсаңыз болады. НЛП құралдарымен, мышление өзгертуге арналған. Установка өзгертудің түрлі құралы берілген курста.

https://elviraergalina.tilda.ws/neiroaqsha
👍8❤4
Жақында “коуч қалай жұмыс істейді, психотерапевт қалай жұмыс істейді, психолог кім, психиатр кім” бір жанға айырмашылығын түсіндірген ем. Қатты таң қалды.

Бұлардың әрқайсысы әртүрлі функция атқаратынын білмейтіндер бар екен. Өзіміз оқып алғасын “түсінікті нәрсе ғо” деп жүре береміз, бәрі білетіндей.

Сіз айырмашылығын білесіз бе? Қайсысына қай кезде жүгіну керегін білесіз бе?
❤29
🎤Подкаст: БУЛЛИНГ және ӨЗІҢЕ ЖАҚТАСУ
❤26
Жалғасы
❤23👍1
ӘЙЕЛ - ӘЙЕЛГЕ ТІРЕК

Қазір өте әдемі кезең. Әйел - әйелге қас-дұшпан, бәсекелес, сыншы, тиран емес. Керісінше, қолдаушы, дос, ұстаз, сүйеніш, сырлас, жарасына ем себетін қамқор.

Айналаға қараңызшы. Білімді кімнен аласыз? Әйелден. Жаныңызға емді (терапияны) кімнен аласыз? Әйелден. Комплимент, қолдауды кімнен аласыз? Әйелден. Бағыт-бағдарды да сілтеуші әйел.

Мамандардың басым бөлігі әйелдер. Блогында тәжірибесімен бөлісіп, дүкен-мекен, пайдалыны көрсететін де осы жыныс өкілі. Бизнестегі тәй-тәй қадамыңызда демеп жатқан да әйелдер.

Өзі жеткен белесінен қол созып, белгісіз қадамды үмітпен аттауға, өзіңізге сенуге ықпал етуде бәрі. Өте әдемі көрініс.

Жан-жақты контентім, қызметім арқылы әйелдерге әрі сырлас, әрі мұңдас, әрі қамқор, әрі құрбы, қолдаушы, ішкі жарығын ұлғайтушы боп жүргеніме қуандым. Махаббатыммен құшақтап жүрмін❤️

Ана, әже, әпке, жеңгеде болмаған, олардан ала алмаған ресурсты басқа әйелдерден алуға болады. Орны толады. Мүмкін…
❤65👍8
Forwarded from Tansholpan Mekenbai
Сәлеметсізбе? Эльвира ханым бұл тақырыпқа қатысы жоқ әрине бірақ сізді міндетті түрде бұл жайынды өз ойыңызды білдіресіз деп сенемін сұрағым келгені ішетін адам жайында не айтасыз ішетін адам қоядыма ішетін адамда сущность болады деп айтадығой ол жайында не айтасыз темболее ол кісінің Әкесіде ішетін болса ішкен кезінде артық іс әрекеті жоқ әрине дегенмен добрый болып қалады но көп сөзі болады яғни мылжың әңгімесі мен ішетін адамның психологиясы жайында білмеймін әрине но қорқыныш болады екен дегенмен ол жалпы қоядыма? Не айтасыз бұл жайында
‼️Адам өмірде көп ләззат алғысы келсе, рахаттанғысы келсе… бірақ оның АҚЫСЫН төлегісі келмесе… тәуелділікке кетеді. Тәуелділікті күшейтеді.

Мысалы: ішетін адам қалай бастайды? Ішкенде көп проблемаңды ұмытып, босаңсып, комплекстерің түсіп қалып, батыл болады екенсің. Рахат па? Рахат!

Соны тағы-тағы-тағы қайталағысы келеді. Көөөп. Ішімдікке салынады.

Ол адам тез алған ләззатының ақысын төлемеді: яғни ләззат үшін тер төкпеді. Сатып алды - ашты - ішті.

Ләззат алудың түрі көп: еңбегіңнің жемісін көру, шаршап болып демалу, спортпен айналысқандағы ләззат, бірдеңені үйренгендегі ләззат, т.б.

Адам ештеңе істемей ләззат алуға ұмтылғанда солай болады.

Бұл - психология тілімен. Сущность, басқа деген арғы жағына өтпей, осы реал қабатты реттеп алған тиімдірек.

Ал ата-тектен, тұқым қуалайтын әрекет болса… онда “тез ләззат алудың не қиындықтан қашудың жолы осы” деген программа берілген шығар.

Жалпы ішімдікке тәуелділік тақырыбының жан-жақты талқысы бар. Себеп түрлі болады.
❤21👍1
Адамның жан жарасы, ішкі қайғысы, страданиесі көп болады. Оған шыдай алмай не шешетін жолды білмей жүреді. Өзінен қашып кеткісі келеді.

Ондайда қашатын нәрсе көп: құмар ойын, үшбұрышты қатынас, наркотик, ішімдік, жұмысқа баспен кету, т.б.

Өзін де, жан жарасын да ұмыттырады. Ішкі болінен басқа жаққа, түрлі эмоция бар жаққа “ұшып кетеді”.

Ол жақтан қайтқысы келмейді де, тәуелділікке ұласады.

Ішкі напряжениені шешудің басқа жолын көрмегеннен/білмегеннен де тәуелділікке кетеді.

Талқылай берсек, әртүрлі нұсқа шығады.
🔥15❤2
Той-томалақта, дастархан басында бір стақан ұрттап алмаса, ешкіммен сөйлесе алмайтындар бар. Ішсе, жадырап, ән айтып, арқа-жарқа, бәрімен тату болады.

А ішімдік жоқ жердің бәрі нашар, жаман боп қабылданады ол адамға.
Неге олай?

Себебі ішкі напряжениесі көп, трезвый күйде адаммен сөйлесуді үйренбеген, қалай сөйлеуді білмейді, қатынас құруды білмейді делік. Ішсе, оның бәрін өшіретін кнопканы басады. Босаңсиды. Ішкі боль, напряжение өшеді (обезболивающий сияқты ғой). Өзі туралы комплекстері уақытша өшеді. Сосын адамдармен еркін сөйлеседі, өзін еркін ұстайды.
❤18👍4
Ішімдік, тәуелділіктің бәрі жаман деп қабылдаймыз. А кей адамдарға ол - тірек. Представляете?

Арқа сүйейтін, ішкі больдан әупірімдеп өзін сүйрейтін бір тірек. Басқа жолын білмейді. Тек соны ғана таниды.

Бұл өмірде таңдауымыз, жасайтын әрекетіміз (зиян болса да, пайдалы болса да) бізге керек болғаннан жібермей жүрміз. Әйтеуір бір қызмет атқарып тұр.
❤21👍7
⁉️ Қалайсыз?
Мұнда сіздерге айтатыным өте көп те, дәл солай айтатыным мүлде жоқ. Екіұдай сезім).

Өзіңізде не жаңалық? Қандай күйдесіз?
❤21
Менен психологиялық білім алып, шәкіртім болғысы кеп жүрген жандар!

Бұл кезеңнің де уақыты келген сияқты. Шәкірт оқытуға енді пістім. Оқудың жүйесі, программасы, құжаттары, бәрін-бәрін бүге-шігесіне дейін дайындап жатырмын.

Қызыққа толы деңгей басталды. Процестің өзі қызық боп жатыр.

Менен білім алып + практикадан өтем деген жандар, дайын жүресіздер ғой. Хабарын беремін😊
👍34❤10🤩1
Масштаб, табысты көбейту, даму, өсу деп ұмтыламыз ғой. Үнемі.

“Өсіп жайқалмас” бұрын жасау керек қадамды әбден нақтылап алғам өзіме. Ол - фундаментті нықтау, тамырды тереңге жайып алу. Өмірде де, кәсіпте де.

Сонда ғана кеңейгенде дисбаланс болмайды, сынып кетпейміз, діңгегіміз нық болады.

Жетістік, табыс, атақ, назар қатты өсіп кеткенде де психиканың морт сынбауы маңызды. Қыбыр етпестен ары қарай жайқала береміз.

Сіздің фундаменттің хәлі қалай, білесіз бе, сезесіз бе?
❤24👍1
Forwarded from Сабина
Сіздің кітабыңызды (2 бөлім, Сезімді) оқып жатырмын 😊 ішкі тірек қалыптасып жатқан сияқты.. кішкене батылдау болып жатқандаймын баа.. вопщем қызыық.. бір өзгерістер болып жатыр, бірақ әлі нақты былай еді, былай өзгерді дей алмаймын.. жаңашылыққа үйренуге уақыт керек сияқты ☺️
❤12
Иә, кітаптың да мақсаты сол еді: әр оқырманның ішкі тірегінің нығаюына үлес қосу.

Өзім шашылып қалған ішкі тірегімді жылдар бойы қалыптастырдым. Өзгеге емес, өзіме сүйенуді, аяққа нық тұруды үйрендім.
Өмір үйретті, ұстаздарым, мен жолыққан әр маман, тәжірибем үйретті. Бәріне басымды иіп алғыс айтамын.

Енді сол білімнің бәрін жиып, басқаларға жалғамақпын. Шәкірт оқытып, ішкі тірегін нығайтып алғанша арқа сүйейтін кеңістік ашпақпын. Қауіпсіз орта болады.

Бұл - өмірге қызмет. Өмірдің ары қарай жалғасуына қызмет🌱
❤31
“ЖҰРТ МЕН ТУРАЛЫ НЕ ОЙЛАЙДЫ?”

Кітабым шыққалы мына сұрақпен жиі кездесіп жүрмін:
- Эльвира, кітабыңда бүкіл оқиғаңды ашық жазыпсың. Оқыған жұрт мен туралы не ойлайды демедің бе? Әлсіз тұсыңды қалай аша салдың?

Жұрттың ойына, сын-пікіріне тәуелділік, “жақсы қыз”, “үздік оқушы” синдромы о-го-го көп болған менде. Симптомдарын; қай жерде басталып, қай жерде аяқталатын шекарасын; себебі мен салдарын біраз білемін. Шығу жолын да.

Жақында осы сұраққа жауап бергем. Мына сілтемеден оқи аласыз:

https://alqamedia.kz/?p=639&amp=1
❤12🔥2🥰1
Қазақ аудиториясы бір серпіліп, инфобизнес нарығы сұраптаудан өтіп жатыр. Жан-жақтан жарылған мина сияқты шудан хабарыңыз бар ма?

“Тұтынушы оянып жатыр, қызмет көрсетуші, сен де оян” болуда. Енді “твердый” білім, “твердый” тәжірибе, сапалы қызметке сұраныс артады.

Потенциалды клиенттердің “самооценкасы” (өз сөзді ұнатпасам да, жаздым, осылай түсінікті), өзіне құрметі артуда. Оны қызмет көрсетушіден де талап ете бастайды.
❤26👍4
Өткенде стористе табыс түрлері туралы айтпақ болғам. Біз психологиялық күйімізге қарай табамыз қаржыны, әрекетті де соның ықпалымен жасаймыз.

Осы тақырыпта подкаст жазсам ба деген ой бар. Қажет пе екен өзі?
❤46🔥3
🎤Подкаст: ТАБЫСТЫҢ ТҮРЛЕРІ және ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ САУАТТЫҢ МАҢЫЗЫ
❤23👍1